Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 20:46, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі егеменді Қазақстанда қайырымдылық ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл құбылыс бұрынғы Кеңес Одағы кезінде де орын алған, онда қайырымдылық істерімен мемлекет және қоғамдық орындар, ұйымдар айналысып отырған. Бірақ ол кезеңде қайырымдылыққа ресми тұрғыдан алғанда аса үлкен мән берілмеген. Маркстік идеологтар Кеңес қоғамын, социализмді әрбір адам толығынан қамқоршылық, қайырымдылық жасайтын қоғам деп түсіндірген. Сондықтан да қайырымдылықты арнайы бөлігі қарастырмады.

Содержание

Кіріспе
І Тарау Қайырымдылықтың даму тарихына шолу
1.1. Орта ғасырлардағы қоғамдық қайырымдылық кезеңі және классикалық кезеңге сипаттама.................................................................................................5
1.2. XVIII ғасырдағы қайырымдылық әрекетін жалғастыру үрдісі............7
1.3. Әр түрлі діни – наным, сенімдердегі қайырымдылық......................................................................................................9
ІІ Тарау Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық
2.1. XIV – XV ғасырдағы қазақ халқындағы қайырымдылық....................11
2.2. Егемен еліміздегі қайырымдылықтың дамуы........................................12
2.3. Республикамыздағы қайырымдылық қорлар және олардың ерекшеліктері........................................................................................................14

ІІІ Тарау Тәуелсіз еліміздегі қайырымдылық шараларының жүзеге асырылуы
3.1. Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттардағы қайырымдылық шаралары................................................................................................................22
3.2. Шет елдегі қайырымдылық жұмыстарының Қазақстанда жүзеге асырылуы...............................................................................................................25
3.3. Қайырымдылық шаралары деңгейінің өсуі бүгінгі қоғамымыздың жалпы адамзаттық құндылықтарының көрсеткіші..........................................31
Қорытынды.................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................34

Работа содержит 1 файл

Қ-н дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері.doc

— 230.00 Кб (Скачать)

         Қордың тағы бір игі ісі -  Қазақстанда Құранды жатқа оқудан халықаралық жарыстың өтуіне себепкер болған. Бұл жарысқа Орта Азия, Кавказ, Қырғыз Республикаларының діни қызметкерлер қатысқан, ондағы бас бәйгеге үш мың, бірінші, екінші орынға екі мың, үшінші орынға бір мың, төртінші орынға бес жүз.[19]

         Олай болса Джордж Сорос қорының қайырымдылық қорынан грант, тегін оқулықтар алған оқушылар мен ұстаздар оның игілікті ісіне дән риза. Қайсы бір қайырымдылық қорлардың жұмысы туралы Алматы қаласының екінші мүгедектер үйінде болып, олармен сұхбат жүргіздік. Бірінші дәрежелі мүгедек Нина Васильевна «Мен  қатты ауырып, жатып қалғанымда дәрігер келіп, халықаралық қайырымдылық қорынан көптеген дәрі  дәрмектер әкелгенін айтты да 10 ине салды, ішетін дәрілер берді. Оны мен ешқашан ұмытпаймын, өте ризамын!» деді. Басқа да мүгедектер өз ризашылықтарын білдірді. Біз « SOS-Қазақстан»  балалар қалашығында болып онда тұратын балалармен тәрбиешілермен сұхбаттастық. Олар « SOS-Киндердорф Интернационал» халықаралық қайырымдылық қорының қызметі, оның мақсаты туралы айта келіп, қор жұмысынан өздерінің шексіз қанағат алып отырғандықтарын мәлімдеді.

         Қоғамдық қайырымдылық қорлар әлеуметтік институттың бір саласы тұрғысында, өзара қарым- қатынастары арқылы әлеуметтендіру проблемаларын да шешті. Әлеуметтік институттар қоғам өмірін реттеудің негізгі элементті болып табылады.Олар қоғамдық маңызды қызметтер атқаратын тарихи тұрақты, қалыпты ұйымдасқан бірлескен адамдардың істері мен қатынастары. Олар түрлі мағынада қолданылады мысалы, біз зерттеп отырған қайырымдылық институты және тағы басқалары.

         Әлеуметтік институттың негізгі қызметі маңызды өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған. Сөйтіп қоғамға пайда келтіреді, мәселен, отбасы институты өмірге ұрпақ әкеліп, оны тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің қарым  қатынасын реттеу, ал қайрымдылық институты қоғамдағы әлеуметтік жағынан аз қорғалған адамдарға, мүгедектерге, жетімдерге материалдық көмек көрсетеді. Осы пайдасы арқасында қоғамды нығайтады тұрақтандырады, дамытады. Ал әлеуметтік институттар адамдардың  әлеуметтік топтардың, басқа да қауымдардың нақты қатынастары мен өзара іс  қимылдарының әлеуметтік байланыстары негізінде құрылады. Біз атаған қорлардың балалар үшін ашқан үйлері оларды әлеуметтендірумен айналысты.

