Компаниядағы қаржы менеджментінің ұйымдық құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 21:49, курсовая работа

Описание работы

2010 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауының тоғызыншы бағытында еліміздің Қаржы жүйесінің ырықтандыру жағдайындағы тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіледі. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің бәсекелестігін арттыру мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы «ұшқыр» жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда. 2006 жылы 15 қарашада өткен Қаржыгерлердің VI Конгрессінде 2003-2006 жылдардағы қаржы секторының даму тұжырымдамасының іске асырылу нәтижелері талқыланып, Қазақстан Республикасының қаржы секторының дамуының 2007-2009 жж арналған тұжырымдамасы жасалған болатын.

Содержание

Кіріспе

Бөлім I Коммерциялық банктердің активтері мен пассивтерін кешенді басқарудың теориялық негіздері
1.1 Коммерциялық банктің активі мен пассивін басқарудың теориялық тұжырымдамалары
1.2 Банктің активі мен пассивін кешенді басқару стратегияларын қалыптастырудың әдістемелік аспектісі

Бөлім II Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің активтері мен пассивтерін жетілдіру жолдары
2.1 Банктің активі және пассивін теңгерімді басқару арқылы өтімділікті қамтамасыз ету
2.2 Банк табыстарын басқару әдістерін жетілдірудің банк активтері мен пассивтерін басқаруға ықпалы
2.3 Активтер мен пассивтерді басқару жүйесінің қызметін жетілдіру


Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Банк өтімділігі.docx

— 106.03 Кб (Скачать)

Банк  қызметкерлерін басқару стратегиясын жасауды ситуациялық талдау нәтижесінде  анықталған банктің ұйымдастырушылық құрылымының міндеттерді шешуге сәйкес келуі сияқты көрсеткіштер ескеріледі.

Жалпы макроэкономикалық жағдайларды, мысалы экономикалық өсуі немесе дағдарыс жағдайларын ескере отырып, банктің  даму стратегияларын үш түрге бөлуге болады (8-сурет).





 

 

Сурет 8. Банктің даму стратегиялары

Банктер дағдарыс жағдайында өзгеру стратегиясына, экономикалық тұрақтылық жағдайында бірігу стратегиясына, ал экономикалық өсу жағдайында жаулап алу стратегиясына  көңіл бөлуге тиіс (А.1 және А.2 - суреттерде берілген). Бұл жерде қандай стратегия болмасын бәрі нақты жағдайға тәуелді болып келеді.

Өзгеру стратегиясының мақсаты  бұл дағдарыстық жағдайдан шығуға байланысты шаралардың жүйесін жасау. Мұндай жағдайда банк менеджменті банк балансының жағдайын сауықтыру мақсатында табыс әкелетін активтердің бір  бөлігін сату мүмкіндігін қарастырып, сондай-ақ  қызметкерлердің бір  қатарын  жұмыстан босату және технологияға инвестиция жұмсау есебінен үстеме шығыстарды азайту мүмкіндіктерін қарастыруға  тиіс.

Өзгеру стратегиясын іске асыру  белгілі бір тәуекелдермен байланысты болып келеді. Әсіресе, дағдарыс уақытында  клиенттерді жоғалту есебінен және білікті қызметкерлердің жұмыстан кетуінен, технологиялық базаның  нашарлауы салдарынан банктің қаржылық жағдайының нашарлауы байқалады.

Бірігу стратегиясы бұл негізінен  өсу стратегиясының жалғасы болып  табылады. Консолидациялау стратегиясының мақсаты – банк пайдасын өсіру  және нарықтағы үлесін сақтап қалу. Бірігу стратегиясының жағдайында пайданы  арттыру банктік технологияларға  инвестицияны өсіру, қызметкерлер жағынан  қайтарымның өсуі, үстеме шығындары  үнемдеу есебінен іске асады. Банктің  нарықтағы үлесін сақтап қалуы бұл  көрсететін қызметтерінің сапасын  арттыру, тұрақты клиенттерге басты  назар аудару, сондай-ақ клиенттер  және көрсетілетін қызметтер санын  арттыру, табысы жоғары клиенттерге  қызмет көрсетуді жолға қою арқылы жүзеге асады. Консолидациялау стратегиясының тәуекелі негізінен бәсекелестік ортаның  агрессивтігіне, технологияларға жұмсалатын инвестцияның жеткіліксіздігінен, банк ішіндегі қайта ұйымдастырылудың жиілігінен және қателіктердің болуымен байлансты.

Жаулап алу стратегиясының бір  түріне бірігу және қосылу стратегиялары  жатады. Бірігу және қосылу стратегияларының негізгі себептеріне мыналар  жатады:

  • капитал жеткіліксіздігі;
  • өсуге деген қажеттілік;
  • ақша қаражаттарының сыртқа кету тәуекелінің төмендеуі (өтімділікті жоғалту) және имиджді нағайту;
  • бір атаққа ие болу;
  • пайданың өсімін алуға ұмтылу;
  • нарықтағы үлесін арттыруға деген қажеттілігі;
  • білікті кадрларды тарту;
  • бәсекелестік ұстанымды нығайту.

Бірігу және қосылу (интеграциялану) стратегияларының негізгі артықшылықтары мынадай:

  • банк операцияларының көлемін өсіру нәтижесінде пайданың өсуіне және рентабельділік деңгейінің артуына тез арада қол жеткізу;
  • қызметкерлердің біліктілігін толықтыратын жоғары біліктілік деңгейін алу;
  • банкті сол елдің, аймақтың немесе қаланың ішінде ең жақсы банктер қатарына қосу.

Бірігу және қосылу немесе өсу стратегиясын дұрыс жасау  керек, себебі, мамандардың бағалауынша  олардың сәтті қосылу ықтималдығы 50%-ды құрайды.

Жоғарыда айтылғандардан мынадай түйін жасауға болады, яғни жақсы ойластырылған банк стратегиясы, оның тұрақты дамуының кепілі болып  табылады. Сондықтан да банк стратегиясын жасаудың әрбір кезеңіне банктің  барлық тәуекелдерін ескеретін адекватты  стратегиясы сәйкес келуге тиіс. Өсу  жағдайында банк жауалап алу стратегиясы  мән берген дұрыс. Бірақ бұл жерде  капиталдың азаюының тәуекелін ескеретін  болса, онда жаулап алу стратегиясынан консолидациялау стратегиясына  өтуі мүмкін. Егер дағдарыс құбылыстары  орын ала бастаса, онда өзгеру стратегиясына  мән берген дұрыс.

Стратегияның  маңызды белгілерінің біріне банктің  даму тұжырымдамасынан туындайтын басымдықтар  жатады. Басқаша айтқанда, стратегияда  жасалған үйлестірімдер стратегиялық басқару жолымен қамтамасыз етіледі.

 Банктік сектордың осал жақтарын айқындауда соңғы жылдарда өткен Қаржыгерлердің конгрессіне арналып жасалған Қазақстанның қаржы секторының  SWOT-талдауынның нәтижелерін негізге ала отырып, банк секторына қатысты талдауды келесі беттегі 8-кестеден көруге болады.

 

8-кесте ҚР-ғы  ЕДБ-дің қызметіне жасалған SWOT-талдауы

Күшті жақтары

Мүмкіндіктері

  1. Пәрменді несие, депозит және инвестициялық саясаты.
  2. Активтері мен пассивтерінің мерзімдері бойынша салыстырмалы теңгерімділігі, тәуекелді басқарудың кешенді жүйесін кезең-кезеңімен қалыптастыру.
  3. Жиынтық активтердің, несиенің, депозиттердің және табыстылық көрсеткіштерінің жоғарғы қарқынмен өсуі.
  4. Банк қызметінің Халықаралық стандарттарға сай жұмыс жасауы.
  5. Несие сапасының және инвестициялық қоржынның қанағаттанарлық деңгейі, мүмкін болатын залалдардың резервтермен (провизиялармен) жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі.
  1. Жаңа банктік өнімдерді пайдалану, оларды төменгі шығындар, желілік тиімділіктер мен технологиялар есебінен арттыра түсу.
  2. Банк қызметтерінің тарифтерін қалыпты деңгейде ұстау, несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерін төмендету.
  3. Банктер арасында бәсекелестікті күшейту.
  4. Менеджмент сапасын арттыру, активтер мен пассивтерді басқару және тәуекелді басқару жүйесін одан әр жетілдіру.
  5. Банк секторының үйлесімді дамуы, банк өнімдері мен қызметтерінің, технологияларының санының өсуі және сапасының оған сай болуы.
  6. Банк капиталының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру

Әлсіз жақтары

Қатерлер

  1. Банк секторының қаржылық тұрақтылығы мен өтімділік, капиталдану және бәсекелестік қабілеттілік жағынан қол жеткізген деңгейі.
  2. Ішкі ұзақ және орта мерзімді банктік ресурстардың шектеулігі.
  3. Банктік тәуекелдердің жоғары деңгейде орын алуы;
  4. Ішкі нарықтағы банктің инвестициялық операцияларды жүзеге асыру үшін қаржы құралдарының тапшылығы
  1. Сыртқы қарыздарының көп мөлшерде болуы.
  2. Жіктелген активтердің, оның ішінде несиелерінің жоғары деңгейі.
  3. Банктік қызметтер нарығында банктер арасында бәсекелестік тепе-теңдіктіктің бұзылуы. Үш ірі банктің ұстанымының өте жоғары деңгейде болуы.
  4. ДСҰ-на кіруге байланысты шетел капиталының қатысуымен банктердің көбеюі.
  5. Бағалы қағаздардың табыстылықтарының және кепілге алынған мүлік құндарының төмендеуі.

Ескертпе

      S – Strengths – банктің күшті жақтары.

     W – Weaknesses– банктің  әлсіз жақтары.

     O – Opportunities – банктің  даму мүмкіндіктері.

     T – Trears – банктің  дамуындағы қауіптер..


 

Жоғарыдағы банктік сектордың 2000-2007 жж аралығындағы дамуына жасалған зерттеулерді, SWOT-талдауын және Елбасының 2008 жылы халыққа жасаған жолдауындағы банктік сектордың алдына қойған мақсаттарын басшылыққа ала отырып, қазіргі заманға сай банктің  активтері мен пассивтерін басқаруды  жетілдіруге қолжеткізуге тиісті банктік  сектордың даму мақсаттарын М. Портердің ромбысы үлгісінде 13-суретпен келесі бетте беруге болады.

 

Банктік сектордың капиталдану 

деңгейін және құнын арттыру

 

Банк секторының өтімділігі мен  қаржылық тұрақтылығын қолдау


 

 

Банктің қызметтері мен өнімдерінің  технологияларының

сапасын арттыру


Тәуекелдерді басқару жүйесін  дамыту


 

Сурет 13. Қазақстанның банк секторының даму мақсаттары

 

Бұл даму мақсаттары қазіргі  банк жүйесінде орын алған басты  мәселелер анықтап береді, оларға: біріншіден, капиталдану деңгейінің төмендігі, екіншіден өтімділік пен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің әлсіздігі, төртіншіден, тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту туралы мәселелерді шешу. Демек, аталған мәселелер бүгінгі банктік сектордың бәсекелестігін тежейтін басты факторларға айналуда.

Сонымен қатар соңғы  Қаржы конгрессінде белгілі болғандай  Бостон консалтингтік тобының жасаған  қаржы секторының бәсекеге қабілетігінің  үлгісінің негізінде отандық  банк секторына арналған үлгіні жасау  қиын емес және оны төмендегі 8- кестеде беруге болады.

 

 8 – кесте. Бәсекеге қабілеттілік: нарықтың өсуі – нарықтық үлесі.

