ACCESS программасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 15:43, реферат

Описание работы

MS Access-ті пайдаланатындар – көбіне есептеу техникаларымен жұмыс жасайтын, бірақ программалаумен айналыспайтын адамдар. Мұндай қолданушыларды бұл программаның оқып-үйрену жеңілдігі көптеген мәселелерді өздері программаламай-ақ шешу мүмкіндігін, сондай-ақ МБ-дағы қажетті объектілерді жылдам құруға мүмкіндік жасайтын құралдары бар болғандығы қызықтырады. MS Access-тің бір артықшылығы – жергілікті желіні қолданудағы мүмкіндіктері (MS Access-ті қолданушылар ол туралы мәліметті кітаптардан немесе программада орналасқан анықтамадан алуына болады.)

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................................3



І. Алғашқы мәліметтер 1.1.Access-тегі мәліметтер базасы.5 1.2.МБ-ын жобалау кезеңдері.............................................5

1.3.Access-тің объектілері...................................................6

1.4. Access – ті пайдалану жолдары...................................7

1.5. Access –ті іске қосу және одан шығу............................8

ІІ. Кестелер және оны құру...............................................10

2.1.Кесте режимі...............................................................10

2.2.Конструктор режимі...................................................13

2.3.Орналастыру шебері...................................................16

2.4. Кестелер шебері.........................................................17

2.5 Кестелерді сырттан әкелу (импорттау) режимі..........18

2.6. Кестелермен байланыс режимі..................................18

2.7. Кестелер арасындағы байланыстарды құру...............19

ІІІ. Құрастырушылар...........................................................20

3.1. Сұраныс Конструкторы..............................................20

3.2. Өрнек құрастырушы...................................................21

3.3. Айқасқан сұраныс......................................................23

3.4. Қайталанатын жазбалар таңдау.................................24

3.5. Форма шебері мен Конструктор................................24

IV.Басқару элементтері.....................................................25

V.Есептер шебері..............................................................25

VI.Макростар және модульдер.......................................26

6.1.Макростар құру...........................................................26

6.2.Түймелер құру 8.3. Макросты іске қосатын түйме................................................................................28

6.2.2. Контексті мәзірлі түйме..........................................28

6.2.3. Түймелер шебері.....................................................29




Қорытынды .......................................................................31



Қолданылған әдебиеттер .................................................................................

Работа содержит 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.docx

— 194.22 Кб (Скачать)
  1. Жаңа кесте сұхбаттық терезесінде (2.1-сурет)

кестелермен байланыс тәсілін белгілеп, ОК түймесін басу керек.

  1. Пайда болған Байланыс терезесінде байланыс жасайтын

файл  және оның типі таңдалады.

  1. Жабу түймесін басып, байланыс процедурасын аяқтау

керек.

    Осы қадамдардан кейін ағымдық қатынаста байланысқан БҚ

жайында информация сақтау үшін, INF типтегі  файл құрылады да, атауы байланыс файлы  атауымен аттас кесте пайда болады. Байланысқан кестеде жаңа өріс құруға болмайды, бірақ жазбалар қосу мүмкіндігі бар.  

    2.7. Кестелер арасындағы  байланыстарды құру

       МББЖ-нің негізгі артықшылығы жеке кестелермен емес,өзара байланысқан кестелер тобымен жұмыс істеу кезінде көрінеді. Access-те кестелер арасындағы байланыстарды құру үшін Мәліметтер схемасы деп аталатын арнайы сұхбаттық терезе бар. Бұл терезені Сервис – Мәліметтер схемасы командасымен немесе саймандар тақтасында өзімен аттас түймені шерту арқылы ашуға болады.

      Егер  МБ-дағы кестелер арсында бұрын ешқандай байланыс болмаса, онда Мәліметтер схемасы терезесін ашу кезінде кестелерді қосу (толықтыру) терезесі бірге ашылады.

      Кестелерді  қосу терезесінде кесте аралық байланыстар  құрылымына енгізетін қажетті кестелерді таңдауға болады. Ал, егер кестелер арсындағы  байланыстар осыған дейін орнатылған болса, онла Мәліметтер схемасына жаңа кесте енгізу үшін, оның мәзірінде кестені қосу бөлімін таңдау қажет.

