Информатика УМЛ

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 10:21, лекция

Описание работы

Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.

Содержание

Информатика пәні, информация ұғымы;
Информацияның өлшем бірліктері;

Работа содержит 1 файл

ИНФОРМАТИКА УМЛ.doc

— 1.01 Мб (Скачать)

Таспа қойындыларында кейбір түймешіктер, басқалары пәрменді іске қосып жатқанда, таңдаулар жинағын қамтамасыз етеді.

Backstage көрінісі

Backstage көрінісі Access 2007 бағдарламасындағы жаңа мүмкіндік.  Ол пәрмендер мен бастапқы  дерекқорға қолданылатын ақпаратты,  мысалы, Қысу және қалпына келтіру,  сондай-ақ, бұрынғы нұсқаларындағы Файл мәзіріндегі пәрмендерді қамтиды, мысалы, Басып шығару.

Шарлау  аумағы

Шарлау  аумағы дерекқор нысандарын ұйымдастыруға  көмектеседі және ол дерекқор нысаны жасақтамасын ашудың не өзгертудің негізгі  құралы болып табылады. Шарлау аумағы Access 2007 бағдарламасына дейінгі Access нұсқаларында болған дерекқор терезесін ауыстырды.

Шарлау  аумағы санаттар мен топтар арқылы ұйымдастырылады. Ұйымдасатын түрлі  параметрлерден таңдауға болады және, сондай-ақ, жеке пайдаланушы ұйым схемасын Шарлау аумағынан жасауға болады. Әдетте жаңа дерекқор Нысан түрі санатын пайдаланады және ол түрлі дерекқор нысандарына сәйкес келетін топтарды қамтиды. Нысан түрі санаты дерекқор нысандарын бұрынғы нұсқалардан көрінетін әдепкі дерекқор терезесімен ұқсас әдепкі күйде ұйымдастырады.

Шарлау  аумағын қайыруға және жасыруға болады, бірақ оны дерекқор нысандарын оның алдынан ашумен жасыру мүмкін емес.

Backstage көрінісі

Backstage көрінісі  таспадағы Файл қойындысын қамтиды  және Access бағдарламасының бұрынғы  нұсқаларындағы Файл мәзірінің көптеген пәрмендерін қамтиды. Backstage көрінісі, сондай-ақ толық дерекқор файлына қатысты қолданылатын басқа пәрмендерді қамтиды. Access бағдарламасын ашып, бірақ дерекқор жабық болғанда (мысалы, Access бағдарламасын Windows Start мәзірінен ашқанда), Backstage көрінісін көресіз.

 

Backstage көрінісінде  жаңа дерекқор жасауға, қолданыстағы  дерекқорды ашуға, дерекқорды SharePoint сервері арқылы Интернетте жариялауға  және бірнеше файл мен дерекқорды  қолдау тапсырмаларын орындауға  болады.

Жаңа  бос дерекқорды жасау

Access бағдарламасын  Бастау мәзірінен немесе таңбашадан  бастаңыз.

Backstage көрінісі  пайда болады.

Келесі  әрекеттердің бірін орындаңыз:

Жаңа  веб дерекқорын жасау

Мүмкін  үлгілер тармағының астынан Бос  веб-дерекқор параметрін таңдаңыз.

Оң жақтағы  Бос веб-дерекқор астындағы Файл атауы жолағына дерекқор файлының атауын енгізіңіз немесе берілген атауын пайдаланыңыз.

Жасау пәрменін таңдаңыз.

Жаңа  дерекқоры жасалады және деректер кестесі  көрінісінде жаңа кесте ашылады.

Жаңа  жұмыс үстелі дерекқорын жасау

Мүмкін  үлгілер тармағының астынан Бос  дерекқор параметрін таңдаңыз.

Оң жақтағы  Бос дерекқор астындағы Файл атауы  жолағына дерекқор файлының атауын енгізіңіз  немесе берілген атауын пайдаланыңыз.

Жасау пәрменін таңдаңыз.

Жаңа  дерекқоры жасалады және деректер кестесінің көрінісінде жаңа кесте ашылады.

Access 2007 бағдарламасы өніммен бірге бірнеше  үлгіні қамтамасыз етеді және  қосымша үлгілерді Office.com торабынан  қотарып алуға болады. Access үлгісі - бұл, кәсіби жасақталған кестелері,  пішіндері мен есептері бар алдын-ала жасақталған дерекқор. Жаңа дерекқор жасағанда, үлгілер үлкен көмек береді.

Жаңа  дерекқорды қарапайым үлгіден жасау

Access бағдарламасын  Бастау мәзірінен немесе таңбашадан  бастаңыз.

Backstage көрінісі  пайда болады.

Үлгілер тармағын таңдап, одан кейін қол жетімді үлгілерді шолыңыз.

Пайдалану үшін үлгіні тапқанда, сол үлгіні таңдаңыз.

Оң жақтағы  Файл атауы жолағына файл атауын енгізіңіз  немесе берілген атауын пайдаланыңыз.

Жасау пәрменін таңдаңыз.

Access бағдарламасы  жаңа дерекқорды үлгіден жасайды және ашады.

Backstage көрінісінен  қосымша Access үлгілерін тікелей  office.com торабынан қотарып алуға  болады.

Жаңа  дерекқорды Office.com тораптағы үлгіден  жасау

Access бағдарламасын  Бастау мәзірінен немесе таңбашадан  бастаңыз.

Backstage көрінісі пайда болады.

Office.com үлгілері аумағының астынан санатты  таңдап, одан кейін үлгілер сол  санатта пайда болғанда, қажетті  үлгіні таңдаңыз.

 

 Ескерім   Сондай-ақ, үлгіні бар іздеу жолағынан іздеуге болады.

Файл  атауы жолағына файл атауын енгізіңіз немесе берілген атауын пайдаланыңыз.

Қотару  түймешігін басыңыз.

Access автоматты  түрде үлгіні қотарады, сол үлгіге  негізделген жаңа дерекқорды  жасайды, оны құжаттар қалтасына  сақтайды (мысалы, Менің құжаттарым  қалтасы) және дерекқорды ашады.

Дерекқорды ашқанда (немесе жасағанда және ашқанда), Access файл атауы мен дерекқорының орналасуын соңғы қолданған құжаттардың ішкі тізіміне қосады. Бұл тізім Backstage көрінісінің Соңғы файлдар қойындысынан көрсетіледі, сонда соңғы пайдаланылған дерекқорларды оңай ашуға болады.

Соңғы кезде  қолданған дерекқорды ашу

Access бағдарламасын  бастаңыз.

Backstage көрінісінде  Соңғы файлдар қойындысын нұқып,  одан кейін ашу үшін, дерекқорды  таңдаңыз.

Access бағдарламасы  дерекқорды ашады.

Дерекқорды Backstage көрінісінен ашу

Access бағдарламасын бастаңыз.

Файл қойындысын нұқып, одан кейін Ашу пәрменін таңдаңыз. Ашу тілқатысу терезесі пайда  болған кезде, файлды шолып, таңдағаннан  кейін, Ашу пәрменін таңдаңыз.

Дерекқор ашылады.

Беттің  жоғарғы жағы

Таспа

Таспа мәзірлер мен құралдар тақталарын бастапқы ретте  ауыстырады және Access 2007 бағдарламасында  негізгі пәрмен интерфейсімен қамтамасыз етеді. Таспаның негізгі артықшылықтарының  бірі: ол мәзірлердің, құралдар тақталарының, тапсырмалар аймақтарының және басқа пайдаланушылық интерфейсі құрамдастарының көрсету үшін қажетті тапсырмаларды немесе кіріс нүктелерін бір орынға біріктіреді. Осылайша бірнеше орынның орнына пәрмендерді іздейтін бір ғана орын болады.

Дерекқорды ашқанда, таспа Access бағдарламасының негізгі  терезесінен пайда болады және ол белсенді пәрмен қойындысынан көрінеді.

 

Таспада пәрмендерді  қамтитын бірқатар пәрмен қойындылары  болады. Access 2007 бағдарламасында негізгі  пәрмен қойындылары Файл, Басты, Жасау, Сыртқы деректер және Дерекқормен жұмыс істеу болып табылады. Әрбір қойындыда қатысты пәрмендердің топтары болады, ал бұл топтар таңдауларды көрінетін түрде ұсынатын басқару элементінің жаңа түрі болып табылатын қосымша жаңа пайдаланушылық интерфейсі элементтерінің біразын көрсетеді, мысалы жиынтық.

Таспадан қол  жетімді болатын пәрмендер ағымдағы белсенді нысанға әсер етуі мүмкін. Мысалы, кестені деректер кестесінің көрінісінен ашып, Жасау қойындысынан Пішін тармағын таңдаған жағдайда, Пішіндер тобынан Access бағдарламасы белсенді кестеге негізделетін пішінді жасайды. Яғни белсенді кесте атауы жаңа пішіннің RecordSource сипатына енгізіледі. Бұған қоса, кейбір таспа қойындылары тек нақты мәтінмәндерде пайда болады. Мысалы, Құрастырушы қойындысы тек нысанды Құрастырушы көрінісінен ашқан кезде ғана пайда болады.

Пернелер тіркесімдерін  таспа арқылы пайдалануға болады. Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларындағы барлық пернелер тіркесімдері жұмысын  жалғастырады. Пернетақтаға қатынау  тетіктері жүйесі Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларындағы мәзір жеделдеткіштерін ауыстырады. Бұл жүйе жеке әріптен тұратын немесе ALT пернесін басқан кезде таспада пайда болатын әріптер тіркесімі бар шағын анықтауыштарды пайдаланады. Бұл анықтауыштар пернелер тіркесімінің қайсысы басқарылатынын көрсетеді.

Пәрмен қойындысын таңдағанда, сол қойынды ішінде кездесетін пәрмендерді шолуыңызға болады.

Пәрмен қойындысын таңдау

Access бағдарламасын  бастаңыз.

