Қазақстан жеріндегі тас ғасыры

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 15:50, реферат

Описание работы

Тас ғасыры – археологиялық дәуірге бөлуде алғашқы тас құралдарының пайда болуынан бастап, қола құралдарының шығуына дейінгі кезеңді қамтитын көне дәуір. Тас дәуірі көне тас ғасыры – палеолит, өтпелі кезең – мезолит, жаңа тас ғасыры – неолит болып бөлінеді. Палеолиттің ерекшелігі Еуразия мен Африка аймақтарының сол дәуірдегі мәдениеттерінің бір-біріне едәуір ұқсастығы болып табылады. Тас ғасырында тас құралдарымен қатар сүйектен, ағаштан жасалғандары да қолданылды. Ежелгі палеолит адамдары бірігіп аң аулады, бірігіп терімшілік етті. Ежелгі палеолит кезеңінде дінге сенушілік болған жоқ. Шелль және ашель дәуірінде питекантроптар, синантроптар, гейдельберг адамы өмір сүрді. Ортаңғы палеолиттің мүстье дәуірінде жаңа адамдар типі – неандертальдықтар қалыптасты.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан жеріндегі тас ғасыры.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

1938 жылғы маусым –  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің  сайлауы өткізілді. Оған барлығы  300 депутат сайланды:

112-сі – жұмысшы;

116-сы – колхозшы;

152-сі – қазақ;

 

60-сы әйел, оның 27-сі  қазақ әйелі.

1938 жылғы 15 шілде – Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы болып, оны Ж. Жабаев ашты.

1939 жылғы желтоқсан  – жергілікті Кеңестер сайлауы  өткізіліп, оған 48762 депутат сайланды.

20–30 жылдар кезеңінің  қорытындысы:

Тиімді жағы:

Қазақ халқының саяси  теңдікке, территортялық автономия  құқығына қолы жетті.

Индустриясы жедел дамыды.

Мәдениет, білім беру саласында табыстарға қол жетті.

Тиімсіз жағы:

Экономика мен мәдениет саласында қол жеткізген табыстар тым қымбатқа түсті;

Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты;

Қоғамдағы табыстар сталиндік  қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды.

Соғыс алдындағы  жылдар

1939 жыл – партияның  XVIII съезінде КСРО-ның индустриялық  қуатын кеңейту, қорғаныс қабілетін нығайту бағыты көрсетілді.

Үшінші бесжылдықта (1938–1942жж.) республика экономикасындағы атқарылуға тиісті міндеттер:

Түсті металдар өндіру жөніндегі  ірі база;

Көмір, мұнай өндіретін  аудан;

Ауыл шаруашылығы дамыған  аймақ болу.

1938–1941 жылдары іске асырылатын шаралар:

Қарсақпай мыс балқыту  зауытын қайта құру мен кеңейту;

Жезқазған мыс балқыту  зауытын салу;

Алтайда түсті металлургияны  дамыту;

Ебідегі геологиялық  жұмыстар мен барлау-бұрғылау ісін жеделдету.

Осы жылдары еңбек  кітапшалары енгізілді, мемлекеттік сақтандыру тәжірибесі жақсартылды, 8 сағаттық жұмыс күніне, 6 күндік жұмыс апта­сына көшірілді.

1940 жылдың аяғында  мемлекеттік еңбек резевтері  жүйесі пайда болды. Әйелдер  ірі өнеркәсіп жұмысшыларының 26,1% -ын құрады (1940 жыл). Жаппай ерлер мамандығын меңгеру қозғалысы басталды.

1941 жылғы маусымда  – П. Ангелинаның (Батыс Қазақстан  облысы, Теректі МТС-де істеген  Украина тракторшысы) «Тракторды  меңгеріңдер» бастамасымен 26 мыңнан  астам әйелдер тракторшы мамандығын  меңгерді.

Тұрақты механизаторлар кадрлары қалыптасып, 116 мың маман даярланды.

Соғыс қарсаңында халық  шаруашылығында 11 мыңнан астам инженер, техниктер еңбек етті. Стахановшылар  мен өндіріс жаңашылдарының қозғалысы  өрістеді.

Риддердегі алғашқы  стахановшы-шахтер Б. Ықыласов.

Соғыс алдындағы жылдарда құрылыстарды салу жеделдеді. 1940 жылдың басы – ұзындығы 806 шақырымдық Ақмола – Қарталы жолы 9 айға толмайтын мерзімде салынды. Бұл жол құрылысының маңызы:

Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті  аудандарын Оралдың оңтүстігімен байланыстырды;

Қарағандыдан Магнитогорскіге  көмір тасу 500 шақырымға қысқарды;

Бұдан басқа Атырау-Қандыағаш, Қандыағаш-Орск, «Шығыс орамы» (806 км. Шығыс  Қазақстан мен Семей облысы), Алматы-Сарыөзек, Жам­был-Алакөл темір жолдары (2681 км.) салынды.

1938–1940жж. 1,4 мың шақырым жаңа темір жол төселді.

Үшінші бесжылдықтың 3,5 жылындағы өнеркәсіптегі, тасымал  мен байланыстағы күрделі қаржы  – 3,1 млрд. сом.

Республика өнеркәсібінің  жалпы өнімі – 57,3%-ға артты.

Түсті металлургия Қазақстан  өнеркәсібінің жетекші саласына айналып, түсті металлургия бойынша Қазақстан екінші орында болды. Бұл сала кәсіпорындары: Шымкент қорғасын, Балқаш мыс қорыту, Лениногорск, Зырянов полиметалл зауыттары, мыс балқыту комбинаты, Ащысай, Қоңырат кеніштері.

Салынып жатқан құрылыстар: Ақтөбе ферроқорыту зауыты, Текелі полиметаллургия, Жезқазған мыс балқыту комбинаттары.

Шымкент қорғасын зауытының  қорғасыны елдегі ең таңдаулы деп  танылды. 1939 жылы зауыт ұжымы одақта 1-орынды жеңіп алып, Ленин ор­денімен марапатталды. Қазақстан Одақ көлемінде:

Қорғасын өндіруден 1-орын, мұнай мен көмір өндіруден 6-орынға шықты.

 

1940 жылы 2580 ірі кәсіпорын  жұмыс істеп, индустрияның жалпы  өнімі 1940 жылы 1913 жылмен салыстырғанда  7,9 есе өсті.

1940 жылы Қазақстан  одақ бойынша:

көмірдің – 4,2%-ын;

мұнайдың – 2,2%-ын;

қорғасынның – 87%-ын;

мыстың – 21%-ын өндірді.

Соғыс алдындағы жылдарда Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті  шикізат аймағы қалыптасты.

Орал-Қазақстан-Сібір  «үшбұрышы» мырыш, қорғасын, молибден т. б. өндіруден КСРО-да жетекші орын алды. Волга-Орал арасындағы темір жол (ұзындығы 581 км.) Одақтың және республиканың ірі өнеркәсіпті орталықтарын жалғастырды.

Соғыс алдындағы жылдарда колхоз құрылысы дамыды. 1940 жылы колхоз бен совхоздарда:

41 мыңнан астам трактор, 

11,8 мың комбайн, 

14 мың жүк автомобилі  жұмыс істеді.

Ауылшаруашылық техникасы 330 МТС және 194 совхозға шоғырландырылды. 116 мың механизатор, тракторшы, комбайншы  даярланды. 1940 жылы жоғары және арнаулы  орта білімі бар 4 мың 600 агроном, зоотехник, мал дәрігері, орманшы болған.

1938–1940 жылдары 1338 ТОЗ ауылшаруашылық артельдерінің жарғысына көшіп, 6 мың 900-ға мыңға көбейді.

Халықтық құрылыс әдісімен 100 мың колхозшы каналдар мен суландыру  жүйелерін салуға қатысты. 1938–1940 жылдары 145 мың га-дан астам жаңа суармалы жер игерілді. Батыс Қазақстанда Орал-Көшім каналы салынды.

1940 жылы әлеуметтік-мәдени  шараларға мемлекеттен бөлінген  қаржы – 1 млрд. сомға жақындады  (1932 жылмен салыстырғанда 12,5 есе  көп).

1938–1940 жылдары республикада  тұрмыстық қызмет көрсету орындары  салынды:

3100-ден астам дүкен,

600-ден астам асхана, ресторан,

200 жаңа емхана,

120 аурухана.

Үшінші бесжылдықтың жарты жылында тұрғын үй құрылысына жұмсалған қаржы – 876 млн. сом (екінші бесжылдықта – 351 млн. сом)

1938–1940 жылдардағы шешілмеген  проблемалар:

Мал шаруашылығының дамуы артта қалды;

Колхоз өндірісінде  материалдық ынталандыру төмен  болды;

Ауылшаруашылық мамандары  тұрақтамады;

Колхоз өмірінде демократия жеткілікті дамымады;

Тұрғын үй қоры социалистік  құрылыс қорынан кейін қалды.

85.XXғ. 20–30 жылдардағы Қазақстанның мәдени құрылысы.

Ересектер арасында сауатсыздықты  жою

Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен  халықтар арасында сауатсыздықты жою  және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.

1924 жылы Қазақстанда  «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы  ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% бол­ды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауат­сыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.

Сауатсыздық жою ісі  жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы  басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрок­раттық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құра­мындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.

1936 жылы жер-жерден  ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде  500000-нан астам адам оқыды.

Республикада ересектер  арасында сауатсыздықты жою ісіне  сол кездегі «Ауыл мұғалімі»  журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі  көмегін тигізді.

 

1939 жылы Қазақстандағы  сауатты адамдардың үлесі 65% болды,  қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.)

Халыққа білім беру ісі

1926 жылы Қазақ АКСР  Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ  АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда ар­наулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды.

1930–1931 жылдары Қазақстан  халықтарының арасында жалпыға  бірдей оқу міндеті енгізілді.  Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар Қазақстан комсомолы бұл істің жүзеге асырылуын және білім беру ісінің дамытуын өз мойындарына алды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, Ж. Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды.

20–30 жылдары қазақ  мектептеріне арналған оқулықтарды  жасау бағытында Ғ. Мүсірепов,  С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, М.  Дулатов, Қ. Кемеңге­ров, Ә.  Бөкейханов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов көп еңбек сіңірді. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады. 1934–1935 жылдары Қазақстанда 221 интернат жұмыс істеді.

Соғыстың алдында республика мектептерінде 44000 мұғалім жұмыс істеді. С. Ақышев, С. Көбеев, А. Ақатов, Ш. Сарыбаев, Л. И. Довранская, Н. В. Волков т. б. білім беру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» деген атаққа ие болды.

Кәсіптік білім беру ісінің дамуы

1928 жылы Қазақстанда  тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика институты ашылды. Бұл институт Абайдың есімімен аталды.

1929 жылы Алматы зоотехникалық  мал дәрігерлік институты ашылды.

1930 жылы Алматыда Қазақ  ауыл шаруашылық институты ашылды.

1931 жылы Ленинград  әскери медицина академиясының қамқорлығымен Алматы медицина институты ашылды.

1934 жылы Алматыда Қазақ  кен металлургия институты ашылды. Кейін политехникалық институт  аталған бұл оқу орны инженер-технолог  кадрларын даярлайтын іргелі  оқу орны болды.

1931–1932 жылдары Қызылорда,  Орал қалаларында педагогика институты ашылды. Семей, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шым­кент қалаларында мұғалімдер институттары ашылды. Соғыстың алдындағы жылдарда Қазақ КСР-де жоғары оқу орындарының саны 20-ға, ар­наулы оқу орындарының саны 118-ге жетті. Кәсіптік білім беретін бұл оқу орындарында 40000-ға жуық жастар білім алды.

Ғылымның дамуы

XX ғасырдың 30 жылдарында  Қазақстан ғылымы қалыптасып, дами  бастады. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан  зерттеу ісіне 1920 жылы құрылған  «Қазақстанды зерттеу» қоғамы көп үлес қосты. Бұл қоғамда Қ. Жұбанов, С. Аспандияров, Ж. Аймауытов, А. В. Затаевич, А. Байтұрсы­нов, Ә. Диваев, А. П. Чулошников сияқты ғалымдар еңбек етті. 1926 жылы М. Е. Массон Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыс­тарын жүргізді.

Н. Г. Кассин, С. С. Неустроев, М. П. Русаков, А. Е. Ферсман, Р. А. Барунайов сияқты геолог ғалымдар қазақ жерінің табиғи ресурстарын зертте­уде ірі табыстарға жетті. Қарағанды, Екібастұз көмір қорлары, Ембі мұнай қоры анықталды.

1932 жылы КСРО Ғылым  академиясының қазақстандық базасы құрылды. Бұл базаның құрамында 1935 жылы тарих және геология секторы, Қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты құрылды.

1935 жылы КСРО Ғылым  академиясы Кенді Алтай түсті  металын, Жезқазған мысын, Орал-Ембі  мұнайын зерттеуге арналған сессия өткізді. Зерттеу нәтижесінде Қазақстанның одақ көлемінде көмір қоры жөнінен бірінші орын алатыны анықталды.

1935 жылы профессор  С. Аспандияровтың еліміздің тарихы  жөнінде «Қазақстанның көне заманнан  бергі тарихы» атты ғылыми  еңбегі жарық көрді.

А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Сейфулин, С. Мұқанов бастаған әдебиеттанушылар лингвистика, тіл білімі және әдеби зерттеулер бойынша ғылыми еңбектер жазды.

Қазақ КСР-де ғылымды  дамыту жолында С. М. Вавилов, В. Л. Камаров, А. Н. Смаилович (түрколог), А. Д. Архангельский (геолог) есімді академик­тер мол үлес қосты.

1940 жылы Қазақстанда  57 ғылыми-зерттеу институты жұмыс  істеді. Бұларда 1700-ге жуық қызметкер  еңбек етті. 1939 жылы елімізде ғылыми  істерге жұмсалатын күрделі қаржы  14,4 миллион сомға жуық болды.

Соғыс қарсаңында КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы құрылды.

Қазақ Кеңес өнерінің дамуы

XX ғасырдың 20–30 жылдарында  Алматы, Орал, Петропавл, Семей, Ақмола, Қостанай қалаларында түрлі деңгейдегі  мәдениет мекемелері жұмыс істеді.

А. В. Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» (1925 жылы), «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» (1931 жылы) деген еңбектерін жазып, қазақ музыка­сын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. А. В. Затаевичке 1932 жылы Қазақ АКСР-ның халық артисі атағы берілді.

1922 жылы Қарқаралыда  халық жыршылар бәйгесі өтті.

1924 жылы Москвада өткен  халықтар музыкасының концертіне  Петропавл педучилищесінің қазақ  хоры қатысты. Хорды И. В.  Коцых басқарды.

Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев 1925 жылы Германияның Майндағы Франкфурт  қаласындағы, 1927 жылы Францияның астанасы Париждегі концерттерге қатысып, Батысқа қазақ әнінің құдіретін танытты.

1926 жылы Қазақстанда  алғашқы ұлттық қазақ театры  сол кездегі астана Қызылорда  қаласында ашылды. Театрдың алғашқы  директоры ак­тер, режиссер Жұман  Шанин болды. Театр ұйымдастыру  ісіне Ә. Қашаубаев, И. Байзақов, Қ. Қуанышбаев, С. Қожамқұлов, Қ. Жандарбеков, Е. Өмірзақов, Қ. Бадыров көп еңбек сіңірді. М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы – театрда алғаш қойылған пьеса. Бұдан басқа театрда Ж. Ша­ниннің «Арқалық батыр», Б. Майлиннің «Шаншар молда», С. Сейфулиннің «Қызыл сұңқарлар», М. Әуезов пен Л. Соболевтың «Абай», Ғ. Мүсіре­повтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесалары, Д. А. Фурмановтың «Бүкіл», Шекспирдің «Отелло», Н. В. Гогольдің «Ревизор», «Үйлену» қойылым­дары сахнаға шығарылды.

Информация о работе Қазақстан жеріндегі тас ғасыры