Қазақстан жеріндегі тас ғасыры

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 15:50, реферат

Описание работы

Тас ғасыры – археологиялық дәуірге бөлуде алғашқы тас құралдарының пайда болуынан бастап, қола құралдарының шығуына дейінгі кезеңді қамтитын көне дәуір. Тас дәуірі көне тас ғасыры – палеолит, өтпелі кезең – мезолит, жаңа тас ғасыры – неолит болып бөлінеді. Палеолиттің ерекшелігі Еуразия мен Африка аймақтарының сол дәуірдегі мәдениеттерінің бір-біріне едәуір ұқсастығы болып табылады. Тас ғасырында тас құралдарымен қатар сүйектен, ағаштан жасалғандары да қолданылды. Ежелгі палеолит адамдары бірігіп аң аулады, бірігіп терімшілік етті. Ежелгі палеолит кезеңінде дінге сенушілік болған жоқ. Шелль және ашель дәуірінде питекантроптар, синантроптар, гейдельберг адамы өмір сүрді. Ортаңғы палеолиттің мүстье дәуірінде жаңа адамдар типі – неандертальдықтар қалыптасты.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан жеріндегі тас ғасыры.doc

— 1.09 Мб (Скачать)

1918 жылғы 15 қаңтардағы  жұмысшы, шаруа қызыл әскерін  құру жөніндегі үкіметтің нұсқауына  сәйкес елде әскери бөлімдер  құрыла бастады. Олар еріктілерден  тұрды.

Кеңес өкіметінің декреттері негізінде фабрика, зауыт, банктерді  национализациялау іске асырылды. Қазақстанда алдымен ұсақ, орта кәсіпо­рындары мемлекет меншігіне көшті.

Кеңестердің екінші съезінің шешімдеріне сәйкес жерге жеке иелік  ету жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастрлердің, помещиктердің, бай казак-орыстардың, патша шенеуніктерінің иелігінде болып келген, сондай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.

Жер мәселесін шешудегі жергілікті кеңес орындарының қызметі  бірнеше кезеңнен тұрды.

1917 жылғы қарашадан  – 1918 жылғы жазға дейінгі кезеңінде  жергілікті Кеңестер, жер комитеттері мен комиссиялары бос жерлерді, тәркіленген помещиктік имениелерді есепке алып, шаруалардың жағдайын анықтап, жерсіз, жері аз шаруаларды жермен қамтамасыз ету мәселесімен шұғылданды.

1918 жылдың жазынан  – 1920 жылдың аяғына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл тұста жерді социализациялау жөніндегі шараларды іске асы­руға әзірлік жұмыстары жүргізілді.

1921–1922 жылдары жер-су  реформасы іске асырылды.

1924–1927 жылдары жерге  орналастыру, шабындық, егістік жерлерді  қайта бөлу жұмыстары жүргізілді.

Кеңес өкіметі алға қойған маңызды міндеттерді іске асыруда  тәжірибенің жоқтығы, жергілікті кадрлардың түсінігінің кемдігі, сауатының  аз­дығы, т. б. себептер негізінде бұл  революциялық шараларды іске асыру  барысында асыра сілтеушіліктің, солақайлықтың, теріс әрекеттердің орын алғаны, Кеңес өкіметіне сенімді азайтатын жағдайлар болды.

Халықтың өкіметі жеке адамның дара басшылығымен ауыстырылып, басқарудың командалық-бюрократтық  тәсілі іске аса бастады. Мұның барлығы  Қазақ Өлкелік комитетінің бірінші хатшылығына 1925 жылы қыркүйекте Ф. И. Голощекиннің келуімен байланысты болды. Ол келісімен республикада халыққа қысым жасау саясаты күшейіп, бұл ерекше қатаң сипат алды. Осы кезде – Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде күрт өзгерістер енгізілді. 1925 жылы желтоқсанында өткен өлкелік партия комитетінің бесінші конференциясында «Ауылды кеңес­тендіру туралы» шешім қабылданды. Республикада «Кіші қазан» революциясын өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды, сөйтіп жаппай жа­залау дәуірі басталып, ол қазақ халқын қайғы қасіретке ұшыратты.

Қазақстанда голощекиндік-сталиндік  үлгі бойынша «қайта құрумен» келіспеген көрнекті жауапты қызметкерлердің  қарсылығы жанышталды. 1927–1929 жж. әртүрлі  сылтаулармен белгілі мемлекет қайраткерлері  Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, М. Мырзағалиев Республикадан аластатылды. Қазақстан Атқару Комитетінің Төрағасы Ж. Мыңбаев, Халық ағарту комиссары С. Сәдуақасов, Жер халық комиссары Ж. Сұлтан­беков және басқалар қызметінен алынды. Қазақ қызметкерлерінің көпшілік бөлігі топқа бөлініп, жікшілдік күреске қатынасқан деп кіналанды.

1928 жылдың аяғында  «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деп аталғандардың  ішінде бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің  ішінен 44 адамға жалған айып тағылып,  қамауға алынды. Олардың қатарында  А. Байтұрсынов, М. Дулатов,  М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Х. Ғаббасов және басқалар бар еді. Құрамында М. Тынышбаев, Х. Досмұхамедов, Ж. Ақпаев, К. Кемеңгеров және басқалары бар ұлттық интеллигенцияның (40 адамдай) басқа тобы 1930 жылы қыркүйек-қазанда ұсталды. Олардың ішінен 15 адам Ресейдің Орталық қара топырақты облыстарына жер аударылды. Бұлар­дың барлығы дерлік 1937–1938 жж. атылды. Жалпы 1929–1931 жылдары қазақ интеллигенция өкілдерінің он мыңынан астамы жаппай жа­залауға ұшырады.

Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918–1920 жж.)

1917 жылғы қазан революциясының жеңісі алғашқы күндерден бастап, құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарулы қарсылығын тудырды. Кеңес өкіметі елдің әр түрлі аймақтарындағы, соның ішінде Қазақстан жеріндегі контрреволюциялық бүліктерді батыл да шұғыл басып тастап отырды. Өлкеде азамат соғысының басты ошақтары Қазақстанның батыс аудандарында, Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда, Орал облысы, Гурьев (Атырау) қаласында, Жетісу жерінде қалыптасты. Бұл жерде атаман Дутовтың, генерал Толстовтың әскерлері, ал Жетісу­да казак-орыс жасақтары, ақ-гвардия офицерлері мен юнкерлер жиналды. Олар контрреволюциялық күштердің негізгі орталығына айналды және Кеңес өкіметіне қарсы азамат соғысын бастады.

1918 жылы 23 наурызда Орал  казак-орыстары Гурьевте бүлік  шығарды. Олар генерал Толстовтың бұйрығымен жұмысшы және солдат депутат­тары Кеңесінің тоғыз мүшесін сотсыз атты. Сол жылдың 28–29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады. Мұнда олар кеңес өкіметін құлатып, коммунистерді, кеңес қызметкерлерін аяусыз жазалады.

75.Азамат соғысының басталуы

1918 жылы мамырда Чехославак  корпусының бүлігі басталды. Антанта  империалистерінің қолдауымен бұл  бүлік ең алдымен Солтүстік-Шығыс  Қазақстанда басталды.

1919 жылы 31 мамырда Петропавлды  ақ гвардишылар басып алды. Сондай-ақ  ақ гвардияшылар маусымда Ақмола  мен Павлодарды, Семей мен Көкшетауды, Омбы мен Қостанайды басып  алады.

Алашорда үкіметі ақ гвардияшылардың Кеңес өкіметіне  қарсы интервенциясын қолдап, қарулы интервенцияға қосылды.

Контрреволюцияға Антанта  империалистері көп көмек көрсетті. Мысалы, АҚШ Колчак армиясына түрлі  қару-жарақ, Англия 200 мыңдай әскер­ге қару-жарақ және киім берді.

