Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 18:14, дипломная работа
Екінші бөлімде өндіріс тиімділігін арттыруға негізделген экономикалық-математикалық модельдерге талдау жасай отырып, баға мен өндіріс көлеміне трендтік модельдер негізінде болжам жасалық, өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған мұнай өнімдерін оптималдаудың экономикалық-математикалық моделі құрылады.
Үшінші бөлімде экономика-математикалық моделін құру негіздеріне тоқтала отырып, оның программалық қамтамасыз етілуі, пайдалануға нұсқау келтірілген.
КІРІСПЕ
Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экномикаға көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге душар болды. Әсіресе еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі терең әрі ауқымды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсекеқабілеттілік, еркін сауда, жеке меншік билігі т.б. осы секілді ұғымдар ене бастады. Ал, өз кезегінде ұйымдық-құқықтық формалардың яғни әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс жасауы, қызмет көрсетуі, өнім өндіруі – бәсеке және бәсекеқабілеттілік ұйымдарын одан әрі өрбіте түсті.
Ендігі жерде, осындай батыл шешімге баруымыз – біздің экономикалық дағдарыстан толықтай өтіп, мемлекеттік қорымыз бен қаржылық мүмкіндіктерімізді дұрыс реттей білгенімізді білдіреді.
Жоғары тұрақсыз және сыртқы орта факторлардың анықтамамағандықтан жағдайында ұзақ мерзімдік перспективада кәсіпорынның әрі қарай гүлденіп, өркен жаюының кепілдігін қамтамасыз ететін бәсеке қабілеттілік пен бәсекеқабілетті басқару жүйесі, сондай-ақ бәсекеқабілеттілік стратегия тиімді басқарудың мақсатты құралы ретінде әртүрлі функцияналдық бағыттағы және әртүрлі бизнес аясында жұмыс істейтін, тауарлар өндіріп, қызмет көрсететін ұйымдар үшін әсіресе өзекті болып отыр.
Осы жағдай дипломдық жобаның зерттеу нысаны болып отырған «КазГермұнай» ААҚ-нда орын алып отыр. Осындай даму тарихы бар, сапалы да түрлі мұнай өнімдерін өндіруші бұл кәсіпорын рентабельді, тиімді қызмет атқарушылар қатарында болып келеді. Мұнай өнімдері нарығындағы бәсекелестік жағдайында сұранысқа сай өнім өндірумен қатар, оны тиімді өткізу шараларын ұйымдастыру, шығынды азайту арқылы пайданы арттыру, еңбекті дұрыс ұйымдастыру және тағы басқа нақты есептеуге негізделген арнайы экономикалық-математикалық әдістерді қолдануды талап етеді.осыған орай дипломдық жобаның басты мақсаты – «КазГермұнай» ашық акционерлік қоғамының қызметін зерттеп, оның тиімділігін арттыруға негізделген экономикалық-математикалық әдіс пен модель құраотырып, оны жетілдіру жолдарын ұсыну.
Осы мақсатқа сай мына міндеттер қойылып отыр:
Дипломдық жоба жалпы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде зерттеу объектісі Қазгермұнай Ашық акционерлік қоғамның даму бағыты мен экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасалынған, сондай-ақ кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне жалпы сипаттама берілген.
Екінші бөлімде өндіріс тиімділігін арттыруға негізделген экономикалық-математикалық модельдерге талдау жасай отырып, баға мен өндіріс көлеміне трендтік модельдер негізінде болжам жасалық, өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған мұнай өнімдерін оптималдаудың экономикалық-математикалық моделі құрылады.
Үшінші бөлімде экономика-
Дипломдық жоба кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан сонымен қатар, 7 сурет, 6 кестеден тұрады. Диплом құрылымы зерттеудің мақсатымен және міндеттерімен анықталып, тақырыпты ашуға негізделген.
