Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 15:52, курсовая работа
Әрбір мұғалім оқытудың мақсаттарын, оқу-әдістемелік кешеннің (ОӘК) мазмұнын, оқыту жүйесі мен тәсілдер жиынтығын білуі, білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін шығармашылықпен пайдалана білуі керек. Басқаша айтқанда, әрбір мұғалім ағылшын тілін қазіргі заманғы әдістемелік теорияның деңгейінде оқыту үшін әдістемелік шеберлікті меңгеруі тиіс. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру қоры деп әрбір мұғалімнің өзінің пәнінің (ағылшын тілінің) маңызын, ерекшелігін, мектептің стратегиялық міндетін шешу үшін осы мектеп пәнінің негізіне қаланған әлеуетті білуі мен түсінуін есептеген орынды.
Кіріспе............................................................................................................3
1. Үйренудің бастапқы кезеңінде монолог және диалог сөзді оқытудың негізгі әдістемесі......................................................................................................6
1.1 Сөйлеу мен монолог сөзді оқытудың маңыздылығы.....................6
1.2 Тілдесудің диалогтік формасын оқытудың мәні мен мазмұны.....9
1.3 Монолог және диалог. Олардың өзара байланысы………….......18
2. Шет тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне
үйрету ....................................................................................................................24
2.1 Тілдік ұғымдар: монолог сөзді оқыту кезіндегі икемділіктер, жаттығулар.............................................................................................................24
2.2 Диалог сөзді оқыту кезіндегі көрнекіліктер…………………......26
2.3 Коммуникативтік жаттығулар жүйесі тілдесудің
диалогтік формасын оқыту нысаны ретінде.......................................................30
Қорытынды..................................................................................................41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................43
Қосымша…………………………………………………………………...45
Мұғалім: | Оқушы: | |
Is this classroom
very large?
Do you live far from the scool? |
No, it isn`t very large.
Not very. I don`t. Yes, I do. I live quite a long way. |
Негізінде ортақ сұрақ жатқан жаттығуларды ұйымдастыру үшін, оқушыларда растау немесе жоққа шығаруды (Of course; Surely; By no means; That`s right; etc.) білдіретін дәстүрден тыс формалы жауаптық репликаларда жауап қата білуін қалыптастырудың біршама маңызы бар.
Жоғары сыныптарда тілге оқыту жағдайында жалпы сұрақтарды диалогты құрастырудағы қажетті компонент ретінде қарастыру қажет.
Мәселен:
Do you often
go the theatre?
How often? Do you go in for collecting? What do you collect? |
Yes, rathe.
Once or twice a month. Yes. Postage stamps. |
Баламалы сұрақтардың құрамында өзінен-өзі ішінара жауаптар болады:
Do you plan
to go the University or to the Institute of Railway Transport?
Do we live in a big industrial centre jr in a resort town? |
I`ll probably go to the University We live in a big industrial centre. |
Жалпы сұрақтарға оқытуда оқушылардың баламалы сұрақтарға дәстүрлі емес жауаптарды да бере алуына жағдай тудыру қажет.
Have you read the book or have you only seen the film? | Well, both. It was like this. First I saw the film. I liked it very much. Then I decided to read the book, too. |
Шығармашылық үшін тілдің өнімі мағынасындағы ең үлкен кеңістікті арнайы сұрақтар береді. Алайда олар жауаптар ретіндегі ашылған пікірлерді үнемі талап ете ме? Олай емес екен. Мәселен:
What do we
call this structure?
Who is your best friend? What`s your new sister`s name? |
A bridge.
Oleg (is). Lena. |
Сондықтан да оқу мақсаттарында тілдің табиғилығын азайту үшін оқушылардан толық сөйлемдермен жауаптарды ғана емес, сонымен бірге, әсіресе бұл құрмалас сөйлем болып табылса, сұрақтың бөліктерін қайталауды да талап ету керек. Мысалы:
What do you
usualy put on when it rains?
What will you need if you want to make a box? |
When it rains, I usualy put
on a rain-coat and rubber boots.
If I make a box, I`ll probably need a hammer, some nails, a saw, a board. |
Арнаулы сұрақтардың кейбір түрлері үнемі кеңейтілген жауаптарды талап етеді. Бұлар мынадай типтегі сұрақтар: Сіз ... туралы не ойлайсыз? Сіз ... туралы не айта аласыз? ... неліктен? ... сіз қалай түсіндіресіз? Сіздің ... туралы пікіріңіз қандай?
3. Сұрақтар бүкіл сыныпқа (жұмыстың фронтальды-жүйелі формасы), жұмыс істеуші жұпқа (жеке қосылу), орнында немесе сыныптың алдында жауап беруші жекелеген оқушыларға қойылуы мүмкін. Сабақтың нақты жағдайымен, мақсаты және кезеңіне бағдарлана отырып, мұғалім өзі жаттығулардың аталған түрінің негізіне салуға дайындалып отырған сұрақтар топтамасының мекенжайы мен коммуникативтік бағытын таңдап алады. Мұғалімнің оқулықтың нақты бөлімдерімен, сөйлесу тақырыптарымен ұштастырылған сұрақтар «банкі» (біртіндеп жинақтау) болуы тиіс (пайдалануға ыңғайлы болуы үшін – жеке блокнотта).
4.
Олардың ойластырылып
Жоғарыда
қарастырылғаннан сұрақ-жауаптық жаттығулардың
жұмыстың ауызша сөйлеу дағдыларын дамытатын
жедел, қарапайым, сонымен бірге коммукативтік
формаларына жататындығы көрінеді.
Репликалық жаттығулар.
Жоғарыда атап өтілгендей, репликалар табиғи диалогта сұрақ-жауап тәрізді өзара үнемі не сәйкесе бермейді. Серіктестер еркін әңгімелесуде нақтылау, түрткі болу, шақыру, пайымдауды бағалау, эмоционалдық экспрессияның сигналы және т.б. тәрізді сұраулы емес айтылымдарға аса өнімді жауап қатады. Алайда, оқу жағдайында оқушылардан айтылымға көбірек немесе азырақ таралған, құрамында пікір айтуға тікелей талап ету немесе шақыру бар сөздік реакцияға қол жеткізуге бола ма? Әдіскерлер мұндай жаттығулардың мүмкін екендігін көрсеткен болатын. Репликалық коммуникативтік жаттығуларда оқушылар бағдарланбайды: олардың өздері айтылымның мазмұнын жасайды – бұл ерекше маңызды – оны бейнелеудің формасын емін-еркін таңдайды (әрине, бұрынырақ меңгерілген тілдік материалға сүйене отырып).
Диалогтік бірліктердің негізгі түрлеріне сәйкес (әрине, сұрақ-жауапты қоспағанда) репликалық жаттығулардың келесі түрлерін (коммуникативтік құрылымы бойынша) ажырату мақсатқа лайықты:
1) нақтылау –сұрақ (жауапты реплика таңданысты, шүбәлануды, қайта сұрауды, нақтылауды, болжамдауды, қосымша мәліметтер алуды қалауды және т.б. білдіреді);
2) нақтылау – нақтылау (жауапты реплика растауды, келісуді, пайымдауды, куәландыруды, қарсы пікірді, наразылықты білдіреді).
Әрбір түр туралы мысалдар келтірейік. Сол жақта сөйлемдер-стимулдар, оң жақта – оларға жауап қатудың ықтимал нұсқалары беріледі:
It takes
me almost an hour and and a
һalf to the swimming-pоol where I train. |
-
- - |
Do yоu live so far?
Doеs it really take yоu so long? Оһ, yоu waste so much time twice a week when yоu have to go tһere. |
2. Нақтылаумен келісіңіз және мүмкін болған жағдайда қандай да бір нәрсені хабарлаңыз.
Sometimes it`s veri hot here in summer. | - Yes, it`s really very hot.
And not sometimes but always.
- Sometimes it`s hot here in spring, too. |
3. Төмендегі нақтылауларға қарсылық білдіріп, түзетіңіз.
There are 30 days in That isn`t right. October has 31 days. October.
The Volga is the longest river in the Russia. | That isn`t correct. The longest river in the Russian is the Ob with the Irtish. The Volga «4s the longest river in the European part of the Russian. |
Дәстүрлі
сұрақ-жауаптық репликалық жаттығулар
тәрізді, салыстырмалы жаңа репликалық
жаттығуларды жұмыстың тиімді тәсілдері
ретінде қарастыру қажет. Алайда, бұл жаттығулар
оқушыларың әңгіме жүргізу, диалогқа қатысуға
икемділіктерін өздгінен қалыптасыра
алмайды. Өйткені, оқушыларды репликалардың
диалогтік бірліктердің сан алуан түрімен
түрлерімен таныстыра отырып, біз көрсетілген
жаттығуларда осы репликалардың табиғи
әңгімелесуде сан қырлы үйлесімділігін,
оның біртұтас тақырыптық арқауын көзден
таса еткендей боламыз. Бұл соңғы – шартты
әңгімелесудің әдістемелік ұқсастығын
әзірлеу қажеттігін тудырады.
Шартты әңгімелесу.
Коммуникативтік жаттығулардың сөйлеудегі осы сан түрлілігі нақты реальный ауызекітілдік қарым-қатынастың типтік түрі – еркін әңгімелесудің оқу аналогы болып табылады. Осыған байланысты оның кейбір өзіне тән ерекшеліктерін талқылауды жалғастырайық.
Еркін әңгімелесу мәжбүрлі емес жағдайда пайда болады және оған қатысушылардың арасындағы қарым-қатынастармен, коммуникативтік ортақтықпен «қоректенеді». Әңгімелесудегі тілдік стимулдардың типтік түрлеріне қатысты, тым болмағанда, келесілерді атауға болады:
а) қызығушылық танытқан тұлға, объект, оқиға туралы ақпаратты сұрату; б) біреуді бір нәрсе туралы хабардар ету; в) өзінің қандай да бір оқиғаға, қандай да бір сөздерге, пайымдауларға көзқарасын білдіру; г) бір нәрсе туралы (біреу туралы) пікірлермен немесе әсерлерімен алмасу; д) байланыс орнату (мәселен, танысу); е) әдептілік ережелеріне орай әңгімені қолдау және т.б.
Әңгімелеседің түрлі тақырыптарының тізбесі, олардың қайталанушылығы, өзгеру ауысуы мен ашылу тереңдігінің жиілігі – арнайы тексерудің объектісі. Алайда, еркін әңгімелесудің пәні болып табылатын неғұрлым жалпы тақырыптық кешендерді көрсету мүмкін болып отыр. Бұл: 1) адам (оның қылықтары, іс-қимылдары, табыстары, мінезі, сыртқы келбеті, сенімдері, сезімдері); 2) оқиға (жеке немесе қоғамдық өмірдегі, немесе табиғи ортадағы – құбылыстар, оқиғалар, іс-шаралар); 3) зат (назар аудару, іс-қимыл, тұтыну, меншіктілік объектісі болып табылатын кез келген нәрсе); 4) қарым-қатынас (бір-біріне, үшінші тұлғаларға, өтіп жатқан оқиғаларға коммуниканттардың).
Сонымен,
еркін әңгімелесудің
Топтық әңгімелесуге қатысушылардың репликаларының контекстік-мағыналық байланыстылығы бойынша диалог әр түрлі құрылымда болуы мүмкін. Біріншісі – «желілік», бұл ретте әңгімелесушінің әрбір кейінгі айтылым-репликасы оның алдында келе жатқанына тілдік қатысуына жауап қату болып табылады. Екіншісі – «концентрлік», бұл ретте кез келген кейінгі айтылым бастапқыны дамыту болып табылады. «Шартты әңгімелесу» жаттығуларын әзірлеу үшін екінші түр қызығушылық тудырады.
Екінші типті репликалар әңгімелесудегі коммуникативтік мақсаты бойынша мынадай мазмұнда болуы мүмкін: қосымша ақпаратты сұрату, нақтылау, өзінің көзқарасын білдіру (масаттану, қуану, наразы болу және т.б.), практикалық бағыттағы жауап қатулар (өтіну, кеңес беру), ассоциативтік жауап қату. Реплика-жауап қатуларыдың осы жиынтығымен кез келген тақырып-айтылым мүлдем исчерпывается.
Жоғарыда қарастырылғандардан концентрикалық құрылымдағы әңгімелесу сыныпта жасанды түрде жасалуы мүмкін екендігі келіп шығады, бұл ретте оқушылардан берілген коммуникативтік мазмұндағы (қайта сұрау, мақұлдау және т.б.) айтылымды құра білу ғана талап етіледі. Тақырыптың экспозициясы мен жауап қатудың «бағдарламасына» қатысты айтатын болсақ, онда оларды мұғалім бере алады.
Сонымен,
Our school football team won the match yesterdey айтылымы, мысалыға,
жауап қату-репликалардың
Лепті жауап қату: Fine! Wonderful! Splendid!
Сұраулы жауап қату: What was the score of the match?
Өтінішті жауап қату: Will you please tell me who played yestedey?
Нақтылау-жауап қату: One more victory and they`il get the cup!
Ұсынысты жауап қату: Let us go to their next match all together and cheer them.
Шүбалы жауап қату: Are you sure the score was that big?
I doubt they can beat cuch a storing team as that of School No. 116.
Еске түсіру: That reminds me of the situation last year.
Берілген
экспозиция-айтылымға қосынды
Көріп отырғанымыздай, әрбір экспозиция ықтимал жауап қатулардың бүкіл жиынтығын сөзсіз туындатуында ерекше мағына жоқ. Керісінше, өзге сөйлем-хабарлама оқушыларда негізінен алғанда анықтаушы сұрақтарды қойылуына ғана түрткі болады. Салыстырайық, мысалы: I have seеn a verу intresting film.
1-ші оқушы: I have seen a veri interesting film.
2-ші оқушы: What is its title?
3-ші оқушы: What is it about?
4-ші оқушы: Where is it on? At what cinemas?
5-ші оқушы: Is it of Soviet or foreign production?
6-ші оқушы: Is it color or black and white?
7-ші оқушы: Do mani people go to see it (this film)?
8-ші оқушы: Is it a long film? How long does it last?
Информация о работе Шет тілін үйретуде монолог пен диалогтің жаңа мүмкіндіктерін айқындау