Қажетті қойындыны  нұқыңыз.

-немесе-

Access бағдарламасын  бастаңыз.

ALT пернесін басып,  босатыңыз.

Пернетақта ескертулері  пайда болады.

Пернетақта ескертуінде  көрсетілген немесе қажетті пәрмен қойындысына ең жақын орналасқан пернені немесе пернелерді басыңыз.

Пәрменді бірнеше  жолмен орындауға болады. Ең жылдам және ең тіке бағыт пәрменге қатысы бар пернелер тіркесімін қолдану болып табылады. Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында пайдаланылған пернелер тіркесімін білсеңіз, ол Access 2007 нұсқасында да жұмыс істейді.

Пернелер тіркесімдері туралы қосымша мәлімет алу үшін, Access бағдарламасына арналған пернелер тіркесімдері бөлімін қараңыз.

Пәрменді орындау

Access бағдарламасын  бастаңыз.

Пәрменнің сәйкес қойындысын нұқыңыз. Келесі кесте әр қойындыда кездесетін қойындылар мен пәрмендердің өкілетті нұсқаларын көрсетеді. Шұғылдан ісіңізге байланысты қойындылар мен пәрмендер алмасып отырады.

Жылдам қатынау  тақтасы - бұл, пәрмендерге бір рет  нұқу арқылы қатынасуға мүмкіндік беретін таспа жанындағы құралдар тақтасы. Әдепкі пәрмендер жинағы Сақтау, Бодырмау және Қайтару пәрмендерін қамтиды және жылдам қатынау тақтасын, жиі қолданылатын басқа пәрмендерді қосу үшін теңшеуге болады. Сондай-ақ, құралдар тақтасының орнын өзгертуге және оның әдепкі кіші өлшемін үлкендеу өлшемге ауыстыруға болады. Құралдардың шағын тақтасы таспадағы пәрмен қойындыларының жанында пайда болады. Үлкен өлшемге ауысқан кезде, құралдар тақтасы таспаның астынан пайда болып, толық енін кеңейтеді.

Жылдам қатынау тақтасын теңшеу

Құралдар тақтасының оң жағындағы ашылмалы көрсеткіні нұқыңыз.

Жылдам қатынау  тақтасын теңшеу тармағының астынан  қосу үшін, пәрменді таңдап, тапсырманы орындайсыз.

Немесе, пәрмен тізімде жоқ болса, Қосымша пәрмендер  параметрін таңдап, іс-рәсімнің келесі қадамына көшіңіз.

Access параметрлері  тілқатысу терезесінде қосу үшін, пәрмен немесе пәрмендерді таңдап, одан кейін Қосу түймешігін  басыңыз.

Пәрменді жою  үшін, оны оң жақтағы тізімнен белгілеп көрсетіңіз, содан соң Жою түймешігін басыңыз. Балама ретінде, тізімдегі пәрменді екі рет нұқыңыз.

Аяқтаған соң, Жарайды түймешігін басыңыз.

Шарлау  аумағы

Дерекқорды ашқанда  немесе жаңасын жасағанда, дерекқор нысандарының атаулары Шарлау аумағында  пайда болады. Дерекқор нысандары  кестелер, пішіндер, есептер, беттер, құрамды әмірлер мен модульдерді қамтиды. Шарлау аумағы Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында қолданылған Дерекқор терезесін алмастырады —— Дерекқор терезесін бұрынғы нұсқадағы тапсырманы орындау үшін қолданған болсаңыз, енді сол тапсырманы Шарлау аумағын қолдану арқылы орындайсыз. Мысалы, деректер кестесі көрінісіндегі кестеге жол қосу үшін, сол кестені Шарлау аумағынан ашасыз.

 

 Ескерім   Шарлау аумағы веб-шолғышта қол жетімсіз. Шарлау аумағын веб-шолғыш арқылы пайдалану үшін, ең алдымен сол дерекқорды Access бағдарламасы арқылы ашыңыз.

 

Дерекқор нысанын  ашу немесе дерекқор нысанына пәрмен қолдану үшін, нысанды тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз және мәтінмәндік мәзірден мәзір элементін  таңдаңыз. Мәтінмәндік мәзір пәрмендері нысан түріне байланысты өзгеруі мүмкін.

Кесте, пішін  немесе есеп сияқты дерекқор нысанын  ашу

Шарлау аумағында  нысанды екі рет нұқыңыз.

-немесе-

Шарлау аумағынан  нысанды таңдап, одан кейін ENTER пернесін басыңыз.

-немесе-

Шарлау аумағында  нысанды тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, «Open» (Ашу) пәрменін таңдаңыз.

Шарлау параметрлері тілқатысу терезесінде бір рет  нұқуға болаты нысандарды ашу параметрін орнатуға болатынын есте сақтаңыз.

Шарлау аумағы дерекқоры нысандарын санаттарға бөледі және бұл санаттар топтарды қамтиды. Кейбір санаттар алдын-ала анықталған болып келеді және жеке таңданбалы топтарды жасауыңызға да болады.

Информация о работе Информатика УМЛ