1 “КАЗГЕРМҰНАЙ“ АШЫҚ АКЦИОНЕРЛIК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАЗIРГI ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
«Казгермұнай» Ашық акционерлік қоғамы 1993 жылы 9 қарашасында «Кәсiпорынның коммерциялық қызметi туралы» келiсiмдi негiзге ала отырып құрылған. Кәсіпорынның негізгі қызметі мұнай өндіретін үш кешендегі: Ақшабұлақ, Нұралы, Ақсайдағы мұнай қорын бақылау, орналастыру, өндіру, тасымалдау, экспорттау және көмірсутектерді пайдалану болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қор балансына сәйкес Ақшабұлақ кешені келесі учаскілерден тұрады: Ақшабұлақ-Орталық, Ақшабұлақ-Шығыс, Ақшабұлақ-Оңтүстік; Нұралы кешені: Нұралы-Орталық, Нұралы-Батыс, Нұралы-Шығыс.
1994 жылы Қазақстан
Қазір «КазГерМұнай» ААҚ үш орында жұмыс жасайды:
Кәсіпорынның бастапқа құрылтайшыларының құрамы мынадай болды: Қазақстан жағынан «Оңтүстікмұнайгаз» (50%) және немістер жағынан ЭЭГ (25%) мұанй компаниялары.
«КазГерМұнай» ААҚ-ның қызметі
Қазақстан Республикасының
1995 жылы біршама
50% - «ХКМ» АҚ (Қазақстан)
25% - «РВЭ-ДЭА» АҚ (Германия)
17,5% - «ЭЭГ» ЖШС (Германия)
7,5% - Халықаралық Қаржылық
1 сурет - Құрылтайшылардың құрамы
Құрылтайшалар ААҚ-ды төмендегілер арқылы басқарып отырды:
Ашық Акционерлік қоғамның органдары болып, құқықтары мен міндеттері құрылтай Шарты мен Уставында көрсетілген құрылтай жиналысы, қадағалаушы кеңесі және орындаушы комитет табылады. Кәсіпорын басшыларының қызметі сегіз адамнан (Қазақстан жағынан төрт өкілден, немістер жағынан төрт өкілден) тұратын қадағалаушы кеңесімен реттеліп отырады. Орындаушы комитеттің құрамы бақылау кеңесінің өкілі және оның орынбасарынан тұрады. Жедел шешілуі қажет сұрақтар кезінде экзекутивті комитет қадағалаушы кеңесінің орнына шешім қабылдай алады. «КазГерМұнай» ААҚ-ның қызметін тең құқықтарға ие екі директор басқарады. Егер директорлар қандай бір сұрақта келісімге келе алмаса, шешімді қадағалау кеңесі қабылдайды. Кәсіпорынның негізгі коммерциялық қызметі жылдық бюджет құрамы мен жұмыс программасын дайындау болып табылады. Бақылау кеңесінің бір ауыздан қабылданған шешімі негізінде саясат пен бизнестің көрнекті өкілдерінен тұратын консультативтік кеңестерді шақыра алады. Консултанттар саны төрт адамнан аспауы керек, оның ішіндегі екеуі Қазақстан жағынан шақырылады. Бұл кеңестің міндеті Қазақстан Республикасы мен Герман Федеративтік Республикасы арасындағы экономикалық кооперациясы жөніндегі, сондай-ақ екі елдің экономикалық және саяси тұрақтылығы жөніндегі кеңес беру болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес «КазГерМұнай» ААҚ өзінің өнімін СКВ-ны қоса есептегендегі әлемдік бағамен өткізуге және өткізуге экспорттауға құқылы және міндетті. СКВ-бұл кәсіпорынның барлық шығындарын жабу үшін және қормен жарақтану резервін арттыру мақсатында құралатын қосымша ақша қаражаты. «КазГерМұнай ААҚ-ның СКВ-ны қалыптастыру үшін немістер жағынан белгілі бір мөлшердегі мұнай көлемін сатуға құқылы және міндетті. Қазақстан Республикасы және немістер жағы «Казгермұнай» ААҚ-ның өнімін тең үлесте сатып алуға құқылы («Казгермұнай» ААҚ-ның шығындарын жабуға жұмсалатын СКВ-ны қоспағанда).
