Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 20:46, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі егеменді Қазақстанда қайырымдылық ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл құбылыс бұрынғы Кеңес Одағы кезінде де орын алған, онда қайырымдылық істерімен мемлекет және қоғамдық орындар, ұйымдар айналысып отырған. Бірақ ол кезеңде қайырымдылыққа ресми тұрғыдан алғанда аса үлкен мән берілмеген. Маркстік идеологтар Кеңес қоғамын, социализмді әрбір адам толығынан қамқоршылық, қайырымдылық жасайтын қоғам деп түсіндірген. Сондықтан да қайырымдылықты арнайы бөлігі қарастырмады.

Содержание

Кіріспе
І Тарау Қайырымдылықтың даму тарихына шолу
1.1. Орта ғасырлардағы қоғамдық қайырымдылық кезеңі және классикалық кезеңге сипаттама.................................................................................................5
1.2. XVIII ғасырдағы қайырымдылық әрекетін жалғастыру үрдісі............7
1.3. Әр түрлі діни – наным, сенімдердегі қайырымдылық......................................................................................................9
ІІ Тарау Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық
2.1. XIV – XV ғасырдағы қазақ халқындағы қайырымдылық....................11
2.2. Егемен еліміздегі қайырымдылықтың дамуы........................................12
2.3. Республикамыздағы қайырымдылық қорлар және олардың ерекшеліктері........................................................................................................14

ІІІ Тарау Тәуелсіз еліміздегі қайырымдылық шараларының жүзеге асырылуы
3.1. Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттардағы қайырымдылық шаралары................................................................................................................22
3.2. Шет елдегі қайырымдылық жұмыстарының Қазақстанда жүзеге асырылуы...............................................................................................................25
3.3. Қайырымдылық шаралары деңгейінің өсуі бүгінгі қоғамымыздың жалпы адамзаттық құндылықтарының көрсеткіші..........................................31
Қорытынды.................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................34

Работа содержит 1 файл

Қ-н дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері.doc

— 230.00 Кб (Скачать)

    Қордың құрылтайшылары   мемлекеттік  және қоғамдық ірі ұйымдар, қорлар, әлемдегі іскер адамдар, банктер мен коммерциялық құрылымдар. Олардың әрқайсысы Қазақстан балалары және олрадың болашағы үшін қаржылай, заттай көмектесіп, елдің болашақ азаматтарының аяғынан тұрып кетуіне жәрдем беруде.[15]

    «Бөбек» халықаралық балалар  қоры осы он жыл ішінде ауыз  толтырып айтуға тұрарлық жұмыстарды  жүзеге асырып, аталмыш қор халықаралық  деңгейге көтерілді, тағдыр балалардың  бәріне бірдей қуаныш сыйлап  отырған жоқ. Еліміздегі он мыңнан аса жетім, төрт мыңнан аса дене бітімі және ақыл  есі кем балалар бар. Семей, Қызылорда облыстарындағы әрбір үшінші сәби өлі немесе кемтар болып өмірге келеді. Арал маңындағы бүлдіршіндердің 87 пайызы дымкес. Әрине мұндай фактілер баршамызды алаңдатып отырғаны аян. Бұл таңда «Бөбек» республикалық қайырымдылық балалар қорының ең басты қызметі мынадай:

   -балаларлы тәрбиелеу мен дамытудағы  жанұя принципінің озық идеяларын  тарату, отбасыларын сақтауға балалар  үйіне көмек көрсету;

   -Қазақстанда халықаралық беделді ұйымдардан көмек алу мақсатында қызмет көрсетіп, шет елдегі балалар құқы жайлы халықаралық конвенция тәжірибесін зерттеу;

  -салауатты  өмір салты бағдарламасын енгізу  медициналық мекемелерге көмектесу  Республикалық орталы балалар  сауықтыру орталығы құрылысының аяқталуына атсалысу:

 -экологиялық апат аймағынан келгендерге гуманитарлық көмек көрсету;

- дарынды  балаларды қолдау, «Айналайын» деп  аталатын алғашқы халықаралық  фестивалін өткізе отырып, қордың  талантты балаларды қолдайтынын  әйгілеу.

      Осы күндері Қазақстанның барлық  аймағында «Бөбектің»  бастамасымен  құрылған балалар қорлары жұмыс  істеп жатыр. Алматыда осы қордың  ұйымдастыруымен өмірге келген  «Рухани және мәдени даму»  салоны жұмыс істейді. Бұл жерде  халыққа танымал белгелі адамдармен кездесулер, балалар өнерінің көрмелері мен қайырымдылық шараларын өткізу сияқты бірқатар игі істер жүзеге асырылуда. Қор Алматыда тұнғыш рет жетім балаларға арналған жанұя тектес балалар қалашығын қолдауды өзінің басты міндеті деп санап, « SOS Қазақстан» балалар қалашығы ашылды.[16]

      Ол Австралиядағы Халықаралық  «SOS-киндердорф Интернационал» қорының  қайрымдылық көмегі арқасында  іске асты. « Бөбектің» қолға  алған тағы бір -  мәселесі  ол тастанды сәбилер тағдыры.  Бұлардың көпшілігі әдетте некеден  тыс туылған балалар. Қор осындай тастанды балалар тәрбие алатын «Үміт үйі» атты балалар мекемесін ашты. Олар әзірге Алматыда, Шығыс Қазақстанда ғана бар. Бұл үйдің ерекшелігі де сол - анасының сәбиді мүлдем тастап кетуіне жол берілмейді. Онымен келісім шартқа келеді, және сол келісімнің құпиялығы сақталады.

     Анасының баласын асырап -  бағуға  мүмкіндігі келмесе сәбиін уақытша  осы «Үміт үйінде» қалдыра  тұрады. Ал жағдайы оңалғаннан  кейін баласын кез келген уақытта  өз қолына алуына мүмкіндік  жасайды.  Бұл бала тұл жетім боп өспеуіне себепкер болумен бірге ананың да сәбиінен айрылмауына көмектеседі.

    «Бөбек» қайрымдылық қоры балалар  үйінен шыққан жеткіншектерге  мүмкіндігінше қол ұшын беруге, көмектесуге тырысады.  Сондықтан  ол жастардың оқуға түсуіне,  жұмысқа орналасуына қолайлы жағдай біршама жеңілдіктер жасауға жәрдемдесуде. Жергілікті балалар қорлары да қол қусырып қарап отырған жоқ. Тағы да бір үлкен мәселе, ол -    өнерлі балалардың талабын ұштау мақсатында «Айналайын» фестивалін өткізу де осы. [20]

    «Бөбек» қайрымдылық қорының бастамасымен дүниеге келген еді. Одан кейін «Шығыс маусымы» фестивалі де қордың қолдауымен өтті.

     Қор әсіресе, Семей, Арал сияқты  экологиялық зардап шеккен аймақтардағы  жеткіншектердің жағдайын оңдауға  көп көңіл бөліп отыр. Айта берсе мұндай игілікті істер мол. «Бөбек» қайрымдылық қоры еліміздегі балалар ауруханаларына дәрі -дәрмек пен қажетті дәрігерлік құралдар, «Жедел жәрдем» машиналары, Арал өңірінде тұратын балалардың денсаулығын түзеу мақсатында жылжымалы диогностикалық орталықты сыйға тартқан. Ал американдық таңдаулы дәрігерлер қордың қаржыландыруымен 60 баланың жүрегіне өте күрделі операция жасаса, Алматыдағы хирургиялық орталыққа құны 1 миллион АҚШ доллары медициналық құралдар бөлген.

      Балалар денсаулығының қалыпқа келуі, алаңсыз өмір сүруі үшін «Бөбек» қайырымдылық қоры Алматы Қаласының маңындағы 140 орындық балалардың республикалық емдеу - сауықтыру орталығының  құрылысы үшін де 22,5 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөліп, жобаның іске асуына айрықша қамқорлық көрсетті.

     Қор назарынан Қазақстандағы  балалар үйлері мен мектеп- интернаттары  да сырт қалған емес. Балалар  мекемелері мен табысы аз отбасылары  үшін киім- кешектер, аяқ- киімдер,  қажетті оқу құралдары мен  компьютерлер, ойыншықтар берілді.

     Республикалық «Бөбек» қайрымдылық қоры халықаралық деңгейде жұмыс істейді. Қазақстан «балалар құқығын қорғау Конфенциясына» қол қойып, енді біздің балаларымыз өз жерінде кез -келген өркениетті елдердің ұландары секілді халықаралық нормада өзін  өзі  қорғай алатын болады. Соның негізінде, қор Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы қоғамдық ақпараттар департаментіне мүше болып,  дүние жүзілік балалар қорының қайырымдылық шараларына қатысуға мүмкіндік алған. Бұл оның қайырымдылық акцияларын халықаралық деңгейде ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Сондай- ақ «Бөбектің» қатысуымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мен Республика Үкіметі ынтымақтастық жағдайға жұмыс істеу үшін келісім   шартқа қол қойған.  Соның бір нысаны қор Президентінің Париждегі ЮНЕСКО мен ЮНИСЕФ-тің балалар құқығын қорғау жөніндегі халықаралық форумына  қатысып, Швейцариядағы ЮНИСЕФ- тің Еуропалық конференциясына қатысып, сондай ақ тұнғыш рет «Бөбек» пен ЮНИСЕФ арасындағы бірлескен мемлекеттік деңгейде Арал балалары мен олардың аналарына көмек беру жөніндегі АСПЕРА бағдарламасының қабылдануы болды.

      Бұл бағдарламаны жүзеге асыру  үшін ЮНИСЕФ жағы 20 миллион доллар  мөлшерінде қаржылай көмек көрсетті. Осындай жемісті еңбегінің нәтижесінде  С.А. Назарбаева 1996 жылы бүкіл  дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ихсан Дограмачи атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты атанды, ал 1998 жылы Қырғыз Республикасының «Боорукер» (қайрымдылық) қоры мен ЮНЕСКО кеңесі оған «Мээрман Әне- 98» (Мейірбан Ана) атағын беру туралы шешім шығарды. 1998 жылдың ақпанында Қырғыз елінен Алматыға арнайы келген делегация «Бөбек»  қорының президентіне « Мээрман Әне- 98» атағын табыс етті.

     Біздің елімізде балалар үшін  тек қана белгілі бір атаулы  күндерге орай емес, күнделікті, сағат сайын да қамқорлық жасалып  келеді. Тіпті көптеген қайырымдылық  қорлары мен ұйымдарының бейнеті мол жомарттық қызметінің өзі де жағдайды өзгерте алар емес. Осыған байланысты халықаралық «Бөбек»  балалар қайрымдылық қоры қазақстандықтарға өзіміздің жас отандастарымыздың балалық бал дәуренінің қызығын көріп     білуіне көмектесейік деген үндеу тастады.[16]

      Бүгінде жетім балалар үйіне  ата -  анасынан қапылыста айырылып  қалған балаларға қарағанда, әлеуметтік  себептерге байланысты тұл жетім  атанғандардың саны басым. Бұл  табаны тайғақ әкелер мен без бүйрек аналардың көбеюінің салдары. Мұны қоғамның дертіне айналды деуіміз сондықтан. Өзі туған баласын өзекке тепкендер мен дүниеге әкелген ұрпағына  жауапсыз қарағандарды біздің заң көбіне ата  аналық құқығынан айыруымен ғана шектеп жатады. Осындай жетім балаларды қамқорлыққа алу мақсатында Алматыда «SOS-Қазақстан», балалар қалашығы ашылды. 
 

3.2. Шет елдегі қайырымдылық  жұмыстарының Қазақстанда  жүзеге асырылуы 

          2001 жылы 23 маусымда Астанада «SOS-киндердорф Интернационал» халықаралық қорының қамқорлығымен еліміздегі екінші балалар қалашығы ашылды. «Балаларға, әсіресе жетім, панасыз қалған сәбилерге мемлекет тарапынан үлкен қамқорлық  көрсетілуде, бұл біздің басты парызымыз. Өйткені өз болашағын ойлаған қандай қоғам болмасын ең алдымен жас ұрпақтың жағдайын жасауы қажет. Бүгінгі күні Республикамызда екінші рет Халықаралық «SOS-Киндердорф Интернационал» қорының қолдауымен ашылып отырған жетім балалар қалашығы сондай ізгіліктің белгісі- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

         «SOS-Киндердорф Интернационал» халықаралық қорынын президенті Гельмут Кутин мырза Астана қаласының жетім балаларының жаңа қалашығы ашылған 23 маусым-бүкіл әлемде SOS-Кндердорфтың туған күні ретінде тойланатындығымен өз кезегінде көпшілікті хабардар етті. Ол сонымен бірге-   Астанадағы балалар мекенінің дүниеге келуіне SOS-   Қазақстанның көмегінін  ауқымды болғандықтан, Қазақстан басшысы мен мемлекеттің бірінші ханымы қалашық құрылысына жәке қаржылай үлес қосқандығын атап өтті. Мұндағы он екі үйде бір жарым жастан он төрт жасқа дейінгі жетімдер тәрбиеленуде.

        Қазақстан үкіметі мен «SOS- Киндердорф Интернационал» қоры арасында 1994 жылы қол қойылған бірлескен қайырымдылық қызметі туралы келісім шеңберінде Алматыда балалар қалашағы дүниеге келді. Бұл балалар қалашағын қаржыландыру мақсатында қор құрылды. Қазақстанда іргесі қалана бастаған айтулы қор Австралиядағы халықаралық « SOS-Киндердорф Интернационал»  қорының бір тармағы. Олай дейтініміз, еліміз әлем халықтарының ішінде 125- ші мемлекет болып тұнғыш рет жетім балаларға арналған осындай қор ашқан.[18]

          Ал « SOS- Киндердорф Интернационал» қорының тарихы тіпті сонау 1949 жылдан басталады. Оның негізін қалаған Герман Гмайнер еді. Дәрігерлер даярлайтын университеттің студенті болып жүрген Г.Гмайнер соғыс кезінде әке  шешесінен айырылып, үйсіз күйсіз қараусыз қалған балалардың аянышты тағдырларын көріп, өзі оқып жүрген оқуын аяқсыз қалдырды. Сөйтіп, жетімдіктің ащы да кермен дәмін татқан балалардың басын біріктіріп, олар үшін қалай да оңтайлы жағдай туғызудың жолдарын қарастыруға кіріседі. Ол ең алдымен, өзіне дейін жетім балалар  үшін не жасалды, өзге мемлекеттерде қандай қайырымдылық шаралары қолданылуда деген сауалдарға тиянақты жауап іздейді. Бұл жөніндегі түрлі теориялар мен тұжырымдарға жүгінді. Бұдан соң Г.Гмайнер австралиядағы Тироль ауданының басшыларына жолығып, тұрғындарды түгелдей жиып, мәселенің жай  жапсарын түсіндіреді.

        Бұл жетім балалар үшін жасаған еңбегінің ең таза, адами, әр алғашқы қадамы болды.Зұлмат соғыс халықтың әлеуметтік тұрмысын, жағдайын ауырлатып кеткенімен, әркім өзінің шама шарқынша қолдарынан келген көмектерін көрсете бастады. Осындай там - тұмдаған қолдаулардың нәтижесінде Инсбургке жақын жерде  алғашқы үйдің  қабырғасы қаланды. Өздерінің көрсеткен жәрдемінін нәтиже бергеніне көздері жеткен халық енді бар жинаған ақшаларын үйіп  төгуге дейін барды. Міне, қыруар еңбек пен төгілген тердің арқасында дүниеге келген балалардың әлгі қалашығына ширек ғасырға жуық уақыт өтіпті. Кейіннен Еуропа мемлекеттерінде, содан соң бірте-  бірте Азия елдерінде, соның ішінде алғаш рет Корея осындай балалар қалашығы ашылды. Бұдан соң балалар қорлары Африка, Латын Америкасы мен АҚШ-  та құрылды. Жетім балалар қорлары қай жерде құрылса да олардың көздеген мақсаттары біріктіріп, қамқорлық көрсету.

 Халықаралық қорлардың ауқымды жұмыстары арқасында елімізді  «SOS-Қазақстан» балалар қалашықтары бой көтерді. Қор Қазақстанға сай ұлттық бояу белгілерімен ерекшеленуі тиіс деген  пікірлер басшылыққа алынды. Жалпы халықаралық қор өзін-  өзі қаржыландырады. Бұл халықаралық «SOS-Киндердорф Интернационал» қорының ұстанған басты қағидасы. Біздегі жетім балалар қалашағын да осы халықаралық қор қаржыландырды. «SOS-Қазақстан» балалар қалашығында қызмет ететін тәрбиешілердің өз ережелері бар:  тәрбиеші аналар зейнеткерлікке шығатын кезде  оларға екі түрлі құқық беріледі. Бірінші, олардың қалашықта қалуы екіншісі мұнда жұмысқа келгенге дейінгі тұрған үйіне, туған туыстарына  оралуы, сонымен қатар жұмысқа қабылдану кезінде де қойылатын шарттар бар: алдағы өмірінде тұрмысқа шықпауы, жалғыз басты  болуы, баласының болмауы, яғни өзін жетім балалардың тәрбиелеуге арнауы.

          Балалар қалашығында барлық жағдай тіпті мектеп бітіргендерге де арнайы жағдайлар жасалған. Мұнда балалардың  өзге балалар үйіндегідей ортақ тәрбиешісі болмайды, әр баланың өз еркінде  оларды бөлек үйде кәдімгі ата -  анасы бар балалардай тәрбилейді. Аналардың басты міндеті  тек бала тәрбиесімен айналысу ғана. Асырап алған балаларын өсіріп, кәмелетік жасқа жеткізу     олардың міндеттері. Ал олардың бүкіл жағдайын жасау балалар қалашығы міндетім деп санайды. [18]

         Алматы қаласының Ақсай -4 ықшам ауданында 4  -аудиториялар мешіт-  медресе салынды. Осы мешіт құылыстарымен  қатар Алматы қаласындағы 167- ші орта мектеп қазақ   араб мәдени ағарту  орталығына айналды. Онда компьютер мен араб тілін оқыты үйрететін тұрақты жұмыс істейтін 4 айлық курс ұйымдастырылған. Қапшағай қаласында 100 жетім ұл баланы, ал Қаскелеңде 70 қыздар  бағып қағатын осы қайырымдылық қоғамының интераты жұмыс істейді. Бұл балаларды тамақтандыру, киіндіру және білім беру шығындарын, оқытушылары мен күтіп  қараушы 53 қызметкердің жалақысын осы « Абу - Даби» қайырымдылық қоғамы өз мойнын алған.Интернатта оқып -тәрбиеленушілердің жасы 7-   14 жас аралығындағы балалар. Осы істеліп жатқан  игілікті   істеріне қоса, бұл қоғам жыл сайын ораза кезінде ауыз бекіткен мұсылмандарды әр кеште ауыз аштырады, жетім балаларға киім  кешек, азық - түлік үлестіреді. Ал құрбан-  айт кезінде жетім жесірлерге ірі қара мен қой сойып, етін үлестіріп, 18 мың доллардың азық - түлігі мен киім- кешек қоса таратылды. Әл - Фараби  атындағы Қазақстан мемлекеттік Ұлттық университетінің шығыстану факультетінің студенттеріне компьютер сыйға тартты.

          Ол Біріккен  Ұлттар Ұйымы қоғамдық хабар департаментінін Мүшесі, ЮНИСЕФ  тің балаларға көмек қорының кеңесшісі мәртебесіне ие. Біріккен Ұлттар Ұйымының бірқатар бағдарламаларын үйлестіруге тікелей қатысқан. «Бейбітшілік жаршысы» деп танылып, көптеген сыйлықты иемденген. Бұл оқу орнының тағы бір ерекшелігі, оқу тегін, әрі ешкімнің де бетін қайтармайды, оқығысы келген адамдардың ұлтына,дініне де қарамай қабылдайды. Ал Алматыда ашылған оқу орны өз қызметін тындаушылардың жағдайына қарай ыңғайлап құрған. Жұмыс күндері дәріс кешкі сағат алтыдан басталады, ал сенбі, жексенбі күндері таңертеңгі  сағат 8.30 - дан небары бір сағатқа созылады. Бұл жаңа оқу орны жүйелі түрде оқытып, адамның  бүкіл міңез- құлқын өзгертеді, жағымсыз әдет - дағдылардан арылтады. Аталмыш оқу ордасының тағы бір ерекшелігі онда ешқандай жалақы алмай бір ғана оқытушы дәріс оқиды. Біздің елімізде Мұсылман Орта Азия комиеті қайырымдылық қоры өзінің  қайырымдылық істерімен танымал. Оңтүстік Қазақстан облысынын орталығы Шымкент қаласында 40 мешіттің іргетасы қаланып, халық үшін қызмет етуде, және бұл өңірде атқарылған игі істің бірі 60 -қа жуық құдық қазып, жер асты су құбырларының тартылуы.Сондай - ақ жалғыз басты қамқорлықсыз жандар да осы аталмыш қорды паналауда. Қор әрбір мұсылман мерекелеріне демеушілік жасап балалар үйіндегі жетімдерді желеп  жебеп, ораза- айт мерекесінде ауыл бекіткендердің ауыз ашарын жасайды.

Информация о работе Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері