Компаниядағы қаржы менеджментінің ұйымдық құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 21:49, курсовая работа

Описание работы

2010 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауының тоғызыншы бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы «ұшқыр» жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда. 2006 жылы 15 қарашада өткен Қаржыгерлердің VI Конгрессінде 2003-2006 жылдардағы қаржы секторының даму тұжырымдамасының іске асырылу нәтижелері талқыланып, Қазақстан Республикасының қаржы секторының дамуының 2007-2009 жж арналған тұжырымдамасы жасалған болатын.

Содержание

Кіріспе

Бөлім I Коммерциялық банктердің активтері мен пассивтерін кешенді басқарудың теориялық негіздері
1.1 Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқарудың теориялық тұжырымдамалары
1.2 Банктің активі мен пассивін кешенді басқару стратегияларын қалыптастырудың әдістемелік аспектісі

Бөлім II Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің активтері мен пассивтерін жетілдіру жолдары
2.1 Банктің активі және пассивін теңгерімді басқару арқылы өтімділікті қамтамасыз ету
2.2 Банк табыстарын басқару әдістерін жетілдірудің банк активтері мен пассивтерін басқаруға ықпалы
2.3 Активтер мен пассивтерді басқару жүйесінің қызметін жетілдіру


Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Банк өтімділігі.docx

— 106.03 Кб (Скачать)

Екінші  ретті резервтердің негізгі қолданымы  бұл бірінші ретті резервтерді  толықтыру көзінің болуында. Соңғысы  сияқты бұл бухгалтерлік емес, экономикалық категория және ол да банк балансында көрсетілмейді. Екінші ретті резервтерге бағалы  қағаздар қоржынын құрайтын активтер және де кейбір жағдайларда ссудалық шоттағы қаражаттар жатады.

«Қаражаттардың  ортақ қоры» әдісі бойынша  қаражаттарды орналастырудың үшінші сатысы несие қоржынын құру. Банк бірінші  және екінші реттегі резервтердің мөлшерін анықтағаннан соң, ол өз клиенттеріне ссуданы ұсына алады. Бұл табыс әкелетін банк қызметтерінің маңызды түрі. Займдар  бұл  банк активтерінің ең маңызды бөлігі, ал займдар бойынша табыстар  банк табысының ең ірі   құраушысы    болып   табылады.    Займдық   операциялар   банк қызметінің ең тәуекелді  түрі болып табылады.

Ең  соңында  құжаттарды  алмастыру  кезінде  бағалы қағаздар қоржынынің құрамы анықталады. Активтерді басқару бойынша қаражаттардың  ортақ қор әдісін қолдану банкке активті операциялар санаттарын таңдауда үлкен мүмкіндіктер береді. Бұл әдіс ортақ қалыптасатын артықшылықтарды  белгілейді. Бұл әдісте активтердің  санттары бойынша қаражаттарды бөлу үшін нақты критерийлер жоқ және де бұл әдіс «өтімділік – табыстылық»  дилеммасын шеше алмайды. Соңғысы банк басқармасының кәсіби белсенділігі мен интуициясына тәуелді болып  келеді. Банк қаражаттарын теңгерімді басқару әдісі бұл бос ақша қаражаттарын тарту көздерінің көп  түрлілігіне негізделеді. Әрбір  көздің өзіне тән өзгерімділігі, құны бар және оған белгілі бір  талаптар қойылады. Сондықтан әрбір  қаражат көзі жеке қарастырылады  және оларды мерзіміне қарай активтермен  сәйкестендіру қажет [177, 79б.]. Мысалы, талап етілетін салымдар депозиттердің үлкен бөлігі бірінші және қосымша резервтерді толықтыруға, ал облигацияларды орналастырудан түсетін түсімдер ұзақ  мерзімді несиелерді қаржыландыруға жұмсалады және т.с.с. (19-сурет).

