Шет тілін үйретуде монолог пен диалогтің жаңа мүмкіндіктерін айқындау

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 15:52, курсовая работа

Описание работы

Әрбір мұғалім оқытудың мақсаттарын, оқу-әдістемелік кешеннің (ОӘК) мазмұнын, оқыту жүйесі мен тәсілдер жиынтығын білуі, білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін шығармашылықпен пайдалана білуі керек. Басқаша айтқанда, әрбір мұғалім ағылшын тілін қазіргі заманғы әдістемелік теорияның деңгейінде оқыту үшін әдістемелік шеберлікті меңгеруі тиіс. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру қоры деп әрбір мұғалімнің өзінің пәнінің (ағылшын тілінің) маңызын, ерекшелігін, мектептің стратегиялық міндетін шешу үшін осы мектеп пәнінің негізіне қаланған әлеуетті білуі мен түсінуін есептеген орынды.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3
1. Үйренудің бастапқы кезеңінде монолог және диалог сөзді оқытудың негізгі әдістемесі......................................................................................................6
1.1 Сөйлеу мен монолог сөзді оқытудың маңыздылығы.....................6
1.2 Тілдесудің диалогтік формасын оқытудың мәні мен мазмұны.....9
1.3 Монолог және диалог. Олардың өзара байланысы………….......18
2. Шет тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне
үйрету ....................................................................................................................24
2.1 Тілдік ұғымдар: монолог сөзді оқыту кезіндегі икемділіктер, жаттығулар.............................................................................................................24
2.2 Диалог сөзді оқыту кезіндегі көрнекіліктер…………………......26
2.3 Коммуникативтік жаттығулар жүйесі тілдесудің
диалогтік формасын оқыту нысаны ретінде.......................................................30
Қорытынды..................................................................................................41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................43
Қосымша…………………………………………………………………...45

Работа содержит 1 файл

Шет тілін үйретуде монолог пен диалогтің жаңа мүмкіндіктерін айқындау.doc

— 373.50 Кб (Скачать)

      Баяндау (репродукция) негізінен алғанда оқушының мнемикалық қабілеттілігіне сүйенеді. Жұмыстың осы түрін орындау кезінде оқушылардың назары өзінің ойларын, образдарды, эмоцияларын, көзқарастарын және т.б. білдіруге емес, бастапқы мәтінде не берілген болса, сол бөліктерді еске түсіруге шоғырландырады. Соңғысы уақытты талап етеді, өйткені тілдік қызметтің қарқыны төмендейді, ал оқу процесіне оқушылардың шектеулі саны ғана тартылады. Бұл тыңдалғанды немесе оқылғанды қата жаңғырту тәрізді тәсілді пайдалануға кеңес берілмейді дегенді білдірмейді.

     Күрделендірілген жағдаят берілген суреттер бойынша жұмыс істеген кездегі мұғалімнің әңгімелерінің негізгі міндеттері мынадай.

1) Оқушыларға бірдей суреттердің ең бір алуан түрлі жағдаяттарды кеңінен ашып көрсету үшін жөнелтпе пункт болуы мүмкін екендігін және аталған жағдайда басты нәрсе бейнеленген емес, ішкі көрнекілік, әрбір оқушының меншікті жорамалы, қиялы, мүдделері мен тілдік мүмкіндіктері болып табылатындығын көрсету;

2) оқушылардың тілдік белсенді қызметі үшін өзіндік «шырағданға» айналу. Сондықтан да егер оқушылар әңгімені тыңдай отырып, мұғалімнен немесе басқа оқушыдан детальдарды нақтылауды немесе естіген нәрсеге өзінің көзқарасын айта бастайтын болса, неғұрлым жемісті болады.

