Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 20:46, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі егеменді Қазақстанда қайырымдылық ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл құбылыс бұрынғы Кеңес Одағы кезінде де орын алған, онда қайырымдылық істерімен мемлекет және қоғамдық орындар, ұйымдар айналысып отырған. Бірақ ол кезеңде қайырымдылыққа ресми тұрғыдан алғанда аса үлкен мән берілмеген. Маркстік идеологтар Кеңес қоғамын, социализмді әрбір адам толығынан қамқоршылық, қайырымдылық жасайтын қоғам деп түсіндірген. Сондықтан да қайырымдылықты арнайы бөлігі қарастырмады.

Содержание

Кіріспе
І Тарау Қайырымдылықтың даму тарихына шолу
1.1. Орта ғасырлардағы қоғамдық қайырымдылық кезеңі және классикалық кезеңге сипаттама.................................................................................................5
1.2. XVIII ғасырдағы қайырымдылық әрекетін жалғастыру үрдісі............7
1.3. Әр түрлі діни – наным, сенімдердегі қайырымдылық......................................................................................................9
ІІ Тарау Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық
2.1. XIV – XV ғасырдағы қазақ халқындағы қайырымдылық....................11
2.2. Егемен еліміздегі қайырымдылықтың дамуы........................................12
2.3. Республикамыздағы қайырымдылық қорлар және олардың ерекшеліктері........................................................................................................14

ІІІ Тарау Тәуелсіз еліміздегі қайырымдылық шараларының жүзеге асырылуы
3.1. Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттардағы қайырымдылық шаралары................................................................................................................22
3.2. Шет елдегі қайырымдылық жұмыстарының Қазақстанда жүзеге асырылуы...............................................................................................................25
3.3. Қайырымдылық шаралары деңгейінің өсуі бүгінгі қоғамымыздың жалпы адамзаттық құндылықтарының көрсеткіші..........................................31
Қорытынды.................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................34

Работа содержит 1 файл

Қ-н дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері.doc

— 230.00 Кб (Скачать)

     Ұлттық қоғамның әлеуметтік жағдайы нашар адамдарға көмектесу жөніндегі жобалары мен бағдарламаларын қазір Халықаралық Федерация қаржыландырып отыр. Дүние жүзіндегі ұлттық қоғамдар қаржылай табыс көзін негізінен қайырымдылық жасаудан, мүшелік жарналардан, мемлекеттік қызметтен түскен табыстардан алады. Қызыл Крест және Қызыл Ай Халықаралық Федерациясының штаб-  пәтері Женевада орналасқан.

     Қоғам соңғы бес жыл көлемінде Республикадағы тұрмысы нашар әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға, сондай- ақ мемлекттік емдеу мекемелеріне барлығы 40 миллион АҚШ доллары көлемінде көмек көрсеткен. 1997 жылы бұрынғы Семей облысына жалпы бағасы 1 миллион 263 мың долларға 19 контейнер азық- түлік жіберілсе, бұрынғы Көкшетау облысына 1,8 миллион долларға азық- түлік партиясы бөлініп, ол 9 ауданның 22 мың тұрмысы нашар отбасыларына таратылып берілді. Ал жетім балалар үйіне 332 мың доллардың киім-кешегі үлестірілген. Сондай- ақ Германияның Қызыл Кресінен келген жалпы сомасы 5 миллион 433 мың неміс маркасы болатын дәрі- дәрмек, медициналық хирургиялық құрал -жабдықтар, ауруханалық құралдар  Қазақстанның сегіз облысындағы мемлекеттік ауруханаларға бөліп берілген.

      Қазір Жапон Қызыл Крест мен түрік Қызыл Айынан минералды сулар құю жүйесінен орнатуға қаржы бөлінсе, Германия, Ирландия Қызыл Крестерімен кішігірім наубайханалар, диірмендер, тамақ өнімдерін шығаратын мекемелер ашу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Ал Нидерланды, Франция мен Норвегия қоғамдары медициналық спирт шығаруға, дәрі дәрмектерді орайтын цехтар, тұрмысы төмен адамдар үшін дәріхана ашуға ниет білдіруде.

      Қазақстан Қызыл Крест және Қызыл Ай Ұлттық Қоғамы   елімізге қайырымдылық шараларын жасауда, ал бүгінгі таңда елімізде мейірімділік қызметінің көмегіне мыңдаған адам мұқтаж болып отыр. Олардың саны ұдайы өсіп келеді. Жер жерде қайырымдылық  асханалары ашылып, онда бір мезгіл мұқтаж адамдар тамақтануда. Қаладағы жалғызбасты зейнеткерлерге, мүгедектерге, көп балалы  отбасының мүшелеріне, сондай ақ тұрмыс жағдайлары тым төмен жандарға арналған қайырымдылық шараларының қаржысын Халықаралық  әйелдер клкбы мен Қазақстандағы шетелдік дипломаттардың жұбайлары бірігіп, өз қолдарымен жасаған бұйымдарын жәрмеңкеде сатып, қайырымдылық көмегін көрсетіп отыр.

       Америка Құрама Штатының Нью-Йорк қаласында «Ашық қоғамдық институтының» ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының қоғамдық қорлар жөніндегі заңына сәйкес Қазақстанда 1994 жылы құрылған «Сорос- Қазақстан» қоғамдық қайырымдылық қоры 1995 жылы шілде айында Әділет министрлігі арқылы тіркелді. Оның құқықтық құрылымы- қоғамдық қайырымдылық қор. [12]

    «Сорос  Қазақстан» қоғамдық қайырымдылық  қоры. өз жұмысын Республикамызда  коммерциялық негізде емес, білім, мәдениет, ғылым, құқық қорғау, азаматтық қоғам және қоршаған ортаны, денсаулық сақтау, тіл білімдері саласында жүзеге асырады.

     Ол тапқан табысының жартысына  жуығын шамамен 300 миллион американ долларын қайырымдылық мақсатқа жұмсайды. Қазірде аты әлемге әйгіленген қаржыгер, осынау маңдай алды миллиардер ақшасын ізгі мақсаттар жолына аямай, оңды- солды шашып жатқан жомарт жан адамсүйгіш қайырымды филантроп қана емес, сонымен бірге өзінің ұстанған өмірлік қағидалары хақында пікір көзқарастарын белгілеп, ондаған құнды еңбектер жазған философ.

    Джорж Сорос жоқшылықты көрген, жалаңаяқ жарлының да күйін кешкен, эмигрант болудың да зардабын тартқан. Сөйтіп жүріп, Лондандағы экономика мектебін бітіріп, бірнеше фирмаларда түрлі қызметтерді атқарады. 1969 жылы оның инвестициялық мансабының шұғыл өрлеуі басталады. Сорос кейіннен дүние жүзілік даңққа бөленген « Квантум групп» фирмасының басшы иегерінің бірі болды. Жұмысты қарызға алынған төрт миллион доллардан бастаған бұл фирма төрт миллиардтан астам қаржыға қожалық етеді. Жыл сайын 35 пайыз өсім беріп отырған

     «Квантум групп»  Сорос компаниясының біреуі ғана. Джордж сорос бір-ақ күнде 958 миллион доллар табыс табады. Сол бір-ақ күнде атақ даңқы айдай әлемге жайылады. Сорос қорлары ширек ғасырда әрбір жұмыс күні сайын орта есеппен 750 миллион доллардың құнды қағаздарын сатып және сатып алып отырады. [13]

Сексенінші  жылдардың басына қарай ғаламат  көп мөлшерде тапқан ақшасын ол, өз сөзімен айтқанда «қанша тырысып, қанша шашса да өз қара басына жұмсап тауыса алмас еді». Енді Джордж Сорос қайырымдылық қорларын құра бастады. Джордж Соростың бірқатар қорларының мақсаты-ақша жасау болса, оның басқа қорлары сол ақшаны үлестірумен айналысады.

