Информатика УМЛ

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 10:21, лекция

Описание работы

Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.

Содержание

Информатика пәні, информация ұғымы;
Информацияның өлшем бірліктері;

Работа содержит 1 файл

ИНФОРМАТИКА УМЛ.doc

— 1.01 Мб (Скачать)
  • абзац алдындағы жаңа жол басын;
  • беттің сол жақ және оң жақ шеттерінде қалдырылуға тиіс бос орындар ( поле) аумағын;
  • мәтін аралықтарындағы кесте бағаналарының енін;
  • көлденең табуляция позицияларын өзгертуге, олардың жаңа мәнін бекітуге болады.

Жаңа  құжатты даярлау

Word іске қосылған  соң, экранда 1- құжат (Документі)  деген бос Терезе пайда болады. Құжаттың бұлай аталу себебі Word программасы іске кіріскен кезден бастап, бұл сіздің 1-құжатыңыз болып саналады.Келесі құжат 2-нөмірлі, онан кейін 3-нөмірлі т.с.с. болып әрбір келесі құжат нөмірі осылай өсіп отырады. Егер ашылған 1-құжат жабылса да, осы тереземен жұмыс істеп отырғанда (осы сеанс кезінде) даярланған келесі мәтін 2-құжат болып нөмірленеді. Жаңа құжат ашарда Word оны құру үшін белгілі бір шаблонды (нұсқаны) пайдаланады. Нұсқа жаңа құжатты форматтау параметрлерін анықтайды. Нұсқалардың бұлардан басқа мынадай элементтері болуы мүмкін:

  • мәтін (мысалы, жоғарғы немесе төменгі колонтитулдар немесе бет нөмірлері);
  • кестелер (таблицалар);
  • төртбұрышты жақтаулар (керегелер);
  • графикалық бейнелер;
  • кейбір арнайы құралдар (макрокомандалар, батырмалар, айта берсек аспаптар тақтасы) және т.б.

Алдын ала келесім  бойынша, жаңадан ашылған құжат «Кәдімгі» нұсқа (шаблон «Обычный») бойынша жасалады.Word редакторын алғаш қы рет компьютерге орналастырғанда оның құрамына мынадай стандартты нұсқалар кіруі тиіс, олар: іс қағаздары, қызмет жазбалары; газет беттері; т.б. типтегі құжат түрлері. Бұл нұсқалар ішінде бірден толтырылуға тиіс стандарты өріс жолдары (Кімге, Кімнен, Дата) мен дайын сөз тіркестері болғандықтан, олар әркімнің уақыттарын тиінді пайдалануды қамтамасыз етеді. Арнаулы нұсқаларды пайдалану дайындалған құжаттарға біркелкі стиль береді.

Құжатты сақтау

   Даярланып жатқан құжитты жиі – жиі дискіге  жазып қою керектігін түсінген шығарсыздар. Мәтін терліп жатқан кезде компьютердің жедел жадында болады да, ток не компьютер өшіріліп қалса, бірден жойылып  кетеді.Сондықтан дискіге жазып сақтап отырған абзал. Ол көп уақыт алмайды. Ол үшін тышқан курсорын дискеттің суреті салынған батырмаға жеткізіп, оны бір рет шертсе болғаны. Осылай сақталған мәтін ғана қатты дискіге жазылып, қауіпсүз күйде ұзақ уақыт сақталады. Құжатты дискіге алғашқы рет жазып сақтау үшін оған белгілі бір ат қойып, қай дискінің қандай бумасына орналастыратыныңызды білгеніңіз жөн. Егер жұмыс нәтежесін бірнеше вариантта сақтау керек болса, олардың әрқайсысына бөлек - бөлек ат қойып сақтау қажет. Файлды сақтау үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

  1. Файл → … деп сақтау командасын таңдау немесе F12 пернесін басу.
  2. Файл аты деген өріс жолына құжаттқа қойылатын аты енгізу, әйтпесе Word-тың ұсынған атын (мысалы, Документ2) қабылдау.
  3. Буманың ашылатын тізімінің көмегімен, алдымен дискіні таңдап ал. Оның аты жоғарғы кішкене терезеге шығады, ал төменгі негізгі терезеде сол дискідегі бумалар тізімі көрінеді. Бұл ж мысты орындағанда, А:, В: таңбалары мен иілгіш диск, яғни дискет белгіленетіні есіңізде болсын, сондықтан көбінесе С:, D: сияқты қатты дискілерді таңдауған жөн, оны Диск деген өрісте белгілейміз, мысалы, Д: дискісін таңдап алайық.
  4. Бумалар тізімінен файлды орналастыратын бума атын белгілеу керек, мысалы BOOK атын таңдап алайық. Белгіленген бума аты жоғарғы терезеде, ал негізгі терезеде – сол буманың (ВООК) ішіне кіретін басқа бумалар мен файлдар тізімі тұрады.
  5. Қабаттасқан ішкі бумалардан да керектісін таңдап ал, бізге керектісі, мысалы, PROSPECT ішкі бумасы болсын.
  6. Бумалар деңгейлерін толық қарастырып керектісін таңдап алған соң, «Сақтау» (Сохранить) батырмасын басу қажет. Осылай сақталған құжатты кейіннен тауып алу қиынға соқпайды.
 
 
 

Бақылау жұмысы

 
  1. Word редакторын жүктеу тәсілдерін көрсет?
  2. Жаңа құжат қалай ашылады?
  3. Құжатты автоматты түрде сақтау тәсілдері?
  4. Файлды басқа атпен қайта сақтау?
  5. Word редакторын жабу жолдары қандай?
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

MS EXCEL 2007 ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕСІ

 
 

Жоспар:

 
  1. Электронды  кестенің негізгі  түсініктерімен танысу;
  2. Диаграммалардың әр түрлі типтерімен танысу;
  3. Электрондық кестегдегі берілгендер базасымен жұмыс істеу;

     MS Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу 
Кестелік құрылымдықұжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады. Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген. Excel жай ғана программа емес, оны көптеген математкалық амалдрды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде түрлі-түсті диаграмммалар тұрғызып, жүргізуді қамтамасыз ете алады. Excel мүмкіндігінің көпжақтылығы тек экономика саласында ғана емес, ғылыми зерттеу, әкімшілік жұмыстарында да кеңінен қолданылады. 
             Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқаннның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді. 
            Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтарды береді. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16.

     Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішіндеу және басқада іс-әрекеттер осы ағымдағы осы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7: E25. Мұндағы А7 – тік төртбұрыштың сол жақ жоғарағы, ал Е25 – оң жақ төменгі бұрыштары. 
           Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер: 
• Сан 
• Формула 
• Мәтін 
          Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызамыз. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер бірінші символымыз әріп немесе апостроф болса, мәтін деп қабылдайды. 
         Мәліметтерді енгізу Enter пернесін басумен жүзеге асырылады. Енгізілген мәліметтерді енгізбей алып тастау үшін немесе ұяшықтың бастапқы мәндерін қалпына келтіру үшін esc пернсін басамыз немесе формулалар жолындағы Болдырмау (отмена) батырмасын шертеміз. 
         Excel-де енгізілген сандық мәліметтер автоматты түрде ұяшықтардың оң жақшетіне орналасады.

     Сандық  пішімде. Экономикалық есептерде санның үш түрлі пішімде жазылуы қолдананылады: кәдімгі сандық пішім, қаржылық және мерзімдік. Кәдімгі сандық пішім  әр түрлі сандқ шамаларды жазуға арналған. Мысалы: қайсыбір тауардың санын, пайзын жас мөлшерін және т.б.  Ақша сомасын енгізу қаржылық пішімде жүзеге асырылады. Уақыт мезгілін жазу үшін мерзімдік пішім пайдалынылады. 
Мәтіндік пішім. Мәтіндік пішім мәтіндік жолдар мен цифрмен көрсетілген сандық емес мәліметтерді жазу үшін қолданады. Бұларға жататындар: регистрациялық нөмірлер, поштаның индексі, телефонның нөмірі. 
Ағымдағы ұяшықтың немесе ерекшеленген ауқымдығы мәлдіметтердің пішімін өзгерту үшін Пішім > Ұяшықтар(Формат > Ячейки) командасын пайдаланады. Ашылған Ұяшықтарды пішімдеу (Формат ячеек) сұхбат терезесіндегі қыстырмалардан мәліметтердің жазылу пішімін таңдап алады. Сол терезеде мәтіннің бағытын көрсетіп, оны түзеу, қарпін өзгерту, символдардың жазлуын, фонның түсін, жақтаудың түрін анықтайтын параметірлерді енгізуге болады.

     Excel - де диаграммаларды тұрғызу

     Excel программасындағы диаграмма термині  сандық мәліметердің графиктік  түрде бейнеленуінің барлық жағын  қамтиды. Графиктік бейнелеу берілген  мәліметтер қатары негізінде  құрылады. Берілген мәліметтері  бар жеке алынған жол немесе бағаннан тұратын ұяшықтар тобы мәліметер тобын құрайды. Бір диаграммада бірнеше мәліметтер қатарын бейнелеуге болады. Диаграмма деп жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік обьектіні айтады. Ол мәліметтер тұрған парқта немесе кез-келген басқа парақта орналасуы мүмкін. Диагамма өзі тұрғызылған мәліметтермен әрқашан тығыз байланыста болады. Егер мәліметтер жаңартылатын болса, диаграмма да автоматты түрде соған сәйкес өзгереді. Диаграмманы тұрғызу үшін Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) қолданылады. Ол стандарты аспаптар панелінде орналасқан диаграмма шебері батырмасының көмегімен іске қосылады. Әдетте диаграмма тұрғызар алдында мәліметтер орналасқан аймақты ерекшелеп алады немесе бұл мәліметерді Диаграмма шеберінің барысында енізуге болады. Диаграмманың түрін таңдап алу. Диаграмма шеберінің алғашқы сатысында диаграмманың түрін таңдап алуымыз қажет. Стандартты қыстырмасындағы Түр (Вид) тізімінде диаграмманың қолда бар түрлері көрсетілген. Таңдап алынған түр үшін терезенің оң жағында мәліметтердің көрсетілуінің түрлі нұсқаулары көрсетілген. Сонын ішінен ең қолайысын таңдауымыз қажет. Стандарты емес қыстырмасында пішімделген, толығымен қалыптасқан диаграмма түрлері бейнеленген. Диаграмманың түрін таңдап алынғанна кейін Ары қарай ( Далее ) батырмасын басамыз.   

     Мәліметтерді  таңдап алуДиаграмма шебері (Мастер диаграмм) жұмысының екінші сатысы диаграмма тұрғызылатын мәліметтердің таңдап алудан басталады. Егер мәліметтер ауқымы алдын- ала берілген болса, Диаграмма шебері терезесінің үстінгі жоғарғы бөлігінде орналасқан адын-ала қарап шығу аймағында тұрғызылатын диаграмманың жуық бейнесі пайда болады. Егер мәліметтер бірдей ауқымды тік төртбұрышты қамтитын болса, онда оны мәліметтер ауқымы (Диапазон данных) қыстырмасы бойынша таңдап алған қолайлы. Егер мәліметер бірегей топтан емес, жеке қатарладан тұрса, онда оны Қатар (Ряд) қыстырмасы бойынша енгізген дұрыс. Диаграмманы безендіру. Диаграма шеберінің үшінші сатысы ( Ары қарай батырмасын шерту арқылы алынады ) диаграмманы безендіруден тұрады.

     Диаграмма шебері терезесінің қыстырмларына төмендегі параметрлер енгізіледі:

     • диаграмманың аты, осьтерінің атаулары (Тақырыптары қыстырмасында);

     • коордиаттық осьтердің кескінделуі  мен белгіленуі (Осьтер қыстырмасында);

     • координата осьтеріне параллель  тор сызықтардың кескінделуі (Тор сызықтар қыстырмасында);

     • тұрғызылған осьтердің сипаттамасы (Атаунама қыстырмасында);

     • графиктің элементердің жеке мәліметтеріне  сәйкес келетін атауларды бейнелеу ( Мәліметтер қолтаңбасы қыстырмасында );

       • графикті тұрғызуда пайдалынылған мәліметтерді кесте түрінде көрсету ( Мәліметтер кестесі қыстырмасында);

     Диаграмманы орналастыру.

     Ары қарай (Далее) батырмасын басу арқылы Диаграмма  шеберінің соңғы сатысына көшеміз.

     Бұл терезеде диаграмманы жаңа параққа  немесе бұрынғы жұмыс парақтарынң біреуіне орналастыратынымыз жайлы сәйкес өрістердің біреуіне жауап бреміз. Дайын (готово) батырмасын шертіп, өзіміз көрсеткен парақта орналасқан дайын диаграмманы аламыз. Диаграмманы редакциялау. Дайын болған диаграмманы түзетуге болады. Ол келесідей элементердің жиынтығынан тұрады: тақырыбы, тақырыптық осьтер, тор сызықтары, тұрғызу аймағы, маркерлер, сандық мәліметер және т.б. Диаграмманың кез-келген элементін тышқанның көмегімен ерекшелеп алып, параметрлерін өзгертуге болады. Пішім (Формат) командасының көмегімен ашылған терезеде диаграман пішімдеуге болады. Диаграманы өшіру үшін Delete пернесін басамыз немесе диаграмма орналасқан парағын алып тастау керек (Түзету (Правка) > Тазарту (Очистка)). Кестені баспаға шығару. Excel-де қазға шығармас бұрмын алдын-ала оның ойдағыдай болуын тексеретін мүмкіндік бар. Ол үшін Файл > Қарау (Просмотр) командасын орындау керек. Стандарты аспаптар панелінен Қарау батырмасын басу қажет. Бұл команда кестені экранға шығарып береді, бірақ кестені бұл режимде түзете алмаймыз. Электрондық кестені мәліметтер базасы ретінде пайдалану. Мәліметтер базасы деп өзара байланысқан кестелер жиынтығын айтамыз. Ең қарапайым мәліметтер базасы бір ғана кестеден тұрады. Осындай мәліметтер базасы ретінде Excel электрондық кестесін алуға болады. Excel мәліметтер базасына тән барлық адамдарды орындайтын функциялар жиынтығын қамтиды. Мәліметтер базасындағы мәліметтер жазбалар жиынтығынан тұрады. Әрбір жазбаға бір өріс сәйкестендірілген. Жазбалар реттк нөмірімен, ал әрбір өріс оны сипаттайтын тақырыбымен анықталады. Excel-дің жұмыс парағын мәліметтер базасы ретінде қарастыру үшін, оған мынадай талаптар қойылады. Жұмыс парағының әрбір бағанына бір өріс сәйкестендіріледі. Мәліметтер базасының бағандары үзіліссіз, бірінен кейін орналасуы тиіс. Әрбір бағанның бірінші жолында қайталанбайтын өріс тақырыптары көрсетілуі керек. Өрістің тақырыбы бір ұяшықтан аспайтындай боуы керек. Мәліметтер базасының жазбалары тікелей тақырып жолдарының астына орналысуы қажет. Жазбаларды бос жол тастамай, бірінен соң бірін енгізеді. Егер бос жол кездессе бұл мәліметтер базасының соңы деп есептеледі. Осылайша құрылған кестеге мәліметтер базасына тән көптеген амалдарды қолдануға болады. Алдымен мәліметтер базасындағы кез-келген ұяшықты таңдап алып, қажетті амалды орындай беру қажет. Сонда мәліметтер базасының бүкіл жазбалар ауқымы таңдалынып алынады. Мәліметтерді сұрыптау. Мәліметтер базасын сұрыптау үшін Мәліметтер > Сұрыптау (Данные > Сортировка) командасын орындайды.йда болған Ауқымды сұрыптау (Сортировка диапазона) терезесі сұрыптау жүргізілетін өрістерді таңдап алу үшін қызмет етеді. Егер осы жолда өрістер атаулары берілген болса, онда осы таудың біреуін таңдап алу керек. Егер өріс атауы ретінде бағандардың белгіленуі берілген болса, соған сәйкес өріс белгісін таңдап алу керек.

 

     Бақылау сұрақтары

  1. Электрондық кесте дегеніміз не?
  2. Жұмыс кітабы, жұмыс парағы деген не?
  3. Диаграмманың қандай түрлері бар?
  4. Электрондық кестедегі берілгендер базасы дегеніміз не?
  5. Берілгендерді сұрыптау дегеніміз не?

    MS ACCESS 2007 МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ

Жоспар:

 
  1. MS ACCESS 2007 МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ негізгі түсініктерімен танысу;
 

     Access  бағдарламасы  бұрынғы нұсқаулардан, әсіресе Access 2007 бағдарлама нұсқаларынан, бірнеше  маңызды өзгертулері бар пайдаланушының  интерфейсін қамтиды. Пайдаланушы  интерфейсінің екі негізгі құрамдасы  — таспа және шарлау аумағы — Access 2007 бағдарламасына енгізілген. Таспаға бірнеше өзгертулер енгізіліп, үшінші пайдаланушы интерфейсінің құрамдасы — Backstage көрінісі — Access 2007 бағдарламасының жаңа мүмкіндігі болып табылады.

Бұл мақала Access 2007 бағдарлама пайдаланушылық интерфейсі элементтерін сипаттайды және сол элеменеттер  мен жұмысты теңшеу жолы туралы қосымша  мәлімет сілтемелерін қамтамасыз етеді.

 

Жалпы шолу

 

Access 2007 бағдарлама пайдаланушылық интерфейсінің үш негізгі құрамдасына төмендегілер жатады:

Таспа    — бұл, құрамында пәрмендер топтары бар бағдарлама терезесінің үстіңгі жағындағы қойындылар жолағы.

Backstage көрінісі    — бұл, таспадағы Файл қойындысынан көрінетін пәрмендер жинағы.

Шарлау  аумағы    — бұл, дерекқор нысандарымен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін Access бағдарламасы терезесінің сол жағындағы аумағы. Шарлау аумағы Access 2007 бағдарламасында дерекқор терезесін ауыстырады.

Осы үш элемент дерекқорларды жасауға  және пайдалануға болатын ортаны қамтамасыз етеді.

Таспа

Таспа Access 2007 бағдарламасына дейінгі нұсқауларынан  табылған мәзірлер мен құралдар тақталары  үшін бастапқы алмасу болып табылады. Ол негізінде түймешіктер тобы бар  қойындыларынан тұрады.

Таспа қатысты жиі қолданылатын пәрмендерді топтайтын негізгі қойындыларын, пайдаланған кезде ғана пайда болатын мәтінмәндік қойындыларын және Жылдам қатынау тақтасы деп аталатын таңдаулы пәрмендер арқылы теңшелетін құралдардың шағын тақтасын қамтиды.

Информация о работе Информатика УМЛ