Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 20:46, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі егеменді Қазақстанда қайырымдылық ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл құбылыс бұрынғы Кеңес Одағы кезінде де орын алған, онда қайырымдылық істерімен мемлекет және қоғамдық орындар, ұйымдар айналысып отырған. Бірақ ол кезеңде қайырымдылыққа ресми тұрғыдан алғанда аса үлкен мән берілмеген. Маркстік идеологтар Кеңес қоғамын, социализмді әрбір адам толығынан қамқоршылық, қайырымдылық жасайтын қоғам деп түсіндірген. Сондықтан да қайырымдылықты арнайы бөлігі қарастырмады.

Содержание

Кіріспе
І Тарау Қайырымдылықтың даму тарихына шолу
1.1. Орта ғасырлардағы қоғамдық қайырымдылық кезеңі және классикалық кезеңге сипаттама.................................................................................................5
1.2. XVIII ғасырдағы қайырымдылық әрекетін жалғастыру үрдісі............7
1.3. Әр түрлі діни – наным, сенімдердегі қайырымдылық......................................................................................................9
ІІ Тарау Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық
2.1. XIV – XV ғасырдағы қазақ халқындағы қайырымдылық....................11
2.2. Егемен еліміздегі қайырымдылықтың дамуы........................................12
2.3. Республикамыздағы қайырымдылық қорлар және олардың ерекшеліктері........................................................................................................14

ІІІ Тарау Тәуелсіз еліміздегі қайырымдылық шараларының жүзеге асырылуы
3.1. Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттардағы қайырымдылық шаралары................................................................................................................22
3.2. Шет елдегі қайырымдылық жұмыстарының Қазақстанда жүзеге асырылуы...............................................................................................................25
3.3. Қайырымдылық шаралары деңгейінің өсуі бүгінгі қоғамымыздың жалпы адамзаттық құндылықтарының көрсеткіші..........................................31
Қорытынды.................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................34

Работа содержит 1 файл

Қ-н дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері.doc

— 230.00 Кб (Скачать)

         Жалпы, Президенттің бұл Құрмет дипломын алуға Отанымыздың азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқтар, сондай-ақ заңды тұлғалар үміткер бола алады. Орталық атқарушы органдар, облыс, Алматы және Астана қалаларының әкімдері, қоғамдық бірлестіктер ұсынған кандтидатураларды Мемлекеттік хатшының төрағалығымен құрылған комииссия қарауына жіберді. Осы жолы да сондай кандидатуралардың саны 194-ке жетіпті. Солардың ішінде 30-ы елбасы Жарлығымен Құрмет дипломына ие болды.

         Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев  сол азаматтарға Құрмет дипломын тапсырды. Олардың қатарында еліміздің әр өңірінен келген Қ.Асаубаев, А.Вильгельм, В.Гофман, Ж.Егімбаев, А.Карапетян, Н.Луценко, Б.Таханов, Ю.Югай, ирландиялық Ф.Коркоран, тағы басқалары бар.

         Біз осы марапаттаудан кейін  халқына қайырымдылық жасап  жүрген азаматтарға жолыққанбыз. Алматы қаласындағы «БеНТ» акционерлік қоғамының президенті Ділмұрат Кузиев тәуелсіз Қазақстанның өркендеп өсуіне әлеуметтік жағынан көмек көрсетіп жүргенін айтты. Ол осы уақытқа дейін 8 мектепті күрделі жөндеуден өткізіп, 15 мектепке қаржылай көмек көрсетті. Биылғы оқу жылы басталған тұста 5 мектепке электр генраторын орнатып, жарықпен үздіксіз қамтамасыз етуге өзіндік үлесін қосты.

         Шынында, көзін халқы емес, малы  тұмшалаған Қарабайдай қатып  сембей, қиналғанға шарапат, елдің елдігіне, жұрттың өсіп-өнуіне, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларына, рухани құндылықтарға өз үлестерін қосқан аөжарма азаматтарға қандай марапат көрсетсе де артық болмасы анық.[20] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

         Қайырымдылықты зерттеудің мақсаты қоғамдық өмір  мен қайырымдылық саласындағы заңды байланысты, жалпы алғанда ең алдымен қоғамның, сонан соң әртүрлі әлеуметтік топтардың және жеке тұлғалардың міңез -  құлық нормаларына айналу процесін зертеу болып табылатындығы тұжырымдалды.

       Қайырымдылық ертеден қалыптасқан   әлеуметтік процесс. Оның философиясы  -  адам сүюшілік. Қайырымдылық  бос жерден, өзінен   өзі жеке  адамдардың атынан пайда болған  процесс емес, онын ұзақ жылғы  тарихы бар, адам қоғамының  дамуындағы объективтік процесс.

      Өркениетті елдердің тәжірибесіне  сүйенсек әлеуметтік шаралардың  бір саласы  - қайырымдылық. Сондықтан  да қайырымдылық әлеуметтік қажеттілік  болып есептеледі. Сол қажеттіліктен  туындаған қайырымдылық шаралары  елімізде біртіндеп іске асырыла бастады. Халықтың нарық жағдайындағы ауыр тұрмыстық ахуалдарын жақсарту өмір талабы. 

