Кәсiпорынның ұйымдастыру-құқықтық және басқару құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 18:14, дипломная работа

Описание работы

Екінші бөлімде өндіріс тиімділігін арттыруға негізделген экономикалық-математикалық модельдерге талдау жасай отырып, баға мен өндіріс көлеміне трендтік модельдер негізінде болжам жасалық, өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған мұнай өнімдерін оптималдаудың экономикалық-математикалық моделі құрылады.
Үшінші бөлімде экономика-математикалық моделін құру негіздеріне тоқтала отырып, оның программалық қамтамасыз етілуі, пайдалануға нұсқау келтірілген.

Работа содержит 1 файл

Казгермунай.doc

— 511.50 Кб (Скачать)

 

1-кестенiң деректерiнен Казгермұнай ААҚ негiзгi технико-экономикалық көрсеткiштерiнiң талдауын көремiз. Жалпы кәсiпорында өндiрiлген мұнай көлемi 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 42,4 пайызға, ал 2007 жылы 21,3 пайызға артып отыр. Соған сәйкес өткiзiлген мұнай көлемi 2006 жылы 42,5 пайызға, 2007 жылы 21,46 пайызға артып отыр. Өткiзiлген өнiмнен түскен түсiмде өндiрiлген мұнай көлемiнiң өсуiне байланысты артып отыр, яғни ол 2006 жылы 30,1 пайызға, 2007  жылы 22 пайызға өсу тенденциясын көрсетiп отыр. Мұнай өткiзу көлемiнiң артуына сәйкес өткiзiлген өнiмнiң өзiндiк құныныңда көлемi өсiп отыр яғни ол 2006 жылы 29,4 пайызға, 2007 жылы 27,6 пайызға артып отыр. 1 тонна мұнайдың бағасы 2006 жылы кему тенденциясын көрсетiп отыр яғни ол 1709,2 теңгеге төмендеген бұған әлем нарығында мұнай бағасының түсiп кетуi себебiн тигiзiп отыр. 1 тонна мұнайдың өзiндiк құны 2006 жылы 708,5 теңгеге төмендесе, ал 2007 жылы керiсiнше 354 теңгеге арту тенденциясын көрсетiп отыр. Негiзгi өндiрiстiк қорлардың орташа жылдық құны 2005 жылмен салыстырғанда 788,5 млн теңгеге артса, ал 2007 жылы 966,8 млн теңгеге артып отыр. Негiзгi қорлардың көлемiнiң өсу себебi кәсiпорында жаңадан мұнай ұңғылары iске қосылған. Өндiрiс көлемiнiң артуына байланысты кәсiпорында жұмысшылардың орташа тiзiмдiк саны 2006 жылы 11 адамға артса, ал 2007 жылы 103 артып отыр, оның iшiнде жұмысшылар 2006 жылы 146 адамға артса керiсiнше қызметкерлер 35 адамға қысқарған, ал 2007 жылы қызметкерлер саны 85 адамға, жұмысшылар 18 адамға өстi, жұмысшылар санының артуына байланысты және еңбек ақы мөлшерiнiң көбеюi есебiнен еңбек ақы қоры 2006 жылы 73,17 млн мың теңгеге өссе, 2003 жылы 105,14 млн теңгеге артып отыр.

Еңбек өнімділігінің өсуі капитал  салымның нәтижесі болуы мүмкін, қымбат техниканың т.с.с. Сондықтан тірі еңбекті  көбірек экономдау өткен кезеңдегі  еңбек шығынын жабады.

Кейде сұраныста  жоқ өнімдер және өнім саласының төмендеуі еңбек өнімділігімен бірге қабаттаса жүреді. Еңбек өнімділігінің өсуі мақсат емес, құралы болып табылатындықтан оптималды критерий ретінде кейде жабдықтарды оптималды жүйктеуді алуға болады. Егер кәсіпорында қымбат жабдықтар орнатылған болса, бұл критерийді қлдану барлық уақытта да өткізілген өнім көлемінің өсуіне және өндірістің рентабельдік көрсеткішін арттыруға жағдай тудырмайды. Берілген өнім көлемін орындау үшін сол немесе басқа жабдықтардың жұмыс уақыты емес, кәсіпорын шаруашылық қызметінің нәтижесі қызығушылық тудыратын болғандықтан жалпы онықолдану мақсатты емес. Әзірше кәспорын экономикасының негізін оптималды реттеу теориялық сипатталуын қоя тұрып, экономикалық-математикалық моделін құруға көшеміз.

Есептің экономикалық-математикалық моделін құру үшін оптималды критериийді сапалы анықтау (немесе жиынтық критерий) жеткіліксіз. Оны математикалық фукция түрінде бейнелеу керек. Өндіріс рентабельділігінің критерийі математикалық түрде былай бейнеленеді:

 

                            (1)

 

Мұнда, хj – j-ші өнімнің шығару көлемі

j - өнім индексі

n – кәсіпорын шығындарының өнім түрлерінің саны

Цj - j-ші түрлі өнімдердің көтерме бағасы

Сj – j-ші өнім түрін дайындаудың өзіндік құны

Фнег – кәсіпорынның негізгі қорының құны

Gj -1 j-ші өнімнің айналым құралының нормативі

Көптеген авторлар өндіріс рентабельділігін барынша оңай анықтайды:

 

                                  (2)

Мұнда, Файн – айналым құралының орташа жылдық құны.

Ара қатынасқа қарағанда өндіріс рентабельділігінің максималды критериі барынша нақты анықталатыны белгілі, бірақ 1 өнім айналым құралының нормативінің жоқтығы көбінесе іс-жүзіндегі есептесуде оңайлатылған бейнелеуді қолануына әкеледі.

Өткізілген өнім көлемінің көрсеткішін реттеуге болмайды. Сондықтан соған сәйкес оптималды критериийді іс-жүзіндегі есептесуде шығарылған тауар өнімдерінің құнының максималды критерийінің бейнеленуімен алмастырылады:

                                          (3)

Еңбек өнімділігінің максималды критерийіне сәйкес мақсатты фукцияның жазылуы түрлі формада кездеседі.

                          (4)

 

Мұнда, S -өнеркәсптік өндірістік қызметкерлердің орташа жылдық тізімдік саны. Бұл критерийге көбінесе мақсатты функция сәйкес келеді.

                         (5)

Мұнда, t - 1 жұмысшының жұмыс уақытының жылдық қоры;

dj - j -ші типті өнімді дайындаудағы еңбек сыйымдылығы;

r - мөлшерден тыс орындаудың –тік нормасы.

Егер өндіріс рентабельділігі (2) ара қатынаспен анықталса, онда еңбек өнімділігінің максималды критериий оптималды пайда көлемінің максимумымен алмастырылуы мүмкін.

                                        (6)

Экономикалық-математикалық моделінің  шектеулер жүйесіндегі кәспорын өндірісінің жоспарын анықтау есебінде өндіріс ресурстары және кәсіпорын жұмысының спецификалық жағдайлары (халық шаруашылығы тұтынатын өнімдер) ескерілуі керек. Есептің моделіне кіретін барлық арақатынастар сызықтық болуы тиіс.

Шектеулер жүйесінің нақты (математикалық) жазылуы жалпы жағдайда (7) - (5) арақатынастарымен анықталады. (7) арақатынасы шикізат ресурстарының шығындары белгіленген қордан аспауы керектігін білдіреді.

 
                               (7)

Мұнда, aij - i-ші түрлі шикізаттың 1 j-ші типті өніміне белгіленген шығын

Ai  - i-ші түрлі шикізаттың белгіленген саны

P- шикізат түрлерінің саны

(8) арақатынасы белгілі бір (шектеулі) жабдық дайындау қоры бойынша  жұмыс уақытының шегін анықтайды.

   
                              (8)

Мұнда, tjj - j-ші топты жабдықтың j-ші типті өнімді дайындаудағы жабдық сыйымдылығы;

j -жабдық тобының индексі;

k – жабдық топтарының саны;

Фj - жоспарланған аралықтағы жабдықтың қызмет ететін жұмыс уақыты қоры.

Кәсіпорын немесе шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі – бұл  пайда болып табылады. Шаруашылық практикасында пайданың келесі көрсеткіштері қолданылады:

  1. Баланстық пайда - өнімді өткізуден түскен пайда, басқа да өткізуден түскен пайда, сатудан тыс кірістер. Баланстық пайда көрсеткіші – кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін талдауда қолданылады.
  2. Салық алынатын пайда – жеңілдіктер және кәсіпорынның түрлі төледері төленетін сумма.
  3. Салық салынбайтын пайда.
  4. Кәсіпорын қарауында қалатын таза пайда.

Кәсіпорын таза пайда көлемінен  резервтік қорға, қамсыздандыру  қорына, жұмысшының жеке басын қамсыздандыру  қорына, жинақ қорына төлемдер төленеді. Кәсіпорында қалған сумма таза пайда  болып табылады.

Кәсіпорынның қаржысы – бұл  басқа қызмет түрлері жүзеге асыру  және өнімдері өндіру мен сату процесіндегі жинақталған ақша қатынастарының жүйесі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда кәсіпорынның өндірістік – коммерциялық қызметтерін қамтамасыз ету жолдарын, оларды пайдалану менорналастырудағы тиімділігін сипатайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 «КАЗГЕРМҰНАЙ» АШЫҚ  АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК  ҚЫЗМЕТІ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ  МОДЕЛЬДЕРІ

 

2.1 Мұнай өнімдерін  тиімді үлестіру модельдеріне  талдау жасау

 

Экономикалық-математикалық оптималдау модельдерін кәсіпорында қолдану саласына қарай 3 топқа бөліп қарастыруға болады:

  1. Өндірістің көлемді көрсеткішін жоспарлау моделі;
  2. Күнтезбелік жоспарлау моделі;
  3. Технологиялық есептерді шешуде қолданатын модельдер.

Өндірістің көлемді көрсеткішіні жоспарлау моделі – кәсіпорын өндірісін ағымдағы және келешекке жоспарлауда басты мақсат болып табылады. Бұл шешімнің нәтижесінде жұмыстың техникалық-экономикалық көрсеткішінің көлемі анықталады.

Жай ғана вариантта бұл міндеттер  кәсіпорын ресурстарын өнім түрлеріне қарай үлестіру үшін жанақталған. Ресурстар деп шикізаттар, кешенді бұйымдар, жартылай фабрикаттар, тауарлар, өндіріс телімдерінің қуаттылығы, өндіріс алаңдары және дес сонымен қатар еңбек ресурстарын айтуға болады.

Экономикалық-математикалық модельдер және бағаны белгілеу тәсілдері бағаны бағалау үшін арналған модельдер мен әдістердің белгілі бірі болып табылмайды. Бұл бағаны белгілеу мәселелеріне қосымшасын ұүрастыратын жалпы модельдер мен әдістер.

Бағаны белгілеу проблемасы – бұл  шешуі математикалық үлгілеусіз және әдістерсіз мүмкінболмайтын экономикалық объектілердің бірі.

Бағаларадың нарық өлшемдерін дәлелдеу мәселеріне, ақша қатынасын жетілдіруге, өндірістік емес қажетсіну нормаларын ұйымдастыру және басқа жағдайлардың әсерлерін бастан кешіреді.

Бағаны белгілеу модельдеріне өзіне  мынадай түрлерді ендіреді:

  • теориялық талдау модельдері;
  • бағаны белгілеуге қатынасыбар тиімділік көрсеткіштер модельдері;
  • бағаны белгілеу процестерінбасқаруға арналған нормативті модельдер;
  • өзге кеңістік түрлеріндегі баға белгілеу факторларын, процестерін өзгеше көрсететін графикалық модельдер;
  • балансты модельдер;
  • оптимизациялық моделдер;
  • статистикалық модельдер;
  • уақыттағы объектінің дамуын сипаттайтын динамикалық модельдер;
  • макро және микромодельдер.

Параметрлер арасындағы тәуелділік сипаты бойынша модельдер аралығындағы сызықтық және сызықтық емес модельдерді айтады. Олар детерминатталған және болжамдылықта бола алады. Детерминатталған модельдерде салдар себеппендәл белгіленген. Олар экономиканың зерттеу құралдарының бірі. Салдарлы экономикалық байланыстардың талдамалы түсіндірмелерінің бірі болып шығады, бұл жағдайда жүйенің шығуындағы енетін мәндердің берілген қосындысы үшін жалғыз нәтиже алынған.

Болжамды модельдер белгісіздік, кездейсоқтық элементтерін ендіреді. Анықталмағандық дәрежесі әр түрлі көрсеткіштермен: орташа квадратпен ауытқумен, математикалық күтумен, дисперсиямен және басқалармен сипатталады. Мұндай модельдерде салдар себеппен дәл белгіленбеген. Болжамды модельдердеп шығуда параметрлердің белгіленген мәндерімен бейнеленетін, ол шығуда әр түрлі нәтижелерді күтуге болатын экономикалық процестер түсіндіріледі. Бағаны белгілеудің детерминантталған жәнеболжамды модельдерін құру кезіндегі нәтижелерге жету үшін әртүрлі экономикалық-математикалық әдістер: балансты математикалық бағдарламалау, уақытша қатарларды талдау әдістері,, паралельдік, түзету регрессиялық талдау, ойын түрде модельдеу, сараптау әдістері пайдаланылады. Пайдаланылатын әдістердің зерттеу пәні бағаны белгілеудің сандық қатынастарын және зерделенетін бағалау обхектілерін мен процестерін сапалы талдау зерделеу болып табылады. Бағаны белгілеу процестерін модельдеу кезінде басты элемент баға болып табылады. Бұл жағдайда математикалық әдістер бағанының бағалануының құралы болып шығады. Математикалық әдістер арқылы бағаны белгілеу процестеріндегі байланыстар мен заңдылықтар анықталады. Модель осындай байланыстар мен заңдылықтарды адекватты түрде көрсету үшін құрылады. Бағаны белгілеу процестерін модельдеу өзіне үш элементті субъект, объект, модельді ендіреді. Модельдеу объектісі деп баға қызықтыратындарды түсіндіреді. Бұл өндірушілер, тұтынушылар, мемлкет. Модельдеу объектісі – бұл бағалар мен тарифтердің әртүрлілігі, тұтас бағалар жүйесі, бағалар элементтері (шығындар, пайда өндіріс көлемдері, салықтар, сұраныс пен ұсыныс және т.б.). модельдеу – бұл белгіленген мақсаттарға жетуге арналған міндеттердің әр түрлі шарттары негізінде модельдерді құру объектілерін көшіру. Бағаны белгілеу модельдерін құру үшін нарықтық қатынастарының дамыту жағдайларында тұтастығы нарық туралы, бәсекелестік бағалар, өндіріс пен шығындар, тауарларды сатқанна түскен пайда және өнім, үкімет саясаты туралы ақпарат қажет.

 Сол белгілі  бір жұмыс орындарындағы(цехтарда, телімдерде) өнімдерді дайындаудағы  еңбек сыйымдылығы еңбек ресурстары көлемінен аспауы тиіс.

 

       
                     (9)

 

Мұнда, fje -ші жұмыс орнында j – типті өнімді дайындаудағы еңбек сыйымдылығының нормативі;

e - жұмыс орнының индексі;

r - берілген (тар) жұмыс орнының саны;

Fe - e -ші жұмыс орнындағы жұмыс уақытының қоры.

                   

Мұнда, b - 1 кг тауар өніміне белгіленген шығын көлемі;

M - 1 тг төлемақыдағы (жалақы) белгіленген тауар өнімінің көлемі;

Зj j - ші типті өнімге төлемақы

Екі соңғы теңсіздікті ықшамдап сызықтық түрге келтіруге болады.

                               (10)

                                (11)

Кәсіпорын шаруашылығының қызметіндегі көрсеткіштері бойынша шектеулердің маңыздылығымен жүргізіледі. Егер, мысалы: b, M көлемі негізіндегі қандай да бір жоспар базасының вариантына қарағанда оптималды жоспарда жалақы бойынша шығын көбейсе, оның тиімділігі де артады.

Пайданың толық өзіндік құнға  қатынасын бейнелейтін өнім рентабельділігінің шектеулерін ереже бойынша жүргізілуі тиіс емес. Егер (10) арақатынас теңсіздігін қарастырса бұған көз жеткізуге болады.

Мұнда, р – шығарылған өнім ретабельділігінің  белгіленген көлемі.

Соңғы теңсіздіктен мынадай теңсіздік туындауы мүмкін.

Егер,   және оптималды жоспарда (10) арақатынасы тұрақты бола алса, онда өнім рентабелділігінің шектеулерінде де тұрақты бола алады.

Егер, және оптималды жоспарда (10) арақатынасы тұрақты бола алса, онда өнім рентабелділігінің шектеулерінде де тұрақты бола алады, негізінде барлық уақытта да (1+р)b<1 болады.

Кәсіпорынның  кейбір техникалық-экономикалық жұмыстарының көрсеткіштерінің жүргізуге болатынын айтуға болады.

Мысалы:                                                               (12)

                                         (13)

Мұнда, Т- тауар  өнімінің белгіленген бағасы,

 П – белгіленген пайда көлемі.

Оптималды критерийде қандай да бір 1 көрсеткіш алатын болса, онда шектеулер жүйесінде соған  сәйкес ара қатынас артық болып  қалады.

Информация о работе Кәсiпорынның ұйымдастыру-құқықтық және басқару құрылымы