      Мәселен, «Appearance» тақырыбы бойынша қандай да бір қыз бала туралы мәтінді тыңдап болып, оқушылар «Онда мынау бар, анау бар ма?» (Has she (a) ...?), «Оған мынау ұнай ма, анау ұнай ма?» (Does she like…?) және т.б. деп сұрай бастауы мүмкін, немесе: «мен ол... деп ойламаймын»         (I don`t think she is (can, will) …) және т.б. деп айта бастауы мүмкін. Шығармашылық және бастамашыл сөзді пайдаланудың белгілі бір әдет кезінде, ол тілді оқытудың кіші басқышынан қалыптасуы тиіс, оқушылар әрбір мәтін бойынша алуан түрлі сұрақтар қоя алады және ең бір алдын ала болжанбаған пайымдарды бере алады, солар арқылы тыңдалғанды түсіну деңгейін ғана емес, сонымен бірге мұғалімнің әңгімесі кезінде әрбір оқушының назарын да бақылау жүзеге асырылады. Жекелеген оқушылардың сұрақтары мен пікір айтуларын олардың арасындағы әңгімеге айналдыруға, оны бүкіл сыныптың қазынасы етуге талпыну керек.

      Егер  мәтіннің материалын қайталайтын немесе оған қарама-қайшы келетін сұрақ берілген жағдайда, онда мұғалім оқушылардың біріне мынадай тиісті нақтылаумен сөйлеуі мүмкін: «Сонымен, Машаның көзінің түсі қандай екен?» (What was the color of Masha`s eyes?), «Сонымен, Коляның қолында не болды екен: сөмке ме әлде кітап па?» (What had Kolya in his hand – a bag or a book?) және т.б.

      Ең  бастысы – сынып • мұғалім, сынып – оқушы, сынып – сынып схемасы бойынша табиғи түрде жылдам өтетін әңгімелесудегі оқушының дербес сөзін ынталандыру. Оқушылардың белгілі бір дайындалғандығы кезінде, бұған жүйелі әрі мақсатқа бағытталған жұмыс кезінде ғана қол жеткізіледі, бұған қол жеткізуге болады. Бұл жағдайда тапсырмаларды орындауға уақыт та аз талап етіледі және оқушылардың ауызекі тілін дамыту бойынша нәтижелер де жоғары болады.

      Мұғалім әр түрлі мәтіндерді пайдалана алады, оларға оқушылардың әрбір нақты  топтарының жағдайлары мен мүдделеріне  сәйкес ішінара өзгерістер енгізе, ұқсастығы бойынша өзінің менешіктілерін құрастыра алады. Мәтіндерге бейтаныс лексиканы осылайша қосу оқушыларды оларға қабылдауға үйрету қажеттілігімен анықталады, оларға жақсы таныс лексиканы ғана емес, олардың мағынасын таба білуін дамыту, сондай-ақ мәтіндердің тілін оның құрамы шектеулі болған жағдайда мүмкіндігінше  табиғи тілге жақындату. Түсінуі қиындық тудыратын сөздер, егер қажеттілік пайда болған жағдайда, мұғалімнің оны балаларға тез арада бере алуы үшін мәтінде орыс тіліндегі баламасымен беріле алады. Олар оқушыға берілген мәтінді түсінуі үшін ғана қажет, ал олардың оқушылардың ұзақ уақыттық жадысына өту мүмкіндігі еріксіз есте сақтауға сүйенуі тиіс. Мәтіндер негізінен алғанда ағылшын тілі бойынша оқу-әдістемелік кешендердің тілдік минимумы бойынша құрастырылатындығынан олар оқушылар үшін қиындықтар тудырмауы тиіс; түсінуге күрделі жерлерді сабырлы түрде, хабарлаудың негізгі желісін үзбестен түсіндіру керек, мысалы. «My friend told me a funny story – күлкілі оқиғаны – so he told me a funny story about…» және т.б. Мәтіндердің оқушыларға эмоционалдық ықпал етуін арттыру үшін, олардың оларда не туралы айтылатындығына деген қызығушылығын арттыру үшін, оларды кітаптан оқмай, суретке сүйене отырып әңгімелеу қажет. Нақтылайтын сұрақтардың топтамалары мен меншікті айтылымдар түрінде оқушылардың тарапынан кейіннен келетін тілдік реакциямен айтылғанды тікелей түсінуіне қол жеткізу қажет, яғни тілдің шығармашылық немесе бастамашылық формаларында – міне, аталған оқу құралында шет тілін оқыту процесінің одан әрі интенсификациялауға ұсыныс жасалатын жол, оған деген қажеттілік аталған пәнді зерделеуге берілетін уақыттың шектеулі санымен туындайды. Диалогтік тілдесуді ұйымдастырудағы ең басты нәрсе – балалардың орындайтын қызметке оң эмоционалдық көңіл-күйін жасау. Диалог сөз дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырмаларды формальды түрде орындау практикалық нәтижені жоққа шығарады.  

