Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 20:46, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі егеменді Қазақстанда қайырымдылық ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл құбылыс бұрынғы Кеңес Одағы кезінде де орын алған, онда қайырымдылық істерімен мемлекет және қоғамдық орындар, ұйымдар айналысып отырған. Бірақ ол кезеңде қайырымдылыққа ресми тұрғыдан алғанда аса үлкен мән берілмеген. Маркстік идеологтар Кеңес қоғамын, социализмді әрбір адам толығынан қамқоршылық, қайырымдылық жасайтын қоғам деп түсіндірген. Сондықтан да қайырымдылықты арнайы бөлігі қарастырмады.

Содержание

Кіріспе
І Тарау Қайырымдылықтың даму тарихына шолу
1.1. Орта ғасырлардағы қоғамдық қайырымдылық кезеңі және классикалық кезеңге сипаттама.................................................................................................5
1.2. XVIII ғасырдағы қайырымдылық әрекетін жалғастыру үрдісі............7
1.3. Әр түрлі діни – наным, сенімдердегі қайырымдылық......................................................................................................9
ІІ Тарау Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық
2.1. XIV – XV ғасырдағы қазақ халқындағы қайырымдылық....................11
2.2. Егемен еліміздегі қайырымдылықтың дамуы........................................12
2.3. Республикамыздағы қайырымдылық қорлар және олардың ерекшеліктері........................................................................................................14

ІІІ Тарау Тәуелсіз еліміздегі қайырымдылық шараларының жүзеге асырылуы
3.1. Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттардағы қайырымдылық шаралары................................................................................................................22
3.2. Шет елдегі қайырымдылық жұмыстарының Қазақстанда жүзеге асырылуы...............................................................................................................25
3.3. Қайырымдылық шаралары деңгейінің өсуі бүгінгі қоғамымыздың жалпы адамзаттық құндылықтарының көрсеткіші..........................................31
Қорытынды.................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................34

Работа содержит 1 файл

Қ-н дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері.doc

— 230.00 Кб (Скачать)

          Қайрымдылықты  ісләм  діні  де  қуаттайды.  Құран  Кәрім  мен  шариғат  оны  заңдастырылған.  Әрбір  мұсылманның  бес  парызының  ішінде  қайыр – садақа  беру  де  бар.  Біз  сияқты  нарықтық  экономикаға  көшіп  жатқан  мемлекетке  ізгілік  мәселелеріне  көңіл  бұрып  отыру  өте  қажет.  Кезінде  қандай  экономика  үстемдік  етпесін  әр  халықтың  ерекшелігіне  қарай  сапалық  белгісі  болады.  Мысалы,  кәрістерге – еңбексүйгіштік,  немістерге – тазалық, тыңғылықтылық,  американдықтарға – іскерлік,  жапондарға – қоғамдастық, қазақтарға – қайрымдылық  тән  екен.  Қайрымдылықты  сөз  еткенде  бүкіл  әлемнің  бедел  биігіне  көтерілген  Тереза  шешей  туралы  айтпай  кетуге  болмас.  Оның  қайырымдылық   жолы  тарихқа  өшпейтін  із  қалдырған.  Тереза  шешей  1950  жылдан  бастап  әр  түрлі  діни  бірлестіктер  ашып,  оны  қайырымдылық  орденіне  айналдырған.   
 