«Қиын балалар»

«Жұлдыздар»

Орта банктер

Ірі банктер

«Иттер»

«Сауынды сиырлар»

Шағын банктер

Ірі және орта банктер 

Ескерту- «Иттер» - өсу қарқыны төмен және нарықта үлесі аз банктер.

             «Сауынды сиырлар» - өсу қарқыны төмен, бірақ нарықта үлесі көп банктер.

          «Қиын балалар» - өсу қарқыны жоғары, бірақ нарықтық үлесі аз банктер.

«Жұлдыздар» - өсу қарқыны жоғары және нарықтық үлесі көп банктер.


 

Жоғарыдағы банк секторының бәсекеге қабілетігінің үлгісінің негізінде екінші деңгейдегі банктерді үш топқа бөлуге болады:

- «А» - ірі банктер  немесе бәсекелестік қабілеттігі  жоғары банктер;

- «В» - орташа банктер  немесе бәсекелестік қабілеттігі  орташа банктер;

- «С» - шағын банктер  бәсекелестік қабілеттігі төмен  банктер.

 

 

 

 

 

  II Бөлім. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық  банктердің активтері мен пассивтерін жетілдіру жолдары

 

    1.  Банктің активтері мен пассивтерін басқарудағы өтімділікті қамтамасыз ету

 

Банк өтімділігін басқару банктік  менеджменттің маңызды элементі болып табылады. Өтімділікті басқарудың негізгі мақсаты міндеттемелердің дер кезінде өтеу үшін қолма-қол  қаражаттарға деген қажеттілікті әрқашан  қанағаттандырып отыру. Жалпы банктің  өтімділігін басқаруда өтімділік  мынадай екі қызмет атқарады [177, 78б.]:

-  несиеге деген сұранысты қанағаттандыру;

-  салымшылардың депозиттерді алу сұранысын қанағаттандыру.

Өтімді қаражаттар мен төлемдік міндеттемелер арасындағы айырма банктің  ағымдағы өтімділік ұстанымын көрсетеді. Оның мәні теріс болса, онда ол банктегі өтімді қаражаттарының жеткіліксіздігін, ал оң болса, онда артық өтімділікті көрсетеді. Банктің күнделікті ағымдық өтімділігінің ұстанымын есептеу, оның өтімділігінің жағдайын анықтау және өтімділік тапшылығының болуын ескерту мақсатында жүзеге асады.

Банктік өтімділікті қамтамасыз етуді ішкі және сыртқы көздерге бөліп қарайды:

  1. ішкі көздер, яғни банк активтерін қолма-қол ақшаларға айналдыру және резерв (корршот және кассада қаражат ұстау арқылы) құру;
  2. сыртқы көздер, яғни өтімді активтерді (бағалы қағаздар, депозиттік сертифкаттар және т.б.) сатып алу.

Көптеген  банкирлер қоғамның сенімі  бұл  банк үшін қымбат актив деп есептейді. Тұрақты табыстар  бұл  банктің  өмір сүру қабілеттігінің кепілі болып  табылады. Әрине, сенімді табыстар  банкке өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік  береді. Банк жүйесіне қоғамның сенім  білдіруінің негізгі талаптарының бірі мынада: салымшылар өз ақша қаражаттарын қалаған және кез келген уақытта  қайтарып ала алатындығына және де осы банкке өз ақша қаражаттарын сала отырып ешқандай тәуекелге ұшырамайтындығына  сенімді болу қажет. Сол себептен, салымшылар қадағалау органдары, банк басқарушылары мен клиенттері сияқты банк активтерінің өтімділігіне қызығушылық  тудырады.