 

Қаражаттардың көздері                                           Қаражаттарды орналастыру

 


                                                                           



                                                 



 

 



 

 

 

 

 

 

 

Cурет 19. «Қорды басқарудың теңгерімділік әдісінің» үлгісі

 

Конверсиондық әдісті тәжірибеде қор  қаражаттарын теңгерімді басқару әдісі  деп атауға болады. Осы әдіске сәйкес әр түрлі көздерден тартылған  қаражаттарды орналастыру үшін пайдаланатын «табыстылық-өтімділік» орталары анықталады. Талап ететін салымдары өтімді активтермен  жоғары деңгейде қамтамасыз етілуді  талап етеді, сондықтан  талап  ететін салымдарының үлкен бөлігін  алғашқы резервтерде орналастыруға  тиіс. Ал, талап ететін салымдарының қалған бөлігі қосымша резервтерге  бағытталады және аз бөлігі ғана қысқа  мерзімді несиелерге беріледі. Мерзімді салымдардың басым бөлігін қосымша  резервтерді қалыптастыруға, орта және ұзақ мерзімді ссудаларға, сондай-ақ ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға бағыттайды. Жинақ салымдарының басым бөлігін  алғашқы және қосымша резервтерге, қалған бөлігін сондай-ақ несиелерге орналастыру қажет. Өзге қарыздарға  бұл жерде банктердің Орталық  банктен және өзге банктер мен  қор нарығынан тартқан қаражаттары  жатады. Оларды қосымша резвертерге, несиелерге, бағалы қағаздарға бағыттаған дұрыс.

«Қорды басқарудың теңгерімділік» әдісінің «қаражаттардың ортақ қоры»  әдісінен артықшылығы есептеудің арқасында  жоғары өтімді активтердің үлесін дәлірек  анықтауға және олардың азаю есебінен қосымша ресурстарды жоғары өтімді активтерге салуға мүмкіндік береді.

Бұл әдістің  басты артықшылығы банк табыстылығына  жету болып табылады. Активті және пассивті операциялар арасындағы теңгерімділікті  ұстау теориясында банктің өтімділігі жүз пайызды қамтамасыз етілер еді  деген көзқарас бар. Бірақ, тәжірибе жүзінде оған олардың серпінін болжау қиын болып табылатын факторлар  үлкен әсер етеді. Мысалы, клиенттерге  несиелерді өз уақытында қайтару  банктің қаражаттарына қайтару  мүмкіндігіне байланысты емес, ол бірқатар тәуекелдерге байланысты. Соңғы он жылда өтімділікті басқаруда тәжірибе жүзінде барлық теориялар қолданылды деп айтуға болады.

Экономикалық  тұрақтану, нарықтық қатынастардың  тереңдеуі, несиелік операциялардың дамуы  және қаржы құралдарының кең көлемінің  пайда болуы жағдайында қаражаттарды сенімді және табысты орналастырудың мүмкіндіктері пайда болады. Сөйтіп, көптеген шетелдік банктер орын алмастыру, күтілетін табыс теорияларын, сонымен  қатар банк қаражаттарының аталған  әдісін қолданады.

Шетелдік тәжірибеде басқарушы  мамандар өндірістік мәселесін шешу үшін сызықтық бағдарламалау деп  аталатын ғылыми әдістерінің бірін  қолданады. Бұл әдіс операциялардың табыстылық пен өтімділік жағынан  шектеулерді ескеріп, пассивтерді  басқарудағы проблемалы активтерді басқару мәселесімен байланыстырады. Сызықтық бағдарламалау бір ғана ықшамды шешімге әкелетін детерминдеу  үлгісін ұйғарады, шектеулердің сипаты  дәл анықталуы тиіс. Мақсатты қызметі  үздіксіз және нақты анықталуы қажет, яғни шешімді анықтайтын әр айнымалы мақсатты қызметке және шектеулерді  көрсететін теңдеуге өз үлесін қосуы  керек. Сонда бағдарламаны бірнеше  рет қосқанда да, ол бір ғана шешімді  беруі тиіс, яғни іс жүзінде басшылар кейбір шектеулердің немесе бағаланатын әрекеттестіктердің өзгеруінің тиімділігін тексеру үшін бағдарламаны бірнеше рет жіберуі мүмкін.

Жоғарыдағы аталған өтімділікті  басқару үлгілеріне қарағанда соңғы  үлгі біздің тәжірибемізде қолданылмай  отыр, себебі оған сәйкес дайындығы  бар кеңесшілер немесе қызметшілер  және ірі үлгілерді есептеуге  қуаттылығы жететін есептеуіш жабдықтар  болуы керек, ал мұның барлығы  үлкен шығындармен байланысты.

Бұл теорияның  маңызды мезеті, яғни экономикалық тұрақты немесе ең болмағанда күтілетін  жағдайында банктер үшін активтік операциялардың экономикадағы кең спектірінің  болуы болып табылады. Сол себептен, болашақтағы табыс теориясы қаражаттардың  болашақта келіп түсуін жоспарлауды  болжау көмегімен басқаруды сипаттайды, және қарыз алушының күтілетін табысына сай өтеу мерзімі бойынша несиелік тәуекелді құру және инвестициялық  адекватты жүйесін таңдау арқылы банк өтімділігіне әсер ету мүмкіндіктеріне  негізделеді. Жоғары инфляция, жалпы  төлемсіздік жағдайында мұндай болжамды жасау мүмкін емес.

Жоғарыда келтірілген теориялардың барлығы активтерді басқаруға негізделеді. Орын алмастыру теориясы, ортақ резервтік  қор теориясы және болашақ табыс  теориясының жақтаушылары мен ізбасарлары  бар, бірақ кейбір экономистердің арасында мынадай ой бар: жоғарыдағы теориялардың барлығы нарықта маңызды үлесі  бар. Ірі емес банктерде қолданыс табады. Жоғары рейтингі бар ірі  банктер халық пен кәсіпкерлер  арасында сенімділігі бар. Өтімділікті  басқару кезінде жоғарыда келтірілген  теорияларды ғана қолданбау қажет. Өйткені  олар  біршама  маңызды  соманы  жоғары  өтімді  формада, сақтауға міндетті және де қажет болған жағдайда ірі банктер ақша нарығында қаражаттардың жеткілікті көлемін тарта алады.

Өтімділікті басқару теориясы коммерциялық банктердің пайда болып, дамуымен бірге  бірдей пайда болып, дамыды.

- Бірінші  әдіс-мынаған  негізделді: банк  активтерінің жүйесі мерзімі  бойынша оның пассивтерінің жүйесіне  дәл сәйкес келуі қажет, ал бұл коммерциялық    банктердің    өзінің    өтімділігін    басқарудың    активті саясатын     жүргізу     мүмкіндігінің     болмауын     сипаттайды.     Осы теориялық  негізде   банктің   қаржылық  талаптарының   көлемі  мен мерзімі оның міндеттемелерінің мөлшері мен мерзіміне сәйкестігін көрсететін «алтын банктік ереже» жасалды.

- Екінші  әдіс баланстық, актив және  пассив құрылымының нақты сәйкестігіне  негізделеді. Өйткені, бірде бір  күшті коммерциялық банк әлеуметтік  экономикалық жағдайларда үнемі  кездескен қаржы-несиелік          әрекеттердің  мынадай нәтижелерінен   сақтандырылмаған, ол экономикалық  дағдарыс, банкроттық, қарыздар бойынша  төлемсіздік, бағалы қағаздар, ақша  қаражаттарының қарыз капиталы  нарығында сұраныс пен ұсыныс  коньюктурасы және нарықтық қатынастардың  басқа да теңгерімсіздік көріністері.  Мұндай құбылыстар жоспарлы орталықтандырылған  экономикадан нарықтық экономикаға өтуді жүзеге асыратын елдер үшін тән болып келеді. Қазіргі уақытта барлық осы құбылыстар Қазақстанда байқалуда.

Әлеуметтік-экономикалық жүйенің құрылуы мен әртүрлі  даму этаптарында пайда болған барлық жоғарыда көрсетілген және басқа  да қиындықтар банк басқармасының өтімділіктің белгіленген бір деңгейін ұстап  тұру бойынша тұрақты қамқорлығын  талап етті. Коммерциялық банктердің тұрақты қызмет етуінің осы базистік жағдайын қамтамасыз ету баланс жүйесін  басқару, яғни активтер мен пассивтерді  басқару арқылы өтімділік мәселесін  шешудің обьективті қажеттілігін тудырды.

Әлеуметтік-экономикалық жүйелердің эволюционды қайта құрылуы, банк ісінің әлемдік тәжірибесінің  қиындауы мен қатынасы үдерісінде банк өтімділігі мәселесінің екінші әдісі  екі негізгі бағыт бойынша  ары қарай дамыды: коммерциялық банктердің активтерін басқару теориясы және пассивтер  басқару теориясы.

Пассивтерді басқару мынадай екі жағдайға негізделеді:

1. Банк  өтімділік мәселесін қосымша  ақша қаражаттарын, оларды капитал  нарығында сатып ала отырып, оларды  тарту жолымен шешуі   мүмкін.   Берілген   анықтама   тәжірибе   жүзінде  Батыс елдерінде   жүзеге   асты.   Біздің   Казкоммерц банк,   Халық банкі  сияқты ірі банктеріміз өз  акцияларын Батыс капитал нарығында  орналастыру әрекетін жасауда.

2. Коммерциялық  банк өз өтімділігін федералды  резервтік жүйеде немесе банк - корреспонденттерден кең көлемді  қарыз ақша қаражаттарын, сонымен  қатар евровалюта нарығында алынатын  қарыздарды тарту арқылы қамтамасыз  етеді.

Активтер  мен пассивтерді басқара отырып коммерциялық банктердің өтімділігіне қатысты теориялық ережелері  тәжірибеде жүзеге асыра отырып банктер  табыстылық, өтімділік және төлем  қабілеттілік арасын үнемі баланстап  отыруы қажет.

Кейбір  күтпеген жағдайларда өз өтімділігін  қамтамасыз ете алмаған банктер  төлем қабілетсіз болып табылуы  мүмкін, және де нәтижесінде банкроттыққа ұшырауы мүмкін. Сол себептен, коммерциялық банктердің өтімділігін басқару  мәселесінің қағидалық мәні бар  және де ол әлемдік банк ісі тәжірибесінде бірінші орында.

Пассивтерді басқару банк өтімділігін қамтамасыз етудің әдісі ретінде банк капиталының  орталықтануы мен концентрациясының  тереңдеуімен, оның интернационализациясымен, арнайы мамандандырылған несиелік институттардың дамуы және көптеген мамандандырылған нарықтардың пайда болуымен (ақша, ипотекалық, банктік және т.б.) мемлекеттік  реттеудің күшеюімен қол жетеді. Соңғы жылдарда банктер өз өтімділігін  қамтамасыз ету үшін кең көлемді  қарыздарды алып отырды. Мұндай қарыздарды "пассивтерді басқару" деп атай бастады. Қазіргі уақытта нарықта  біршама үлесі бар ірі банктер  көбінесе пассивтерді басқару теориясын  қолданады. Олар жоғары сапалы, бірақ  төмен табысты өтімді құралдар формасында өз активтерін минимизациялау үшін қолданады. Қажеттілік кезеңінде бұл банктер  негізінен ақша нарығы арқылы көп көлемде қосымша қаржыландыруды жинайды. Пассивтерді басқару теориясы - көбінесе,   қосымша қаржыландыру көздерінің кеңеюінің, диверсификациясын және сандық бағалауын сипаттайды. Пассивтерді басқару теориясының негізінде орын – ауыстыру теориясы қолданылады. Сәйкесінше, осы екі теорияға бірдей кемшіліктер тән болып келеді. Пассивтерді басқару теориясы банктің қауіпсіз қызмет етуіне толық кепілдік бермейді. Банктер табыстарды минималды жұмсап отырып өтімділікті қамтамасыз етуге тырысады. Бұл мынадан көрініс табады, нақты өтімді қаражаттар (касса, Ұлттық банктегі және басқа да коммерциялық банктердің ағымдағы шотындағы қаражаттар) кассалық операциялармен орналастырылады, яғни табыс әкелетін қаражаттар мен аса қысқа мерзімде орналастырылады. Мұндай әдіс, негізінен, өтімділікті нарық жағдайынан тәуелді етіп қояды.

Соңғы кездері  банктердің активтері мен пассивтерін  басқаруда өтімділікті басқаруға  басты орын беріледі. Банктің сенімділігі  мен тұрақтылығының негізгі белгісіне  оның клиенттердің алдындағы міндеттемесін  бастапқы талабы бойынша қанағаттандыруы  жатады.

Экономикалық  айналымның кезеңдеріне байланыссыз  өтімді қаражаттарға деген сұраныс  пен ұсыныс сәйкес келмейді, яғни соның  нәтижесінде банктерде өтімді қаражаттардың  артықшылығы немесе тапшылығы  байқалады. Өтімділікті артықшылығы немесе тапшылығы тұсында уақтылы арттық қаражаттарды орналастырмаса не кем  қаражаттарды тартпаса банктің табысын  жоғалтып тұрақсыздыққа ұшырауына  жол береді. Сыртқы көздерден қаражаттар тартудың өзіндік шектеулер болуы  мүмкін, атап айтсақ, банктің несиелік қабілеттігі, рейтингі, беделі, қаражаттарға деген қажеттілік көлемі, пайыздық мөлшерлемелердің деңгейі, және т.б.. Ал қаражаттарды орналастыруда да өтімділік  пен табыстылық дилеммасы орын алады. Сөйтіп, банктер өтімділікті қолдау мақсатында қаражаттарының бір бөлігін  өтімді активтерге орналастырса, екінші бөлігін пайда табу мақсатында табысты  активтерге орналастыруға тырысады. Бұл жерде табысты активтерді қайтарудың тәуекелмен байланыстылығын  ескерсек, онда оңтайлы шамадан артық  өтімді активтерді ұстау өз кезегінде  банктің табыстылығын азайтып, банктің  құнына теріс әсер етеді. Бұл жерде  банк балансына талдау жасау үрдісінде  банк өтімділігі мен банктің капиталы өзара тығыз байланысты  болатындығын байқау қиын емес. Баланста немесе пайда  мен зиян есебінде көрсетілген зиян, бұл банктің активтері бойынша  төлемеу тәуекелінің, пайыздық не нарықтық тәуекелдердің салдарын көрсетеді. Банктің өтімділігін тек қана тартылған қаражаттар есебінен қолдау теріс салдарларға әкеліп соғуы  мүмкін. Біздің ойымызша,  тек активтер немесе пассивтер есебінен өтімділікті  қолдап отыру, банктің алдына қойған мақсатыны қол жеткізуге мүмкіндік  бермейді. Сондықтан да активтер мен  пассивтерді теңгерімді басқару  негізінде өтімділікті басқарудың біршама тиімді әдістердің бірі саналады. Мұндай әдіспен басқаруды ұйымдастыру  қаражатты тартып және оны орналастыруға  құзіретті  банктің барлық бөлімшелерінің қызметін бақылауды жүзеге асыру,  ақша қаражаттарының ағымдары туралы ақпараттар негізінде өтімділікті болжау, өтімді қаражаттарды басқарудың басымдықтарын анықтауға, табыстылық пен өтімділік тұрғысынан банктердің активтері мен пассивтерінің мерзімдері бойынша сәйкестігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы жерде банктердің балансының өтімділігін басқарудың қарапайым үлгісін жасау қажеттігі туындайтыны сөзсіз. Баланстың өтімілігін талдауда барлық активтерді екі топқа бөлеміз: өтімді және өтімсіз. Соған сәйкес банктің пассивтерінде екі топқа бөлу қажет: тұрақты және тұрақссыз. Бұл жерде банктің өтімді активтері мен тұрақсыз пассивтерін өзара салыстыру арқылы таза өтімді Гэп-ті анықтауға болады. Бұл әдістің мәні, яғни банктің балансының өтімді активтері мен тұрақсыз пассивтері арасындаға алшақтықты айқындау болып табылады.

Информация о работе Компаниядағы қаржы менеджментінің ұйымдық құрылымы