1918 жылы 29 наурызда ақ  гвардияшылар Орал қаласын басып  алды.

1918 жылдың аяғына қарай Колчактың басқаруындағы Анненков дивизиясы Жетісу жеріне басып кірді.

76.«Әскери коммунизм» саясаты (1918–1921 жж.)

Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде  елдегі барлық материал­дық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азақ-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемле­кетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәсе­лесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.

«Әскери коммунизм» саясаты  бойынша елде жаппай еңбек ету  міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.

Қазақ революциялық комитетінің  құрылуы (1919–1920 жж.)

1919 жылы 10 шілдеде В.  И. Ленин «Қазақ өлкесін басқару  жөніндегі революциялық комитет  құру туралы» декрет қабылдады.

Қазревком құрамына Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстары, Астрахань  губерниясының шығыс бөлігі кірді. Революциялық комитеттің бірінші құрамына С. Пестковский (төраға), А. Байтұрсынов, В. Лукашев, Ә. Жанкелдин, М. Тұнғаншин, С. Мендешев, Б. Қаратаев кірді. Әртүрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып Ә. Әйтиев, С. Арғыншиев, А. Авдеев, Ғ. Әлібеков, Б. Қаралдин еңбек етті. Революциялық комитеттің жұмыс істейтін орталығы болып Орынбор қаласы белгіленді. 1920 жылы 9 наурызда Қазревком «Алашорда» үкіметін таратты. Қазревкомның үнқағазы «Ұшқын» газеті болды.

Қазревком 1919 жылдың шілдесінен 1920 жылдың қазан айына дейін 15 ай жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде оның басшылығымен халық шару­ашылығындағы басты сала – отын өндіру бағытында Орал-Ембі мұнай кәсіпшілігі, Қарағанды мен Екібастұздың шахталарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Қазақ кеңес автономиялық республикасының құрылуы

1920 жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылда­ды.

Қазақ республикасына Семей, Ақмола, Торғай және Орал губерниялары, Маңғыстау уезі, Закаспий облысының Красноводск уезіндегі 4-ші және 5-ші Адай болыстары, Астрахань губерниясындағы Синемор болысы, Бөкей ордасы, 1-ші және 2-ші Приморье округтарына шектес, қазақтар қоныстанған бұрынғы қазыналық жерлер кірді. 1920 жылғы 22 қыркүйекте Бүкіл Ресейлік Атқару Комитетінің жаңа декреті бойынша ҚАКСР-ның құрамына Орынбор губерниясы енгізілді, ал Орынбор қаласы республиканың астанасы болды.

1920 жылдың 4–12 қазанында  Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезі болып өтті. Съезге Қазақстанның барлық губернияларынан 273 делегат және Алтай губерниясы қазақтарының атынан 6 делегат қатысты. Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті (төрағасы С. М. Мендешев) және Халком Кеңесі (төрағасы В. Радус-Зенькович) сайланды. Съезд Қырғыз (Қазақ) АКСР-і РКФСР-дің құрамына кіретін жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалардың, казактардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерінің автономиялық республикасы болып құрылғанын мәлімдеді.

77.Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа (ЖЭС) көшу және оның барысы

Қазақстанда жаңа экономикалық саясатты (ЖЭС-ті) іске асыру 1921 жылғы  Қазақ АКСР Орталық Атқару комитетінің  азық-түлік салығына көшу туралы шешімі негізінде жүргізілді. Салықтың мөлшері  салғыртқа қарағанда аз болды. Шарулардан алынатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін салықпен шектеу ауыл-селолардың қалалармен байланысын нығайтуға жол ашты. Шаруалар басы артық өнімдерін қалаларға апа­рып сатып, тұрмыс жағдайын түзеуге мүмкіндік алды.

Империалистік, азаматтық соғыс Қазақстан халқының шаруашылығына ауыр шығын әкелді. Мемлекеттің 250 кәсіпорны ғана жұмыс істеді (бар­лығы 307)

Мұнайдың өндірілуі 4 есеге, Қарағанды көмірінің өндірілуі 5 есеге қысқартылды. Шаруашылық өнімінің 6,3%-ы ғана өнеркәсіптің үлесінде бол­ды. 29,9 млн. малдан 16,3 млн. мал ғана қалды.

1921 жылы наурызда коммунистік  партияның X съезі азық-түлік салғыртынан  азық-түлік салығына, әскери коммунизмнен  жаңа экономикалық саясатқа көшу  жөнінде қаулы шығарды.

ЖЭС-тің мәні:

Саясатта бір партиялық-тоталитарлық режим;

Экономикада әкімшілік-нарықтық шаруашылық.

1921 жылы маусымда Қазақстанда  жаңа экономикалық саясатқа көшу  туралы шешім қабылданды.

ЖЭС-тің қиындықтары  мен табыстары.

Ең алдымен салық  мөлшері жеңілдеді. Мысалы, 1927–1928 жылдары  өнімнің 1/13-і салық ретінде алынды, салықтың ауыртпалығы байлардың мойнына түсті. Салықтан жиналған қаражат ағарту, мәдениет, өнеркәсіп салаларына т. б. жұмсалды.

Мемлекет халыққа ауыл шаруашылық техникасын сатып алуға  көмектесті. Мысалы, 1924–1925 жылдары 415 трактор сатып алынды. Қазақстанның егістік көлемі 1928 жылы 4 млн. гектарға жетті. 1928 жылы мал саны 41 млн. болды.

ЖЭС нәтижесінде республикада 650 ауыл шаруашылық артелі мен 103 коммуна  жұмыс істеді.

Өнеркәсіп саласында  да біраз өзгерістер болды. Рспубликада аса ірі «Атбасцветмет», «Эмбанефть», «Алтайполиметалл» трестері құрылды. Олардың құрамына республиканың ірі өнеркәсіп орындары кірді. Өнеркәсіпті қалпына елтіру кезеңінде республикада 1928 жылы біріктіру қажеттілігі туды.

1921–1922 жылдардағы ашаршылық

1921–1922 жылдары ауа  райының қуаңшылғына байланысты  астық шықпай қалып, елді аштық  жайлады. Қазақстан халқының 1/3 бөлігі  осы аш­тық қасіретін бастан  кешірді. 1921 жылдары ашыққан адамдардың  саны – 1 млн. 508 мың адамды құраса, 1922 жылдары олардың саны 2 млн. 303200 адамды құраған. Аштық әсіресе Қазақстанның Батыс аймағын қамтыды. Ал астық мол шыққан Семей, Ақмола губернияларында жи­налған астықтың 80% орталыққа әкетілді. Қазақстан Ресейдің Мәскеу, Петроград, Самара, Қазан, Саратов өлкелерінің ашығушыларына көмек көрсетті. Оның нәтижесі Қазақстанның астық мол шыққан аудандарының аштыққа ұшырауына себеп болды.

Кеңес өкіметі кеш  те болса, ашыққан аудандарға көмек  көрсетті. 1922 жылы егістікке себілген дәннің 60% Кеңес өкіметі берген болса, со­нымен қатар ауыл шаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алу үшін 2 млн. 131 мың сом мемлекеттен қаржы бөлінді. Қазақстан ашыққан Ресей өлкелеріне астық беріп қана қоймай, 20 мыңға жуық ашығушыларды өз еліне паналатты. Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халықтарға 14 вагон балық жіберді. 1921–1922 жылғы аштықтың салдарынан Ақтөбе, Қостанай, Орал, Орынбор, Торғай губерниялары тұрғындарының 1/3-нен айырылды. 700 мыңнан астам халық туған жерін тастап көршілес аймақтарға көшіп кетті.

78.Жер-су реформасы

Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды.

1921 жылғы сәуір –  патша өкіметі кезінде Сібір  және Орал казак әскерлеріне  берілген жерлерді қазақтарға  қайтару туралы декрет шығарылды.  Нәтижесінде:

Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды.

Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.

Информация о работе Қазақстан жеріндегі тас ғасыры