2.2.  Егемен  еліміздегі  қайырымдылықтың   дамуы 

          Қазақстан  Республикасының  Коституциясында  белгіленгендей,  Қазақстан  Республикасы  әлеуметтік  мемлекет.  Яғни  мемлекет  өзінің  бар  мүмкіндігін,  қамқорлығын  өз  қоғамының  дамуына,  ондағы  азаматтардың  өмір  сүру  деңгейін  көтеруге  міндетті.  Бүгінге  дейінгі  қол  жеткізген  қол  жеткізген  табыстарымыз – егемендік,  тәуелсіздік  бізге  тек  қана  ілгерілеуге  және  өркениетке  қарай  жол  ашты.  Дербес  мемлекетке  айналған  тұста  біздің  Республика  аграрлық  ел  еді.  Енді  халықтың  жартысына  жуығы  қоныстанған  жерлердегі  ұжымшарлар  мен  кеншарларға  қажетті  қаржы  тауып  беруге  жас  мемлекеттің  шамасы  келмей  қалды.  Содан  Үкімет  амалсыздан  ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарын  жекешелендірді.  Нәтижесінде  жұмыссыздық  басталды.  Халық,  әсіресе,  жастар  үлкен  қалаларға  көше  бастады.  Ресми  мәліметтерге  сүйенсек  1996 жылдың  аяғында  Қазақстандағы  халықтың  44 пайызы  ауылда  тұрған  екен,  ал  1997 жылдың  аяғында  бұл  сан  35  пайызға  дейін  азайған,  әлі  де  азаюда.  Еліміздегі  еңбекке  жарамды  адамдардың  258 мыңға  жуығы  жұмыссыз  екен.  Бұған  5,5 пайызы  ақысыз  демалыста  жүргендер  қосылады  және  де  барлық  жұмыссыздардың  41 пайызы  16  мен  29 жастың  аралығындағы  жастар.  Басқаша  айтқанда,  Қазақстанды  жаңа  ғасыр  «барысына»  айналдыруға  тиіс  жас  ұрпақ  жұмыссыздардың  жартысына  жуығын  құрап  отыр.  «...Қазақстанның  гүлденуі  үшін  Республиканың  барлық  халықтарының  ынтымақтасуына,  әр  адамның  бақыты  мен  бостандығына,  барлық  азаматтардың  материалдық  және  рухани  мәдениетін  көтеруге  қамқорлық  жасау» - дейді  ел  Президенті  Н.Ә.Назарбаев.  бұл  ретте  мемлекет  зейнеткерлер,  мүгедектер,  көп  балалы  отбасылар,  еңбекке  жарамсыз  азаматтар  алдындағы  өзінің  әлеуметтік  міндеттемелерін  толық  сақтауда.  Әлеуметтік  қолдау  ең  алдымен,  халықтың  онсыз  өмір  сүре  алмайтын  тобына  мақсатты  әрі  нысаналы  сипатта көрсетілуде.  Оған  дәлел «Қазақстан  Республикасының Үкіметі 1996  жылы  шілденің  18де  «Міндетті әлеуметтік  сақтандыру  туралы  заңын»  1997  жылы  маусымның 16-да  «Мүгедектігі  бойынша асыраушысынан айырылу жағдайы және  жасына  байланысты  берілетін  мемлекеттік  жәрдемақылар  туралы  заңы  осы  жылдың  20-шы  маусымында  «Зейнетақымен  қамсыздандыру  туралы»  заңы  және  1997 жылдың  10-шы  желтоқсанында  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Тұрмысы  төмен  азаматтарды  қолдау  жөніндегі  Жалпы  ұлттық  қор  туралы»  жарлығы  қабылданып,  онда  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  тұрмысы  төмен  азаматтарды  қолдау  жөнінде  жалпы  ұлттық  қор  құру  арқылы,  оның  қызметінің  негізгі  бағыттарын,  яғни  тұрмысы  төмен  азаматтарға  материалдық,  қаржылық  ресурстарды  беру,  қызметтер  көрсету,  әлеуметтік  бағдарламалардың  іске  асуына  жәрдемдесу,  облыстарда  халықтың  табысы  аз  топтарын  әлеуметтік  қорғау  жөніндегі  азаматтық  қайырымдылық  қорларын  құру  құрастырылған.  Нарықтық  қатынастарға  көшу  жағдайы  және  соған  сәйкес  республикамызда  экономиканың  тұралап  қалуына  байланысты  жетім  балаларды,  көп  балалы,  жалғыз  басты   аналарды,  қарттарды,  сонымен  қатар  жағдайы  нашар  азаматтарды  әлеуметтік, құқықтық  және  материалдық жағынан қамқорлыққа алу мәселесі  қоғам үшін  маңызды сипат алып,  оларды  үкімет  тарапынан дер кезінде шешу  табанды  түрде  талап  етілуде. [5]