      Мәліметтер  схемасында байланыстыруға қажет барлық кесте таңдалып болған соң, осы кестелер өрістері арасында құруға кірісу керек. Ол үшін бір кестедегі өріс атауын екінші кесте оған сәйкес байланысқан өріс атауына қарай тасу керек. Өріс тасып болған соң, құрылған байланыстар қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін Байланыс сұхбаттық терезесі ашылады (2.10). Байланыс терезесінде Мәліметтердің біртұтастығымен жабдық Байланысқан өрістерді каскадты жою деген үш параметр бар. Мұнда берілгендердің біртұтастығын жабдықтау параметріндегі жалау орнату бір кестедегі жазбалардың жойылып кетуінен сақтандырады. Біртұтастық шарты бар болуы үшін негізгі кестенің өрісі болуы қажет және байланысатын екі өрістің типі бірдей болуы керек. Ал, қалған екі параметр негізгі кестед берілгендерге өзгеріс енгізу кезінде оған бағынышты барлық кестелердегі мәліметтердің бір мезгілде өзгеруін яғни, олардың қойылуы мен жаңаруын қамтамасыз етеді. Мысалы, бір қызметкердің фамилиясы өзгерген болса, онда оны қызметкерлер кестесіндегі фамилия өрісінде ғана өзгерту жеткілікті, ал қалған байланысқан кестелерде ол автоматты түрде өзгереді.

      Кестеаралық байланыстардың 4 типі бар: “көбі-біріне”( );“бірі-көбіне”( );“бір-біріне”( ) және “көбі-көбіне”( ). Мұндай байланыстар кезінде бірінші кесте басты, ал екіншісі оған бағынышты кесте д.а. Яғни, “көбі-біріне” типтегі байланыс кезінде басты кестедегі бірнеше жазбаға бағынышты кестедегі бір ғана жазба, “бірі-көбіне” типтегі байланыс кезінде басты кестедегі әрбір жазбаға бағынышты кестедегі бірнеше жазба, ал “бірі-біріне” типтегі байланыс кезінде басты кестедегі әрбір жазбаға бағынышты кестедегі бір ғана жазба сәйкес келеді. Төртінші “көбі-көбіне” типтегі байланысты орнату үшін көмекші кесте қажет болады. Бұл жағдайда басты кесте мен көмекші кесте арасында “көбі-біріне” байланысын, ал көмекші мен бағынышты кесте арасында “бірі-көбіне” байланысынорнату қажет.

      Сонымен Мәліметтер схемасы терезесінде жоғарыда айтьылған кестелер арасындағы байланыстардың типтері көрнекі түрде бейнеленеді. 2.9-суретте “бірі-көбіне” типтегі байланыс кескінделген.

      Орнатылған  байланысты жою үшін, осы байланыс сызығында тышқанның оң жақ түймесін шертіп, пайда болған контексті мәзірдегі  Жою командасын қолдану керек. 

    ІІІ.Құрастырушылар

    3.1. Сұраныс Конструкторы

      Сұраныс Конструкторы бойынша жаңа сұраныс  кестесін құруға және бұрыннан бар  сұраныс кестесінің құрылымын көруге немесе оны өзгертуге болады. МБ-да 4.3а-суретте көрсетілген сұраныс  таңдалып, Конструктор түймесі шертілсін. Содан кейін пайда болған терезеде (4.4-сурет) сұраныстың қандай принциппен құрылғанын анықтауға болады.  Сұраныс  Конструкторы терезесінің жоғарғы  жағында кестелер арасындағы байланыстар, ал төменгі жағында кесте турінде  сүраныстың сипаты көрсетілген. Мұндағы  кестенің әрбір бағаны бір өріске сәйкес. Оның өріс және кесте атауы  жолдарында қажетті өрісті таңдауға мүмкіндік беретін тізім қамтылған. Яғни, алдымен кестелер тізімімен  қажетті кесте сонан соң өрістер  тізімімен оның қажетті өрістері таңдалады.Егер қолданушы сүранысқа  жаңа өрістер қосатын болса кесте  оңға қарай автоматты түрде кеңейеді. Іріктеу шарты қатарын толтыру  арқылы МБ-дағы мәліметтерді іріктеуге  болады. Мысалы, кестеде Асаровқа тиісті барлық жазбаларды көру қажет болса, Фамилия бағанындағы іріктеу  шарты қатарына “Асанов Б.” Енгізу керек. “Асанов Б.” Сөзін тырнақшаға алмай енгізгеннің өзінде программа  оны тырнақшаға алып жазады. Сұраныстың Конструктор режимі Жабу түймесі арқылы жауып, жаңадан құрылған құрылымы өзгертілген сұранысты ашқанда ол кестеде тек қойылады, шартқа тиісті ғана жазбаларды аласыз (4.5-сурет). Дәл  осы сұраныстың Конструктор режиміндегі екінші бағанында да шартын анықтауға болады. Сонда программа екінші өрістегі мәндердің 4-тен кіші болатын жазбаларын таңдайды (4.5ә-сурет).

      Констуктор  режиміндегі сұраныс бланкісінде  Топтық  операция қатары бар. Кейде  ол қатардың көрінбеуі де мүмкін. ОЛ кез-келген саймандар тақтасындағы Топтық операция түймесін шерту керек.

      Топтық  операция дегеніміз берілген өрістегі мәндерді қандай бір функция көмегімен өңдеу. Мұндағы функция сол қатарға шертткенде ашылатын функциялар тізімінен таңдалады. 4.3-суретте көрсетілген сұраныстың бір-бірінен айырмашылығы олардағы Баға өрісінде біріншісінде топтастыру функциясы, екіншісінде Sum функциясы анықталған. Топтық операция арқылы есептелетін өрістерді де құруға болады. Мысалы, 4.3ә-суреттегі кестеде әрбір фамилияның қанша рет кездесетінін санау қажет болсын. Ол үшін, оның Конструктор режиміндегі тағы бір бағанда Фамилия өрісін құрып, ондағы   Топтық операция ішінен Count (санау) функциясын анықтау керек. Сүраныс бланкісі 4.6-суретте, ал оның нәтижесі 4.6ә-суретте көрсетілген.

      Сұраныс бланкісінің Сорттау қатарына сұраныс  нәтижесінде алынған мәліметтерді сорттауға болады. 

    1. Өрнек құрастырушы

      Сұраныс құру барысында жазбаларды іріктеу  шартын беретін өрнекті анықтауға  арналған Өрнекті құрастырушыны  қолдануға болады. Ол сұраныс бланкісінде  Іріктеу шарты қатарына байланысты контексті мәзірдегі Құрастыру  командасы іске қосылады (4.7-сурет).

      Өрнек құрастыру барысында бірнеше  қарапайым ережені естер шығармау керек:

  • өрнек барлық уақытта логикалық типте болады;
  • символдық тұрақтылық тырнақшаға алынып жазылады;
  • МБ-ның объектісі өріс атауынан леп белгімен ажыратылады;
  • Математикалық емес программалаушыларға түсінікті бірнеше операторларды да қолдануға болады.

      Сондай-ақ өрнек өте дәл анықталып, сұраныс  – кестесіне енгізілетін жазбалар туралы барлық информация толық қамтылуы керек.

     Құрастырушы терезесі өздерінде жылжыту жолақтары  бар 4 облыстан тұрады.  Жоғарыда облыста  құрылатын өрнек орналасады да, ал төменгі үш облыс элеметтерді  таңдау үшін қолданылады. Төменгі оң жақтағы облыста сұранысқа қажетті  барлық объектілер, берілген кестелер, сұраныстар, формалар, функциялар, т.с.с. Ортаңғы облыс осы объектілердің  құрамына кіретін элементтер көрінеді, ал сол жақтағы облыста сол  объектілердің өздері таңдалады. Обектінің  атауын өрнектің құрамына көшіру үшін оны төмендегі тізімдердің бірінен  екі рет шерту керек. Кері қайту  түймесі берілгендерді өрнекпен енгізуді жоюға арналған. Өрнекті  кәдімгі текст сияқты редакциялар  да болады. Өзінде математикалық операциялардың белгіге көрсетілген түймелерді екі рет шерту арқылы сәйкес  символдарды өрнекке тез енгізуге болады.

           Өрнек құрастырушы  терезесінде математикалық амалдарда  басқа да бірнеше операциялар  бар:

BETWEEN AND – аралықтан таңдау операциясы, мысалы BETWEEN 1945 AND 1950 шарты)=1945 AND (=1950 шарты эквивалентті;/ - дәрежеге шығару операциясы; \ - бүтінге де дөңгелектеп бөлу операциясы; & символдық мәліметтердің операциясы (оны “+” белгісімен де жазуға болады).

LIKE – белгісіз символдары бар қатарды іздеу кезінде құруға пайданылатын функция. Бұл кезде арнайы символдар қолданылады: ? – кез-келген бір символ; * - символдардың кез-келген тізімінде; # - белгісіңз цифр. Мысалы: LIKE *5* - құрамында “5” символы бар жазбаларды іздеу шарты, LIKE? Үлжан-Гүлжан не Күлжан іздеу шарты.

      Іріктеу шартына қолдануға болатын негізгі  логикалық функциялар: AND – және;EQV – эквивалент; OR – немесе; NOT –  емес.

      Өрнек құрастырушы терезесін пайдаланып сұраныс құруға мысал қарастырайық. Айталық, МБ-да разрядтар және Қызметкерлерде де екі кесте бар болсын (4.8-сурет). Оның біріншісінде разрядтар оларға тиісті жалақылар, ал екіншісінде қызметкерлер және оларға сәйкес разрядтары мен  жүктемелері енгізілген. Енді осы  екі кестені пайдаланып, қызметкерлердің  жалақысы есептелген қажетті сұраныс  кестесін құру қажет делік. Оны орындау  алгоритмі мынадай:

  1. Сервис – Мәліметтер схемасы командасы бойынша

разряд  кестесіндегі код өрісі мен Қызметкер  кестесіндегі разряд өрістері арасында байланысты орнату.

  1. Сұраныс жапсырмасын ашып, Құру түймесін шерту.
  2. Конструктор режимін таңдап, ОК түймесін шерту.
  3. Конструктор режиміндегі Сұраныс терезесінің төменгі

жағындағы бағандарда Қызметкер кестесінен қызметкер  мен жүктеме өрістерін, ал разряд кестесінен разряд өрісін таңдау.

  1. Төртінші бағанда жаңадан жалақы өрісін ашып, сол

бағандағы контексті мәзірден Құру командасын таңдай отырып, Өрнек құрастырушы терезесін ашу (мұнда өріс атауынан кейін қос нүкте қойылады).

  1. Қызметкерлердің тиісті жалақысы оның разрядына сәйкес

жалақы  мен жүктеменің көбейтіндісіне тең. Сондықтан Өрнек құрастырушы  терезесінің жоғарғы облысына осы  екі өрістің көбейтіндісінен  тұратын өрнекті енгізіп, ОК түймесін шерту керек. Енгізілген өрнек 4.9-суретте  көрсетілген сұраныс бланкісінің 4-ші бағанында орналасқан.

  1. Конструктор режимінде ашылған сұраныс терезесін жабу және оған атау беріп сақтау.

    Міне, осы алгоритмді әрекеттерді орындай отырып, 4.10

суретте көрсетілген сұраныс кестесін алуға  болады. Оның жалақы өрісінде әрбір  қызметкердің жүктемесі мен разрядына  сәйкес жалақылары есептеліп көрсетілген.  

    1. Айқасқан  сұраныс

    Айқасқан  сұраныс – берілген кесте немесе сұраныс негізін

қорытынды мәндерді есептеуге арналған кесте  құру операциясы. Оның әрбір қатарына және бағанына атау беріледі де оларды қиылысуында қорытынды мәндер жазылады. Айқасқан сұраныс үшін бастапқы кестеде  жаңа кестенің қатарлары мен бағандарының атауларын қалыптастыруға қажетті  мәліметтер бар деп есептеледі.

          Оның  шеберін іске қосу үшін Сұраныс жапсырмасында

Қарау түймесін шертіп, Айқасқан сұранысты  таңдап, ОК түймесін шерту керек. Шебердің жұмысы төмендегідей 5 қадамнан тұрады (мысалы ретінде 4.1-тақырыпшадағы 2-кестені  алайық):

    1. Қажетті кестені таңдап, Әрі қарай түймесін шерту
    2. Мәндері кестенің жолдарын құруға пайдаланатын

өрісті  таңдап, оны таңдалған өрістер  тізіміне көшіру. Өрісте қайталанатын мән болса, олар топтастырылады (2- кестедегі  пәндер өрісін таңдау),.

    1. Мәндері бағандарды түзуге пайдаланылатын өрісті

таңдау. Көрсетілген өрістің әрбір бірегей  мәніне жаңа кестеде бір өріс сәйкес келеді. Егер өріс мәндері бірегей  болмаса, онда кесте құрудың мәні жоқ (2-кестедегі баға өрісін таңдау).

    1. Қорытынды жасау үшін қолданылатын функцияны

таңдау (сол функциясын таңдау).

    1. Сұранысқа атау енгізіп немесе компьютер берген

атаумен келесі Дайын түймесін шерту (4.11-сурет). 

    3.4.Қайталанатын жазбалар таңдау

          Жаңа  сұраныс терезесінде Қайталанылатын жазбалар

тәсілін таңдай отырып, кестедегі қайталанылатын жазбаларды топтастыратын немесе олардың  қайталану санын есептеп шығаратын  сұраныс құруға болады.

Информация о работе ACCESS программасы