          Әлеуметтендіру мектепте іске асырылатын  болғандықтан да өтпелі кезеңдерде қиындықтар да кездесуі мүмкін. Оқушылар үлкен болды, бұл әлеуметтендірудің бір саласы, қоғамдық өмірге дайындық болып есептеледі. Біз, Алматы қаласындағы 62 - орта мектеп қазақ  араб мәдени  -  ағарту  орталығындағы жетім балалармен жұмыс істейтін тәрбиесінің орнын жоққа шығармау керек,дегенмен бізден балалар өз болашағына қажетті білімді де тәрбиені де алып жатыр»  - дейді.

         Сонымен халықаралық сипаттағы қайырымдылық қорларды пайда болуы Қазақстанның халықаралық  әлемдік жүйеге енуіне және нарықтық қатынастардың қиыншылықтарымен тікелей байланысты.

         Халықаралық қорлар ел алдындағы қиындықтарды саналы түрде ұғынды, соған сәйкес әлеуметтік жағынан тұрмысы нашарланға халыққа қайрымдылық  көмек көрсете бастады. Бұл сөз -  жеткізу мүмкін емес. Екінші жағынан, қайырымдылық жасаған қорлардың, кәсіпкерлердің игілікті  істері мемлекет тарапынан дәрежесінде қолдау тапты, әлеуметтік қолдау турлы заңдар қабылдағанда да ескерілді. Олай болса қоғамның демократилық принциптерді іске асыру барысында халықтың осы стратегия сенімін арттыруда. Халықаралық қайрымдылық ұйымдары үлкен үлес қосты. [17]

        Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленгендей Қазақстан Республикасы -  әлеуметтік мемлекет. Яғни, мемлекет өзінің бар мүмкіндігін, қамқорлығын өз қоғамының дамуына, ондаған азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге арнауға міндетті. Бүгін дейінгі қол жеткізген табыстарымызды таразылар болсақ, егеменді тәуелсіздік бізге тек қана ілгерілеуге және өркениетке қарай ашты. Енді еңкейген қарттарымздан бастап, еліміздің болашақ жастар осы бағытта тоқтаусыз жұмыс істеуде.

         Нарықтық қатынастарға көшу жағдайы және оған сәйкес республикамыздың экономикасының тұралап қалуына байланысты жетім балаларды, көп балалы аналарды, жалғыз басты қарттарды сонымен бірге тұрмыс жағдайы нашар азаматтарды әлеуметтік құқықтық және материалдық жағынан қамқорлыққа алу мәселе қоғам үшін маңызды сипат алып, оларды үкімет тарапынан табанды түрде талап етілуде.

          2030 жылға дейін «Қазақстан 2030» тұжырымдамасын Қазақстан халықының денсаулық сақтау, рухани толысу, өсіп өркендеу мәселесіне белгілі бір орын берілді. Осынау бір қоғамдық және ұлттық мәселелерді шешу мақсатында оған қол ұшын беру үшін Республикамыз міндетті.

 Енді  осы қайырымдылық ұйымдарына  және республика көлемінде атқарып  жатқан жалпы жұмыстарына жалпы  сипаттама берейік.

          Жаңа ғасыр мен мыңжылдық табалдырығында тұрған біздерді болашағымыз балалар қазір қандай күй кешуде деген сұрақ жиі мазалайды. Соңғы он жылда әлемнің әр түкпіріндегі қиян кескі соғыстың нәтижесінде 2,5 миллион баланың өмірі қиылып,бес миллион бала кемтар мүгедек болған, 12 миллиондай жеткіншектер мен балалар баспанасыз қалған. Соғыстың кесірінен он миллионға жуық жас балалар ақыл  -  есінен адасып, ой  - өрісі нашар дамыған немесе жүйке ауруына ұшыраған.

 Бейбіт  күннің қиындығы да аз емес. Дәлелдей айтсақ, дүниенің түкпір  түкпірінде 16 жасқа толмаған 2000мың бала өз салмағынан да ауыр мылтық қаруларын асынып, әскери міндетін атқаруда. 150 миллионнан астам бала зауыт  фабрикада, кен орындарында (жастары  14- 18 жас) өз тәндерін сатып,  азапты өмір кешуде. Осы жағдай Тайланд мемлекетінде ерекше орын алады. Аталмыш елде(14- 18 жас) 2 миллионнан астам қыздар жезөкшелікпен айналысып, өз болашақтарында «балта шабуда». [18]

         Сондай - ақ Парсы шығанағында Ирак  Кувейт жанжалына араласқан АҚШ және Батыс елдері әскерлерінің көбі жарық дүниеге кемтар ұрпақ әкелген.Осы соғысқа қатысқан әскерлерден туған балалардың 65 пайызы кемтар, жарымжан болып туған. Дегенмен де балалар үшін әлемнің талай елінде әр түрлі қамқорлықтар жасалуда. Түркияда әйгілі «балалар мемлекеті» атты ұлттық ойын-сауық орталығы жұмыс істейді. Ал, Иорданияның королі Хусейн мен ханзада Нұр екеуі ақылдаса отырып, құны миллиондаған доллармен бағаланатын «Бақшалы сарай»атты мекен  жайды жетім балалар орталығына сыйға тартқан. Америка Құрама Штаттарының Экс президентті Билл Клинтон өзінің жариялаған үкіметтік жобаларының бірін «балалар үшін» деп атағаны тегіннен   тегін емес болар.

        Дүние жүзінің көптеген елдерін халықтың өсуінен гөрі өлімінің  көбеюі қатты алаңдатады. Қазақстанда бұл проблема Франциямен салыстырғанда аса қауіп тудырмағанымен, бізде керісінше жетім балалар көбеюде. Халқымыз балажаңды және шаңырағында көп бала болғандығын ұнататын ұлттар санатында. Соңғы жылдары «тастанды балалар» жайында әңгімелер көп көтеріліп жүр. Дәл қазіргі уақытта қиыншылыққа төзе алмай өз балаларын тастап кетіп жатқан, аналар да аз емес.

         Лұқпан хакім айтқандай «Адам ұрпағымен мың жасайды». Ендеше, бүгінгі өміріміздің ертеңін жалғастырушы, болашағы   балғын балаларға қаншама қамқорлық жасасақ та көп емес. Ал, тағдардың жазуымен ата -  анасыз қалған, не болмаса жастайынан ауыр сырқаттың зардабын тартқан балалардың жөні бір бөлек. Оларға мемлекет тарапынан да жекелеген адамдар тарапынан да ерекше қамқорлық, жанашырлық керек.   

Алматы  облыстық « Балбөбек» балалар  қайырымдылық қоры мектеп жасына дейінгі жетім, панасыз қалған балалардың тәрбесі, олрады әлеуметтік жағынан қолдаумен айнылысады. Бұл қорды жазушы Зейнеп Әскербекқызы Ахметова басқарған. Бұл облыс әкімінің бастауымен жетім балаларды көзден таса, көңілден тыс қалдырмайық деген ұранмен табанды жүргізіліп келе жатқан жұмыстың жалғасы, жаңа бір белесі деуге болады. «Балбөбек» қорының негізгі мақсаты- денсаулығы нашар мүгедек балаларға көмек беру.[19]

        Сонымен бірге, талантты балалардың қанатын қомдап, келешекте ғылым мен өнер биігіне қалықтауға ықпал ету. «Балбөбек» балалар қоры өзінің жарғылық міндеттеріне сәйкес сауықтыру, қоғамды рухани жағынан жаңғырту үшін озық салт  дәстүр негізінде жас ұрпақты адамгершілік  әдептілікке тәрбиелеу; панасыз қалған балаларға көмек көрсету бағытында жұмыс істеуде.Жыл басынан(1998) бері қарай бұ бағдарламаға 1 млн. 126 мың теңгеге астам қаржы жұмсалған.

          Сауықтыру бағдарламасы бойынша Панфилов ауданы және Жаркент қаласында көп балалы отбасыларындағы ауру балалар үшін 131 мың теңгеге жуық қаржы жұмсалып, 21 жолдама алынған. Балалар Жаркент   Арасан,  Көктал   Арасан демалыс үйлерінде емделген. Талдықорған қаласындағы ата анасы мүгедек алты бала «Айналайын» сауықтыру лагеріне жіберілген. Сондай  - ақ аз қамтамасыз етілген 30 отбасына 151266 теңгенің нақты көмегі берілген. Азаматтардың өтініштері бойынша 280 балаға 130 мың теңгенің жәрдемі көрсетілген. Облыстағы балалар және сәбилер үйлеріне қайырымдылық көмегі ұйымдастырылған. « Балбөбек» қорының бастамасымен Еңбекшіқазақ ауданында Қазақстанның тұнғы рет «Тұсау кесер» тойы өткізіліп, онда Есік қаласындағы сәбилер үйінде 16 баланың тұсауы ұлттық дәстүрге сай кесілді.

Сонымен қатар, халқымыздың тағы бір өнегесі   өкіл әке белгілеу жаңғыртылды. 16 адам өкіл әке атанып, оларға «Балбөбек» қорының грамотасы тапсырылды. Осы той барысында Есік қаласындағы сәбилер үйіне ақшалай және заттай 1млн. Теңгеге жуық сыйлық жиналды.

