Халықаралық құқық және халықаралық-құқықтық ғылымның даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 11:16, лекция

Описание работы

. Халықаралық құқық әлемдік өркениеттің жетістгі болып табылады. Ол мемлекетердің және олардың функцияларының пайда болуымен пайда болды. Халықаралық құқық өзінің ерте даму кезеңінде аймақтық халықаралық – құқықтық жүйе ретінде қалыптаса бастады. Біртіндеп бұл жүйелер ұлғайып, ұштасып, бүкіл адамзаттың, әлемнің барлық мемлекеттерінің сұранысына қызмет ететін ерекше құқық жүйесі ретіндегі ортақ халықаралық құқық қалпыптасты.

Работа содержит 1 файл

6 лекций.doc

— 490.00 Кб (Скачать)

2) Туынды (егеменді  емес) субъектілер халықаралық ұйымдар,  мемлекет тәрізді  құрылымдар. 

Халықаралық  құқықтың субьектілерінің ерекше тобы - жеке тұлғалар. Ерекше құқық жүйесі ретінде халықаралық құқықтың ерекшелігі халықаралық құқық субьектіліктің ерекшелігін айқындайды және сонында халықаралық субьектілерінің сапалы сипатында анықтайды. 

 Жалпы алғанда,  халықаралық құқық субьектілікті  – тұлғаның халықаралық құқықтың  субьектісі бола алатындай заңды қабілеттілігі ретінде анықтауға болады.

Халықаралық құқық  субьектіліктің мәнін осындай субьектінің  халықаралық-құқықтық нормалардан  туындайтын  негізгі құқықтары  мен міндеттерін құрайды. Халықаралық  құқық субъектілік  өз табиғаты бойынша  фактілі және заңды  болып бөлінеді, және де осыған сәйкес  алғашқы және туынды  халықаралық құқықтың субъектілері болады.

Халықаралық құқықтың алғашқы  субьектілері (мемлекет, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар) оларға тән мемлекеттік  және ұлттық егемендікке-суверенность-ipso facto- байланысты халықаралық құқықтар мен міндеттерді тасушылар болып табылады.

2. Өз  тәуелсіздігі  үшін  күресуші  халықтар мен  ұлттардың  халықаралық  құқық  субъектілігі. Мемлекеттердің  құқық субъектілігі  сияқты,  олардың құқық субъектілігі объективті сипатта,  яғни  қандай да  біреудің  ерік-жігеріне  байланысты  емес болады. Қазіргі  халықаралық  құқық  өзін-өзі  анықтауға  халықтардың  құқығын, соның  ішінде  өзінің  әлеуметтік-саяси  мәртебесін  дамытуға  және  таңдау құқығын  қоса  бекітеді  және кепіл  болады. Халықтардың  өзін-өзі   анықтау  қағидасы  халықаралық құқықтың  ең  негізгі  қағидаларының  бірі болып табылады, оның  қалыптасуы  ХІХ ғ. аяғы  мен ХХғ. басы.

БҰҰ Жарғысын  қабылдаумен  ұлттардың  өзін-өзі  анықтау  құқығы  халықаралық  негізгі қағидасы  ретінде нақты өзінің заңды рәсімделуін  аяқтады. 1960ж. отар  елдер  мен  халықтарға   тәуелсіздік  беру   туралы  Декларация осы қағиданың  мазмұнын  нақтылап  дамытты. Оның  мазмұны  толық  түрде 1970 ж. халықаралық  құқық  қағидалары туралы  Декларацияда  тұжырымдалды:   «Барлық  халықтар  кедергісіз  өз саяси  мәртебесін    ерікті  түрде   анықтауға  және  өзінің  экономикалық, әлеуметтік  және  мәдени  дамуын жүзеге  асыруға  құқылы,  және  де әрбір  мемлекет  бұл құқықты  БҰҰ Жарғысының  жағдайларына  сәйкес  құрметтеуі  қажет».

Қазіргі  халықаралық  құқықта  күресуші  ұлттардың  құқықтық  субъектілігін  растайтын  нормалар  бар.  Өзінің  тәуелсіз  мемлекетін  құру  үшін  күресуші  ұлттар  халықаралық  құқықтың  қорғауында болады;  Олар  объективті  түрде  халықаралық  - құқықтық  субъектілікті  алуға,  мемлекет  болып  рәсімделуге  кедергі  келтірген  күштерге   мәжбүрлеу  шараларын  қолданулары  мүмкін. Халықаралық құқықтың субъектісі  болып  тек   өзінің  мемлекеттік функцияларды  жүзеге  асыратын  саяси  ұйым  бар  ұлт  қана  бола  алады.