     Бір қызығы Джордж бала кезінен бастап  ақ өзін өмірге  үлкен істер тындыру үшін келдім деп ойлайтын. Ол Будапеште 1930 жылы  еврей отбасында дүниеге келген. Әкесі мен шешесі  оған Дырдв Шорош деген венгер есімін береді. Кейіннен ол оны Джордж Сорос деп ағылшын мәнеріне өзгертеді. Әкесі Триводор Шорош өзінің кіші ұлы үшін еліктейтін үлгі болған. Ал анасы Элизабет болса оны өнерге музыкаға, білім  ғылымға үйірсек етуге тырысады. Отбасында бәрі венгерше сөйлегенімен Джордж өзінің қабілеттілігі арқасында неміс, ағылшын және француз тілдерін үйреніп алады.

     Сорос есімін әлемге жайған  қасиеттерінің бірі -  оның қайырымдылығы.Бүгінде  «Сорос» қоры әлемнің 31 елінде  бар. Тек 1994- 1999 жылдары ғана  филантропиялық мақсатқа 1 миллиард  доллардан астам қаржы бөлінген. Кейінгі деректерге қарағанда соңғы уақыттарда ашық қоғамдарды қолдап дамыту үшін жыл сайын 350 миллион доллардан астам қаржы жұмсалады. Ашық қоғам орнатуды алдына мақсат етіп қойған Джордж Сорос саясат пен экономикаға қатысты көптеген ғылыми еңбектердің де авторы. Осындай әлемдік ауқымдағы ірі тұлғаның, қоғамдық қайраткерлердің, қалмады. Республикамыздағы мәдениет пен білім, денсаулық сақтау мен экология және басқа рухани әлеуметтік салаларды дамытуға өз үлесін қосып, сегіз жылдан бері Алматыда құрылған « Сорос- Қазақстан» қоры атқарған жұмыстар да айтарлықтай.

     Әзірге бұл қорға жыл сайын бөлініп отырған қаржы 3 4 миллион доллар аралығында. Мемлекеттік ұйымдардан тыс қайырымдылық қызметпен айналысатын Сорос қорлары азаматтық қоғмады нығайту, демократияны жетілдіру бағытында игі жұмыс жүргізіп келеді.

     «Біздің негізгі міндетіміз- мемлекеттік емес ұйымдарға көмек бере отырып Қазақстандағы демократиялық дамуға қол ұшын беру»- дейді қордың атқарушы директоры. «Сорос- Қазақстан» қоры мектептер үшін дәстүрлі ұйымдастыратын гранттардер аталатын сайыстың нәтижесінде жеңімпаз атанған 36 қала және ауыл мектептеріне 198000 АҚШ долларын сыйлыққа ұсында. Сонымен қатар, Сорос-Қазақстан қоры Республика білім Министрлігімен келісе отырып, білім саласында жан-  жақты игі бағдарламалар жасады.

     «XX  ғасыр суретшілер» атты Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында Алматы балалар көркем сурет мектебінің «Сорос- Қазақстан» қорымен бірігіп ұйымдастырған оқушылар көрмесі өтті. Сонымен қатар «Интернат» бағдарламасының екінші кезеңі жалғастырылды. Осы бағдарлама бойынша Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Жезқазған қалаларының ең таңдаулы бес мектебі әлемдік ақпараттық «Интернет» жүйесіне қосылуға мүмкіндік  алды. Ал ағылшын  тілі бағдарламасы бойынша Британ кеңесімен келісе отырып, радио мен тележурналистер үшін арнайы курстар өткізілуде.

     «Сорос- Қазақстан» Республикамызда  ашық қоғамның орнауы және  дамуына ықпалын  тигізу мақсатын  ұстана отырып, өз қызметін негізінен  мәдениет, білім, ғылым, құқық,  экономика, экология, денсаулық сақтау тағы басқа да гуманитарлық салаларда жүргізіп келеді. Бұл ретте қор Республикадағы үкіметтік емес ұйымдарды, білімнің барлық деңгейдегі жаңа жобаларын қолдайды, жоғары оқу орындарының студеттері мен мектеп бітірушілеріне оқуын шет елдерде жалғастыру үшін стипендиялар мен гранттар бөледі, халықаралық гуманитарлық ғылыми конференцияларға қатысатын ғалымдарға көмектеседі.

