Шет тілін үйретуде монолог пен диалогтің жаңа мүмкіндіктерін айқындау

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 15:52, курсовая работа

Описание работы

Әрбір мұғалім оқытудың мақсаттарын, оқу-әдістемелік кешеннің (ОӘК) мазмұнын, оқыту жүйесі мен тәсілдер жиынтығын білуі, білім беру, тәрбиелеу және дамыту мүмкіндіктерін шығармашылықпен пайдалана білуі керек. Басқаша айтқанда, әрбір мұғалім ағылшын тілін қазіргі заманғы әдістемелік теорияның деңгейінде оқыту үшін әдістемелік шеберлікті меңгеруі тиіс. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру қоры деп әрбір мұғалімнің өзінің пәнінің (ағылшын тілінің) маңызын, ерекшелігін, мектептің стратегиялық міндетін шешу үшін осы мектеп пәнінің негізіне қаланған әлеуетті білуі мен түсінуін есептеген орынды.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3
1. Үйренудің бастапқы кезеңінде монолог және диалог сөзді оқытудың негізгі әдістемесі......................................................................................................6
1.1 Сөйлеу мен монолог сөзді оқытудың маңыздылығы.....................6
1.2 Тілдесудің диалогтік формасын оқытудың мәні мен мазмұны.....9
1.3 Монолог және диалог. Олардың өзара байланысы………….......18
2. Шет тілі сабағында монологті және диалогті сөйлеу әрекетіне
үйрету ....................................................................................................................24
2.1 Тілдік ұғымдар: монолог сөзді оқыту кезіндегі икемділіктер, жаттығулар.............................................................................................................24
2.2 Диалог сөзді оқыту кезіндегі көрнекіліктер…………………......26
2.3 Коммуникативтік жаттығулар жүйесі тілдесудің
диалогтік формасын оқыту нысаны ретінде.......................................................30
Қорытынды..................................................................................................41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................43
Қосымша…………………………………………………………………...45

Работа содержит 1 файл

Шет тілін үйретуде монолог пен диалогтің жаңа мүмкіндіктерін айқындау.doc

— 373.50 Кб (Скачать)

     Диалог  сөзді оқытуда қолданылатын жаттығулардың басым бөлігі тілдік жаттығулардан тұрады. Алайда, диалогқа тән қисындастырулардағы жаңа үлгілік фразалармен бастапқы танысу тілдік жағдаяттан бөлек өткізілуі мүмкін. Мұндай жаттығулардың мақсаты – оқушылардың жадында репликалардың арасындағы берік байланыстарды орнықтыру, ал олар үнемі немесе көбінесе аталған диалогтік бірліктің құрамында болады, яғни функционалдық негізде контекстік байланыстарды және репликалардың арасында құрылымдық байланыстарды меңгерту болып табылады. Тілдік жағдаяттардан тыс репликалардың сан алуандығын қамтамасыз етуге, репликаларды барынша кеңейтуді және тұтастыруды үйренуге, сондай-ақ репликаларды грамматикалық және лексикалық қайта құрудағы автоматизмдерді қалыптастыруға болады. Осыған сәйкес материалмен жұмыстың үш түрін бөліп көрсетуге болады:

1) диалогтік бірліктерді жаттап үйрену;

2) репликаларды  функционалдық байланыстардың негізінде қисындастыру;

3) репликаларды  грамматикалық және лексикалық қайта құру.

      Жаңа  диалогтік бірліктерді игеру бір-екі бірліктен тұратын қысқа диалогтарды жаттау жолымен іске асырылады. Құрамында сәлемдесу, қаратпа сөз, әдептілік формулалары, сондай-ақ жауап репликаны түрлендіруге жол беретін синтаксистік бірліктер бар бірліктер осылайша игеріледі:

  • Happy New Year, Ann!
  • Happy New Year, Реtеr!
  • І wish you all the best.
  • Тһе same to you.
  • Let us  go to…
  • Wish рleasure (I am sory, but I can`t).

     Диалогтік бірліктерді жаттау процесінде, оқушылардың назарын тілдің формасына шоғырландыруға мүмкіндік бар болған жағдайда, әр түрлі репликаларға тән интонацияларды меңгеру үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасалады. Шағын диалогты үйренуді есту арқылы қабылдаудан бастаған дұрыс. Сонда алынған алғашқы, ең жарқын әсер бірліктің дыбыстық формасын меңгеру үшін жақсы негіз болады; бұл диалог үшін маңызды болып табылатын есту жадысы да дамиды. Диалогтік бірлікті есту арқылы үйрену табиғи диалогта репликалармен операциялау шарттарын қайта жаңғыртады. Алайда, үйренілетін диалогты есту арқылы қабылдаумен ғана шектелу дұрыс болмаған болар еді, себебі бұл жағдайда сөздердің бұрмалануы мен дұрыс біріктірілмеуі, фразаның дұрыс бөлінбеуі мүмкін. Сондықтан да диалогты үйретудің келесі кезеңін оны көру арқылы қабылдауға бекіткен орынды. Жазбаша мәтін диалогты үйде қайталау үшін жақсы тірек болып табылады. Тіпті шағын диалогты еске түсірудің өзі үйренілгенді мағынасыз түрде айтып шығу нысанында болмауы тиіс. Мұғалім жаттығуды тілдік қатынас шарттарына жақындатуға тырыса отырып, вербальды түрде сипаттайды немесе суреттегі осыған ұқсас диалог туындауы мүмкін жағдаятты көрсетеді. Оқушы өзін әрекет етуші тұлғаның бірі ретінде елестетуі және осы персонаждың стилінде диалогты сахналандыра отырып әрекет етуі тиіс. Егер диалог тұлғалар бойынша еске түсірілетін болса, онда серіктестердің әрқайсысы біресе бірінші, біресе екінші әңгімелесушінің рөлін кезектесіп орындағаны жөн.

     Тілдік материалды даярлаудың маңызды құрауышы репликаларды тілде қолдану шарттарының вариативтілігіне сәйкес, оларды түрліше грамматикалық және лексикалық қайта құру (әрекет етуші тұлғаның, іс-қимыл уақытының және т.б. өзгеруі) болып табылады. Осы мақсат үшін ұсынылатын жаттығулар құрылымдық принципі бойынша дистрибутивтік (синтаксистік байланыстардың өзгеруі), қойылымдық (ассоциативтік байланыстардың кеңеюі) және трансформациялық (сол және басқа да байланыстардың кеңеюі) болып бөлінеді. Жаттығуларды таңдау репликалардың лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерімен байланысты. Әдетте оқушылардың диалогтағы жауап қатуларының дербестігінің дәрежесі жағынан әртүрлі жаттығулардың екі тобы пайдаланылады: диалогты бұдан бұрын берілген ережелермен дамыту (бұл ретте іс-әрекеттің сипатын өзгерте отырып, үлгілер іс-әрекетті өзге тұлғаға, өзге затқа, өзге уақытқа тасымалдаумен пайдаланылады); серіктестің айтылымында берілген стимулятормен туындаған диалогты дамыту. Диалогтік бірліктердің құрамында игерілген репликаларды кейіннен жаңа комбинацияларға енгізу қажет. Сонымен қатар диалогқа бұрын монолог сөздерге қолданылған фразаларды енгізу керек. Осы мақсатта репликаларды контекстік байланыстардың негізінде қиыстыруды көздейтін жаттығулардың топтамасын пайдалануға болады: екі бағаннан мағынасы жағынан сәйкес келетін репликаларды таңдау; аталған реактивтік репликаға тірек репликаны атау, аталған тіректік репликаға реактивтік репликаны атау. Бұдан бұрын үйренілген тілдік үлгіні қиыстыру кезеңінде репликаларды кеңейтуге арналған жаттығулар да ұсынылады. [13]

     Атап  өтілген жаттығулардың барлығының ерекшелігі, олардың интервербалдық байланыстарды орнатуға бағытталғандығында болып отыр, яғни тек қана лингвистикалық стимулға жауап қатуға үйретеді. Оларды сондықтан да дайындық жаттығуларының қатарына жатқызуға болады. Осылайшап, диалог сөзге материалды дайындай отрып, тілдік жаттығуларды орындауға кірісуге болады. Тілдік қызмет педагогикалық процесте оқу-тілдік жағдаяттардың (ОТЖ) көмегімен өңделетіндігі белгілі. ОТЖ оқушылардың тілдік іс-әрекетті алға қойылған коммуникативтік міндетке сәйкес дұрыс жүзеге асырулары үшін оқушыларға берілетін қажетті және жеткілікті тілдік шарттардың жиынтығы ретінде белгіленген.

     ОТЖ құрауыштары ретінде тілдік іс-әрекеттің мән-жайын немесе мақсатын өңдейтін тапсырмаларды, жаттығуларды қисындауды; тілдік жағдаяттың бүкіл құрауыштарын өңдейтін жағдайды (тілдесу шарттары мен қатысушыларды) қарастырады, ОТЖ оқушылардың қызығушылығын тудыруы, олардың өмірлік тәжірибесі мен тілдік мүмкіндіктерін ескеруі тиіс; жағдаяттың шарттарын ең ақырғы сығымдалған нысанда хабарлауы керек. Жағдаяттың тиімділігі тілдік реакцияның көлемінің арасындағы арақатынаспен және жағдаятты сипаттаумен анықталады.

     Бұл ортақ ережелер тілдік актінің сипатына қатысты нақтыланады, ол оқытудың аталған  кезеңінде өңделуі тиіс. Біздің бірадымдық немесе көпадымдық тілдік іс-әрекетке жеткіміз келе ме, жоқ па, осыған байланысты жағдаят құрауыштарының құрамы да, олардың сапалық сипаттамалары да өзгеруі тиіс.

     Оқытудың негізіне қаланған жағдаяттың түріне байланысты тілдік жаттығулар екі топқа бөлінеді, олардың әрқасысы диалог сөзді оқытудағы белгілі бір сатының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Алғашқы саты ретінде микрожағдаяттың негізінде шағынадымдық іс-әрекет сипатына ие диалогты оқыту қарастырылады. Бірадымдық тілдік іс-әрекетті жетілдіру үшін өзара байланыстың белгілі бір түрлеріндегі айтылымдар арқылы өз ойын бере білуді қалыптастыру қажет. Бұл икемділіктердің құрамына үш құрауыш кіреді:

а) жағдаятқа тірек репликамен үн қату;

ә) жағдаятқа сүйене отырып, реактивтік репликаны түсіну;

б) жағдаятқа сүйене отырып және функционалдық және құрылымдық байланыстарды пайдалана отырып тірек репликаға жауап қату.

      Оқушыларды  тірек репликаға ғана емес, сонымен қатар оны беруге, жағдайға немесе мұғалім қойған мақсатқа сүйене отырып әңгімені бастауға, жағдаят пен айтылымның арасында байланыс орнатуға үйрету керек. Әңгімені бастау оқушыларға ерекше қиындық келтіреді, себебі әңгіменің нәрсесін өз бетінше табуды талап етеді. Диалог хабарламадан, сұрақтан, ой қозғаудан бастала алады. Сондықтан да микрожағдаятты оқушыларды тірек репликалардың әрбір түріне жаттықтыратындай етіп іріктеу қажет. Кіші сыныптарда әңгімені неғұрлым жеңілден - сұрақ немесе ой қозғаудан бастау меңгеріледі. Орташа кезеңде – хабарлау. Тірек реплика жағдаятқа сәйкес әрі негізделген болуы, әңгімелесушінің жауаптық пайымдауын айтуына түрткі болуы тиіс.

      Жаттығулар  функционалдық негізде микрожағдаятқа сүйене отырып өткізіледі. Микрожағдаят деп оған тілдік жауап қату өзара байланысқан екі-үш репликаның үйлесуі болып табылатын жағдаят аталады. Мәселен, қажеттілік, түсініксіз немесе белгісіз ақпараттың жағдаяты, байланысты орнату және т.б. жағдаяты.

      Микрожағдаят  басым бағытта сыртқы жағдаят  ретінде қызмет етеді, оның мақсаты  мыналар болуы мүмкін: көшеден  өту, мекенжайды білу, бір нәрсені (кітапты, марканы, суреттерді) әкелуді сұрау  және т.б. Егер қойылған мақсатқа жету үшін ақпарат (мәселен, жаяу жүргінші өтетін жердің қайда екенін білмейді; баратын адамның мекенжайы жоқ; қажетті зат жоқ) жеткіліксіз болса, тілдік іс-әрекет операциялардың бірі ретінде қызмет етеді. Сондықтан да қойылған мақсатпен бір қатарда жағдаяттың құрамына шарттар да кіруі тиіс. Сыртқы жағдаяттың ажырағысыз құрауышы жағдай - іс-қимылдың орны, уақыты, заттық айнала, заттық іс-қимыл, олардың рөлдерінің ерекшеліктерінен туындайтын диалогқа қатысушылардың өзара қарым-қатынасы болып табылады, осының аясында диалог барынша кеңейтіледі. Атап өтілген факторлардың әрқайсысы, егер олармен белгілі бір тілдік жауап қатулар байланысты болған жағдайда ғана ОТЖ бола алады. Мұндай жағдаяттың орталық буыны мұны орындайтын жеке тұлға емес, іс-әрекет болып табылады, ал жағдаятқа қатысушылардың рөлінің шешуші мәні болмайды.

      Мұндай  жағдаяттарды суреттеуде көбінесе қорытылған персонаждар қатыстырылады: келген кісі, өтіп бара жатқан адам, бала, сыныптас және т.б., - немесе оқушыларға жағдаятқа өз атынан сөйлеу ұсынылады, мысалы: «Сізге троллейбустың аялдамасын табу керек. Сіз өтіп бара жатқан кісіге қандай сұрақпен өтініш жасайсыз, мәскеулік қандай жауап береді?». Жекелеген жағдайларда әлеуметтік рөлдерге – милиционердің, кондуктордың, кассирдің рөліне жүгінуге тура келеді. Алайда, мұндай рөлдерге жүгіну шағынадымдық іс-әрекеттің негізінде жатқан жағдаяттарға неғұрлым тән болып келеді, оны оқыту жағдайында қайта жаңғырту үшін оқушыларға сатушы мен сатып алушының, кітапханашы мен оқырманның, билет сатушы кассирдің, саяхатшының және т.б. рөлдері ұсынылуы мүмкін.

      Мән-жай  да жағдай тәрізді бірадымдық және шағынадымдық диалогтың мазмұнын анықтау  үшін маңызды рөл атқарады, осындай іс-әрекеттердің негізінде жатқан жағдаяттарды таныстыру үшін бейнелегіш көрнекіліктерді кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Мәселен, суретте көше бейнеленген, жақын жерде автобус аялдамасы көрінеді, оны ер бала қыз балаға көрсетіп тұр. Екі оқушы осындай жағдаятта табиғи фразалармен алмасулары тиіс. Немесе оқушыларға сюжеттік сурет немесе суреттердің, диафильмдердің топтамасы көрсетіледі. Оқушылар суретте бейнеленген кейіпкерлердің атынан сөйлейді және жағдаятпен байланыстырылған репликалармен алмасады.

      Микрожағдаяттың негізіндегі жаттығулар жауап қату сипаты жағынан контекстік жауап қатуға жақын, алайда дұрыс жауап қату үшін ұсынылатын мән-жайларды ескеру қажеттілігі оқушылардың ойлау қызметін көбірек белсендіруді талап етеді, оқу диалогын табиғи диалогқа жақындатады. Макрожағдаяттың негізіндегі көпадымдық диалогты жүргізу оқыту тілдік іс-әрекеттің құрылымын ескере отырып жүзеге асырылады. Бұл бағдарламалаудан, бағдарламаны жүзеге асырудан, оларды салыстырудан қалыптасады. Әңгіменің мақсатына бағдарланумен және әңгімелесушінің ерекшеліктерін ескере отырып, әңгімеге қатысушылардың әрқайсысы өздерінің айтқан ой-пікірлерінің ортақ бағдарламасын анықтайды, осыдан соң серіктестің хабарламасының мазмұны мен формасына байланысты әңгіменің барысы бойынша келесі репликаның сипатын нақтылайды. Диалогты логикалық негізде жүргізу – шығармашылық қызмет. Оқытудың міндеті оқушыларға осындай қызметтің тәжірибесін беру, оған дайындау болып табылады. [24]

      Диалогқа қатысушылардың тілдік тәртібі, адам қызметінің кез келген түрі тәрізді өзіне бағдарламаланатын (алгоритмдік) және бағдарламаланбайтын (эвристикалық) компоненттерді қоса алады. Алғашқылары стандартталған жағдаяттардағы аталған қауымдастықта қабылданған тілдік тәртіптің нормаларын бейнелейді; екіншілері сөйлеушінің ерекшеліктерімен, жағдаяттың өзіне тән сипатымен және жағдаятқа сөйлеушінің берген бағасымен байланысты болып келеді. Диалогқа үйрету сондықтан да үлгілік, қайталанатын жағдайлардағы тілдік іс-әрекеттердегі жаттықтыру деп ұғынылады, бұл іс-қимылға дайындықты, шығармашылық элементтерін, өзін-өзі көрсетуді, жағдаятты өзінше көре білуді талап ететін тілдік жағдаяттардың түрлі нұсқаларына өз бетінше бағдарлану тәжірибесін де меңгертеді. Шет тілі сабақтарында өзара тілдік іс-әрекетке оқытудың осы екі аспектісінің толық үйлесуі ғана тілді практикалық меңгеруді қамтамасыз етуі мүмкін.

      Бұл міндеттер макрожағдаяттың негізіндегі жаттығулардың көмегімен шешіледі, оған келесі кезеңдер енгізіледі:

1) міндеттің  қойылуы; оқытушының бастамасымен диалогты ұжымдық құрастыру (бұл кезең біртіндеп қысқарып, ақырында, мүлдем түсіп қалады);

2) диалогты  мұғаліммен бірге жүргізу (уақыт өте келе түсіп қалады);

3) аталған  жағдаяттың негізінде немесе  оған жақын тілді тасымалдаушының,  әртістердің немесе дикторлардың  орындауындағы диалогты салыстыру  мақсатында тыңдау.

      Макрожағдаят  динамикалық, ол әңгімеге логикалық арқау береді және әңгімелесушілердің арасындағы психологиялық байланысты қамтамасыз ете отырып, барынша кеңейтілген диалогты қолдау үшін туындаған. Бұл ішкі жағдаят. Сыртқы факторлардың жоқтығы нақты мотивтермен толтырылуы тиіс. Жағдаят оқушыларда тілдесуге деген қажеттілікке түрткі болуы тиіс, соның негізінде оқытылушы үшін нақты маңызы бар мотивтер мен мақсаттар пайда болады. Диалогтың механизмі әлден-ақ дайындалып қойған кезеңде диалогты үйретудің негізгі міндеті мен негізгі қиындығы осында болып табылады. Қалыптастырылған дағдылар мен икемділіктердің тілге шығуына мүмкіндік беру қажет. Бұл міндетті орындау тілдің пәнін таңдаумен, міндеттің дұрыс қойылуымен, қатысушыларды іріктеумен байланысты.

      Сондықтан да макрожағдаяттың негізгі құрауыштары тақырып, мақсат және рөлдер болып табылады.

      Тақырып өзекті болуы тиіс. Шет тілі сабағында нақ осы сәтте үйдегі, үзілістегі, сабақтардан соңғы әңгіменің тақырыбы не нәрсе екендігін және көзделген тақырыпқа не нәрсе сәйкес келетіндігін айту табиғи болып табылады. Тақырыпты іріктеуде оны ашып көрсетуге түрліше келу мүмкіндігін, даулы ережелердің бар екендігін де ескеру қажет. Ынталандырушы тапсырма тілдік қызметке түрткі болуы (сөйленген сөздің мазмұнын емес) тиіс.

      Мақсат  әңгімеге қатысушының екеуінің де іс-әрекетін бағыттайтындай, олардың өзара іс-әрекетінің сипатын көрсететіндей етіп қойылуы тиіс. Бұл үшін тапсырмаларды қисындауға диктальдық (мысалы: «Бұрын өздерің оқыған мектептер туралы мәліметтермен алмасыңдар»); бірмодальдық – модальдық келісім (мысалы: «Екеуіңе де ұнаған фильмді талқылаңдар»); түрлімодальдық (мысалы: «Сендердің әрқайсысысың шұғылданатын спорт түрінің артықшылықтарына бір-біріңді сендіріңдер») коммуникативтік-психологиялық қондырғаны қоса алуы тиіс.

Информация о работе Шет тілін үйретуде монолог пен диалогтің жаңа мүмкіндіктерін айқындау