          Қазақстан  экономикасы  баяу  дамығанымен  дұрыс  жолмен  келеді,  оған  қолдан  келгенше  үлес  қосып  жатқан  қайырымдылық  қорлары,  шетелдік  компаниялар.  Ғасырлар  бойы  ауыл – ауыл,  ата – ана,  ру – ру  болып  қауымдаса  тіршілік  кешкен  қазақ  қоғамындағы  әр  ауыл,  әр  ру  белгілі  батырлардың,  беделді  билердің  маңында топтасқан.  Сол дара  тұлға өзіне паналаған елді  жауға алдырмай,  аштыққа ұшыратпай,  аман – есен  өсіріп - өрбітуді  парызы  деп санаған.  Қазір де  беделді де  бірлікті  азаматтар маңына  бірігіп,  шаруашылықтарын жүргізе  бастаған  қожалықтар  мен шағын фирмалар  жұмысын да  осы дәстүрдің ұшынан  байқау  қиын  емес.  Тәуелсіз  қазақ мемлекетінің  жүріп өткен жолын зерттесек,  соңғы жылдар  ішінде  қазақстандықтардың  тұтастығын  мақсат  ете отырып,  күш – жігерді  нақты  экономикалық  және  қоғамдық   өмірді  жақсартуға  бағыттау  бет  бұрысын  байқауға  болады.

          Қазақ  халқының  өткені  бай.  Соңғы  жылдары  халқымыздың   өміріндегі  шарықтау  мен   құлдырауы,  қуанышы  мен   жеңісі  тарихтың  жарқын  беттерінен  орын  алған.  Тарихи  құнарға  бай  топырақтан  өнікті  дәнді  таба  білу – жалпы  өркениеттің  дамуында  жаңа белестерге  жетудің  алғышарттарын  құрары  белгілі.  Бұқаралық  ақпарат  мәліметтеріне  жүгінсек  елімізде  1  миллионнан  астам  мүгедектер  бар  екен.  Жылына  он  мыңға  жуық  ауру  еәрестелер  дүниеге  келетін  көрінеді.  Тек  Алматының  өзінде  екі  мыңнан  астам  мүгедек  балалар  бар  екен.  Оған  қоса  елімізде  бір  миллионға  жуық  алкоголиктер,  жазылмайтын  дертке  шалдыққандар  болса,  экологияның  бұзылуы,  атом  сынағының  зардабы,  бұған  қоса  жылына  он  мың  адам  өндірістен  мүгедектік  алатын  көрінеді.  Араққұмар  ата – анасынан  қашқан  балалар,  тастанды  сәбилер,  босқындар  күннен  күнге  көбейіп  бара  жатқан  сияқты.  Республика  бойынша  1995  жылы  «Қабылдап - реттеу»  мекемелерінен  8873  бала  өткен  болса,  1996   жылы  түскен  балардың  саны  11546-ға  жеткен,  ал  1997  жылы  «Қабылдап - реттеу»  мекемелеріне  түскен  балалардың  саны  өткен  жылдардағы  балалардың  санымен  салыстырғанда  36,4  пайыз  өскен.  Сөйтіп  Республикамыздағы  «Қабылдап - реттеу»  мекемелерінің  саны  19-ға  жеткен.  Өткен  1999  да  әлеуметтік  сипаттағы  шараларға  мемлекет  тарапынан  ерекше  маңыз  берілді.  Еңбек,  жұмыспен қамту,  әлеуметтік  қорғау  салаларының мамандары жергілікті  билік орындарымен бірлесіп,  соғыс және  еңбек ардагерлеріне,  мүгедектерге,  зейнеткерлерге  «қайырымдылық»  акцияларын  өткізу  барысында ақшалай,  азық – түліктей  көмектер  көрсетілді,  әлеуметтік  қолдау  айлықтары  ұйымдастырылып,  кіріптар  жандарға  материалдық  жағынан  түрлі  жәрдемдер  берілді.  «Қайырымдылық»  республикалық  акциясының  өткізілуі  Батыс  Қазақстан  облысында  жалғыз  басты  қарттарға  киім – кешек  жинауға  ықпал  етіп  177739  адамға  материалдық  көмек  жасалған.  Жамбыл  облысында  1576  адам  материалдық  көмек  алып,  97  бекетке  868  адамға  арнап  күнделікті  тегін  тамақтандыру  орындары  ашылған.  Шымкент  қаласында  40  коммерциялық  нүктеде  85  жалғыз  басты  қарттар  мен  мүгедектер  жандарға  күнделікті  тегін  ас  тегін  ұйымдастырылған.  Қаржы  көлемі  мен  тамақтандыру,  өзге  де  көмек  қомақты  болмағанымен,  осындай  қиын  уақытта  адам  тағдырына  деген  жанашырлыққа  үндеген  шаралардың  маңыздылығында  күмән  жоқ. [6] 
 

2.3. Республикамыздағы   қайырымдылық  қорлар  және  олардың   ерекшеліктері 

          Қайырымдылық – адамның  асыл  қасиеттерінің  бірі.  Кісінің   айналасындағы  адамдарға   деген  ықыласы  мен  көмегін,  адамгершілік  қарым – қатынастарын  білдіреді. 

        Қайырымдылық  ұғымының  екі   қыры  бар.  Бірі – рухани  – экономикалық  жағы  (басқаның  басына  түскен  ауыртпалықты  қабылдау),  екіншісі – іс-тәжірибелік   жағы  (іс  жүзінде  нақты   көмек  беруге  ұмтылу).

         Сондай – ақ,  қайырымдылық  этикалық  және  интеллектуалдық  болып  та  бөлінеді.  Этикалық  қайырымдылыққа  ұстамдылық,  жомарттық,  әділдік  жатады.  Ал  интеллектуалдық  қайырымдылыққа  даналық,  парасат,  ақыл – ой  тапқырлығы  мен  өткірлігі,  сезімталдық  жатады  Адам  өз  ұрпағына   қайырымдылықты  жастайынан  үйретіп,  адамгершілік  қасиеттерді  баулуға  ұмтылады.  Біреуге  жақсылық,  жан – жануарларға,  табиғатқа  қамқорлық  жасау – қайырымдылықтың  көрінісі.  Рақымды,  мейірімді,  жан  жылуы  мол адамды  қайырымды адам  дейді.  Ал  ешкімге жаны  ашымайтын,  жүрегінің жылуы жоқ,  қатыгез адамды  қайырымсыз  деп атайды.  Қайырымдылықты – мүсіркеушілік және  жарылқаушылық деп те  түсінуге  болады.  Ол  кейде кедей – кепшік,  жарлы – жақыбай  жандарға  көмектесумен,  қайыр – садақа  берумен де  көрініс табады. [6]

          Қазіргі  кезде  әлеуметтік  қорғау  жүйесінде  әлеуметтік  көмек  көрсетудің  13500  орындық  68  стационарлық  мекемесі  жұмыс   істейді,  көпшіліктің  назарынан   республикадағы  68  интернат  үйлері  де  тыс  қалмаған.  Президентіміз  2030  жылға  дейінгі  Қазақстан  халқына  жолдауында  денсаулық  сақтау,  рухани  толысу,  өсіп – өркендеу  жөнінде  де  көп   айтылды.  Оның  іске  асуы  үшін  біздің  әрқайсымыз  оған  өз  тарапымыздан  қолдау  көрсетуіміз керек.  Осынау  қоғамдық  және  ұлттық  мәселелерді шешу  мақсатында  оған  қол ұшын  беру  үшін  Республикамызда көптеген  қайырымдылық  қорлары жұмыс істейді.  Ол  қорларды  атқарып жатқан  қызметі мен алдына қойған  мақсат,  міндеттеріне  қарай төмендегіше  топтастыруға  болады. [7]

                   1. Балалар қайырымдылық  қорлары: а)  Республикалық «Бөбек» балалар қайырымдылық  қоры. б)  Еліміздің  облыс  орталықтары  мен  ірі  қалаларда  ашылған  балалар  қайырымдылық  қорлары.