Әлемдік банктік тәжірибеде банктің активін  басқару бірқатар әдістер арқылы жүзеге асырылады. Дағдарыс жағдайында депозиттерді мерзімінен бұрын алу қаупі пайда болатындықтан, бұл жағдайда барлық депозиттер талап еткенге дейін депозиттер болуы мүмкін. Сондықтан, банктің бұл міндеттемелерді өтеуге дайын болуы және ол үшін бұл көлемге жеткілікті өтімділігі жоғары қаражаттардың болуы қажет. Ең бастысы ортақ қор құру қажет. Бұл қордан қаражаттар мынадай бағыттарда үлестіріледі: ең алдымен алғашқы резервтер (қолма-қол ақшалар, Ұлттық банктегі депозиттегі қаражаттар, резвертер), кейінен қысқа мерзімді өтімділігі жоғары бағалы қағаздар есебінен қосымша резервтер құралады. Ары қарай, қор қаражаттары қарыз алуға негізделген барлық өнімдерді қаржыландыруға жіберіледі, бұл жерде несие қоржыны өтімділікті қамтамасыз етудің әдісі болып табылмайды. Несиеге деген сұраныстарды қанағаттандырғаннан кейін қалған қаражаттар мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалады. Олар, бір жағынан, табыс көзі болып табылса, екінші жағынан, өтеу мерзімінің қысқа болуына қарай қосымша резервтер қатарын толықтырады.

Ұзақ  мерзімді болашақта бірегей резервтік  қор әдісін қолданудың елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыру кезінде біршама  кемшіліктері бар.

- біріншіден, банктің қаржылық тұрақтылығына  ұзақ мерзімді перспективада  жағымсыз әсер ететін табыстылықтың  жеткілікті деңгейін қамтамасыз  етпейтін өтімділігі жоғары қаражаттарды  максимизациялауға бағыт жасайды;

-  екіншіден,  әртүрлі депозиттердің түрлерінің  мерзімділігі ескерілмейді: талап  еткенге дейінгі депозиттер есеп  айырысу үшін арналған, ал жинақ және мерзімді депозиттер табыс алу үшін орналастырылады және біршама маңызды сақтау мерзімі бар;

-  үшіншіден,  бұл әдіс берілген қарыздардың  қоржынының өтімділігін есепке алмайды.

Бірегей резервтік қор әдісінің көмегімен  өтімділікті басқару тәжірибесін  талдау нәтижесінде келешек табыс  теориясы жасалып шығарылады. Ортақ  қаражат қоры әдісінің үлгісінде  нақты активті операцияны жүзеге асыру үшін қаражаттардың, егер оларды орналастыру банктің алдына қойған мақсаттарында жетуге жағдай жасайтын болса, онда олардың қандай көздерден келіп түскені маңызды емес [17, 78б.]. Сызба түрінде бұл әдісті көруге болады (18-сурет).

 

Қаражаттардың көздері                                           Қаражаттарды орналастыру

                                                                           



                                                 



 

 


 


 

 

 

 

Cурет 18.  «Қаражаттардың орналастырудың ортақ қоры» үлгісі

арқылы  активтерді басқару

 

Берілген  бұл әдіс банк басқармасынан өтімділік  және табыстылық қағидаттарын бірдей сақтауды талап етеді. Сондықтан  да қаражаттар осы қағидаттарға толық  сәйкес келетін активтік операциялардың түрлеріне орналастырылады. Қаражаттарды орналастыру белгіленген бір  артықшылықтарға сәйкес жүзеге асады. Олардың белгіленуі бұл оперативті  бөлім басқармасына өтімділік және табыстылық сәйкестілік мәселесін  шешуге көмек береді. Осы артықшылықтар  банк қаражаттарында бар. Әрбір теңгенің қандай да бір үлесі бірінші немесе екінші ретті резервтерге орналасуды қажет етеді, табыс әкелетін ссуда  немесе бағалы қағаздар үшін қолданылуы қажет екендігін анықтайды. Қаражаттарды орналастыру кезінде екінші бір  мәселе бұл  белгілі бір табыс  әкелетін «кассалық емес» өтімді активтерді жасау болып табылады.

Информация о работе Компаниядағы қаржы менеджментінің ұйымдық құрылымы