Халықаралық  ұйымдардың  халықаралық құқықтың  субъектілерінің   жеке  бір  тобы  болып табылады  және  бұл  тек   халықаралық  үкімет  аралық  ұйымдар, яғни  халықаралық  құқықтың  алғашқы  субъектілері  туындатқан  ұйымдар.

Үкімет  аралық емес халықаралық  ұйымдар, (дүниежүзілік  кәсіподақтар  федерациясы), ереже  бойынша, заңды және  жеке тұлға  қрылды  және  «шетелдік  элементі бар» қоғамдық  бірлестіктер  болып  табылады.  Осындай   ұйымдардың  Жарғылары   үкіметаралық   ұйымдардың Жарғыларымен  айырмшылығы  халықаралық  келісім шарт  болып  табылады. Бірақта  бұндай  ұйымдар   үкіметаралық  ұйымдарда  кеңес  беруші  халықаралық   мәртебесі  берілуі  мүмкін,  мысалы,  БҰҰ-да  және оның  арнайы  мекемелерінде, осылай,  парламментарилық  одақ  БҰҰ  Экономикалық  және Әлеуметтік Кеңесінде  бірінші  категориялы  мәртебеге  ие. Бірақта  үкімет  аралық   емес  ұйымдар  халықаралық  құқық  нормаларын  жасай  алмайды  және де  үкмет аралық  ұйымдардан  айырмашылығы,  халықаралық құқықтық  субъектіліктің  барлық  элементтері болмайды.

3. Мемлекет тәрізді құрылымдардың халықаралық құқық субъектілігі. Халықаралық  құқықтың тарихы арнайы келісімшарттармен ерекше саяси  - территориялық құрылымдардың мәртебесін белгілегендігін көрсетеді.

Бұларға «ерікті  қалалар», Батыс Берлин және қазіргі  уақыттағы Ватикан, Мальтика ордені жатады.

«Ерікті қалалар». 1815 жылғы Вена Трактатына сәйкес «ерікті қала» болып жарияланған және 1846 жылға дейін өмір сүрген Краков қаласы;  1919 жылғы Версаль бейбіт келісімшартымен құрылған Данциг (1920 – 1939жж.) болды; «ерікті Триест территориясын» құруға қадамдар жасалды, бірақ  ол табыссыз болды. Кейіннен бұл территория  Италия мен Югославияның  құрамына кірді.

Батыс Берлиннің мәртебесі 1971ж. 03 қыркүйектегі КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Франция арасындағы 4- жақты келісіммен реттелді. Осындай мемлекет тәрізді құрылымның болуы ГДР мен ГФР өмір сүруімен түсіндірілді. 1971 жылғы келісімнің ережелеріне сәйкес Батыс Берлин дербес жеке саяси бірлік болды. Германияның құрылуымен бұл субъект өзінің өмір сүруін тоқтатты.

Ватикан. Халықаралық  актілерде Ватикан «қасиетті тақ» (святой престол) деп аталды. Ватикан – мемлекет –қала. Ватиканның халықаралық құқықтың субъектісі ретіндегі ерекше мәртебесі 1984 жылғы Италиямен келісімнің негізінде белгіленді. Ватикан халықаралық қатынастарға белсенді түрде қатысады, көптеген мемлекеттермен байланыс жасайды. БҰҰ мүшесі болып табылмайды, өйткені БҰҰ тек мемлекеттер ғана мүше болып кіреді, бірақ оның онда тұрақты байқаушылары бар. Халықаралық конференцияларға, көпжақты  конвенцияларға белсенді  түрде қатысады; католик елдерінде тұрақты дипломатиялық өкілдіктер аша алады.

Жеке  тұлғалардың  халықаралық құқық  субъектілігі. Халықаралық және аймақтық деңгейде халықаралық келісімшарттарда берілген құқықтардың көлемінің ұлғаюына байланысты жеке тұғалар халықаралық құқықтың субъектісі болды.

Халықаралық құқықтың  негізгі субъектілері болып табылатын  мемлекеттер арасындағы өзара қарым- қатынастарды реттеуге бағытталған халықаралық  құқықтың нормалары индивидтер орындау үшін арналған. Сонымен қатар, жеке адамның (личность) құқықтық жағдайына ықпал ете отырып, осы құқық нормалары мемлекеттерді индивидтердің нақты мәртебесін қамтамасыз етуге міндеттейді.

Қазіргі жағдайда индивидтің  халықаралық ұйымға шағымдануға  құқығы жоқ. Халықаралық  құқық индивидтердің  құқықтары  бұзылған жағдайды қарау шараларын  белгілейді. Бұнымен, Адам құқығы бойынша  Комитет, азаптауға қарсы Комитет  және зорлық – зомбылық пен қамауға қарсы жұмысшы топ шұғылданады.

Халықаралық - құқықтық  мойындау (тану). Мойындау институтының даму тарихы  құқық субъектілік сұрақтарымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, бұл институт халықаралық қатынастардағы барлық өзгерістерді тікелей көрсетеді.

Әлемде үнемі  бір  мемлекеттер   өмір  сүруін   тоқтатады, екіншілері пайда  бола жатады  және  халықаралық  ұйымдарды  таратып  жатады. Осындай   өзгерістер   болған  жағдайда  екі заңды  сұрақты  түбірімен  шешуді  талап  етеді:

  1. Халықаралық құқықтың  жаңа  субъектісін тану  (мақұлдау) растау
  2. Халықаралық құқықтың  субъектілерінің  құқықтық қабылдаушылығы. 

Халықаралық құқықтың доктринасында  мойындау (тану) –  бұл бұл нақты бір мемлекеттің 

Халықаралық  құқықтық  мойындау (тану)   - бұл  танылатын тараптан  заңды  дипломатиялық ресімделген  қатынаста  түсуге  мүмкіндік  беретін мемлекеттің  актісі (құжаты).

Халықаралық құқықтың Комиссиясы  осы институттың кодификациясы  туралы мәселені үнемі көтеріп келеді. 1949 жылы мемлекеттер мен үкіметтерді тану (мойындау) туралы  мәселе бірінші кезектегі кодификациялау тізіміне енгізілген. Халықаралық құқықтың  субъектілерінің арасындағы  қатынастардың практикасы мойындаудың  (танудың) басты мәселесін анықтады. Мысалы, танудың заңды салдарларын, тану (мойындау) нысандарын, және т.б. көптеген мәселелер.

Бұл институт халықаралық  құқық нормаларымен және жекелеген  көпжақты және екі жақты шарттармен реттеледі.

Танылатындар  болып  мыналар  табылады:

  • Жаңа  үкімет; 
  • Мүлдем  жаңа  мемлекет;
  • Ұлт  азаттық қозғалыс;
  • Өз  тәуелсіздігі  үшін  күресуші  ұлттар;

Халықаралық құқықта   мойындаудың (танудың) теориясы бар:

1) конститутивті  теория (ХІХғ. басында туындаған) – бұл теория мойындау (тану) актісіне шешуші роль береді, яғни бұл теорияға сәйкес мемлекет халықаралық құқықтың субъектісі ретінде оны басқа мемлекеттер мойындаған (таныған) сәттен бастап қана бола алады дейді.

Оның өкілдері – мемлекет заңды  құрылым, халықаралық  құқықтың  субъектісі ретінде   тек оны  басқа  мемлекеттер  мақұлдағаннан  кейін   ғана  пайда  болады  деп  санайды;  танылмаған  мемлекет  заңды  түрде   болмайды  деп  саналады.

Бұл  теория  мемлекеттік   егемендік  ұғымын  жоққа  шығарады. Пайда  болған  мемлекет  басқа  мемлекеттердің  қолдауымен,   ал  кейбір  жағдайда  олардың  еркіне  тәуелді  етеді.

2) декларативті теория конститутивті теорияға қарсы ықпал етудің нәтижесінде туындаған (бұл теорияны   көптеген  заңгерлер қолдайды.) Бұл теория  - жаңа  мемлекетке, халықаралық құқықтың   жаңа  субъектісіне  қатысты нақтылау  ролін атқарады;  мойындаусыз  (танусыз) халықаралық  құқықтың  субъектілері өмір  сүре  береді.

Мақұлдаудың (растаудың,  танудың)  саяси  және  заңды  мәні  ол  мемлекетті  халықаралық  қатынасқа  қатысушылардың   құрамы ретінде  кіре  алады, оның  басқа  мемлекеттермен  саяси,  экономикалық,  ғылыми – техникалық   қатынастарын жақсартуға   әкеледі,  онгың  халықаралық  құқықтық   субъектілігін   жүзеге  асыруға  ықпал  етеді.

Мойындау  (тану) – танылатын  мемлекетке  дипломатиялық  жолмен  жіберілетін  жазбаша   жолдау  ретінде  немесе   танитын  мемлекеттің жоғары  мемлекеттік органының  қаулысы  ретінде  рәсімделеді.

Мойындаудың (танудың) бірнеше тәсілдері бар. Ең көп  тарағандары біржақты декларациялар  немесе мәлімдеулер. Бұл көбінесе танылатын  мемлекеттің Үкіметіне немесе Ел басына жіберілетін арнайы нотада немесе Жолдауда көрсетіледі.

Екіншілеріне, онша көп тарамаған  тәсілге, қол қойылған немесе жарияланған  коммюнике жатады.

Сонымен қатар дипломатиялық  қатынастарды орнатумен байланысты бірлескен өтініштер болуы мүмкін, нотамен алмасулар және т.б. да болуы мүмкін.

Толық ресми мойындау туралы құжаттарда дипломатиялық қатынастарды орнату мойындаудың маңызды салдарларының  (нәтижелерінің) бірі болып табылады. Сонымен қатар, екі жақты келісімшартқа  ол қою түрінде де болуы мүмкін.

Мойындау түрлеріне мыналар  жатады:

      • мемлекетті мойындау;
      • жаңа үкіметті мойындау;
      • ұлт – азаматтық қозғалыстарды олардың  органдары түрінде  мойындау;
      • күресуші тараптардың мәртебесін мойындау.

Заңды  мойындаудың  нысандары: de – jure, de – facto, ad hoc. Бұл нысандар  халықаралық құқықтың субъектілерін танығаннан кейін болатын заңды салдарларды анықтайды.

Бұрынғы мемлекет  кетіп, орнына  жаңа  мемлекет  келсе,  олардың  құқық  қабылдаушылығы  (мирасқорлығы) туралы  сұрақ  туындайды.

Құқық  қабылдаушылық-  бұл нақты бір оқиғалар мен жағдайлардың нәтижесінде бір мемлекеттің (субъекттің) құқықтары мен міндеттерінің екінші  бір мемлекетке (субъектке) өтуі.

Бұл институттың  дамуына соңғы жылдардағы халықаралық  аренадағы болып жатқан оқиғалар ықпал етіп отыр.

Құқық қабылдаушылықтың  түрлері:

  • Мемлекет  бөлінгенде;
  • Мемлекеттен территорияның  бөлігі  бөлінгенде;
  • Мемлекеттерді  бір  мемлекетке біріктейді;
  • Әлеуметтік   ревалюцияның   нәтижесінде  жаңа  мемлекет пайда  болғанда;
  • Отардан  азат ету  процессі  нәтижесінде  жаңа  мемлекеттер  пайда  болғанда.

Құқық қабылдаушылық 1978ж.  халықаралық келісімшартқа  қатысты  мемлекеттердің  құқық  қабылдаушылығы  туралы Конвенциямен,   1983ж. мемлекеттік  меншікке,  мемлекеттік  архиве  және  мемлекеттік  қарыздарға қатысты мемлекеттердің   құқық қабылдаушылығы  туралы  Конвенциялармен реттеледі. Құқық қабылдаушылықтың   объектілері:

  • Территория  мен  шекара;
  • Келісімшарт;
  • Мемлекеттік  меншік, қарыз, архивтер;
  • Үкіметаралық  ұйымдарға  мүшелік;

 

3- тақырып Халықаралық құқықтағы аумақтар

Мақсаты: студенттерді халықаралық құқықтың қа,идалары түсінігі мен түрлері, олардың жалпы сипаты туралы білімдер жүйесімен таныстыру

Негізгі сұрақтар

1. Халықаралык құқықтағы аумактардын түсінігі, заңдык табиғатты және түрлері

Халықаралық қүқық бойынша аумақ (кең мағынада) — бұл құрлық және су айдындары, жер қойнауы және әуе кеңістігімен бірге бүкіл жер шары, сонымен қатар ғарыш кеңістігінде орналасқан аспан денелері мен ғарыш кеңістігінің өзі.

Жердің барлық аумағы, құқықтық режимнің негізгі түрлеріне қарай, үш санатқа бөлінеді:

1.  Мемлекеттік  аумақтар;

2. Халықаралық  режимдегі аумақтар;

3. Аралас режимдегі  аумақтар.

Аумақ — бүл әр мемлекеттің жөне бүкіл адамзаттың тір-шілік ету ортасы және тіршіліктің материалдық базасы.

Информация о работе Халықаралық құқық және халықаралық-құқықтық ғылымның даму тарихы