      Қор атқарып жатқан жұмыстарды  түгелдей санасалап шығу мүмкін  емес. Мәліметтерге жүгінсек, «Тәй- тәй» (балалар бақшасына арналған), «Мектептерге көмек», «Оқулықтармен қамтамасыз ету», «Оқулықтар», «Ағылшын тілі», медицина, жоғары білім беруді қолдау,  мәдениет пен өмір, мәдени байланыстар, Тәуелсіз бейне өнер, кітапханаларға қолдау, Орталық Азия форум, Құқықтық реформа, Ақпараттық орталық, Интернат электронды пошта», тағы басқа бағдармаларын жүргізу және дамыту үшін қор үш миллионға жуық АҚШ долларын жұмсап, мысалы өнер мен мәдениет бағдарламасы бойынша республикадағы мәдениет мәселелерін көтеретін журналдар, атап айтқанда «Жұлдыз», «Жалын», «Парасат», «Простор», және « Аполлинарий» компьютерлік сапалы құрал- жабдықпен қамтамасыз етілгенін, он сурет каталогы шығарылып, әлемдік музейлерге жіберілгенін, бірнеше семинарлар мен сайыстар өткізілгенін айтуға болады. Осындай қайырымдылық шараларына қор алғашында 4,5 миллион доллар жұмсаса, кейіннен қайырымдылық мақсатқа 5,5 миллион доллар бөлініп отырған.

      Қазақстан Республикасы экономикасының  дамуына көптеген шетелдік компаниялар  мен қорлардың үлесі зор. Соның  бірі- Халықаралық американ қайырымдылық корпусы. Ол 1993 жылдан бастап Қазақстан рыногінің пайдасына қызмет етуде. Өз жұмысын ол азық- түлік өнімдерін таратудан бастаған. Бес мың тонна әр түрлі азық- түлік өнімдерін балалар үйіне, мектеп  интернаттарға, мүгедектерге, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, жағдайы төмен отбасыларына таратумен айналысты. Еліміздің көптеген ауруханалары мен емханаларына қазіргі талапқа сай жабдықталған бағасы 1 миллион АҚШ долларынан астам тұратын медициналық құрал жабдықтар әкелінді.Енді өз бағдарламаларын әрі қарай іске асыру мақсатында шағын ауылшаруашылық бизнесіне қаржылай, яғни 5 миллион АҚШ доллары көлемінде көмек көрсетуді көздеуде.

      «Helping Hands International» - «Руки помощи»-  «Қол ұшын беру» Халықаралық  қайырымдылық  қоры Қазақстан республикасында іс әрекет етеді. Бұл шағын фирманың негізін қалаушы американдық Джоан Талман. Фирманың негізгі мақсаты-    қайрымдылық.1994 жылы Джоан алғаш рет Қазақстан елімен танысу мақсатында алматыға келді. Джоанның айтуынша: 1993 жылы Америкада көптеген газет журналдар Қазақстан, ондағы қазақ халқы, оның проблемалары, мұн мұқтажы жөнінде жазған. «Қазақстан мені қатты қызықтырды,»-дейді Джоан. Себебі, ол егеменді ел ретінде алғашқы қадамдар жасап, әрекеттенуде. Осындай кезде оған көмек керек. Сондықтан мен қиын кезеңде көмектесу үшін келдім. Менде үлкен көмек қаржылары. Менің анам айына маған 20 доллар жіберіп отырады, менің ойымша, тіпті жалғыз адамдар да өмірге өзгеріс енгізе алады. Тіпті бақытсыздыққа ұшыраған екі үш адамға көмек көрсету арқылы өз пайдамды тигізу үшін Қазақстанға келдім. [16]

