Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 10:21, лекция
Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Информатика пәні, информация ұғымы;
Информацияның өлшем бірліктері;
CD ROM: компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы.
Модем: телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасуға арналған құрылғы.
Стример: мәліметтерді магниттік лентада сақтауға арналған.
Желілік
адаптер: компьютерді жергілікті желіде
қолдануға мүмкіндік береді.
Бақылау
сұрақтары
WINDOWS
ХР ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
Жоспар:
|
|
|
Windows
объектілі-бағытталған
Windows-ті іске қосу
Windows XP операциялық жүйесі компьютер ток көзіне қосылысымен жедел жадқа жүктеле бастайды. Оның толық жүктелу уақыты 1-2 минутқа созылады. Егер мұндай уақыт өткенде де стандартты бейне экранға тұра берсе, онда жүйенің жұмыс істеуінде ақау болғаны, мұндайда мамандар көмегі қажет болады.
Windows XP операциялық жүйесінің объектілері:
Терезе экранның төртбұрышты қоршаулы аймағы. Онда әр түрлі программалар орындалады. Кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Терезе шекаралары- бұл терезенің периметр бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Қолданбалы программа терезесі-бұл терезеде негізгі қолданбалы программалар жұмысы атқарылады. Ол экранның бөлігін немесе оны толық алып тұра алады. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген қолданбалы программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады, бірақ олардың негізгі элементтері бірдей болып жасалған.
Жұмыс
столы ұғымы қазіргі
барлық операциялық жүйелер Windows,
OS/2, Macintosh компьютерлеріндегі OS, SUN
компьютерлеріндегі OS, т.б.) интерфейсінің
элементі болып саналады.
Әдеттегі өзіміздің жұмыс столымызды
алайық. Жұмыс столында кітаптар,
мәліметтер салынған бумалар,
құрал-жабдықтар (қалам, қарындаш,
өшіргіш, т.б.) орналасуы мүмкін.
Олар, сіздіғ қалауыңызша, столда
әр түрлі күйде орналаса
алады. Стол беті әдемі
дастарқанмен жабылуы мүмкін
немесе ештеңе төмелмей
таза болуы да ықтимал.
Сіздің стол бетіндегі заттарды
алма-кезек қолдануға және
олардың орнын ауыстыруыңызға
болады. Дәл осы бейнесі
экранда жүзеге асырылып
отыр.
Белгіше (Icon) – бұл экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экрандағы программаны, терезені, функцияны, файлды, т.б. бейнелеп тұруы мүмкін. Әр белгіше белгілі бір терезеге сәйкес келеді және ол қажет болғанда үлкейту батырмасы арқылы терезеге айналады.
Жарлық (shortcut) - бұл белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Мысалы, жарлық арқылы каталогтың, желідегі дискінің ішіндегісін көрсетуге болады, тез арада басқа каталогта орналасқан программаларды іске қосуға, файлды да жылдам ашуға болады және т.б. Жарлықты пайдаланғанда негізгі объектілердің өздері (файлдар, каталогтар және т.б.) өз орындарында ешбір өзгеріссіз тұрады. Ал сол объектілермен қатынас жасау Shortcut файлында сақталған информацияның көмегімен іске асырылады. Мысалы, егер жұмыс столында файлдың (каталогтың) өзі орналастырылған болса, онда олардың бірін жою командасын қолданған кезде ол дискіден жойылады.
Бума (folder) экранда каталогтарды (Windows 98) және программалық топтарды (Windows 3.1) белгілеу үшін қолданылады. Мұның мағынасы мынада: каталог пен программалар тобы белгілі бір объектілерді орналастыруда қолданылатын контейнер болып табылады. Бума - каталог, директорий ұғымының баламасы болып табылады. Каталог - файлдарға арналған контейнер, программалық топ - жеке программаларға арналған, контейнер, т.с.с.
«Тышқан» тетігімен ең негізгі операция – экран бетімен курсордың (сілтеменің) қозғалуы болып табылады. Бұл дайындық операциясы, ол өздігінен ешқандай әрекет-амал орындамайды. Келесі операция – шерту (Click). Бұл операция сілтемені экран бетіндегі қажетті элементке апарғаннан кейін ғана орындалады, мысалы, сілтемені графиктік элементтің белгішесіне жеткізіп, шерту операциясын орындауға болады. Шерту деп тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басып, қайта жылдам қоя беруді айтады. Жоғарыда айтып өйткеніміздей, Windows жүйесінде әдетте жұмыс істеу кезінде негізінен тышқанның сол жақ батырмасы кеңінен қолданылады.
Тышқанмен орындалатын күрделі операцияға оның сол жақ батырмасын жылдам түрде екі рет шерту әрекеті жатады (Double-click). Оның жұмыс істеуі негізінен тышқанды жай шерту әрекетіне өте ұқсас, яғни тықшан сілтемесі керекті элементке апарылғаннан соң, тез арада тышқанның батырмасын екі рет сырт еткізу қажет болады. Бұл әрекет алғаш тышқанмен жұмыс істей бастаған адамға күрделі операция болып табылады. Оның ерекшелігі тышқанды екі рет жылдам шерту аралығында өте аз уақыт өтуі тиіс, ол секундтың оннан біәр бөлігіндей ғана уақыт.
Келесі операция - тасымалдау (Drag&Drop). Ол терезелер мен шартбелгілердің орнын ауыстырады, яғни басқа орынға тасымалдайды және терезелердің ұзындығы мен енін өзгертуде қолданылады. Объектілердің тасымалдау амалы былай орындалады: сілтемені орны ауыстырылатын элементке апарып, тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны сол басулы күйінде ұстап тұрып, сілтемені қалаған жаңа орынға жеткіземіз, сонан соң батырманы қоя береміз.
«Point-and-Click» (көрсету және шерту) принциптері. Бұл принцип бойынша графикалық технологияларды көптеген операцияларды орындау үшін тышқан сілтемесін экран элементіне апарып, оның сол немесе оң батырмасын шерту жеткілікті.
«Select» (ерекшелеу, белгілеу) принципі. Программалар терезесінде құжатпен жұмыс істеу барысында біге үнемі мәтін фрагменттерімен, үзінділермен (мәтіннің белгілі бір бөлігімен, суретпен, кестелермен) әр түрлі операциялар орындауға тура келеді. Егер белгілеу барысында қандайда бір қате жіберілсе, онда фрагменттен тыс жерде (ал кейде фрагменттің өзінде де) тышқанды жай шерту жеткілікті - мұның нәтижесінде белгілеу әрекеті алынып тасталынады, яғни орындалмайды.
«Drag-&-Drop» принципі (тасымалдау және барған орнында қалдыру). Бұл әдіспен өңделініп жатқан құжаттың белгіленген үзігін, белгішені (пиктограмманы), терезені басқа орынға ауыстыруға немесе олардың көшіресін алуға болады. Мысалы, егер де суреттің бір бөлігі қайшымен қиылып белгіленген болса, онда тышқан курсорын сол сурет бөлігіне жеткізіп, оның сол немесе оң жақ батырмасын басып тұрып, жаңа орынға ауыстыруға болады. Батырманы босатқан мезетте сурет қиығы жаңа орынға бекітіледі. Егер оны ауыстыру барысында Ctrl пернесін басып тұратын болсақ, онда жаңа орынға сол сурет фргаменттің көшірмесі орналасады (көшіріледі). Осындай жолмен үнемі көшіру мен орнын ауыстыру амалдарын қатар қолдануға тура келеді.
WYSIWYG
принципі (не
көрсеңіз, соны
аласыз). Экранда мәтіндік құжатты
баспаға дайындау кезіндегі символдары
бейнесі басылып шыққан
қағаз бетіндегі символдармен
бірдей болады. Бірақ мұнда
көңіл аударарлық сәттер де
жоқ емес. Windows жүйесі
символдарды экранда бейнелегенде
олардың шеттерін нықтап анық
етіп көрсетеді, ал қағазда
таңбалар бейнесі дәл
экрандағыдай болмай қалуы
да мүмкін. Бұларды бірдей
етіп көрсету үшін арнаулы
операциялар қолданылады, олар
туралы мәтін редакторларын
оқу кезінде айтылады.
Бақылау сұрақтары
MS WORD 2007 МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ
Жоспар:
MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операциялды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі. Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кес келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп , безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар , стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі , қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.
WORD редакторын тағайындау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау
WORD-пен жұмыс істеуді бастау үшін Windows жүйесінің басқа программалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет. Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырлады:
Редактормен жұмысты аяқтау кез келген стандартты тәсілдермен жүргізіледі:
Word редакторына тән қосымша элементтер
Терезеде Windows жүесінде кездесуге тиіс стандартты көптеген элементтер бар. F8 пернесі екпінді күйде, яғни фрагментті ерекшелеп алып, оны кеңейту режимі іске қосылған, бұл режим ерекшелеу мөлшелерін F8 арқылы кеңейтуге болатынын (бір символға, сөзге, сөйлемге т.б.) көрсетіп тұрады. Ерекшеленген мөлшерді кішірейту - Shift + F8 арқылы, ал ерекшелеуді тоқтату - Esc арқылы орындалады; ЗАМ - символдарды аустыру режимі екпінді күйде, символдарды ығыстырып енгізу режимі орындалса, ол сұр түске боялады. Бір режимнен екіншісіне ауысу - INSERT пернесін басу арқылы жүргізіледі. Сонымен, жоғардағы режимдерді іске қосу немесе қоспау режимдері белгілі бір пернелік командалармен орындалады. Оған қосымша, сол режимді қарама – қарсы күйге ауыстыру қалып жолына жалғаса орналасқан қажетті индикаторға тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шертумен де орындалатынын білген дұрыс. Бірақ бұл жылжу белдеулері Word редакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша функциялар атқарады. Көлденең орналасқан сызғыш (белдеу) арқылы тышқан көмегімен: