Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 20:46, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі егеменді Қазақстанда қайырымдылық ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл құбылыс бұрынғы Кеңес Одағы кезінде де орын алған, онда қайырымдылық істерімен мемлекет және қоғамдық орындар, ұйымдар айналысып отырған. Бірақ ол кезеңде қайырымдылыққа ресми тұрғыдан алғанда аса үлкен мән берілмеген. Маркстік идеологтар Кеңес қоғамын, социализмді әрбір адам толығынан қамқоршылық, қайырымдылық жасайтын қоғам деп түсіндірген. Сондықтан да қайырымдылықты арнайы бөлігі қарастырмады.

Содержание

Кіріспе
І Тарау Қайырымдылықтың даму тарихына шолу
1.1. Орта ғасырлардағы қоғамдық қайырымдылық кезеңі және классикалық кезеңге сипаттама.................................................................................................5
1.2. XVIII ғасырдағы қайырымдылық әрекетін жалғастыру үрдісі............7
1.3. Әр түрлі діни – наным, сенімдердегі қайырымдылық......................................................................................................9
ІІ Тарау Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық
2.1. XIV – XV ғасырдағы қазақ халқындағы қайырымдылық....................11
2.2. Егемен еліміздегі қайырымдылықтың дамуы........................................12
2.3. Республикамыздағы қайырымдылық қорлар және олардың ерекшеліктері........................................................................................................14

ІІІ Тарау Тәуелсіз еліміздегі қайырымдылық шараларының жүзеге асырылуы
3.1. Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттардағы қайырымдылық шаралары................................................................................................................22
3.2. Шет елдегі қайырымдылық жұмыстарының Қазақстанда жүзеге асырылуы...............................................................................................................25
3.3. Қайырымдылық шаралары деңгейінің өсуі бүгінгі қоғамымыздың жалпы адамзаттық құндылықтарының көрсеткіші..........................................31
Қорытынды.................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................34

Работа содержит 1 файл

Қ-н дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері.doc

— 230.00 Кб (Скачать)

          Батыс  Рим  Империясының  дағдарысы  «варвар»  деп   аталады.  Жорықтардың  күшеюімен   сәйкес  келеді.  ІV – IX ғ.  аралығында  халықтың  ұлы   қоныстануы  болды.  Оның  негізгі   белгілері  төмендегіше:

   1.  Патшалық.  Патшаның  жеке  қарауында  болды.  Ол  өзі  мұрагерлік  беруге,  сыйлауға,  бөлуге  құқылы  болды.

   2.  Патшалықтың  шаруашылық  басқарма  органдарының  біріккен  мемлекетті  басқару  органы  пайда  болды.

   3.  Ішкі  тұрақсыздық  және  патшалық  арасындағы  соғыс.  Тас  өңдеу  өндірісінің жоғалуына,  басқару мен билік жүйесінің құлдырауы себеп болды.  Бастапқы  және  классикалық орта  ғасыр феодалдар жағынан шаруаларға  жүктеледі.  Және  көптеген  міндеттемелермен  сипатталады (салық,  әр  түрлі төлемақылар).  Бұл  бағыттағы жетістіктерге Август  және  Храбри  жетті.

          Англиядан  өзгешелігі  патша   билігі  қызметтері  шектелмей   белгілі  салаларға  негізделді.  Осылайша  Батыс  Рим  империясының  құлдырауы  батыс  елдерінің   дамуына  үлкен  әсерін  тигізді.  Ұзақ  уақытқа  созылған  қиындықтар  кезеңіне  жаңа  Европалық  өркениет  пайда  болды. Мемлекеттік  қайырымдылық  қызметінің  әлсіреуінен  христиандық  шіркеуге  өтті.  Орта  ғасырда  барлық  шіркеулер  жаппай  үлкен  бір  маңызды  функцияға  көше  бастады.  Бұл  функцияның  ішіне  әлеуметтік  әлемді  қолпаштау,  әлеуметтік  қарама-қайшылықты  реттеу  жатады.  Себебі  көну,  кешіру  Құдай  алдындағы  тепе-теңдігі  туралы  уағыздарға  қарама-қайшылық  туындады.  Осыдан  кейін  барлық  әлем  жұртшылық  шіркеу  қайырымдылыққа  келуді  шақырды 
 

