Информатика УМЛ

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 10:21, лекция

Описание работы

Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.

Содержание

Информатика пәні, информация ұғымы;
Информацияның өлшем бірліктері;

Работа содержит 1 файл

ИНФОРМАТИКА УМЛ.doc

— 1.01 Мб (Скачать)

Әдетте, Шарлау аумағы дерекқорды ашқан кезде пайда  болады, соның ішінде Access бағдарламасының  бұрынғы нұсқаларында жасалған дерекқорлары да бар. Бағдарлама параметрін орнату арқылы Шарлау аумағының әдепкі пайда болуын болдырмауға болады. Төмендегі қадамдар жиынтығы әр әрекетті қалай орындау қажеттігін түсіндіреді.

Шарлау аумағын  көрсету немесе жасыру үшін    

Шарлау аумағының  жоғарғы-оң жақ бұрышындағы түймешікті ( ) немесе F11 пернесін басыңыз.

Шарлау аумағының  әдепкі пайда болуын болдырмау

Файл қойындысын нұқып, одан кейін Параметрлер тармағын таңдаңыз.

Access параметрлері тілқатысу терезесі пайда болады.

Сол жақ аумағынан  Ағымдағы дерекқор параметрін таңдаңыз.

Шарлау астынан  Шарлау аумағын көрсету құсбелгісін  алып тастап, одан кейін Жарайды  түймешігін басыңыз.

Шарлау аумағы туралы қосымша мәлімет алу үшін, Шарлау аумағында дерекқор нысандарын пайдалану және ұйымдастыру мақаласын қараңыз.

Қойындылары бар құжаттар

Office Access 2007 бағдарламасымен  іске кірісіп, дерекқор нысандарын қабаттасатын терезелердің орнына қойындылары бар құжаттарда көрсетуге болады. Күнделікті қатынасу қолданысы үшін, қойындылары бар құжат интерфейсін таңдауыңыз мүмкін. Қойындылары бар құжаттарды Access параметрлерін (осы бөлімнің соңғы жағында Құжат қойындыларын көрсету немесе жасыру бөлімін қараңыз) орнату арқылы қосуға немесе ажыратуға болады. Алайда, қойындылары бар құжат параметрлерін өзгертсеңіз, жаңа параметрлердің орын алуын көру үшін, дерекқорды жабыңыз және қайта ашыңыз.

Құжат қойындыларын көрсету немесе жасыру

Файл қойындысын нұқып, одан кейін Параметрлер тармағын таңдаңыз.

Access параметрлері  тілқатысу терезесі пайда болады.

Сол жақ аумағынан Ағымдағы дерекқор параметрін таңдаңыз.

Бағдарлама параметрлері бөліміндегі Құжат терезесінің  параметрлері астынан Қойындылар параметрін таңдаңыз.

Құжат қойындыларын көрсету құсбелгісін қойыңыз  немесе алып тастаңыз. Құсбелгіні алу  құжат қойындыларын ажыратады.

Жарайды түймешігін басыңыз.

 

 Ескерімдер 

Құжат қойындыларын көрсету параметрі әр дерекқорға бөлек орнатылатын параметр. Бұл  параметрді әр дерекқорға жеке орнатуыңыз қажет.

Құжаттардың қойындыларын көрсету параметрін өзгерткеннен кейін, енгізілген өзгертулер күшіне енуі үшін, дерекқорды жабуыңыз және қайта ашуыңыз қажет.

Access 2007 немесе Access 2007 нұсқасы арқылы жасалған жаңа  дерекқорлар әдетте құжат қойындыларын  көрсетеді.

Access бағдарламасының  бұрынғы нұсқасын қолдану арқылы  жасалған дерекқорлар әдетте қабаттасатын терезелерді қолданады.

Күй жолағы

Access бағдарламасының  бұрынғы нұсқалары секілді Access 2007 нұсқасынан терезенің төменгі  жағынан күй жолағын көрсетуге  болады. Бұл стандартты пайдаланушылық  тілдесу элементі күй хабарларының, сипат көмек сөздері, үрдіс көрсеткіштері және т.б. іздеу орны болып қалуын жалғастырады. Access 2007 нұсқасы арқылы, күй жолағы басқа Office 2007 бағдарламаларының күй жолағынан көруге болатын екі стандартты функцияны қамтиды: Көрінісі/терезе ауысымы және ұлғайту.

Белсенді терезені қолда бар көріністердің біріне күй жолағындағы басқару элементтерін қолдану арқылы жылдам ауысуыңызға  болады. Егер сан түрлі ұлғайтуды  қолдайтын нысанды қарап жатқан болсаңыз, ұлғайту деңгейін күй жолағындағы  жылжытпаны қолдану арқылы кішірейту немесе ұлғайту үшін реттеуіңізге болады.

Күй жолағын Access параметрлері тілқатысу терезесінен  қосуға немесе ажыратуға болады.

Күй жолағын  көрсету немесе жасыру

Файл қойындысын нұқып, одан кейін Параметрлер тармағын таңдаңыз.

Access параметрлері тілқатысу терезесі пайда болады.

Сол жақ аумағынан  Ағымдағы дерекқор параметрін таңдаңыз.

Қолданба параметрлері астында, Күй жолағын көрсету  құсбелгісін қойыңыз немесе алып тастаңыз. Құсбелгіні алу күй жолағын  көрсетуді ажыратады.

Жарайды түймешігін басыңыз.

Құралдардың шағын тақтасы

Access бағдарламасының  Access 2007 нұсқасынан бұрынғы нұсқаларында  мәтінді пішімдеу әрекеті мәзірді  пайдалануды немесе Пішімдеу  құралдар тақтасын көрсетуді  жиі талап етеді. Access 2007 нұсқасы  арқылы мәтінді оңай пішімдеу үшін, құралдардың шағын тақтасын пайдаланыңыз. Пішімдеу үшін мәтінді таңдағанда, құралдардың шағын тақтасы автоматты түрде таңдалған мәтін үстінен пайда болады. Тінтуір меңзерін құралдардың шағын тақтасына жақынырақ жылжытқан жағдайда, құралдардың шағын тақтасы нақты бола бастайды және оны қалың, көлбеу, қаріп өлшемі, түс және т.б. қолдану үшін пайдалануға болады. Тінтуір меңзерін құралдардың шағын тақтасынан алыстатқан жағдайда, құралдардың шағын тақтасы ғайып болады. Іріктеуге қатысты мәтінді пішімдеуді қолдану мақсатында құралдардың шағын тақтасын пайдалану қажет болмаса, меңзерді жәй ғана бірнеше пикселге жылжытқаннан кейін құралдардың шағын тақтасы ғайып болады.

 
 
  1. MS POWER POINT-та ЖҰМЫС ІСТЕУ. КӨРМЕЛЕРДІ ӘЗІРЛЕУ

MS Power Point – көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы. Көрме – Сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың (бейне беттегі кескіндер) көрсетілімдік жиынтығы.  
PowerPoint-тың негізгі міндеті – ақпаратты қабылдаудың және есте сақтаудың тиімділігін арттыру мақсатымен көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу. Көрме – бұл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды (компьютер, проектор, өзіне сәйкес бағдарламалық жасақтама және т.б.) пайдалана отырып әзірленген слайдтардан тұратын қысқа ғана әңгіме. Слайдтар қызықты суреттермен, сызбалармен және пәрмендермен безендірілген жобаның мазмұндық бөлігін қамтиды. PowerPoint көрмелерге түрлі жан бітірім және мультимедиа пәрмендерін қосуға мүмкіндік береді.

 
PowerPoint бағдарламасы мына әмірлерді орындау арқылы іске қосылады: Бастау – Бас мәзір – Бағдарламалар – Microsoft PowerPoint.

10.2. PowerPoint терезесінің құрылымы

PowerPoint терезесінің құрылымы Windows қосымшалары терезелерінің дәстүрлі құрылымындай, үстелер мен әмірлердің негізгі міндеттерін қайталайды, бірақ жекелеген элементтерімен ерекшеленеді (10.1-сурет).

 
· Тақырып жолағы – құжат атауын және терезені басқару батырмаларын қамтиды.  
· Стандартты құралдар үстелі – PowerPoint әмірлерінің басым бөлігінің батырмаларынан тұрады. 
· Пішімдеу құралдар үстелі – пішімдеу әмірлеріне арналған батырмаларды қамтиды.  
· Слайдтардың кішірейтілген үлгілері – көрме слайдтары арасында жылдам ауысып жүруге арналған.  
· Жұмыс аймағы – слайдтарды жасауға, онда нысандарды – мәтінді, суреттерді, диаграммаларды, клиптарды, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ.  
· Тапсырмалар аймағы – ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.  
· Күй жолағы – құжат ақпаратын қамтиды.  
· Сурет салу үстелі – сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды, қарапайым әсерлі суреттер, эмблемалар жасауға, мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.  
PowerPoint-та қол жетерлік үстелдер жиынтығын WordArt, Сурет және басқа да үстелдермен толықтыруға болады. Бұл үшін мәзір жолағында Көрініс – Құралдар үстелі әмірін таңдаңыз. Ашылған үстелдер тізімінде қажетті үстел атауын шертсеңіз, сол мезетте ол бейне бетте пайда болады. Бірақ, есіңізде болсын, әрбір үстел жұмыс аймағында орын алып тұрады, сондықтан, жұмыс істеп болғаннан кейін үстелді қалай қоссаңыз, солай алып тастаңыз.  
Көрмені сақтау үшін Файл мәзірінде немесе Стандартты құралдар үстелінде Сақтау әмірін таңдаңыз, ашылған Құжатты сақтау терезесінде Файл атауы өрісінде көрме атауын енгізіп, Сақтау батырмасын шертіңіз.

10.3. Көрмелер жасаудың тиімді тәсілдері. 
Жасақтаманы және қалыптарды қолдану

PowerPoint-та тартымды, кәсіби түрде безендірілген көрмелерді аз күш жұмсап жасауға болады.  
Microsoft PowerPoint-та көрме жасау барысы жалпы безендіруді таңдау, жаңа слайдтарды және олардың мазмұнын үстеу, слайдтарға шен салуды таңдау, қажет болса слайдтардың безендірілуін, түс сұлбасын өзгерту, түрлі безендіру қалыптарын және слайдтарды көрсету кезіндегі жан бітірім мен басқа да пәрмендерді қолдану сияқты әрекеттерден тұрады.  
PowerPoint-та Жұмысқа кірісу (10.2-сурет)

тапсырмалар аймағы жаңа көрмені жасау үшін бірқатар нұсқаларды ұсынады:  
– Көрмені жасау. Слайдтар безендіру элементтерінің ең аз санын қамтиды, оларға қатысты түстер қолданылмайды. Пайдаланушы слайдтарды өз қалауынша безендіреді.  
– Ашу. Көрме бұрыннан бар безендірілген көрмеге негізделіп жасалады. Қолда бар көрменің бастапқы нұсқаның мазмұны мен безендірілуіне өзгерістер енгізе отырып, жаңа көрме жасауға мүмкіндік беретін көшірмесі жасалады.  
– Безендіру қалыбынан. Көрме негізгі безендіру элементтерін, қаріптерді және түс сұлбасын қамтитын қолда бар Microsoft PowerPoint қалыбы негізінде жасалады.  
Слайдтардың барлығы біркелкі мәнерде безендіру мақсатымен, слайдтарды безендіру амалдарын оңайлату үшін сондай-ақ Пішімдеу құралдар үстеліндегі Жасақтама батырмасын пайдалануға да болады.  
Оны шерткен кезде тапсырмалар аймағында безендірудің кішірейтілген эскиздері болып табылатын Слайд жасақтамасы үстелі пайда болады (10.3-сурет).

Сізге қажетті  безендіру қалыбын бір шерту арқылы таңдай аласыз.  
Қалып барлық слайдтар үшін мына элементтерді белгілейді:  
· өң түсін; 
· байрақшалар мен нөмірлер мәнерін; 
· тақырыптың түсі мен өлшемін;  
· негізгі мәтіннің түсі мен өлшемін;  
· еренсілтеме түсін; 
· өңдік суреттер, сызықтар, жиектер және т.б. түріндегі безендіру элементтерін.  
Және бірінші слайд басқаларынан ерекшеленіп тұрады – ол мұқаба слайд емес пе!  
Слайдты безендіру үшін сондай-ақ дайын түстер сұлбаларын қолдануға да болады. Түс сұлбасы слайдты безендіру кезінде өң, мәтін немесе жекелеген жолдар, көлеңкелер, тақырып мәтіні, бояулар, акценттер және еренсілтемелер үшін қолданылатын сегіз тармақтан тұрады (10.4-сурет).

 
Слайдтың түстік сұлбасын қарап  алу үшін оны бөлектеп алыңыз да, содан кейін бейне бетте Слайд  жасақтамасы – Түстер сұлбалары тапсырмалар аймағын көрсетіңіз. Ағымдық слайдтың түстік сұлбасы тапсырмалар аймағында бөлектеніп көрініс табады.  
Безендіру қалыбы әдепкіде белгіленген түстер сұлбаларын, сондай-ақ осы қалып үшін арнайы іріктеліп алынған қосымша түстер сұлбаларын қамтиды. Әдепкіде орнатылған «бос» қалыпта да түстер сұлбалары бар.  
Көрмеге жаңа слайдты кірістіру үшін Жаңа слайд батырмасын басу, немесе Кірістіру мәзіріндегі Жаңа слайд әмірін таңдап, слайдтың орналасуын белгілеу керек.  
Егер сіз барлық слайдтарда емес, тек кейбіреулерінің өңін ауыстырғыңыз келсе, мәзір жолағының Пішім тармағында Өң әмірін таңдап, ашылған сұхбат терезесінде қажетті параметрлерді белгілеп, Қолдану батырмасын басу керек.

10.4. Слайдтарды безендіру 

Слайдтарды безендіру  кезінде мәтіндер, суреттер, клиптер, дыбыстар сияқты түрлі нысандарды қолдануға болады.  
Сызбалық нысандарды кірістіру, сондай-ақ оларға қатысты түрлі әмірлерді орындау үшін Сурет салу құралдар үстелі қолданылады (10.6-сурет).  

Сурет салу құралдар үстелі слайдқа мәтінді, Өзкескіндерді, WordArt нысандарын, суреттерді кірістіруге мүмкіндік береді.  
Суретті слайдтың еркін таңдап алынған тұсына орналастыру үшін Сурет салу құралдар үстелінде Мәтін жолағы батырмасын басып, содан кейін слайдтағы мәтін орналасатын тұсты шертіңіз. Ішінде жүгіргі бар жақтау пайда болады, мәтінді сол жақтау ішінде теру қажет. Сіз слайд ішінде бұндай жазбалардың нешеуін жасаймын десеңіз де еркіңізде, бірақ есіңізде болсын: қағаздан гөрі бейне беттегі мәтінді оқыған қиынырақ, сондықтан оны мұқият пішімдеп алу керек.  
Пішімдеуді орындау үшін мәтіннің айналасындағы жақтауды шертіп (жүгіргі жоғалып кетеді, ал бөлектеу қалады), Пішімдеу құралдар үстелі әмірлерінің көмегімен мына әрекеттерді орындау қажет:  
- недәуір ірірек өлшемді таңдау (Қаріп өлшемі батырмасы); 
- ежелерге бөлу (әр жолдың аяғында <Enter> пернесін басу); 
- ежелерге қатысты нөмірлеуді немесе байрақшаларды орнату (Нөмірлеу және Байрақшалар батырмалары); 
- жақтау ішіндегі мәтінді сол жақ, оң жақ немесе ені бойынша туралау;  
- қаріп түсін таңдау және т.б.  
Қызыл ирек сызықпен асты сызылған сөзді қатесі бар-жоғына мәтінмәндік мәзір арқылы, сондай-ақ Құралдар – Емле ережесі әмірлерінің көмегімен тексеруге болады.  
Слайдтың барлық дерлік нысандарына (сызықтардан басқа) мәтінді үстеуге болады. Бұл үшін кескінді бөлектеп алып, тінтуірдің оң жақ батырмасымен мәтінмәндік мәзірді шақырып, Мәтінді үстеу әмірін таңдау керек.  
PowerPoint слайдтарды безендіру кезінде дайын сызбалық нысандарды – Өзкескіндерді пайдалануға мүмкіндік береді. Оларға сызықтар, геометриялық қарапайым кескіндер, көрсеткілер, блок-сұлба элементтері, жұлдызшалар, таспалар, тілше деректер және т.б. жатады.  
Бұл элементтерді слайдқа кірістіру үшін Сурет салу құралдар үстеліндегі Өзкескіндер батырмасын басып, ашылған тізімде қажетті кескінді таңдап, слайдты шерту керек. Пайдаланушы сондай-ақ Сурет салу құралдар үстелінің көмегімен олардың көлемін, орналасуын, түсін, т.б. өзгерте алады.  
Кескін сызықтарының түсін өзгерту үшін Сызық түсі , ал ішкі аумағының түсін өзгерту үшін Бояу түсі батырмалары қолданылады.  
Көлем батырмасы кескінге үш өлшемдік мән үстейді. Сызықтың жуандығын өзгерту үшін Сызық мәнері батырмасы, ал егер тұтас сызықты үзік сызыққа ауыстыру қажет болса – Штрих мәнері батырмасы қолданылады.  
Өз компьютеріңіздегі жинақтан сурет не фотосуретті кірістіру үшін мына әрекеттерді орындаңыз:  
1. Сурет салу құралдар үстелінде Суретті кірістіру батырмасын басыңыз. Сондай-ақ, Кірістіру мәзірінің – Сурет – Файлдан әмірлерін де қолдануға болады.  
2. Қажетті суретті қамтитын қалтаны көрсетіп, сурет файлын бөлектеп алыңыз.  
Кірістіру әмірін орындаңыз.

Информация о работе Информатика УМЛ