          «Балбөбек»  салт - дәстүлер туралы кітапшалар, плакаттар шығаруды жоспарлауда. Соның ішінде Паршек ата ілімінің әдістерін жақсы түсіну үшін «Семь встреч мудрецов» атты кітапшалары жарық көрді. Онда әлем данышпандары денсаулық және рухани байлық мәселелері төңірегінде ой бөліседі, өйткені рухани тазалықсыз денсаулық жоқ екені бәрімізге аян. «Балбөбек» қоры Алматы облысының аудандарында тұратын балаларға мысалы, Райымбек, Күрті, Балқаш сияқты елді мекендерін аралап, азық - түлік, киім  - кешек таратып берді. Сөйтіп 1997 жылы 8 сәуірде Алматы қаласында қоғамдық «Балбөбек» балалар қайрымдылық қоры дүниеге келді. Бұл Республикамыздағы құрылған 19 -  балалар қоры.

          Нарық заңдылықтары тұрмыс  -   тіршілігімізге енгелі бері халық күнкөріс қамымен қалаларға, оның ішінде оңтүстік астана мәртебесіне ие Алматыға көп шоғырлануда. Бұл қаламыздағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайының төмендеуіне әсер етуші қосымша фактор болып отыр. Осы халық көп шоғырланған қаламызда кездесетін жәудір көздер саны күн сайын көбеюде.

          Алматы қаласында балалардың қоғамдық қорының ашылуы уақыттың өзі тудырып отырған елеулі оқиға. Өйткені қалада ата -  аналары тастап кетіп, қараусыз қалған балалар жеткілікті. Мәліметтерге жүгінсек, мұндай балалардың 70 пайызының ақыл  есі кеміс. Тоғыс арнайы мектеп  - интернатта жетілуі кем балалар оқып тәрбиеленуде. Ал, бөджет олардың толық қажеттілігін өтеуге жетпей жатады. Бұл қор өз жұмысын құрылтайшылармен басқа да қаржы көздерінен түскен қаражаттар арқылы жүргізіліп, денсаулықтарын түзеуге көмектесіп отыр. [19]

         Алматы қаласындағы тағы бір қор-«Эльдани» балалар қайырымдылық қоры. Бұл қор 1996 жылы мамыр айында Алматыда дүниеге келген. Негізгі мақсаты -   орталық нерв жүйесі зақымдалған сол аурулармен ауыратын балаларға көмектесу мақсатында емдеу орталығын ұйымдастыру. Осындай орталық Бішкек қаласында жұмыс істейді.  Ондай емдеу орталықтарында ауру балаларға қоғамның толыққанды азаматы сияқты оларға барлық мүмкіншіліктер жасалады: білім алуына, компьютерден сабақ алуына мәдени орындарға баруға, спортпен шұғылданып, оның өсу жолы да ойластырылған. Осы жоспарларды іске асыруда әр ай сайын 10 бала емделсе, қор құрылғалы екі жыл ішінде 200 адам көмек алды.

        Онда қаладағы ірі компаниялардың, серіктестіктердің көмегінің арқасында балалар үшін мерекелік іс шаралар өткізіліп, сыйлықтар дайындалды.  

3.3.  Қайырымдылық  шаралары  деңгейінің   өсуі  бүгінгі  қоғамымыздың  жалпы  адамзаттық  құндылықтарының көрсеткіші 

         Тәуелсіз еліміздің дамуын  өздерінін  өлшеусіз үлестерін қосқан, мәдени  және гуманитарлық салаларға  қайырымдылық, демеушілік көрсеткен  бір топ азаматтарға Ақордада Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев Мемлекет басшысының атынан Құрмет дипломын тапсырды.

         Қайырымдылық шаралары деңгейінің  өсуі бүгінгі қоғамымыздың адамгершілік  және жалпы-адамзаттық құндылықтарының  көрсеткішін айқындайды. Осы орайда  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саясатының арқасында бүгінгі қазақстандық бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің артуын ерекше атап өтуге болады. Қазіргі таңда біздің кәсіпкерлер қоғам алдында өзінің мақсатын жақсы сезінеді. Қайырымдылық жасауды азаматтық парызым деп білетін ондай жандарға қандай құрмет көрсетсе де жарасады. Олар әлеуметтік нысандар болып табылатын мектеп, ауруханаларды салып, көмекке зәру жандарға қол ұшын созып, ұлттық өнеріміздің өрістеуіне, саоауатты өмірдің қалыптасуына септіктерін тигізіп жүр. өытай ойшылы Конфуций айтқандай: «Өзгенің жағдайын жақсартуды мақсат тұтқан адамның өз жағдайы да жақсара түседі». Бір қуанарлығы біздің Отанымызда осындай қайырымды жандардың саны күн санап артып келе жатқаны көңілге медеу болады.

Информация о работе Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері