Кәсiпорынның ұйымдастыру-құқықтық және басқару құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 18:14, дипломная работа

Описание работы

Екінші бөлімде өндіріс тиімділігін арттыруға негізделген экономикалық-математикалық модельдерге талдау жасай отырып, баға мен өндіріс көлеміне трендтік модельдер негізінде болжам жасалық, өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған мұнай өнімдерін оптималдаудың экономикалық-математикалық моделі құрылады.
Үшінші бөлімде экономика-математикалық моделін құру негіздеріне тоқтала отырып, оның программалық қамтамасыз етілуі, пайдалануға нұсқау келтірілген.

Работа содержит 1 файл

Казгермунай.doc

— 511.50 Кб (Скачать)
  • қаржылық бас бөлім;
  • өндірістік бас бөлім (Ақшабұлақ кешенін қоса);
  • геология және қайта өңдеу жөніндегі бас бөлім;
  • логистикалық бөлім (транспорт, шеберхана, сатып алу бөлімі, офис, жалпы әкімшілік міндеттемелер).


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 сурет - “Казгермұнай” ААҚ   ұйымдастыру,  басқару   құрылымы

 

Қаржылық бас бөлім  төмендегідей болып бөлінеді:

  • еңбек және еңбекақы бөлімі (және касса);
  • бухгалтерлік есеп бөлімі (қаржылық есеп, материалдар және негізгі құралдар есебі топтарымен қатар);
  • қаржы және бақылау (контроллинг) бөлімі (келісім-шарттар, кәсіпорынды қаржыландыру және шот-фактураларды тексеру);
  • салық салу және өткізу бөлімі.

 Бухгалтерлік есеп жүргізу құрылымы:

Шоғырландырылған есеп (яғни, объектілері  бойынша –Ақшабұлақ кешеніндегі  мұнайдың коммерциялық негізде өндірілуі, Ақшабұлақ, Ақсай және Нұралы кешендеріндегі барлау жұмыстары және басқадай запастар). Сонымен қатар. Шығыстар орталығы бойынша есеп жүргізіледі, яғни өндіріс процесінің бөлімшелері мен учаскілері немесе қорлар мен есептік тұлғалар.

Шоттар бойынша есеп жүргізу  (актив пен пассив түрлері, щығыстар мен табыстар).

Бухгалтерлік есеп бөлімінің атқаратын  қызметі төмендегідей:

  • Кәсіпорында бухгалтерлік есеп жүргізу;
  • “SKALA” программасы көмегімен банк, касса, негізгі қорлардың материалдарына қатысты проводкалар жүргізу;
  • қолма-қол ақша төлеумен айналысу;
  • банк арқылы жүргізушілер мен жалдамалы жұмыскерлермен есеп айырысу;
  • еңбекақы төлеу;
  • Қазақстан ішінде аудиторлар мен салымшыларға есеп беру.

Қаржы және контроллинг  бөлімінің атқаратын қызметі  төмендегідей:

  • Жылдық бюджетті құрып, оның қолданылуын бақылау;
  • Төлемдерді жүзеге асыру;
  • Кірістірілген шоттарды өңдеу;
  • Батыстағы банктік аударымдармен айналысу;
  • Дебиторлар мен кредиторлардың қарыздарын бақылау.

Бұл бөлімнің міндеттеріне мыналар кіреді:

Шетелдік шот-фактураларды тіркеу және тексеру. Қажетті ақталу құжаттарының (тапсырыс/келісім-шарты, жүк құжаттары, орындалған жұмысты қабылдап алу актісі) бар екенін тексеру. Төлем тапсырмаларын дайындау. Бюджет пен жұмсалған бухгалтерлік шоттардың сәйкестігін тексеру және шығыс орталығын анықтау. Бухгалтерия бөлімімен дебиторлық қарыздарды жабуға қажетті құжаттарды дайындау. Қол қойылған келісім-шарттарды сақтау және келісім-шартта көрсетілген талаптарды, шот-фактурадағы төлем көлемін, төлем шарты мен графигін, тауарды тасымалдау шарттарын салыстыру. Алғашқы статистикалық берілгендерді жинау мен дайындау және оларды бухгалтерлік шоттармен тексеру. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісіне кәсіпорын шотындағы ақша қаражаттарының қозғалысы жөнінде әр квартал сайын есеп беруді қадағалау;

Еңбек және еңбекақы бөлімінің атқаратын қызметі төмендегідей:

Кәсіпорын үшін кадрларды іріктеу  және қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жоғарлату курстарын ұйымдастыру; Қызметкерлерге еңбекақы есептеу, жұмыс  уақытының табелін (істелген сағат  саны, ауырған күндер, іс-сапарлар және т.б.) есептеу, әлеуметтік салық пен табымға салықты есептеу, зейнетақы қоры мен салық органдарына зейнетақы салымдарын аудару; Кассалық іс жүргізу: қызметкерлер мен жүргізушілерге қолма-қол ақша төлеу/алу, келіп түскен және жұмсалған кассалық ордерлерді толтыру, кассадағы ақша қаражаттарының қозғалысы жөнінде есептеулер жүргізу және де кассалық құжаттарды бухгалтерияға өткізу.

Салық салу және өткізу бөлімінің  негізгі қызметі төмендегідей:

  1. Бюджетке салық төлемдерімен есеп айырысу:
  • ҚҚС;
  • Меншік салығы;
  • Көлік салығы;
  • Акциздер;
  • Заңды тұлғалардан табыс салығы;
  • Жеке тұлғалардан табыс салығы;

Төлем көздеріне табыс салығы;

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 сурет - «Казгермунай» ААҚ-ның қызметші кадрларының құрылымы

 

  • Мұнайға роялти;
  • Суға роялти;
  • Әлеуметтік салық;
  • Қоршаған орта қорына аударым;
  • Зейнетақы қорына аударым.
  1. Мұнай өндіру мен тасымалдау есептерін жүргізеді.
  1. «Казгермұнай» ААҚ-ның мердігерлеріне (ПХМ,ЮгХМ, Пика-Пайп Сервис, Ай-Дан Мұнай, Статус Ойл және т.б.) шот-факутураны ұсыну.
  2. Ай сайын мұнай жүктемесі мен мұнай жөнелту есебін жүргізу:
  • Айдың 1-7-ші күндерінде бөлім мұнайды тасымалдау шот-факутура тізімдерімен айналысады;
  • Айдың 7-15-ші күндерінде бюджетке салық төлеумен айналысады;
  • Айдың 15-20-ші күндерінде ҚазТрансОйл мен ХаррикейнОйл Проакшенс мекемелері арасындағы шот-факутураларды салыстырады;
  • Айдың 20-25-ші күндерінде Қаржы Министрлігі мониторнигіне әр ай сайынға есебін береді;
  • 25-нен айдың аяғына дейін салықтарды тексереді, құжаттарға жөндеу енгізеді.

 

 

    1. Экономикалық тиімділік көрсеткіштері және олардың факторлық талдамы

 

Кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау – бұл кәсіпорынның жұмысын талдаудың негізгі бағыты. Кәсіпорын қызметін сипаттайтын еңбек көрсеткіштеріне: еңбек өнімділігі, жұмысшылар саны, еңбек ақы қоры және орташа айлық жалақысы жатады. Бұл көрсеткіштер жүйелі түрде бір-бірімен тығыз байланысты.

Өндірістің дамуын бейнелеуші басты  көрсеткіш өдіріс көлемі болып табылады. Жалпы өнім көлемі- бұл өндірілген өнімнің немесе атқарылған қызмет түрлерінің көлемі, оның ақшалай бағалануы.

Тауарлы өнім көлемі-дайын өнімі мен ұйымның және жартылай фабрикаттардың сатуға арналған, өңделген, дайындалған өнімдерінің құнын айтамыз.

Өзіндік құн - өнім өндіруге жұмсалған  барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік  құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбек ақы т.б. жатады. Өзіндік құн салығы сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады. Негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін және олардың пайдалану деңгейін анықтау қор қайтарымы қор сыйымдылығы, қормен жарақтану арқылы анықталады.

Қор қайтарымы – негізгі өндірістік қорлардың бір сомына шаққандағы өнім мөлшерін білдіретін көрсеткіш. Қор  қайтарымын талдау үшін еңбек өнімділігінің  өсу қарқыны мен негізгі құрал-жабдықтарының деңгейі арқылы анықталады. Яғни, қайтарымын көтері үшін өнім көлемі көбеюі тиіс.

Қор сыйымдылығы – белгілі бір  өнім өндіруге немесе жұмысты орындауға пайдаланылған қор шығынын білдіретін көрсеткіш. Жекелеген өнімді өндіруге, жұмысты орындауға кеткен қорлар шығынының нақты өлшемін не өнімдік өзіндік құны құрылымындажұмсалғанқорлар құнын процент түрінде көрсету.

Қормен жарақтану – еңбектің негізгі өндірістік қорлармен жарақтану  дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш. Ол қорлардың жылдық орташа құны өндірі қызметшілерінің орташа санына бөлгендегі қатынаспен анықталады.

Еңбек өнімділігі – оның нәтижелілігін  немесе жұмыс уақытының бірлігіндегі жұмысшылардың белгілі бір өнім көлемін өндіру қабілеттілігі. Еңбек  өнімділігі – еңбек шығынының  тиімділігін арттыру. Бұл өндіріс процесінде жұмсалған қоғамдық еңбектің тиімділігі, нәтижелілігі, жемістілігі. Қызметкерлердің еңбек өнімділігі бір уақыт өлшем ішінде өндірген өнімнің немесе орындалған ұлттық табыс мөлшерінің, өлшемімен есептеледі.

Рентабельділік – бұл кәсіпорын жұмысының табыстылық, пайдалылық көрсеткіші. Кәсіпорын өзі өндірген өнімдерін сатқанда жұмсалған шығындарды өтеумен қатар таза табыс алуды көздейді. Кәсіпорынның рентабельділік деңгейін оның бір жылдың таза табысын сол кәсіпорынның орташа жылдық өндірістік қоры құнының сомасына бөлу жолымен шығарады, процентпен көрсетіледі, ал жеке бұйымның рентабельділігін, одан түскен пайданы оның толық өзіндік құнына бөлу арқылы анықтайды. Рентабельділікті көтерудің негізгі факторлары: еңбек өнімділігін арттыру, негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, өнімнің өзіндік құнын кеміту, өнім сапасын жақсарту т.б.

Өндірістің тиімділігін арттыру  үшін өткізілетін өнім көрсеткішін  жоспарлаудың маңызы зор. Ол кәсіпорын  өнім өндірісін қоғамдық қажеттіліктерге  жауап бере алатындай және өнім ассортиментін және сапасын жақсартуға бағыттайды.

Бірақ өткізілетін өнімнің көлемі жаңа капитал салымның есебінен немесе қосымша жұмысшы күшінің қосылуынан көбейтілуі мүмкін. Бұл факторларды өткізілген өнім көлемі көрсеткішінде ескерілмейді. Бұған қоса кәсіпорын қызметін өткізілген өнім көлемі бойынша бағалау – кейде ең қымбат немесе халық шаруашылығына өте қажетті емес өнімдердің көп мөлшерде шығарылуына әкеледі. Көр жағдайда оптимальды критерий – және кәсіпорын қызметін бағалау көрсеткіші ретінде бір жұмысшының тауарлы өнімді өндірісі арқылы анықталған еңбек өнімділігін ұсынады. Бұл кез келген шаруашылық объектінің қызметін бағалауда маңызды фактор екені сөзсіз,бірақ ол іс-жүзіндегі кемшіліктерден арылмаған.

Мұнайгаз кешені кәсіпорындарының өндірістік қызметін басқару күрделі және кешенді жұмыс болады. Сондықтан басқару талаптарына сай келетін есептеу жүйесі де күрделі және көптеген үдерістерден тұрады. Сонымен бірге оның басқару мақсаттарының өзгерулеріне икемді түрде қарайлануы қажет. Сонда да кез келген есеп жүйесі, оның нақты кәсіпорында ұйымдастырылуы жалпылай қабылданған төменгі қағидаларға сәйкес болуы керек:

- кәсіпорын қызметінің үздіксіздігі;

- жоспарлау мен есептеу үшін  бірыңғай өлшеу бірлігінің қолданылуы;

- басқару мақсаттарында бастаушы және аралық ақпараттың сабақтастығы мен бірнеше рет қолданылуы;

- есеп объектілері жөніндегі  ақпаратты жеткілікті қамтамасыз  ететін оның толықтылығы мен  талдаулылығы.

 

1 кесте - “Казгермұнай” ААҚ-ның негiзгi техникалық - экономикалық   көрсеткiштерiн талдау

Көрсеткiштер

өлшем бiрлiк

Жылдар

Ауытқу

2005

2006

2007

2006/2005

+      -

%

2007/2006

+     -

%

Өндiрiлген мұнай көлемi

Мың тн

571,2

813,3

986,3

+242,1

142,4

+173

121,3

Өткiзiлген мұнай көлемi

Мың тн

567,2

808,4

981,9

+241,2

142,5

+173,5

121,46

Өткiзiлген өнiмнен түскен түсiм

Млн

тг

11152,6

14508,6

17699,7

+3356

130,1

+3191,1

122

өткiзiлген өнiмнiң өзiндiк құны

Млн

тг

4371,2

5657,3

7219,1

+1286,1

129,4

+1561,8

127,6

Жалпы табыс 

Млнтг

6781,4

8851,3

10480,6

+2069,9

130,5

+1629,3

118,4

Кезең шығындары

Млн тг

4279,8

7298,4

6175,3

+3018,6

170,5

-1123,1

84,6

Таза табыс 

Млн тг

2509,6

1152,9

4305,3

-1356,7

45,93

+3152,4

373,4

1 тонна мұнай бағасы

Тг

19662,5

17953,3

18026,0

-1709,2

91,3

+72,7

100,4

1 тонна мұнайдың өзiндiк құны

Тг

7706,6

6998,1

7352,1

-708,5

90,8

+354

105

Негiзгi өндiрiстiк қорлардың орташа жылдық құны

Млн

тг

11472,2

12260,7

13227,5

+788,5

106,8

+966,8

107,88

Айналым құралдар-дың орташа жылдық құны

Млн

тг

6912,2

7990,0

8438,6

+1077,8

115,6

+448,6

105,6

Жұмыскерлердiң ор-таша тiзiмдiк саны қызметкерлер, жұмысшылар

Адам

249

360

463

+111

144,57

+103

128,6

181

146

231

-35

80,6

+85

158,2

68

214

232

+146

314,7

+18

108,4

Орташа айлық жалақы

Тг

57360,9

56611,9

62940,9

-749

98,7

+6329

111,2

Еңбек ақы қоры

Млн тг

171,39

244,56

349,7

+73,17

142,7

+105,14

143

Рентабельдiлiк деңгейi

%

29,03

11,0

32,14

-18,03

-

+21,14

-

Информация о работе Кәсiпорынның ұйымдастыру-құқықтық және басқару құрылымы