      Ол өзінің алғашқы сапарында  жергілікті әкімшілік орындарында,  емханаларда болып, мектептерді  аралады, Алматы көшелерінде адамдармен  танысты. Дүкендер алдында көмек  сұрап тұрған әжелермен сөйлесіп, оларға дүкеннен азық- түлік сатып алып берді.  Американдық Джоанның Қазақстанға алғашқы сапары 7 айға созылды. Осы мерзім ішінде ол көрген, ойына түйгендерімен өз Отанына нақты мақсаттармен оралды. Өз елінде ол көрген  білгендерін Отандастарына айтып, қаржы жинап, Алматыда орналасқан облыстық балалар емханасына  дәрі дәрмек салынған контейнер, ал екінші сапарында Алматыда танысқан ауру әйелге көмектесу мақсатында, өз еліндегі дәрігермен келісіп, оның жолына қаржы дайындап, емделуге мүмкіндік жасады. Жерлесіміз Америкада операция жасатып, науқасынан құлан таза айықты.  Джоаннын айтуынша: « Адамдарды ұлты, нәсілі, дініне қарамастан, біз халыққа көмектесуіміз қажет. Әрбір адам -  өзінше бір үлкен арал. Нағыз адам  ол қасындағы адамдарға көмектесу арқылы бақытты». Халықты жұмыспен қамтамасыз ету, кедейшілікке қарсы күрес, кемтарлар мен зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау ғаламдық проблеманың бір саласы. Дамыған капиталистік елдердегі халықты әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету бағдарламасы  жүйелі іске асырылуда, ал қайырымдылық  та осы жүйенің бір құрамдас бөлігі.

       XX ғасырдың 30 жылдарынан бастап АҚШ  және басқа да дамыған капиталистік  елдер, олардың халқы қажет  болған жағдайда басқа елдерге  көмек бере бастады.

       Сондықтан да біз өз жұмысымызда  сол елдердегі осы саясатқа соның ішінде АҚШ-  тың әлеуметтік саясатының жүйесіндегі салаларына қысқаша қорытынды жасауды орынды деп санадық. Себебі, оларды демократиялық даму жолына түскен барлық елдер зерттеуде. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІІ  Тарау. Тәуелсіз  еліміздегі  қайырымдылық  шараларының  жүзеге  асырылуы 

3.1. Қазақстандағы балалар  үйі мен интернаттардағы  қайырымдылық шаралары 

     Бала- тең құқылы тұлға. Ол өмір  сүруге, толық дамуға, кері әсерлерден, қатал қарым  - қатынас және  эксплуатациядан қорғануға, сондай   ақ толық отбасылық мәдени және қоғамдық жұмыстарға қатысу құқылы. Дегенмен ата  - аналарды балаларының білі алуы мен материалдық қажеттіліктерімен қамтамасыз етуге құқылы. Барлық жас балалар білім алуға,өмір сүруге, медициналық көмек алуға құқығы бар.

     Кедейшілік жағдайында өскен  және жетім баланың психологиялық  және физикалық денсаулығы нашар,  үлгерімі төмен басқа балалармен  қарым -  қатынас жасауға мүмкіншілік  жоқ болады.

     Осы ретте Республикамыздағы  Халықаралық « Бөбек» қайырымдылық қорының тындырып жатқан ісін айрықша айтуға болатыны ақиқат. Республикалық «Бөбек» қайырымдылық қоры алғаш рет 1992 жылы 27 наурызда Республикалық «Бөбек» қайырымдылық қоғамдық балалар қоры Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркелді. «Қазақстандықтардың болашағы, ұлттық генофондты сақтау жолында аналық жүрекпен, ұлтжанды сезіммен жұмыс ісету парасаттылық пен ақниеттілікті қажет етеді»- дейді республикалық «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті. Содан бері бұл қор Республика жеткіншектерінің дұрыс қалыптасуы, дамуы жолында өз жұмысын жемісті жалғастырып келеді.

     Оның негізгі мақсаты-   әлеуметтік  тұрмыс жағдайы нашар отбасынадғы  балаларға, олардың ұлтына және  дініне қарамастан көмекке мұқтаж  ұл-  қыздардың жағдайын жақсартуға  қайсыбір мәселелерді шешуге қоғам мен үкіметке жәрдемдесу. Әсіресе, ата-  ананың аялы алақанына зәру жетімдерге, экологиялық апат аймақтарында тұрып жатқан ауру- сырқау және жалпы мүгедек балалрға қамқорлық жасауды өз жұмыстарына басты бағдар еткен.

Информация о работе Қазақстан дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі қайырымдылық түрлері