      Қазақстан  экономикасы  баяу  дамығанымен  дұрыс  жолмен  келеді,  оған  қолдан  келгенше  үлес  қосып  жатқан  қайырымдылық  қорлары,  шетелдік  компаниялар.  Ғасырлар  бойы  ауыл – ауыл,  ата – ана,  ру – ру  болып  қауымдаса  тіршілік  кешкен  қазақ  қоғамындағы  әр  ауыл,  әр  ру  белгілі  батырлардың,  беделді  билердің  маңында  топтасқан.  Сол  дара  тұлға  өзіне  паналаған  елді  жауға  алдырмай,  аштыққа  ұшыратпай,  аман – есен  өсіріп - өрбітуді  парызы  деп  санаған.  Қазір  де  беделді  де  бірлікті  азаматтар  маңына  бірігіп,  шаруашылықтарын  жүргізе  бастаған  қожалықтар  мен  шағын  фирмалар  жұмысын  да  осы  дәстүрдің  ұшынан байқау  қиын  емес.  Тәуелсіз  қазақ мемлекетінің  жүріп өткен жолын зерттесек,  соңғы жылдар  ішінде  қазақстандықтардың  тұтастығын  мақсат  ете отырып,  күш – жігерді нақты экономикалық  және  қоғамдық   өмірді  жақсартуға  бағыттау  бет бұрысын  байқауға  болады. 

        Олай болса өркениетті елдерде қалыптасып дамып отырған қайрымдылық әлеуметтік, ғаламдық құбылыс, процесс.

       Әлеуметтік қолдау ең алдымен халықтың онсыз өмір сүре алмайтын тобына мақсатты әрі нысаналы сипатта көрсетеді.Әлеуметтік өзгерістер қоғамды ұйымдастыру тәсілі деп қараймыз.

         Тәуелсіз  жас  мемлекетіміз  аяғынан  тік  тұрудың   күрделі  жылдарын  өткізуде.  Дәл  осы  уақытқа  дейін   болып  көрмеген  жалпы  азаматтық   қажеттілік,  имандылық  пен   қайырымдылық,  жанашырлық  пен  мейірімділік  қасиеттерді  қайта  қалпына  келтіру  жолында  жұмыстар  атқарылып  жатыр.   

         Президентіміз  2030  жылға  дейінгі   Қазақстан  халқына  жолдауында  денсаулық  сақтау,  рухани  толысу,  өсіп – өркендеу  жөнінде   де  көп   айтылды.  Оның  іске  асуы  үшін  біздің  әрқайсымыз  оған  өз  тарапымыздан  қолдау  көрсетуіміз  керек.  Осынау  қоғамдық  және  ұлттық  мәселелерді  шешу  мақсатында  оған  қол  ұшын  беру  үшін  Республикамызда  көптеген  қайырымдылық  қорлары  жұмыс істейді. 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1.  Демеуова М., Қайырымдылық және оның әлеуметтік мәні/ Ақиқат. – 2000. №8-9.  54-61беттер

2.  Демеуова М. Қайырымдылық  тарихынан:  Қазақ  халқына  тән  қасиет  жайлы / Қазақ  тарихы. – 2001. №2-54-56б.

3.  Горобченко Н., Наубекова Р. Проблемы,  они  и в Америке  проблемы. «Каз правда», 2008, 25-сәуір, 74-77-б.

4.  Дарженов С. Қайырымдылық-қазақы  қасиет. «Ана тілі», 1997, №2, 14-тамыз, 44 б.

5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасы  - Алматы,1998  

6.  Парсонс Т. Общетеоретические проблемы социологии. .Социология сегодня: Проблемы и перспективы.- М..,1965, 89с.

7.  Тажин М. Социология негіздері. Алматы, 1993, 78-80 беттер

8. Харчев Л.Г. Социология воспитания -М..,1990.123б

9.  Мертон Р. Социальная теория и социальная структура //Социс. 1992. №2-С.118-124

10. Қырғызбай Ө. Жетімдерді жебеген / Алматы ақшамы. 2007.- 30 қазан ,№131, 7-9 беттер

11. Кекільаев Ә. Ұлттар  бірлігі – болашақ кепілі.  «Егемен Қазақстан», 2000, 15-қаңтар, №22, 5-6 беттер

12. Нысанбаев Ә. Қазақстан. Демократия. Рухани  жаңару. А., «Қазақ  энциклопедиясы», 1999ж, 126-128 беттер

13. Поль Лафарг. Благотворительность. Этническая мысль. М., 1988ж, 344-345-беттер

14. Социальная работа: теория и практика учеб. пособие, 2004, 45-48 с

15. Городецкая Ирина Константиновна «Международная защита прав и интересов детей» М.1973, №5

16. Табанов С.А. «Общество, родители, дети» Алма- Ата. Казахстан,1986, 63с

17. Холостова И.И. Социальная работа учеб. пособие, 2004

18. Сорокин П.А « Человек, цивилизация, общества» М..,1985

19. Назарбаева С.А. Баларға  жүзімізді  бұрайық. «Егемен  Қазақстан», 2009, 30-мамыр, №9, 12 б.

20. Мәмет С. Егемен Қазақстан – 2008 – 13 желтоқсан (№385/390), 2 б. 
 

Информация о работе Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері