Компаниядағы қаржы менеджментінің ұйымдық құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 21:49, курсовая работа

Описание работы

2010 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауының тоғызыншы бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы «ұшқыр» жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда. 2006 жылы 15 қарашада өткен Қаржыгерлердің VI Конгрессінде 2003-2006 жылдардағы қаржы секторының даму тұжырымдамасының іске асырылу нәтижелері талқыланып, Қазақстан Республикасының қаржы секторының дамуының 2007-2009 жж арналған тұжырымдамасы жасалған болатын.

Содержание

Кіріспе

Бөлім I Коммерциялық банктердің активтері мен пассивтерін кешенді басқарудың теориялық негіздері
1.1 Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқарудың теориялық тұжырымдамалары
1.2 Банктің активі мен пассивін кешенді басқару стратегияларын қалыптастырудың әдістемелік аспектісі

Бөлім II Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің активтері мен пассивтерін жетілдіру жолдары
2.1 Банктің активі және пассивін теңгерімді басқару арқылы өтімділікті қамтамасыз ету
2.2 Банк табыстарын басқару әдістерін жетілдірудің банк активтері мен пассивтерін басқаруға ықпалы
2.3 Активтер мен пассивтерді басқару жүйесінің қызметін жетілдіру


Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Банк өтімділігі.docx

— 106.03 Кб (Скачать)

Сонымен біздің ойымызша, ұсынылатын баланстың  өтімділігінің қарапайым үлгісі төмендегі 20-суретте беріледі.


 

 

                                   


                                      Таза өтімді активтер      


 

 

 

 

Cурет 20. Банк балансының өтімділігінің үлгісі

 

Алшақтықтың оң болуы өтімді активтердің тұрақсыз пассивтерден жоғары болын көрсетеді. Немесе керісінше, тұрақсыз пассивтердің өтімді активтерден артық болуы да оң алшақтықты немесе артық ақшалай қаражаттардың болуын сипаттайды. Мұндай жағдайда банктер мынадай мәселелерді басынан кешеді: өтімді қаражаттар артық болса, онда пайдасы азайып, банктің құны төмендейді немесе өтімді қаражаттар жеткіліксіз болса, баланстың теңгерімсіздігін қалыпқа келтіру мақсатында сырттан қаражат тартуға байланысты қосымша шығындар шегеді.

Карастырылатын өтімді активтер қадағалаушы ұйымдардың беретін жоғары активтерінен пайдалануға болады. Атап айтсақ, кассадағы қолма-қол ақша, ҚҰБ-ге шоттағы және резвертегі қаражаттар, «А» рейтингінен төмен емес банктердегі НОСТРО шотындағы қаржаттар және мемлекеттің бағалы қағаздары мен ҚИК-ның бағалы қағаздарына салынған қаражаттар және т.б. Ал, тұрақсыз пассивтерге талап етілетін шоттардағы, карт-шттағы қаражаттар, ЛОРО шотындағы қаржаттар, өзге де депозиттік шотта жататын мерзімі қысқа қаражаттар және т.б. жатады. Осындай әдіспен өтімді активтер мен тұрақсыз пассивтерді салыстыру арқылы баланс тегерімсіздігін айқындауға болады.

Сонымен, біздің ойымызша бұл ұсынылып отырған  «таза өтімді активтердің» үлгісі банк балансының активтері мен пассивтері арасындағы теңгерімсіздікті бағалауға  мүмкіндік жасайды. 

Отандық банктер тәжірибесінде  бүгінгі күні өтімділікті басқару  жоғарыда аталған бастапқы екі әдістің  көмегімен іске асырылуда:

-  жиынтық қор әдісі, яғни  бұл әдіс басымдықтармен қолданылуда;

- конверсиондық (теңгерімділік)  әдіс, яғни бұл әдіс жекелеген  жағдайларда ғана қолданылуда.

Жиынтық қор әдісі бұл банктің  өтімді қаражаттарға деген жалпы  қажеттілігін, банктің өзінде бар  барлық өтеу көздерімен салыстыруды  сипаттайды. Ол үшін банктің балансының өтімділігін бағалау көрсеткіштері  қолданылады. Әр түрлі көздерден  алынған банктің барлық қаражаты туралы ақпарат жинақталып, банктің  өзінде бар жиынтық қор ретінде  қарастырылады. Сөйтіп, өтімділікті  қамтамасыз ету мақсатында алғашқы  және қосымша резервтер құрылады.

Алғашқы резервтер құрамына жоғары өтімді қаражаттар: касса және ҚҰБ-гі шоттағы қаражаттар кірсе, ал қосымша  резервтер құрамына да тез сатуға болатын банктің өтімді активтері, соның ішінде мемлекеттің қысқа  және ұзақ мерзімді қаражаттары жатады. Егер де ұзақ валюталық ұстанымнан банк ұзақ мерзім ішінде табыс алатын болса, онда қосымша резервке шетел  валюталары да жатуы мүмкін. Банктің  күнделікті операциясына қажетті немесе өтімділік мәселесі туындай қалған кезде шешуге қажетті ақшалай  резервінің болуы қажет.

Отандық банктерді банк өтімділігін  банктегі талдаушылық қызметі тікелей  жауапты, олар өз кезегінде банктің  қаражаттарды тарту және орналастыруына жауапты құрылымдық бөлімшелерінің қызметтерін бақылай отырып, олардың  қызметтерін үйлестіреді. Демек  талдаушылық қызмет қана банктің  ағымдағы өтімділік жағдайын және пруденциалдық  нормативтердің сақталуын бақылауға  қажетті барлық ақпараттарды ала  алады.

Банктің өтімділік жағдайын талдауға қажетті ақпараттары ішкі және сыртқы көздер жүйесінен тұрады. Сыртқы көздерден  ақпарат алу, негізінен банктің  бәсекелестері мен клиенттер  нарығындағы және т.б. нарықтардағы жағдайлар туралы әр түрлі мәліметтерді жинақтауды білдіреді. Ішкі көздер жүйесі банктің қызметін байланысты жағдайлар  туралы мәліметтерді қамтиды және ол кез келген уақытта банктің ағымдағы жағдай туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге тиіс. Банктің ағымдағы өтімділігін  талдауға қажетті ішкі ақпараттарды анықтайтын құжаттарды берілу мерзімдеріне қарай, ақпараттарға қолжетімді жекелеген  лауазымды және жауапты тұлғалар бере алады.

Банктің өтімділігін бағалау Қаржылық қадағалау агенттігінің өтімділікке  және резвертерге қатысты қоятын талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.  Банк өтімділігін жеткілікті деңгейін сақтай отырып, оның активтерінің пайдалылығын арттыру үшін қайтару мерзімдеріне байланысты тартылған қаражаттар мен  активті операциялардан алынатын табыстар салыстырылады. Өтімділікті бақылау  шегінде мұндай салыстырулар банктің  ағымдағы өтімділік ұстанымын анықтау жолымен жасалады. Банктің жалпы өтімділік ұстанымы тартылған және орналастырылған қаражаттарды мерзімдеріне қарай салыстыру арқылы анықталады. Бұл жерде тартылған және орналастырылған қаражаттар түрлеріне қарай топтастырылады. Банктің қысқа мерзімді өтімділігі үш айға дейінгі мерзіммен, ал ұзақ мерзімді өтімділігі үш айдан жоғары мерзіммен анықталады. Болашақтағы төлемдік міндеттемелер мен әр күндегі талаптарды салыстыру нәтижесінде банк түсетін және шығатын, яғни сол күні төлеуге жататын ақша қаражатарының шекті қатынасын айқындайды. Егер банктен шығатын ақша қаражаты кіретін сомадан артық болса, онда банкте өтімділік жеткіліксіз болып табылады.  Егер керісінше болса, онда өтімділік артық болады. Аталған жағдайларды талдаушылық бөлім қаражат тарту немесе орналастыру туралы шешім қабылдау үшін банктің тиісті бөлімшелерімен байланысады.

Банктің талдаушылық бөліміне өтімділікті  басқару барысында мынадай қызметтер  мен міндеттер жүктеледі:

  • өтімділік жағдайына күнделікті мониторинг жасау және Казынашылық бөліміне жедел ақпарат беру;
  • өтімділік коэффициенттердің орындалуына мониторинг жасау;
  • банктің өтімділігін терең талдауға арналған коэффициенттер жүйесін есебінің жетілдірілген әдістерін жасау;
  • өтімділіктің нашарлауын куәландыратын нақты немесе әлуиетті теріс үрдістерді айқындау;
  • теріс үрдіс туғызатын факторларды талдау;
  • өтімділікті басқару стратегиясын анықтауға арналған ұсыныстарды жасау;
  • мөлшері мен мерзімдері бойынша теңгерімді активтер мен міндеттемелердің оңтайлы құрылымын анықтау;
  • валюталық тәуекелді және пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісінен туындайтын тәуекелді талдау және бағалау.
  • Банктің ағымдағы өтімділігін басқаруға байланысты Қазынашылықтың қызметтері мыналар:
  • белгі болған және болжанған талаптарды есепке ала отырып, күн сайынғы міндеттемелерді өтеуге қажетті қолма-қол ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету;
  • артық ақша қаражат қорларын тәуекелдер бойынша стратегияда бекітілген өлшемдер шегінде орналастыру.

Қорыта айтқанда, отандық банктердің өтімді қаражаттарға деген қажеттілігін қамтамамсыз етуге банктің активі мен пассивін теңгерімді басқару  арқылы қол жеткізуге болады. Активтер мен пассивтердің теңгерімділігі бұл  банктің кейбір тартылған және орналастырылған  қаражаттары мөлшері мен мерзімдері бойынша бір бірімен сәйкес келуін білдіреді. Қаражатты тарту және оны орналастыру туралы шешім  қабылдау барысында банк ең бастысы  клиент алдындағы міндеттемесін  орындауға аса көңіл аударуға тиіс. Яғни банк өтімділікті басқара  отырып, бірінші кезекте қарызға  алған қаражаттарын міндетті түрде уақытылы қайтаруды, содан кейін пайда алуды ойлауға тиіс. Банктеріміздің бүгінгі күні өтімділік дағдарысты басына кешіруінің ең басты себебі осы теңгерімсіздіктің сақталмауында болып отыр. Нақтырақ айтсақ, олардың тартылған қаражаттарының басым бөлігі әлі де болса қысқа мерзімді болса, ал орналастырылған қаражаттары ұзақ мерзімді. Ендеше бұл арадағы теңгерімділіктің бұзылуы өтімділіктің сақталмауына жол беруде және бұл жағдай әлі біраз уақыт жалғасуы мүмкін.

2.2 Банк табыстарын басқару әдістерін жетілдіру жолдары

Банк табыстарын басқару  бұл тәуекел тұсында және банк балансының өтімділігін қамтамасыз ете отырып, банк пайдасын арттыруды  білдіреді.

Банк табыстарын басқару  жүйесі бір бірімен байланысты мынадай  элементтерден тұрады: пайданы басқаруға  қатысушы банк бөлімшесін анықтау, банктің  табыстарын, табыстары мен шығыстарын жоспарлау, банк қызметінің пайдалылық деңгейін бағалау тәсілдерін қолдану, банк табыстарын ағымдағы реттеу әдістерін  анықтау.

Банк табыстарын басқарудың маңызды элементтерінің біріне банктің  пайдасын бағалау жатады. Оның тәсілдеріне  мыналар жатады:

  • банктің табыстарын, шығыстарын, пайдасының көздерін құрылымдық талдау;
  • банктің шығыстары мен табыстарының өсу қарқынының өзара қатынасын және динамикасын талдау;
  • қаржы коэффициенттері негізінде банктің қызметінің нәтижелерін бағалау;
  • банктің табыстылығы мен пайдалылығын факторлық талдау жатады.

Банктің барлық табысын  үш топқа бөлуге болады: пайыздық табыстар, банктік қызмет көрсетуден алатын комиссиялар, басқа да табыстар (бағамдық айырма, яғни баланстық құны мен нарықтық құны арасындағы айырма, алынған айып пұлдар, пенялар және т.с.с.)

Пайыздық табыс пен  комиссиялармен ұштасуы мүмкін. Мысалға, несиелік және факторингтік операциялардан банк пайыздық төлем мен комиссияға иеленеді. Несиелік пайыз бұл пайыздық табыстың басты көзі ретінде банктің берген ссудалары үшін қарыз алушылардың төлейтін төлемі болып табылады.

Комиссия бұл банктік операция үшін сыйақы, латын тілінен аударғанда «comissio» сөзі тапсырма дегенді білдіреді. Оның мөлшеріне көрсетілетін қызметтердің өзіндік құны мен қажетті пайда жатады.

Табыс көздері екіге  бөлінеді:

  • тұрақты, оған банктік қызметтен алынатын пайыздық және пайызсыз табыстар жатады;
  • тұрақсыз, оған қайталама нарықтағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан және көзге көрінбейтін операциялардан алатын табыстарды жатқызуға болады.

Банк табыстылығын басқару  бұл тәуекел тұсында және банк балансының өтімділігін қамтамасыз ете отырып, банк пайдасын арттыруды білдіреді. Банк пайдасын басқару жүйесі бір-бірімен байланысты мынадай элементтерден тұрады:

  • пайданы басқаруға қатысушы банк бөлімшесін анықтау,
  • банктің пайдасын, табыстары мен шығыстарын жоспарлау;
  • банк қызметінің пайдалылық деңгейін бағалау тәселдерін қолдану;
  • банк пайдасын ағымдағы реттеу әдістерін анықтау.

Банк пайдасын басқаруға  біріншіден әртүрлі бөлімшелер: жетекші  ұйымдар, департаменттер, басқармалар, бөлімдер қатынасады; екіншіден қазынашылық  қатысады, үшіншіден банк бухгалтериясы, төртіншіден банктің ішкі бақылау  бөлімдері қатысады.

Банк пайдасын басқарудың маңызды элементтерінің біріне банктің  пайдасын бағалау жатады. Оның тәсілдеріне  мыналар жатады:

  • банктің табыстарын, шығыстарын, пайдасының көздерін құрылымдық талдау;
  • банктің шығыстары мен табыстарының өсу қарқынының өзара қатынасын және динамикасын талдау;
  • қаржы коэффициенттері негізінде банктің қызметінің нәтижелерін бағалау;
  • банктің табыстылығы мен пайдалылығын факторлық талдау жатады.

 14-кесте - ҚР-ғы ЕДБ-дің орташа пайыздық маржалары және орташа пайыздық спрэді, млн. теңге

Банктің атауы

Табыс әкелетін активтер

Пайыз төлене-

тін міндеттемелер

Пайыз алумен байланысты табыс-тар

Пайз төлеумен байланыстышығыстар

Сыйа

қыалу

мен байланысты таза табыс

Пайыз

дық маржа          (7/3)  

Пайыз

дық спрэд                                ((5/3)-(6/4))


14 кестенің жалғасы

«А» тобы

             

ККБ

1 541, 8

1 424, 8

72, 0

40, 6

31, 4

2,04%

1,82%

 БТА

1 416, 5

1 335, 3

64, 1

39, 9

24, 2

1,70%

1,53%

ҚХБ

771, 3

705, 8

40, 2

17, 4

22, 8

2,95%

2,75%

Барлығы

3729,6

3465,9

176,3

97,9

78,4

   

Банк жүйесіндегі үлесі , %

56,7

56,5

55,5

56,1

54,6

   

«В» тобы

             

Альянс Банк

660, 7

639, 5

39, 4

20, 2

19, 2

2,90%

2,80%

АСҚ Банк

646, 1

626, 9

25, 9

16, 4

9, 5

1,47%

1,39%

ЦКБ

486, 2

467, 3

25, 1

15, 6

9, 5

1,95%

1,82%

Каспий банкі 

172, 5

156, 1

13, 8

6, 1

7, 7

4,48%

4,11%

Нұрбанк

154, 2

142, 9

7, 5

4 ,8

2, 7

1,75%

1,51%

Темірбанк

149,9

130, 7

7, 7

3, 9

3, 8

2,53%

2,15%

  Еуразия банкі

123, 4

114, 3

6, 1

2, 9

3, 2

2,60%

2,42%

Барлығы

2393,0

2277,7

125,5

69,9

55,6

   

Банк жүйесіндегі үлесі , %

36,4

37,1

39,5

40,1

38,7

   

«С» тобы

             

Барлығы

457,3

392,3

16,1

6,6

12,7

   

Банк жүйесіндегі үлесі , %

6,9

6,4

5,1

3,8

8,9

   

Банк жүйесі бойынша барлығы

6 579, 9

6 135, 9

317, 9

174, 4

143, 5

2,18%

1,99%

Информация о работе Компаниядағы қаржы менеджментінің ұйымдық құрылымы