     2.3 Коммуникативтік  жаттығулардың жүйесі

     Респонсивтік (ағылшын тіліндегі response – жауап, пікір білдіру, реакция) жаттығуларға жаттығулардың үш түрі жатқызылуы мүмкін: сұрақ-жауаптық, репликалық және шартты әңгімелесу.

     Сұрақ-жауаптық жаттығулар.

     Жаттығулардың бұл түрі қағида бойынша ауызекі  шеттілінде сөйлеуге оқыту әдістемесінде  танымал жаттығулардың бірінен  саналады. Сұрақ-жауап  қарым-қатынастың нақты актілеріндегі аса жиілікті диалогтік бірлік екендігі белгілі. Сұраулы сөйлемдердің коммуникативтік мақсаты – ақпараты сұрату. Тіпті мағынасыз сұрақтардың өзі, әрдайым коммуникативті, олар әңгімелесушіге бағытталған, одан пікір білдіруді талап етеді. Осылайша, сұрақ – бұл бір мезгілде тілдік жауап қатуға түрткі болады. Кең мағынада айтатын болсақ, сұрақтың дидактикалық тәсіл ретіндегі тартымдылық күші осында.

     Шет тіліннің сөзіне оқыту практикасында сұрақтар шартты-мотивтелген, сондай-ақ нақты-мотивтелген сипатта болуы мүмкін. Егер мұғалім оқушыдан Why didn`t you come to school yesteday, Petrov? (Петров шындығында да кеше сабақта болған жоқ) деп сұраған жағдайда, онда бұл нақты сұрақ және оған шын жауап беру қажет. Бірақ сабақта мұғалім көптеген өзге де сұрақтар беруі мүмкін, мысалы: How many windows are there in this classroom? What colour is the blackboard? Where is Lena Ivanova standing now? (Etc.).

     Қайтарылатын  жауаптары сұрақ қоюшыға белгілі сұрақтар, нақты болмыстың мән-жайларының құрамында болады, формасы жағынан ғана коммуникативті. Мәні жағынан олар оқу әрекеттерінің формасы бола тұрып, шартты болып келеді. Оқушылар бұл туралы жақсы хабардар етелген. Сонда да олар уәжделген «маңызды» жауаптар береді, осылайша ойын ережесіне қолдау көрсетеді.

     Сұрақтардың көмегімен мұғалім оқушыларды белгілі бір синтаксистік құрылымның айтылымдарын жасап шығаруға жаттықтыра алады. What are you? сұрағына оқушылар I am a pupil; I am a worker; I am a driver; I am a doctor; I am a painter, etc.; деген сөйлемдермен жауап береді, яғни «бастауыш + етістік-байланыстырушы + предикатив» сөйлем үлгісін пайдаланатын болады. Осылайша, сұрақтарды ұйымдастыруда сұрақтардың аталған түрі бірдей тілдік белгілердің ең көп қайталанғыштығын қамтамасыз ететін жаттықтырушы жаттығулармен ұштастырылады. Бұл ретте өздерінің жауаптарының мазмұнын оқушылардың өздері қалыптастырады.

     Сұрақ-жауаптық жаттығуларды мыналар бойынша ажырату қажет: 1) жауаптар үшін көзде бойынша, 2) сұрақтардың типі бойынша, 3) сұрақтардың мекенжайы бойынша, 4) қолданылу техникасы бойынша.

     1. Жауаптарға арналға көздер бойынша ұсынылған дидактикалық материал (мәтін, сурет) бойынша сұрақтарды және оқушылар оларға жауап берген кезде өздерінің білімдеріне, өмірлі тәжірибесіне, пайымдауларына сүйенуі тиіс болатын сұрақтарды бөліп көрсетуге болады. Айталық, мұғалім әңгімелейді немесе оқиды:

     N. Titova, the famous opera singer (soprano), sand at our opera house last night. They gave Ivan Susanin. The audence laked her very much. They applauded for a long time when the performance ended. I liked her singing, too. I sat in the gallery.

     Тыңдалған мәтінге мынадай сұрақтар қойылуы мүмкін:

     1. What`s the name of the famous singer? 2. Where did she? 3. What opera did they give? 4. Now did the audence receive the singer? 5. Did I like her singing? 6. Where was my seat? 

     Мәтінмен  таныстырылмай тұрып бұл сұрақтарға жауап берудің мүмкін еместігі түснікті. Бұл жағдайда сұрақ-жауаптық жатығулар кешенді тәсілдің – мәтінмен жұмыстың құрамдас бөлігі болып табылады.

     Дайындалмаған коммуникативтік тілді дамыту құралы ретінде оларға жауап берген кезде  балалар өздерінің танымдары мен тәжірибелеріне сүйенетін сұрақтар дербес мәнге ие. Бұл жерде ауызекі тілдің зерделенетін тақырыбымен (мәселен, «Үйде», «Спорт», «Лагерде», «кино» және т.б.) байланысты сұрақтарды және олардың көмегімен мұғалім (немесе оның бағдарламасы бойынша әрекет ететін оқушы) әңгімені бастай алатын сұрақтарды ажырата білу қажет.Мысалы:  

     «Спорт» тақыры бойынша сұрақтар

What kind of sport do you go in for?

What winter (summer) sports do you know?

Is sport popular with the Russian people?

What sport games do you like to watsh?

Who is your school champion tennis-player? (Etc.)  

         Әңгімелесу  үшін сұрақтар

  • Are you reading ani interesting book now, Pete?
  • Yes, I am.
  • What fre you reading?
  • I`m reading` A Farewell to Arms`.
  • Who was this novel written by?
  • Ernest Nemingwai… You know it, don’t you?
  • Of course, I do. Well, are you reading it in English or in Russian?
  • In English.
  • Isn`t it difficult for you, Peter?
  • No, it really isn`t. The book is adapted.

Шет тілі сабақтарында сыныпқа (оқушыға) «қызметтік»  сипаттағы сұрақтардың топтамасын қою практикасы кеңінен пайдаланылады. Мысалы:  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мұғалім:   Оқушы:
Who is on duty today?

What is you name?

Who is absent today?

What`s wrong with him?

What is the date today?

Is everybody ready for my lesson?  

What lesson are you going to have after mine?

Do you think we can have an extra English lesson today? 

Well, have you brought the slide projector?

  I am.

My name is Dima Kotov.

Sidorov is.

He is ill. (I don`t Know.)

Today is the 3rd of October 1980.

Yes. I think everybody is readi.

I think we`ll have geography.

But they say Nina Petrova is ill.  

I think yes. Though our class monitors sais we are going to collect some scrap metal after this lesson.

Yes, I have. Here it is.

 

 

     Мұндай  сипаттағы әңгімелесу мұғалім әдетте сабақтың басында өткізетін тілдік сергіту ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл жерде оқушылардың осы сұрақтарға «әдеттенбеуіне», оларға жауаптарға формальды тұрғыда қарамауына назар аударған маңызды. Сондықтан да оларды барынша түрлендіру, жаңаларын қою, әңгімелесуді сабақтың басында емес, сабақтың ортасында немесе тіпті, соңында өткізу қажет. Сұрақтардың шеңберіне оқушының жеке басына, оның ісіне, сыныптың өміріне, халықаралық оқиғаларға қатысты мотивтер біртіндеп тартылуы мүмкін.  

Мәселен:

Мұғалім:   Оқушы:
Where is you brought Slim now, Peter?

Where does he serve?

By the way, did you watch the TV news bulletin last night?

What happened in the English Channel?

  He is in the Army.

He serves in Caucasus. Yes, I did.

A Creek tanker ran against the rocks and it is burning now.

 
  1. Сұрақтардың негізгі типтері, мыналар болып  табылады:

Ортақ, баламалы және арнайы. Жауап қату үшін ортақ сұрақтар аса қарапайым. Оларға әдетте лаконикалық немесе толық емес жауаптар беріледі. Оқу мақсаттарында оқушыларға толық сөйлемдермен жауап беру ұсынылады.

Информация о работе Шет тілін үйретуде монолог пен диалогтің жаңа мүмкіндіктерін айқындау