     Алматы  облыс – «Балбөбек»  балалар  қоры, Алматы  қаласы  - «Алматы – Бөбек»,  Қызылорда  қаласы – «Ақ ниет  орталығы», Жезқазған  облысы – «Сәби»  орталығы,  Қарағанды  оьлысы – «Бота»  орталығы,  Орал  қаласы – «Бөбек»  қоры,  Семей  қаласы – «Жанашыр»  қоры,  Атырау  қаласы – «Балбөбек»  қоры,  Маңғыстау  облысы – «Бөбек» қоры,  Қостанай  облысы – «Болашақ»  қоры,  Көкшетау  қаласы – «Болашақ»  қоры,  Оңтүстік  Қазақстан  облысы – «Бөбек»  қоры,  Солтүстік  Қазақстан  облысы – «Балдырған»  қоры, Жамбыл  облысы – «Өркен»  қоры,  Ақтөбе  қаласы – «Ақ  бөбек»  қоры,  Шығыс  Қазақстан  облысы – «Бал -  бөбек»  қоры.

               2.  Мүгедектерге  қайырымдылық  көмек қорлары:

Тұрмысы  төмен  азаматтарды  қолдау  Жалпы ұлттық  қайырымдылық  қоры, Республикалық  «Бибі - Ана»  мүгедек  әйелдер қоры, «Жан»  атты  мүгедек балалар отбасына  көмек қоры, Республикалық  мүгедектер  қоғамы, Ауғанстан  ардагерлер  комитеті  қайырымдылық  қоры.

              3.  Рухани  қорлар:

«Шапағат»  қоғамдық  қайырымдылық  қоры, «Иман»  қайырымдылық  қоры,

«Қазығұрт»  қайырымдылық  қоры, «Қазақстан  Мұсылман  Орта  Азия  комитеті» қайырымдылық  қоры,  «Арыс»  қайырымдылық  қоры, «Фатима»  мұсылман  әйелдерінің  діни  қайырымдылық  ассоц-сы, «Ұшақтағы  госпиталь»  халықаралық  ізгілік  қоры,  Халықаралық  «Ақ  ниет»  ізгілік  қоры,  Мәдениет  пен  өнерді  қорғайтын  қор,  Халықаралық  рухани  бірлестік  конгресі  қоры,  «Ардагер  қаламгер» қайырымдылық  қоры,  «Абу - Даби»  қайырымдылық қоры,  «Қоныс» қайырымдылық  қоры,  Рухани  және  моральдық  білім  беретін  халықаралық ұйымы,  «Қожа  Ахмет  Яссауи»  қайырымдылық  қоры,  Халықаралық  «Нәзір»  қоры.

             4.  Халықаралық қайырымдылық  қорлар:

«Сорос - Қазақстан»  қоғамдық  қайырымдылық  қоры,  Халықаралық  американ  қайырымдылық  корпусы, Спешиал  Олимпикс  Интернеишл  халықаралық  қайырымдылық  қозғалысы,  «Helping  Haandds  International» - «Руки  помощи» - «Қол  ұшын  беру» - қайырымдылық  қоры,  SOS – Киндердорф  Интернационал  қайырымдылық  қоры.

           5.  Тұрмысы төмен азаматтарға қайырымдылық  көмек қорлары:

Тұрмысы  төмен  азаматтарды  қолдау  жөніндегі жалпы ұлттық  қор, Д.А.Қонаев  атындағы  зейнетақы  қоры.

     Қазақстан Республикасы халықаралық  қауымдастыққа енуімен көптеген өркениетті елдерде қалыптасқан әлеуметтік әрекеттерді қабылдады және де олардың кең көлемде дамуына жағдай жасады. Мемлекеттер арасындағы қатынас әлеуметтік тілектестікке негізделді. Қазақстанның әлеуметтік қауымдастыққа енуі дәстүрлі өмір салтын өзгертті. Әлем елі өзара қауымдастыққа революциялық  жолмен жүру арқылы енеді деген көзқарас күйреді. Адам баласы қоғамында глоболизация деп аталатын - жаңа кезең пайда болды. Халықаралық ұйымдардың өзара қарым-  қатынасы күшейте түсті, соның нәтижесінде әлеуметтік ұйымдар, олардың ұйымдастырушылары өзара кең түсінікте бола бастады.

     М. Вебердің пікірінше социологияның  негізгі мақсаты  әлеуметтік  әрекеттерді оның себептері арқылы  түсіндіру  болып табылады. Халықаралық  әлеуметтік ұйымдардың өзара әрекеттері адамдардың өз ісіне  өзі мән беру арқылы жасалатын және ол іске асырылған жағдайда жауап қайтару мүмкіндігі ескерілетін іс- қимыл.[8]

     Сондықтан әлеуметтік әрекетті  түсіндіру үшін ең алдымен  әрекеттерінің  өз ісіне берген  мағынасын анықтау қажет екіншіден әлеуметтік әрекеттің себептік мотивтерін анықтау қажет. М. Вебердің пікірінше әлеуметтік әрекеттер үлкен әлеуметтік өзгерістерге әкеледі. Сондай ақ әлеуметтік әрекеттер институттар мен топтардың іс- әрекет сипатына әлеуметтік ықпал етеді. Сөз жоқ, өркениетті елдердегі әлеуметтік әрекеттер бірінші кезекте қайырымдылық ұйымдарының  өзара қарым -қатынасын жақсарта отырып, қоғамның тұрақталуына толық әсер ете бастады.

      Қазақстан Республикасы халықаралық  қауымдастықтың белсенді мүшесі. Соның нәтижесінде оның өтпелі кезеңдегі қиыншылықтарына қол ұшын беріп, халықтың әлеуметтік жағдайына көмектесу халықаралық сипат ала бастады. Бүгінде әлем түбірінен өзгерді, дүние жүзілік саясат өткен ғасырлардын өзгешелене түсті.

      Бұл күнде дүние жүзіндегі бірден- бір беделді де белсенді гуманитарлық қоғамдық қайырымдылық ұйымының бірі - халықаралық Қызыл Крест Комитеті. 1863 жылы швецариялық коммерсант Анри Дюнанның бастамасымен жаралы адамдарға тұрақты көмек көрсету үшін Халықаралық Қызыл Крест Комитеті құрылған. [9]

      1864 жылы Женева қаласында Дипломатиялық  конференция болып, онда 12 мемлекеттің  өкілдері Халықаралық келісім  шартқа қол қойған. Ал 1876 жылы  бұл Халықаралық Қызыл крест  Комитеті болып аталды. Осы қозғалыстың  негізін салушы Анри Дюнанның туған күні құрметіне «8 мамыр бүкіл әлемдік Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Қоғамының» күні деп белгіленді.

      Бұл қоғам Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1992 жылғы Республика Президентінің Жарлығына сәйкес өз жұмысын атқарып келеді. Қоғам негізінен қарулы қақтығыстарда зардап шеккендерге көмектесу, табиғат апаттары жайдайында қол ұшын беру, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жәрдемдесу, халықаралық гуманитарлық құқықтық принциптерін орындау, шетелден мемлекетімізге  гуманитарлық көмек ұйымдастыру, сондай- ақ ұлттық қоғамды нығайту жөніндегі жарғылық қызметіне сүйеніп жұмыс шақта, яғни қарулы қақтығыстар, соғыс кезінде, сондай- ақ ірі табиғат апаты жағдайында тек ұлттық Қоғам ғана заңды түрде  шет мемлекеттерге шығып, Қызыл Крест және Қызыл Ай қозғалысына кіргендіктен, соның бір бөлігі саналатын, бүгінде Алматы қаласында орналасқан халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай Федерациясының өкілдері арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтарды, ақпараттарды біліп отыруға құқы бар.[11]

Информация о работе Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері