Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 18:14, дипломная работа
Екінші бөлімде өндіріс тиімділігін арттыруға негізделген экономикалық-математикалық модельдерге талдау жасай отырып, баға мен өндіріс көлеміне трендтік модельдер негізінде болжам жасалық, өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған мұнай өнімдерін оптималдаудың экономикалық-математикалық моделі құрылады.
Үшінші бөлімде экономика-математикалық моделін құру негіздеріне тоқтала отырып, оның программалық қамтамасыз етілуі, пайдалануға нұсқау келтірілген.
Бірақ бұл көрсеткіштердің де кемшіліктері бар. Шикізаттар құнының өзгеруі, тауарлар және уақытша рентабельділік көрсеткіштердің төмендеуіне әкеліп соқтыратын қосымша капиталдық салымдар сияқты кәсіпорынқызметіне қатысты емес факторлар оның деңгейіне әсер етеді.
Жаңа капитал салымның тиімділігінің төменгі шегіндегі рентабельділік көрсекішті қолдану оны жиі технологиялық прогресстің тиімділік критериіне айналады.
Қайтадан техниканы меңгерген рентабельділік ережедегі өндірістік қорлардың жұмыс істеуі және меңгерушілерден төмен.
Қаншалықты қолдау шамасы қысқарған сайын соншалықты оның техникалық үдеуі тех жүзеге асатыны белгілі.
Капитал салымның рентабельділікті анықтаудағы көрсеткіш бағыты техникалық прогресстің одан әрі дамуына тұсау болуы мүмкін.
Ресурстарды үлестіру міндеті төмендегідей болып реттеледі: өнімнің бірнеше түрін өндіретін кәсіпорындар оларды дайындау үшін түрлі ресурстарды қолданады. Сондықтан олардың әрқайсысының саны шектеулі болады. Өнім түрлерін өндіруге қажетті ресурс шығындары меншіктеледі. Сонымен қатар құндылықтар көрсеткіштеріне берілген баға, 1 өнімбірлігінде өнімді өткізуден түскен пайданы жатқызуға болады.
«КазГерМұнай» ААҚ-нда әр өнім түрін шығару көлемі белгіленген.
Индекстер:
і – пайдаланылатын ресурс түрлері, і=1,2, ....,m;
j - өнім түрлері, j=1,2, ...., n;
Айнымалылар:
xj - j–ші түрлі өнім көлемі
Шектеулердің оң жақ бөлігі:
Bj - j-ші түрлі ресурс көлемі
Dj, dj - j-ші өнім түрін өндіру көлемі (төменгі және жоғары шегі)
Мақсатты фукцияның және шектеулердің оң жақ бөлігінің коэффициенттері:
cату бағасы – cj
sj - j-ші өнім бірлігінің өзіндік құны
pj=cj-sj
Шектеулер:
Әр өндірілгенөнімнің көлемі берілген деңгейді қанағаттандыру керек.
Ресурстарға кеткен шығын – көрсетілген қордан аспауы керек.
Мұндай типке мынадай шектеулер байланысты:
Еңбек ресурстары, өндірістік матриалдық шығындар, энергия тасымалдаушы, өндіріс қуаттылығн пайдалану, дайындалу ұзақтығы т.б.
Мақсатты функция ретінде:
максималды пайда
минималды шығынды алуға болады:
шығарған тауар өнімінің өткізу максимумы:
Бұл модельдің нәтижесі 3 бөлімнің 2 бөлімшесінде келтіріледі. Модель электронды кесте мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Поиск решения программасының көмегімен шығарылады.
3 МОДЕЛЬДІ АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМАДА ІСКЕ АСЫРУ ЖӘНЕ НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ
3.1 Модельдің
бағдарламалық ортасы және
Қазіргі таңда экономикалық объектілердің қызмет жасау процестері мен құбылыстары жайлы ақпарат жинауда шешім қабылдау үшін оның пайдаланудың шектеулігі, ал бір жағынан техникалық мүмкіндіктері арасында қарама-қайшылықтар пайда болуда. Сондай-ақ, ақпаратты өңдеу, сақтау, тарату, жіберу, ұсынуда, әрі оны тиімді пайдалануда көптеген қиындықтар кездесуде.
Біздің ойымызша, осындай функциялардың тиімділігі «КазГерМұнай» ААҚ-нда өндірісін жоспарлау, бақылау, бақылау және басқару – компьютерлік басқару моделін енгізу арқылы артады. Мұндай модельді енгізу жоспарлауды жақсартады, жеке жағдайлардың қайталануын болдырмайды, құжаттар санын жетілдіру мен қысқарту, аналитикалық кестенің қолмен жасауын болдырмауды қамтамасыз етеді.
Осыған орай Microsoft Excel электронды кесте программасын кәсіби пайдалану әртүрлі жағдайларға сезімтал компьютерлік басқару моделін алуға және маркетинг пен өтімді талдауға мүмкіндік береді. Электронды кестелер пайдаланушыға уақыт пен программалауға сипаттама беру шығынсыз әртүрлі типтегі оптималдық есептерді шешуге қолайлы. Excel де модель құру үшін алгоритмі – бірінші кезеңде алғашқы мәліметтер бизнес жағдайлар үшін өңдеу болып табылады және оны келесі сызбадан береміз (5-сурет).
5 сурет Excel-де басқару моделін құру алгоритмі
Бизнес жағдай шекті оптимистік, не шекті пессимистік алғашқы мәліметтерге сүйенбеуі қажет деген ережеге жүгіне отырып алғашқы талдау ретінде мұнай өнімдерін өндіруге кететін нақты шығындар алынады. Оптималдық критерий ретінде мұнай өндіруден түсетін оптималды пайда алынады.
Нақты бір оптималдық есепті электронды кестеде шешу үшін алдымен алғашқы мәліметтер енгізіледі. Құрылған математикалық модельгесәйкес модельдің мақсатты функциясы мен шектеулерін көрнекті әрі ыңғайлы етіп орналастырамыз. Есеп айнымалылары өзгермелі ұяшық деп аталатын арнайы ұяшықтарға орналастырылады. Әр шектеу осы өзгермелі ұяшық арқылы арнайы формулалар ретінде орналастырылады. Егер есеп дұрыс қойылған болса онда есептегі бұйрық бергеннен соң нәтижесі беріледі, ал егер дұрыс қойылмаса шешім алынбайтындығы жөнінде хабар береді. Сондай-ақ бұл программа оптималдық есептерді сипатау мен үш түрлі есепберетін шешімдер вариантын сақтауға қолайлы құралдары бар.
Оптималдық есептің үш белгісі:
Оптимизатор көмегімен шығарылатын есептің үш мақсатты функция, өзгермелі ұяшықтар және шектеулері деген ұяшықтарының болуымен сипатталады.
Модельдің бір ғана мақсатты ұяшығы бар. Бұл ұяшыққа пайдаланушы формула енгізеді. Поиск решения программа өрісінде қандай экстремумға шығарылатыны көрсетіледі. Программа осы экстремумға ұмтыла отырып, өзгермелі ұяшықтар мәнін өзгерте, түрлендіреді. Сондай-ақ мақсатты функцияның қандай да бір мәнін алу үшін басқа ұяшықтардың мәні қандай болу қажеттігін есептейді. Яғни кері есеп шығарады.
Мақсатты функция формуласында бір немесе бірнеше өзгермелі ұяшықтарға сілтеме берілу қажет. Олар сондай-ақ айнымалылар немесе белгісіздер деп те аталады. Шектеуші ұяшықтар әр өзгермелі ұяшыққа бірденкем болмау қажет.
Шешім нәтижесін талдау
Алынған нәтиже оптималды,
бірақ жалғыз болуы мүмкін емес.
Басқа да мүмкін шешімдерді іздеу
үшін бағдарламамен құрылатын
Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты «КазГерМұнай» ААҚ-нда өндіріс құлдырауы мен өндірістік қуаттылықтың іске қосылуының төменгі деңгейі байқалады. Осы жағдайларда кәсіпорын зиянмен шығып, өнімдер рентабельсіз болып отыр. Сондықтан өнім ассортиментінің тиімді көлемін таңдауда пайдалылық тұрғысында шығындар жөнінде ақпарат, өнім рентабельділігінің талдамы маңызды рөл атқарады.
Залалсыздықты талдау - өнімділік деңгейі мен өндіріс көлемі өзгергенде қаржылық нәтижелер қаншалықты өзгеретінін көрсетеді. Бұл талдау сатудан түскен табыс, шығындар мен табыстың қысқа мерзімдегі байланыстарына негізделген. Өнім рентабельділігінің талдамын өзіндік құнды тікелей шығындар бойынша есепке алу әдісі – «директ – костинг» шығындарды тұрақты және айнымалы деп бөлуге негізделеді. Сондықтан бұл шығындарды дұрыс анықтай білген жөн. «Директ – костинг» әдісі бойынша өнім көлемі өзгергенімен, тұрақты шығындар оған тәуелді түрде өзгеріссіз қалады. Ал бір өнімбірлігіне есептегендегі айнымалы шығындар мен сату бағасы өнім өндірісіне тікелей қатысып өнім көлеміне тәуелділікте боларды. Сонымен, директ-костинг әдісінде сатылған өнім көлемінен айнымалы шығындарды шегеру арқылы маржиналды табыс анықталады. Қазіргі таңда өндірілген өнімнің әрбір бөлігінің маржиналды табысын есептеу шаруашылықтың қаншалықты табыс әкелетінін анықтап отыруға мүмкіндік береді. Сонда маржиналды табыс келесі түрдеесептеледі:
Тм = (Б - Ша)
МТм = (Б – Ша) * К
МТм = ШТ + П
Мұндағы, Тм – маржиналды табыс;
МТм - жиынтық маржиналды табыс;
Ша - өнім бірлігіні айнымалы шағындары;
ШТ – тұрақыт шығындар;
К – сату көлемі;
П – пайда;
Б - өнімбірлігінің сату бағасы.
Осы маржиналды табыс арқылы залалсыз нүкте аймағы анықталады. Бұл сатудан түскен табыс пен барлық шығындардың тең болуы, яғни пайда да шығын да жоқ нүкте. Пайда немесе шығын – бұл маржиналды табыс пен тұрақты шығындар айырымы.
Мұнай өндірудің залалсыз аумағын көрсетейік:
1 тонна мұнай сату бағасы - 18026,0 теңге
айнымалы шығындар – 1 тоннаға 8438,6 теңге
тұрақты шығындар – 6175,3 теңге
Залалсыз нүктеге жету үшін кәсіпорын қанша мұнай өндіруі қажет.
К = МТм / Тм = 6175,3 / (18026,0-8438,6) = 0,644
«КазГерМұнай» ААҚ бірнеше түрлі мұнай және газ өнімін өндіретін болғандықтан осы кәсіпорынның түрлі өніміне қатысты залалсыз өндіріс көлемін анықтайық (4-кесте).
«Директ – костинг» жүйесі – шығындар есебін жүргізіп, олардың пайда болу себебін көрсететін өндірістік қызметтің қорытынды есебін, сондай-ақ шығындар мен алынған қорытындыларға талдау жасап, шешім қабылдаушы тұлғаға (ШҚТ) шешімдер қабылдауда көмек беретін басқарушылық есеп жүйесі. Осы әдіс көмегімен «КазГерМұнай» ААҚ-ның шекті өнім өндіру көлемін анықтаудағы есептеулеріміз төменгі кестеде көрсетіледі (5-кесте).
5 кесте - «КазГерМұнай» ААҚ-ның табысын «директ – костинг» әдісімен анықтау есебі
№ |
Көрсеткіштер |
2007 жыл |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 |
Өндірілген өнім көлемі, тонна Сатылған өнім көлемі, тонна Сатылған өнім сомасы, мың теңге Сатылған өнім сомасы, бір тоннаға, мың теңге Сатылған өнімнің өзіндік құны, мың теңге Айнымалы шығындар, мың теңге Айнымалы шағындар 1 бірлікке, мың теге Шаруашылықтың маржиналдық табысы, мың теңге (3-5) Шаруашылықтың маржиналдық табысы, 1 бірлікке, мың теңге (4-7) Тұрақты шығындар Зиянсыз өнім көлемі Ақшалай түрде, мың теңге Натуралды түрде, тонна |
3489,2 3451,8 126696,4 36,7 121046,3 72627,9 20,81 54068,5 15,89 68975 |
Зиянсыз өнім көлемін ақшалай түрде есептесек:
Өнім бірлігінде Зө =96031,4/36,265 = 2648 тонна
Яғни бұл көрсеткіштер «КазГерМұнай» ААҚ-ның зиянсыз немесе залалсыз өнідіріс көлемін көрсетеді. Кәсіпорын 2648 тонна өнім өндіргенде еш зиянсыз, еш пайдасыз өнім өндіреді.
Залалсыз сату көлемін сондай-ақ өнім бірлігіне кеткен шығындар арқылы да есептеуімізге болады. Оны анықтау үшін өнім бірлігіне кеткен шығындар арқылы қанша өнім сатқанда зиянсыз көлемді алатынымызды анықтаймыз. Сонда зиянсыз сату аумағы = ШТ / МТ = 42078/15,89 = 2648 тонна.
Шаруашылықта сатылған өнім көлемінен өндірілгенөнім көлемі артығырақ, яғни өнім балансы бойынша өткізілмеген өнімдер қалып қоюда. Мұның себебі мұнай өнімдерінің ұзақ сақталмауы, бәсекелестер өнімінің сапасының жоғары болуы және т.б. «Директ – костинг» әдісі арқылы анықталған өзіндік құн мен пайда көрсеткіштері көмегімен өндіріс көлемінің шекті сызбасын келтірейік (6-сурет).
6 сурет - «Директ-костинг» әдісі арқылы анықталған өзіндік құн пен пайда көрсеткіштері көмегімен өндіріс көлемінің шекті сызбасы
Қауіпсіздік маржасы кәсіпорын зиянмен шығуға сату көлемі қаншағы қысқаратынын көрсететін шама. Оны келесі жолмен есептейміз:
Қаіпсіздік маржасы, % = (Жоспарлы сату көлемінен – Залалсыз сату көлемі) / Жоспарлы сату көлемі = (3489,2-2648) / 3489,2 = 24,1 %. Бұл шама егер өндіріс көлемін 24,1 % пайызға қысқартсақ онда кәсіпорын зиянға отыратынын көрсетеді.
Алдыңғы бөлімдерде алынған корреляциялық-регрессиялық талдау мен залалсыз өндіріс аумағы нәтижелерін қорытындылай келе, «КазГерМұнай» ААҚ-ның қызметін оптималдау моделінің нәтижесін ұсынамыз.
Оптималдау моделінің критериясы сатудан түскен пайданы максималдау. Мұнай өнімін өндіретін бірнеше өнімдердің ішінен ең көп сұранысқа ие және көп көлемде өндіретін 9 түрлі өнімді алдық.
Әр өнімнің 1 тоннасы кететін негізгі шикізат, қосымша шикізат, еңбек ресурсы, олардың шекті көлемдерін енгізе отырып, 1 тонна өнімнен түсетін пайда оптималды.
Модельдің ақпараттық матрицасы және Поиск решение программасымен шығарылған көрінісі қосымшада көрсетілген. Модель нәтижелерін нақты көрсеткішпен салыстырсақ, 2010 жылы 2007 жылмен салыстырғанда пайдалылық деңгейі 1,8 есеге артатынын көрсетті. Модель нәтижелерін келесі кестеде ұсынамыз.
Кестеден көріп отырғанымыздай, мұнай өндіру көлемі нақты жылмен салыстырғанда 2009 жылы 3490 тоннаға артық өндіріледі. Бұл кәсіпорын мүмкіндіктеріне байланысты. Яғни «КазГерМұнай» ААҚ-нда күніне 20 тонна мұнай өнімдерін өндіретіндей қуаттылығы бар. Ал қазіргі кезде тек 1,5-3 тоннаға дейін мұнай өндіріп келеді. Мұнай өндіру көлемі 1650 көлемге, яғни 43 пайызға артады.
Информация о работе Кәсiпорынның ұйымдастыру-құқықтық және басқару құрылымы