Мұнайдың коммерциялық негізде өндірілуі 1998 жылдың қыркүйек айында Ақшабұлақ кешенінде басталды. Оның өнідірісінің қуаты жылына шамамен 800.000 мың тонна мұнайды құрады.
Бүгінгі күні Ақшабұлақ кешеніндегі жұмыс циклінің бірінші игерілу кезеңі аяқталды. Өндірістің көтерілу кезеңі басталып кетті. 2001 жылдың 14 қыркүйек айында «Казгермұнай» ААҚ-ның салымшылары бақылау кеңесінің жиналысында өндіріс қуаттылығын арттыру кезеңін бастау жөнінде шешім қабылданды. Төменде жүргізілген іс-шаралардың жоспары осы негізде ұйымдастырылған.
«КазГермұнай» ААҚ өндірісінің дамуына көмірстутекті өндіру деңгейінің жылына 3 млн. тоннаға көтерілуімен байланыстыруға болады. Сонымен қатар кешеннің дамуының стратегиялық мақсаты экономикалық тұрғыдан қарағанда мұнай қорының қайтарымы, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау тәртібі және жаңа үлгідегі техника мен технологияны қолдану болып табылады.
Құнды энергия көзі болып табылатын
ілеспе газды кәдеге жаратудың маңызы
зор. «Казгермұнай» ААҚ аймақтағы
басқа да мұнай өндіруші компаниялармен
және жергілікті әкімшілікпен бірге
шаруашылық объектілер мен Қызылорда
қаласының тұрғындарын электроэ
Өндірісті максимальды деңгейге, яғни 1,9 млн. тонна мұнай өндіру жоспарын жүзеге асыру үшін келесі күрделі құрылыс жұмыстарын орындау қажет:
2001 жылдан бастап инвестициялаудың 2-ші кезеңі басталды. Оның мақсаты: Өндірістік қуатты жылына 1,5 млн. тоннаға жеткізу. Инвестиция неміс мемлекеттік гранты мен банк несиелері есебінен қаржыландырылады.
Бүгінгі күні бұл капитал салымдары 105 млн. АҚШ доллары шамасында бағаланады. Оның ішінде 45 млн. доллар скважиналар мен линияларға жатады, 32 млн. доллар жерасты құрылыстарына, 28 млн. доллар ілеспе газды кәдеге жарату және басқа да инфрақұрылымдарды құрайды. Жобаланған инвестициялық программа 2001-2005 жылдарға арналған.
«Казгермұнай» ААҚ-ның мұнай кешендеріндегі коммерциялық өндіру жұмыстары Қызылорда облысы мен қаласына маңызды жұмыс берушілердің бірі болып табылады. Бүгінгі күні мұнда барлығы 550 адам жұмыс істейді, Алматы қаласында 80 адам қызмет атқарады. «Казгермұнай» ААҚ-ның кадрлар саясатының маңызды элементі әрдайым өз жұмыскерлерінің кәсіби біліктілігін жоғарлату болып табылады.
«Казгермұнай» ААҚ-ы қазақ-неміс бірлестігінің нақты көрінісі. Қазақ-неміс қатынасында «Казгермұнай» ААҚ-ның атқаратын ролі маңызды, бұл 2001 жылдың қараша айының басындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Германияға арнайы сапарында көрініс алды. Қазақстан Республикасы «Казгермұнай» ААҚ-ның мұнай экспортын дамыту үшін барлық күшін жұмсайды.
«Казгермұнай» ААҚ басшылығына барлық шешімдерді бірге келісіп, қабылдайтын қаржылық және техникалық директорлардан тұрады. Олардың басшылығында техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөнінен бас инженер, қаржылық және техникалық директорларының көмекшілері, Алматы қаласындағы Орталықтың басшысы қызмет атқарады.
Өндірістік кәсіпорын
«Казгермұнай» ААҚ-ныңофисінің негізгі төрт бөлімі төмендегідей:
Информация о работе Кәсiпорынның ұйымдастыру-құқықтық және басқару құрылымы