1.2.  XVIII  ғасырдағы   қайырымдылық  әрекетін  жалғастыру  үрдісі 

         XVIII  ғасырдың  ортасында  филантропия,  қайырымдылық  әрекетін  жалғастыру  француз  революциясына  енеді.  Ал  революция  елдегі  өндіріс  саласының  даму  қарқынын  жылдамдатуға  әсер  етеді.  Француз  әділет  басқармасының  1826 – 1886  жылдар  аралығындағы  статистикалық  мәліметтерінде  сауда  мен  өнеркәсіп  орындарының  қиыншылықтары,  өндіріс  банкроты,  еңбек  ақының  төмендеуі,  жұмыс  орнының  қысқаруы,  осылардың  салдарынан  елде  қылмыстың  аяқ  астынан  көбеюіне  әкеліп  соққанын  мәлімдеген.  Содан  мемлекет  адамдары,  филантроптар  өздерінің  жұмыстарын  жазалау  жүйесін  жаңаша  көрсету  мақсатына  арнады.  Сөйтіп,  олар ғасырдың  соңғы жүз жылы  ішінде  көптен – көп түрмелер,  түзеу колонияларын  салады.  Америка Құрама  Штатының  тәжірибесі  негізінде олар  түрмеге оңаша қамау түрін енгізеді.  Капитализм  әлемінде  қылмыспен күресудің мұндай  жолдары өз  нәтижелерін  бермеген  соң,  ағылшын  королі  Елизавета  дәуіріне  еліктеп  елде  қайырымдылық  мекемелерін  құру  қажеттігн  анықтайды.  Сөйтіп,  қоғамдық  көмек  ретінде  кедейлерге  азық – түлік,  ғалымдар  мен  студенттерге  ғылыми - тәжірибе  жасауға,  көшені  қаңғыбастардан  тазарту  үшін  олар  қонатын  баспана,  басқа  да  жағдайлар  жасайды.  Осылайша  буржуазияның  жеке  қайырымдылық  шаралары  тағы  құрметке  ие  бола  бастайды.  ХҮІІІ  ғасырдың  аяғы  мен  ХІХ  Германияда  прогрессивті  буржуазиялық  педагогикалық  ағым  дами  бастады.  Бұл  қозғалыс  Германия  мемлекетінің  саяси – экономикалық  жағынан  артта  қалған  кезеңінде дамиды. [3]

          Филантроптар  Локк  пен  Руссоның  идеяларына  үлкен  мән  береді.  Филантроптық  педагогикалық   ағымның  негізін  салушылар  деп  Иоганн  Бергард  Базедовты  (1724 - 1790)  санайды.  Базедов  филантроптық  педагогиканың  негізгі   принципін  былай  тұжырымдаған:  Табиғат!  Мектеп!  Өмір!  Былайша  айтқанда,  оқыту  мен  тәрбиелеу  арқылы  жас  адамды  буржуазиялық  ортадан педагогикалық қызметке  дайындау.  Нәтижесінде филантроптар  алғашқы рет өздерінің интернаттық оқу – тәрбие  мекемесін құрды.

          Оның  негізін  салушы  ғалым   Базедов  алғашқы  рет   филантропияда  жабық  түрдегі   тәрбие  мекемесін  бәрімізге  белгілі  «интернат»  деген  атпен  береді.  Ең  алғашқы  осындай  мекеме  И.Б.Базедов  Дессауда  1774 жылы  ашқан.  Бұл  мекеменің  аты  филантроптық  болғанымен,  онда  негізінен  ауқатты  адамдардың  балаларын  оқытуға  арнап,  жылына  200-250  талер  төлеген.  Мектепте  бұл  оқушылардан  басқа  6  жас  пен  18  жас  аралығында  кедейлердің  балаларын  қабылдап,  оларды  оқытып - тәрбиелеу  үшін  қайырымдылық  қаржысынан  көмек  беріліп  отырған.  И.Б.Базедов  филантроптық  жұмысты  1778  жылға  дейін  басқарады.  Ұйымдастыру  жұмыстары  мен  әрдайым  қаржының  жетіспеуіне  байланысты  1793  жылы  филантропия  жабылуға  мәжбүр  болады. 

          Америка  Құрама  Штаттары  тоқырау  жылдарында,  ел  экономикасы   терең  дағдарыста  болып,  жұмыссыздық елді  шарпыған,  халықтың  25 пайызы  тіршілікке  қажетті қаржысыз  қалады.  Күн көру  үшін  көпшілігі үйлерін сатып баспанасыз  қалған,  әсіресе,  әйелдер мен балалар қатты жәбірленеді.  Оларға  қалай да  болмасын  көмектесу  қажет  болады.  Сөйтіп,  1935 жылы  Федеральды  Үкімет  (Президент  Рузвельт)  «Велфер»  атты  бағдарламаны  қабылдайды.  Бұл  бағдарламаның  басты  мақсаты  жалғыз  басты  әйелдер  мен  балалар  және  жұмысқа  жарамсыз  адамдарға  көмектесу,  ал  екінші  мақсаты  әйелдерді  еңбек  рыногына  араластырмау.  Бағдарламаның  алдына  қойған  мақсаты  орындалған,  олай  дейтін  себебіміз,  әйелдердің  мемлекеттің  қайырымдылық  көмегіне  үйренгені  соншалықты,  оларда  жұмыс  істеуге  деген  ниет  ешуақытта  пайда  болмаған.  Америка  Құрама  Штатында  тұратын  үш  адамнан  құралған  отбасы  мүшелері  жылына  12 мың  доллар,  ал  Массачсетс  штатында  жылына  7,47 мың  доллар  алып  отырған.  Егер  осы  штатта  100 мың адам  жұмыс  істесе,  98,8 мың  адам - еңбек  еткісі  келмейтін  жалғыз  басты  әйелдер.  Себебі  мемлекет  оларға  мұқтажсыз  өмір  сүруге  мүмкіндік  жасаған.  Мемлекет  тарапынан  көрсетіліп  жатқан  әрбір  американдық  көмектен  басқа  әрбір  американдық  филантроптар  мен  ерікті  қайырымдылық  ұйымдарының  көмегіне  сенім  арта  алады.  Көптеген  осындай  қайырымдылық  үшеуін:  Корнеги  қоры,  Форд  және  Рокфеллер  қоры  қаржыландырады  екен.  Соңғы  25  жыл  ішінде  американдық  серіктестіктер  халықтың  әл – ауқатын,  тұрмысын  жақсарту  үшін  50  миллион  доллар  жұмсаған.  Елде  орта  есеппен  алғанда  барлық  ересек  американдықтардың  55  пайызы  қандай  да  болмасын  бір  ерікті  қайырымдылық  істеріне  қатысады  екен.  Олар  жылына  қоғамдық  жұмысқа  84  миллиард  сағат  жұмсап,  әрбір  американдық  өз  бюджетінің  1,8 пайызын  қайырымдылық  мақсатына  арнайды  екен.  Осыдан  түскен  қаржы  жекеменшік  колледждерді,  университеттерді,  ауруханаларды,  балалар  үйлерін,  соқырлар  мен  қарттар  үйлерін  және  Халықаралық  Қызыл  Крест мекемелерінің жұмысын қаржыландыруға  арналады  екен.[3]

 

1.3.   Әр  түрлі  діни – наным,  сенімдердегі   қайырымдылық 

          1054  жылы  құрылған  «Католик»   шіркеуі  қайырымдылық  көмек   көрсету  бойынша  үлкен   тәжірибе  жинақтады.  Қайырымдылық  шараларымен монахтар,  қайырымдылық  орталықтары айналысты.  Сонымен қатар жетімдерге  қолдау  көрсету,  кедейлерге  қайырымдылық  жасау істері  католик шіркеуінің  маңызды жұмысына  айналды.  Қайырымдылық  жасау аясында «Каритас» католик ұйымы  ерекше  қызмет  атқарды.  Бұл  халықаралық  ұйымдар  қазіргі  таңда  127  мемлекетте  жұмыс  жасайды.  XVI ғ. пайда болған  протестантизм қайырымдылық  жасаудан  католик шіркеуінен  өзіндік ерекшеліктерге  ие. 

          Реформаторлар  католик  қағидаларға  қарама – қайшылық  танытты.  Протестантизм  діни  тұрғыда  ең  алғаш  әлеуметтік  реабилитациялық  және  психотерапиялық  қайырымдылық  қызметінің  проблемаларын  көтерді.  Протестантизм  қайырымыдылқ  шараларының  институцианализациясына    бастама  салды.   

         Антикалық мемлекеттердегі қайырымдылық көмек көрсетудің  сипаттамасына Рим империясында  христиан  дінінің тарауына  байланысты  өзгерістер  енгізілді.

         Хрситиандық  моральге  сәйкес  барлық  адамдар,  соның  ішінде  еріксіз  адамдарда  түсігуге,  сезінуге,  қолдауға  лайық  деп  есептеді.  Антикалық  Греция  мен  Римде  қайырымдылық  көмек  көрсетіліп  отырды.  Яғни,  кедейлерге  нан,  ақша,  киім  таратылды.  Ал  дәулетті  адамдар  тарапынан  өнер  мен  ғылымға  меценаттық  жанашырлық  танытты.  Қайырымдылықтың  қатарына  Антикалық  дәуірде  басшылар  және  бай  адамдар  қамтылды.  Антикалық  кезеңде  ежелгі  Грецияда,  Афинада  кедейлерге  арнайы  қайырымдылық  көмек  көрсету  әлеуметтік  үйлерде  жүзеге  асырылды.

          Ал  Үндістандағы кейбір  қайырымдылыққа  байланысты  мәселелерді қарастыратын  болсақ,  олардың бірі  діни – наным,  сенімдермен тікелей байланысты  нашақорлардың пайда болуы болып саналады.  Үндістандағы  ең  негізгі ритуалдардың  бірі  отқа  слма  сусынын  құю.  Ол  сома  сусыны  өсімдіктерден  жасалынатын  болған.  Сонымен  бірге  Ежелгі  Үндістанда  суитцидтер,  әрі  осы  іс - әрекетті  жүзеге  асыруға  байланысты  себепшілер  мәселелері  талқыланды.

          Ежелгі  Қытай  тарихындағы  Шан  және  Чжоулықтар  ата – баба  рухына  табынантын  болған,  олар  өмірдегі  белгілі  бір  күштер  бізді  қорғап  жүреді  деген  ұстанымдарды  ұран  тұтты  және  оларға  арнап  құрбандық  шалды.  «Шицзин»  өлеңдер,  тақпақтар  және  арнайы  гимндер  жиынтығы  болып  табылады.  Мұнда  өздерінің  жақындары  үшін,  әсіресе  қарт,  қариямен,  ата – анамен  өсіп  келе  жатқан  балалар  үшін  еңбек  етілуі  керек  делінген  болатын.  Ежелгі  Қытай  тарихында  2  құқықтық  философиялық  бағыттың  мектептері  қалыптасты:  Конфуцийлық  және  легизм.  Қайырымдылық  жақындарға  жақсылық  жасау,  адамгершілік  мәселелері  этикалық  Қытай  философиясынан  бастау  алған.  Конфуцийдың  ойы  бойынша  байлық  пен  қайырымдылық  адамдардың  белгілі  бір  жағдайларына  байланысты  қалыптасады  дейді.        

         Ислам  дінінідегі  қайырымдылық.  Ислам діні  басқа да  ілемдік діндер  секілді тұлғаның  адамгершілік  қасиетінің  қалыптасуына  зор көңіл бөлді.  Құранда ір  түрлі моральдық нормалар  адам  туғаннан өлгенге дейінгі кезеңді қамтитын  нормалар  айқындалған.  Құранда қиын  жағдайға  душар болғандарға тек қана  қайғысына ортақтасып  қоймастан,  сонымен қатар көмек көрсетуді атап  айтқан.  Сонымен қатар Ислам дінінде жетімдерге  қолдау  көрсету,  зекет  беру  мәселелері  қамтылған.  Жетімдердің  мүліктеріне  басқа  адамдар  қолқа  салатын  болса,  тозаққа  барады  деген.  Және  құранда  ата-аналардың  өз  балаларын  өлтіруге  тиым  салынған.  Ересек  адамдар  құранға  сәйкес  бұрын  қайырымдылық  деп  есептегенімен,  қазіргі  таңда  мұқтаждарға  көмек  ретінде  салыққа  айналған  зекет  төлеу  міндетті.  Сондай-ақ  құранда  өз  құлдарына  қайырымдылық  көрсету  мәселелері  қарастырылды. [4]

          Мұхамед  Пайғамбар  кедейлерге  еңбек  етуді  үйрету  керек  және  өз  тұрмыс-тіршілігіне  қажетті  қаражатты  табуға  үйрету  керек  деген.  Ислам  дінінде  қайырымдылық  жасаудың  үш  түрін  бөліп  көрсетеді:

                   1)  қайырымдылық  жасау;

                   2)  садақа  беру;

                   3)  өзінің  мал-мүлкінің  бір бөлігін мүлкі жоқтарға  бөліп беру.       

         Иудаизим  және  қайырымдылық. Қайырымдылық  жасау  тәжірибесі  ежелгі  Еврейлерде  алғашқы  болып  қалыптасты.  Ежелгі  Еврейлерде  жақынына  көмектесу,  қайғысына  ортақтасу  туралы  адамгершілік  нормалары  болған.  Тальмудта  қайырымдылық  Цдака  «тура  бағыт»  ұғымымен  байланысты,  яғни  ауқатты  адам  материалдық  тұрғыдан  кедейлерге  көмектесу  керек.  Сонымен  қатар,  кедейлерге  арналған  арнайы  асханалар  құрылған.  Иудаизм  жолын  салушылар  арнайы  қайырымдылық  кассаларын  құрды.  Және  кедейлер  осы  кассаға  кезекке  тұрды.  Бұл  касса  құлдарды  сатып  алуға  және  кедей  келіншектердің  қалын-малын  төлеуге  жұмсалған.  Біртіндеп  келе  иудаизмде  әлеуметтік  көмек  көрсету  бағыттары  бекітілді:

                  1)  қайырымдылық  кассасы  арқылы  ақшалай  көмек  көрсету;

                  2)  азық – түлікпен  қамтамасыз  ету;

                  3)  киім – кешек  тарату.     
 
 

ІІ  Тарау.  Қазақстан  дамуының  әр  түрлі  кезеңдеріндегі  қайырымдылық 

2.1.  XIV – XV  ғасырдағы   қазақ  халқындағы  қайырымдылық 

          Қайрымдылық  қазақ  халқына  тән  қасиет  пе?

          Біздің  ойымызша,  сол  басқа  ұлттан  үлгі  алсақ  та  өзіміздің  қанымыз  бен  жанымызға  қайрымдылық  мінез  әбден  сіңген.  Арғы  тегі  сақтардан  бастау  алып,  түркі  тілдес  тайпалардан  бөлініп,  қазіргі  заманғы  рулы  ел,  ұялы  ұлт  болғанша  қазақ  халқы  ең  кем  дегенде  бес – алты  мың  жылдық  тарих  талқысынан  өткені  мәлім.  Оның  ең  басты  - халқымыздың  ұлттық  әдет – ғұрпына,  сана – сезіміне,ата – салтына,  азаматтық  ар – ожданына  ұялаған  ерекше  қасиеттері.  Қайрымдылық  қазақ    тіршілігінде  түрліше  іске  асырылып  отырған.  Біріншісі -  жылу  жинау  әдет – ғұрпы.  Мәселен,  әр  түрлі  себептерден  табиғат  апатының  салдарынан  малынан  малынан,  үй – жайынан  айрылып  қалған  адамдарға  ел – жұрт ,  ауыл – аймақ  дүние – мүлік,  мал  жинап  берген.

          Екіншісі – көрші – қолаңның,  ағайын – туыстың  жалғыз  аты  немесе  сиыры  өлсе,  оның  етін  көпшілік  болып  бөлісіп,  орнына  бірігіп  мал  сатып  әперуі.  Үшіншісі  -  алыс  сапарға  аттанғанда  кедей  қауымдастарына  сорпа – су  деп  ұсақ  малдан  қарасу,  мініске  деп  жылқы  беру, көлік деп көшуге ,  малға жем – шөп даярлауға қажетті түйе  беріп көмектесуі.  Төртіншісі – кедей – кепшіктерге жаз кезінде сауынға мал беруі.  Бай адамдар қашан болсын  кедей – кепшіктерге,  жетім – жесірлерге,  мүгедектерге, қайыршыларға жәрдем  көрсетіп  отырған.  Айта  берсек,  жетіп артылады.  Осының  өзі – ақ  қайрымдылық қазақы  қасиет  деуге болады.  Қазақ халқы қайырымды болудың қажеттігін  балаға  ес  кіргеннен бастап  айтып,  бойына  сіңіріп отырған.

          Ескіден  қалған  бір  тағылым – Асқақ  Темір  Қожа  Ахмет  Иассауидің  ескерткішін  салдырғанда  оның  бір  бөлмесіне  қазандық  жасап,  оған  60  шелек  су  сиятын  Тайқазан  орнаттырған.  Заманында  осы  қазанға  2,5 батпен  ақталған  бидай, 2,0 батпен  ет  салып пісіріп,  әр  жұма  мен дүйсенбі  күнднрі алыстан келген  табынушыларға ,  сопыларға,  мүриттерге, мүсәпірлерге,  дәруіштерге тамақ береді  екен.  Бұл – сонау XIV -XV   ғасырдағы қазақ еліндегі  қайрымдылық.  Бұрынғының  ауқатты адамдары  алдына деген мүгедек – мүсәпірлерге  мал – мүлік беріп,  ел  қатарына  қосқан.  Ертедегі  байлардың қайрымдылық істерге баруы да  бір жағынан қайрымдылық ,  екінші  жағынан отансүйгіштік сияқты.  Аурухана, мешіт,  шіркеу,  мұражай сияқты  орындарда салдыру  қашан  да  қай  халықта  болсын  бар.  Құнанбайдың  Қарқаралында  мешіт,  ал  Меккеге  барғанда  қандастары  тоқтайтын  қонақ  үй  салдыруы, сол  кездегі  бай  шонжарларлың  қайрымдылық  істері. [4]

Информация о работе Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері