ACCESS программасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 15:43, реферат

Описание работы

MS Access-ті пайдаланатындар – көбіне есептеу техникаларымен жұмыс жасайтын, бірақ программалаумен айналыспайтын адамдар. Мұндай қолданушыларды бұл программаның оқып-үйрену жеңілдігі көптеген мәселелерді өздері программаламай-ақ шешу мүмкіндігін, сондай-ақ МБ-дағы қажетті объектілерді жылдам құруға мүмкіндік жасайтын құралдары бар болғандығы қызықтырады. MS Access-тің бір артықшылығы – жергілікті желіні қолданудағы мүмкіндіктері (MS Access-ті қолданушылар ол туралы мәліметті кітаптардан немесе программада орналасқан анықтамадан алуына болады.)

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................................3



І. Алғашқы мәліметтер 1.1.Access-тегі мәліметтер базасы.5 1.2.МБ-ын жобалау кезеңдері.............................................5

1.3.Access-тің объектілері...................................................6

1.4. Access – ті пайдалану жолдары...................................7

1.5. Access –ті іске қосу және одан шығу............................8

ІІ. Кестелер және оны құру...............................................10

2.1.Кесте режимі...............................................................10

2.2.Конструктор режимі...................................................13

2.3.Орналастыру шебері...................................................16

2.4. Кестелер шебері.........................................................17

2.5 Кестелерді сырттан әкелу (импорттау) режимі..........18

2.6. Кестелермен байланыс режимі..................................18

2.7. Кестелер арасындағы байланыстарды құру...............19

ІІІ. Құрастырушылар...........................................................20

3.1. Сұраныс Конструкторы..............................................20

3.2. Өрнек құрастырушы...................................................21

3.3. Айқасқан сұраныс......................................................23

3.4. Қайталанатын жазбалар таңдау.................................24

3.5. Форма шебері мен Конструктор................................24

IV.Басқару элементтері.....................................................25

V.Есептер шебері..............................................................25

VI.Макростар және модульдер.......................................26

6.1.Макростар құру...........................................................26

6.2.Түймелер құру 8.3. Макросты іске қосатын түйме................................................................................28

6.2.2. Контексті мәзірлі түйме..........................................28

6.2.3. Түймелер шебері.....................................................29




Қорытынды .......................................................................31



Қолданылған әдебиеттер .................................................................................

Работа содержит 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docx

— 194.22 Кб (Скачать)

          Мысал ретінд 4.3а-суреттегі кестені қарастырайық. Оның

фамилия өрісінде әр студенттің фамилиясы бірнеше  рет енгізілген. Кейде бір өрістің  мәндері бірдей жазбаларын топтастыру қажеттілігі туындауы мүмкін. Мұның  ең қарапайым шешімі – сол өріс бойынша сорттау жұмысын орындау. Access-те осы сияқты жұмысты орындауға  арнайы сұраныс құру мүмкіндігі де қарастырылған. 

    3.5. Форма шебері мен Конструктор

          Жаңа  форма терезесінде Форма шеберін таңдап және

кесте атауын көрсетіп, ОК түймесін шерту  арқылы Форма шебері іске қосылады. Оның жұмысын түсіну үшін мынадай  нақты кесте қарастырайық (мұндағы 4-ші және 5-өрістер OLE типінде, яғни суретпен берілген объект): Форма шеберінің  төмендегідей 4 қадамнан тұратын әрекеттер  бар:

1-қадам.  Форма құруға қажетті өрістерді   таңдау (6.4-суретте барлық өрістер  таңдалсын).

2-қадам.  Форманың үш түрінің бірін  таңдау (мысал үшін баға түрі  таңдалсын).

3-қадам.  Форма стилін таңдау. Форма стилі  деп оның фонының шрифтін, қолтаңба  рельефін беру саналады. Мысалы, бұлт (облака) стилі таңдалсын.

4-қадам.  Жаңа формаға атау беріп және  оның дайын форманы көру немесе  форма үлгісін өзгерту параметрлерінің  бірін таңдап, Дайын түймесін  шерту. Мысалы, форма1 атауы беріліп,  дайын форманы көру параметрі  таңдалсын. Форма шебері жұмысының  нәтижесі 6.5-суретте көрсетілген.

          Программа форма құру барысында кестенің барлық

өрістерін экран бетіне сыйдыруға тырысады. Оның форма құрудағы әсемдік (дизайн) сапасы ұнамаған жағдайда оны конструктор  режимінде 6.6-сурет) жөндеуге болады.

6.6-суретте  көрсетілген терезедегі торланған  форма облысы бірнеше көлденең  сызғыштар арқылы аймақтарға  бөлінеді: Форма тақырыбы; Мәліметтер  облысы; Форма ескертпесі. Аймақтар биіктігін тышқан арқылы өзгертуге болады. Ол үшін курсорды көлденең сызғышқа әкеліп, ол крест түріне айналғанда оны жоғары-төмен жылжыту керек.  Ал, бұл терезедегі тор (сетка) объектілерді жылжыту кезінде оларды түзулеп орналастыру үшін қажет.

          Конструктор режимінде форманың барлық элементтері

объект  түрінде кескінделген. Мәліметтер объект жиегінде қара түсті кішкене шаршылары  бар рамамен қоршалады (6.6-суретте  пән өрісінің тақырыбы белгіленген). Мұндағы шаршылар объект өлшемін  өзгерту үшін қолданылады. Қолдпнушының объектіні жылжыту олардың қасиеттеріне анықтауға және обэектілерге байланысты оқиғаларды өңдеу программаларын жазуға мүмкіндігі бар. Әрбір объектінің контексті  мәзірінде сол объектілерге тиісті әрекеттерді көрсетілген. Сонымен  бірге объектілерді алмасу буфері арқылы көшіруге де болады. Алмасу буферінен  кірістіру кезінде объект курсор тұрған аймақтың сол жақ бұрышында  орналасады. Әрі қарай оны қажетті  орынға жылжытуға болады. Конструктор  режимін форманың көптеген объектілері  пар-парымен орналасады: мысалы өріс және оның қолтаңбасы, жалаушы және оның қолтаңбасы, т.с.с. Мұндай объектілерді байланысқан күйінде жылжыту  ыңғайлы. Белгіленген объект үшін тышқан көрсеткіші ашылған алақан түрінде  болғанда байланысқа объектілер бірге  жылжиды, ал ол саусақпен көрсетілсе объектінің өзі ғана жылжиды. 

    ІV. Басқару элементтері

          Басқару элементтерінің басқа элементтерден

айырмашылығы  оларды міндетті түрде программалау керек. Әйтпесе оларды ешқандай пайдасы  жоқ. Басқару элементтерін құрудың  әр түрі жағдайлары осы тақырыпта  және есеп объектілерінің Конструктор  режимінде қарастырылады. 

    V. Есептер шебері

          Есеп  шебері – есеп құру тәсілдерінің бірі. Оны іске қосар

алдында есеп мәліметтері алынатын кесте  не сұраныс таңдалуы қажет. Шебердің 6 қадамдық терезесі бар, оларда орындалатын  әрекетте:

    1. Кестенің Есепте көрсетілген өрістерін таңдап, оларды

таңдалған өрістер блогына көшіру.

    1. Топтастыру параметрлерін анықтау.
    2. Қажет болса, мәліметтердің сортталатын өрістерін

таңдау. Осы қадамда сандық өрістердің қорытынды  мәндерін есептеуді анықтауға да болады.

    1. Топтастыру операциясы анықталуына байланысты

есептің жалпы түрін таңдау.

    1. Есеп атауын беру.

     Осы әрекеттерді алдыңғы тақырыпта  қарастырылған Кесте 8 үшін нақтылап көрсетелік. Есеп жапсырмасында Құру түймесін басқанда ашылатын Жаңа есеп терезесінде Есеп шеберін және Кесте 8 объектісін таңдап, ОК түймесі шертілсін. Шебердің қадамдарына сәйкес терезелерде  төмендегідей әрекеттер орындалсын:

  • есепте көрінетін фамилия, мамандық және тобы

өрістерін таңдау;

  • берілгендерді топтастыру үшін бірінші деңгейгі

факультет және екінші деңгейге  мамандық өрістерін  таңдау;

  • фамилия өрісін кему ретімен сорттауды анықтау;
  • баспалдақты макетін таңдау;
  • қара-ақ стилін көрсету;
  • студенттер тізімі атауын беру және Дайын түймесін

шерту.

    Осы әрекеттерден кейін Шебер көрсетілген

параметрлерге сәйкес есеп құрастырады. 

    VІ.Макростар және модульдер

     Макростар – макрокомандалар жиынтығы. МБ-мен жұмыс істеу барысында макросты қолданған өте ыңғайлы және ол қажетті нәтижені тез алуға мүмкіндік береді. Макростар Microsoft Office-тің құрамындағы барлық программаларда пайдаланылады, бірақ оларды қолдану тәсілдері әр түрлі. Access – те макрокомандалар параметрлері сұхбат режимінде анықталады. 

    6.1.Макростар құру

     Макрос жапсырмасындағы Құру  түймесін шерткенде макрос терезесінде  пайда болады. (8.1-сурет). Бұл терезедегі  бланкінің жоғарғы бөлігінің  әрбір қатарында берілген макрокомандалар  таңдалады да, оның сәйкес парамертлері  осы бланкінің макрокомандалар  аргументтері бөлігінде беріледі. Қажетті макрокомандалар таңдалып  болған соң, терезені Жабу түймесі  арқылы жауып және оған атау  енгізе отырып, макросты сақтау  керек.

Макросты  қолдануға мысал келтірейік. Мысалы, 7.2ә-суреттегі жинақты тізбеден орташа үлгерімі 4-тен жоғары студенттер тізімі қажет болсын. Мұны фильтрлеу немесе сүраныс құру арқылы орындауға болатыны белгілі. Енді оны макрос арқылы да орындауға болатынын көрсетейік. Ол үшін мынадай әрекеттерді орындау керек:

- фильтр  қолдану макросын құру (фильтр  қолдану макрокомандасын таңдап, іріктеу шарты қатарындағы үш  нүктені шерткенде пайда болатын  Өрнек құрастырушы терезесінде{жинақ,  орташа үлгерім}>=4шартын енгізу  керек.

- 7.2ә-суреттегі  жинақты тізбе кестесін ашу.

       Сервис – Макрос командасын  беру. Бұл әрекеттердің нәтижесін  Фильтрді жою түймесін басу  арқылы алып тастауға болады. Кестені макрос арқылы фильтрлеудің  артықшылығы оның фильтрлеу шарты  алдын-ала жазылып, макроста сақталып  тұратындығында. Яғни, жиі қолданылатын  фильтрді макросқа жазып қоюға  мүмкіндік бар.

       Макросты, Сервистен басқа, программалық  жолмен немесе формалар мен  есептердегі басқару элементтері  арқылы іске қосуға болады. Егер  макрос, белгілі бір объектімен  байланысқан қандай да бір  оқиғамен сәйкес қойылған болса,  онда қолданушының қалауынсыз-ақ  өздігінен іске қосылады. Формалар  мен есептерді қарастырғанда  қандай да бір процедураның  орындалуы оқиғамен қалай байланысатынын  көрсетілген болатын. Оқиғаларды  өңдеу үшін макростар да дәл  солай қолданылады, яғни олардың  қасиеттерін анықтау кезінде  оқиғаға сәйкес қатарда макрос  атауын көрсетсе жеткілікті. Мысалы, МБ объектісін ашу алдында  қандайда да бір хабарламасы  бар сұхбат терезесін шығаратын  макрос құру қажет делік. Ол  үшін төмендегідей әрекеттерді  орындау керек. 

    1. Хабарлама макрокомандасынан тұратын макрос құру.

Бұл макростың  аргументі ретінде, мысалы, «Бұл форманы  редакциялау үшін Р. Майкеновтен  түсініктеме алыңыз» тексті, ал оның тақырыбы ретінде «Ескерту» сөзі енгізілсін. Мұны Макрос 3 деп атайық.

    1. Объектіні Конструктор режимінде ашып, оның

көлденең  және тік сызғыштарының бас жақтары  қиылысуында орналасқан шаршыны  шерткенде пайда болатын контексті  мәзірдің Оқиға жапсырмасындағы  Ашу қатарында макрос атауын енгізу. Мысалы, Студенттер мәліметі есебі  Конструктор режимінде ашылып, оның оқиға қасиетіне Макрос 3 енгізілсін (8.2-сурет).

Сонда осы объектіні ашар алдында экранда 8.3-суретте көрсетілгендей терезе ашылады. Ол ОК түймесі басылғанға дейін экран  бетінде тұрады. 
 
 

    6.2.Түймелер құру

    6.3. Макросты іске қосатын түйме

     МБ-мен  жұмыс барысында форма немесе есепте орналасқан басқару элементін  шерткен кезде қандай да бір макрос іске қосылуы мүмкін. Мысал ретінде  формада макросты іске қосуға арналған түйме құрайық. Ол үшін қолданушының бір формадан екінші формаға белгілі  бір ретпен көшіп отыруы қажет  болатын жағдайды қарастырайық. Мұндай көшу ретінің алдын ала программада  жазылғаны ыңғайлы. Сонымен ашылған  форманы жауып, басқа форманы  ашатын макросты іске қосуға арналған түйме құрудың әрекеттері мынадай:

  1. Макрос құрастыру режимінде Жабу және Форма

 ашу командалар тізбегін жазып жаңа мкрос  құру.

  1. Форманы Конструктор режимінде ашу.
  2. Элементтер тақтасында Элементтер шебері

 түймесін  басылмаған күйге келтіру.

  1. Сол тақтада Түйме сайманын басып, формада

 басқару элементі орналасатын контур салу.

  1. Контурды белгілеп, оның контексті мәзіріндегі

 Қасиеттер командасын таңдау,

  1. Ашылған терезенің макет жапсырмасын ашып,

 Қолтаңба  қасиетін анықтау.

  1. Оқиға жапсырмасында Жоғары қараған түйме

 қатарына  макрос атауын енгізу.

     Осы әрекеттерді жазғы сессия және қысқы сессия

формаларына байланысты орындай отырып, олардың  әрқайсысында бірінен екіншісіне көшуге болатын Түйме құруға болады (8.4-сурет). 

                    6.2.2. Контексті мәзірлі түйме

     Қолданушы бірнеше командаларды анықтап және оларды бір мәзірге жинап, сол мәзір мен түйме арасында байланыс орнату мүмкін. Оны контексті мәзірлі түйме орнату дейді. Ол мәзірдегі әрбір клманда не макросты не Visual Basic ішкі программасын іске қосады. Мысалы, алдын ала құрылған Макрос1, Макрос2 және Макрос3 командаларынан тұратын контексті мәзірлі түйме құру керек болсын. Оны орындау әрекеттері мынадай:

     Көрініс-Саймандар тақтасынан бабына келтіру командасын таңдап, оның терезесі нде Құру түймесін шертіңіз. Контексті мәзір атауын мысалы, “Меню 1” деп енгізіп, осы терезедегі Қасиеттер түймесін шертіңіз. Сонда Саймандар тақтасының қасиеттері терезесі ашылады. Оның мәзір типі тізімінен  “Контексті мәзір” типін таңдап терезені жабыңыз.

    Бабына келтіру Бабына келтіру терезесіндегі Саймандар тақтасы жапсырмасының Контексті мәзір элементіне жалауша орнатыңыз. Экранда Контексті мәзірлер тақтасы пайда болады. Оның Бабына келтірілетін атаулы элементін таңдап, оның ішінде жаңадан құрылған мәзір атауын белгілеңіз.

    Бабына келтіру терезесіндегі Командалар жапсырмасына көшіп және ондағы категориялар тізімінен “Барлық макростар” категориясын таңдап, терезенің оң жағында макростар тізімінен қажеттілерін жаңа мәзірге тасымалдаңыз. Осы әрекет 8.5а-суретте көрсетілген.

   Бабына келтіру терезесін жабыңыз.

  1. Форманы Конструктор режимінде ашып, оған

жаңа  түйме орнатыңыз.

  1. Түйменің қасиеттер терезесін ашып, оның

қолтаңбасын мысалы, “Жаңа мәзір” деп анықтаңыз.

  1. Сол терезенің Басқалары жапсырмасында

Контексті мәзір қасиетін таңдап, оның тұсындағы  тізімнен “Меню1” атаулы мәзірді  таңдаңыз да, форманың Конструктор  режимін жабыңыз.

     Осы әрекеттерден соң форманы көру режимінде  ашып, оның Контексті мәзірлі түймесін тышқанның оң жақ түймесімен шерткенде 8.5ә-суретте көрсетілгендей контексті  мәзір көрінеді. Оның командаларын таңдай отырып, оларға сәйкес макростарды  орындауға болады.

Информация о работе ACCESS программасы