Валюталық операциялардың түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 16:38, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Еліміз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 Валюта қатынастары және валюталық операциялар: ұғымы, түрлері және құқықтық реттелуі
1.1 Валюта қатынастарының ұғымы..........................................................................5
1.2 Валюта операцияларының мәні мен олардың түрлері.......................................7
1.3 Валюта қатынастарын реттеу және валюталық операцияларды құқықтық қамтамасыз ету...........................................................................................................11

2 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ-ның валюталық операциялар қызметін ұйымдастыру жолдары
2.1 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ филиалының жалпы сипаттамасы ..........14
2.2 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ валюталық қатынастарды ұйымдастыру және оларды құқықтық қамтамасыз ету.................................................................19
2.3 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ филиалының валюталық операцияларының құрылымы мен динамикасын талдау.......................................21

3 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялардың дамуының проблемалары мен болашағы
3.1 Валюталық тәуекелдерді басқару жғне оларды сақтандыру әдістемесі........24
3.2 Коммерциялық банктердің валюта нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.......................................................................................................................27

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................31
Қосымша...........................................................................

Работа содержит 1 файл

Валюталық операциялардың түрлері.doc

— 513.50 Кб (Скачать)

Ескертпе – 2007-2010 жж аралығында «Альфа банк» ЕБ ААҚ қаржылық есептемесінен.

 

2008 жылы 108 валюталық шот иелеріне қызмет көрсетілді. Жүргізілетін операциялардың көлемінің ұлғаюы үй-жаларды кеңейтуді қажет етті. Кассалық тораптар жаңғыртылған және кеңейтілген. 2009 жылы қолма-қол валюта рыногында операциялар жандана түсті. Үш жыл ішіндегі қолма-қол валюта сатып алу/сатудан түскен таза табыс 2007 жылмен салыстырғанда 260 және 138 мл.н теңгеге өсті. Бұған себеп 2008 жылғы сәуірде енгізілген қолма-қол шетел валютасын сатуға салық салудан бас тарту болды.

 

Кесте 4 - «Альфа-банк» ЕБ ААҚ 2006-2008 жж. шетел валютасын сату/сатып алу  бойынша операциялардың көлемі. мың теңге

Көрсеткіштер

2008ж

2009ж

2010ж

2010ж. өзгерістер

2008ж.

2009ж.

Жылдық сатып алу көлемі валюты

3025

4062

27515

+24490

+23453

Жылдық сату көлемі

16324

28267

89945

+73621

+61678

Таза кіріс

156000

278000

416000

+260000

+138000

Ескертпе – 2007-2010 жж аралығында «Альфа банк» ЕБ ААҚ қаржылық есептемесінен алынды.

 

Жиынтық айналымның Республиканың айырбас орындары арқылы сатылуы 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге өсті. Рыноктағы жағдайдың өзгеруіне байланысты Банк сату көлемін қатты (2,6 есеге) көтеріп жіберді. Банктің қолма-қол валюта рыногындағы үлесі 2010 жылдың соңына қарай 11% құрады.

Валюталық тәуекелді шектеу бойынша Банк саясатына сәйкес негізгі (78,0%) АҚШ долларларында міндеттемелер алған кезде валютадағы кредиттер құрайды. Макроэканомикалық тұрақтану жағдайында 2010 жылдың ішінде банк теңгеде несие беру көлемін ұлғайтты (3,5 есе), оның Банктің жалпы портфеліндегі үлесін 22% жеткізді.

Жоғарыда көрсетілгендерден мынадай қорытынды шығады: Қазақстан Респубюликасының банктік жүйесінің дамуымен несие құрылымы өзгереді: несиелеу көлемі ұлғаяды, т.б. Бірақ валюталық операциялардың дамуының негізгі факторы Қазақстан республикасының сыртқы экономикалық қызметінің күшеюінде болып отыр.

       Валюталық бағам негізінен биржалық және биржадан тыс қорытындысы бойынша белгіленеді, банк сатып алу (bid rate – BR) және сату бағамын (offer rate – OR) осы қорытындыға байланысты жариялайды. Валюталық бағам келесі формула арқылы анықталады:

                

                                                                                                                (3)

                                (млн.тенге)

 

                                 200000______________________________

                                 180000______________________________

                                 160000______________________________

                                 140000______________________________
                                          120000______________________________

                                 100000______________________________

                                 80000_______________________________

                                 60000_______________________________

                                 40000_______________________________

                                 20000_______________________________

                                         0_______________________________        

                                                      2007     2008     2009     2010              жыл

Сурет 1. «Альфа банк» ЕБ ААҚ депозиттері 2007-2010 жж

 

                                  (млн. тенге)

                                          40000______________________________


                                         30000______________________________

 

                                         20000______________________________

 

                                        10000_______________________________

 

                                                   0______________________________

                                               2007     2008    2009    2010             жыл

 

Сурет 2. «Альфа банк» ЕБ АҚ өзіндік капиталы 2007-2010 жж.

Қорыта айтқанда бұл графиктерде. «Альфа банк» ЕБ АҚ өзіндік капиталы  мен депозиттері 2007-2010жж қарқынды ұлғайғанын байқаймыз.


3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ-ЛАРДЫҢ  ДАМУЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН БОЛАШАҒЫ

 

3.1 Валюталық тәуекелдерді басқару және оларды сақтандыру сақтандыру әдістемесі

 

Валюталық тәуекелдер әдетте, банктерде әртүрлі әдістермен басқарылады.

Банк құрылымы ішінде валюталық тәуекелдерді басқаруға алғашқы қадам валюталық операцияларға лимиттер белгілеу болып табылады. Мысалы, мынадай лимиттердің түрлері өте көп таралған: [3,305б].

-    шетел мемлекеттеріне лимиттер;

-   қарсы әріптестер және клиенттермен операцияларға арналған лимиттер (әрбір қарсы әріптеске, клиентке немесе клиент түрлеріне арналған операциялар үшін барынша мүмкін сома белгіленеді);

-   құралдар лимиті (валюта саудасына және сауда құралдарына мүмкін тізімді айқындай отырып, қолданыстағы құралдар және валюталар бойынша шектеулер белгілеу);

-   әрбір күнге және әрбір диллерге лимиттер белгілеу (әдетте әрбір нақты диллер және әрбір нақты құрал үшін келесі жұмыс күніне ауыстыруға мүмкін болатын, сатылатын шетел валютасы бойынша барынша мүмкін ашық ұстаным мөлшері белгіленеді);

-   залалдар лимиті (барлық ашық ұстанымдар залалдармен жабылуы тиіс жетістіктен кейін залалдардың барынша мүмкін мөлшері белгіленеді). Кейбір банктерде мұндай лимит әрбір жұмыс күніне немесе жеке мерзімге (әдетте бір айға) белгіленеді, кейбір банктерде ол құралдардың жеке түрлеріне бөлінеді, ал, кейбір банктерде де жеке дилерлерге белгіленуі мүмкін [11,100б].

Әлемдік тәжірибеде лимиттерден басқа валюта тәуекелдерін төмендетудің мынадай әдістері қолданылады:

- актив және пассив бойынша валютаны сатып алу-сату  өзара есебі, бұл «мэтчинг» әдісі деп аталады, валюта түсімін шегеру арқылы, оның ағынының көптігінен банктің олардың мөлшеріне және тиісінше өзінің қауіптеріне әсерін тигізуге мүмкіндігі болады;

-  «неттинг» әдісін қолдану, ол валюта мәмілелерін ірілету арқылы оның санын барынша қысқартудан болады. Осы мақсатта банктер шетел валютасын сатып алу-сату өтінімдерінің түсуін үйлестіретін бөлімшелер құрады;

- валюта бағамының және соңғы ақпараттардың қозғалысын көрсететін нақты уақыт режимінде мамандандырылған фирмалардың ақпараттық өнімдерін сатып алу жолымен қосымша ақпараттар сатып алу;

- күнделікті негізде валюта нарығын  мұқият зерделеу және талдау

Валюта тәуекелдерін шектеу үшін тәуекелдерден қорғаудың хеджирлеу сияқты мынадай әдістері қолданылады.

Хеджирлеу – бұл мүмкін шығындардың тәуекелдерін азайту процесі. Фирма барлық тәуекелдерді хеджирлеуге, ешнәрсені хеджирлемеуге немесе тек бір нәрсені таңдап алып, хеджирлеуге шешім қабылдай алады. Ол сондай-ақ саналы түрде немесе ойланбастан алып-сатарлық жасай алады.

Хеджирлеудің болмауында екі себеп болуы мүмкін, Біріншіден, фирма тәуекелдер немесе осы тәуекелдердің азаю мүмкіндіктері туралы хабарсыз болуы мүмкін. Екіншіден, ол айырбас бағамдары немесе пайыздық ставкалар өзгеріссіз қалады немесе өзінің пайдасына өзгереді деп есептеуі мүмкін. Нәтижесінде фирма алып сататын болады: егер оның болжамы дұрыс болса,  ол ұтады, дұрыс болмаса ол залалға тап болады [12,69б].

Барлық тәуекелдерді хеджирлеу – олардан толық сақтануға болатын жалғыз тәсіл. Бірақ компаниялардың қаржы директорлары іріктеп хеджирлеуді дұрыс санайды. Егер олар валюта бағамдары және пайыздық ставкалар өздері үшін қолайсыз өзгереді деп ойласа, онда тәуекелді хеджирлейді, ал егер қозғалыс оларға пайда әкелетін болса – тәуекелді жабусыз қалдырады. Бұл шын мәнiсiндегі алып сатарлық. Кәсіпқой болжамшылар әдетте өздерінің бағаларынан қателесетінін атап өткен жөн, бірақ компанияның «әуесқойлары» болып табылатын қаржы бөлімдерінің қызметкерлері оларға нақты болжам жасауға мүмкіндік беретін өздерінің көріпкелділік  қасиеттеріне сенуді жалғастырады.

Нақты валюталық бағам – бұл номиналдық валюталық бағам өзінің және өзге мемлекетте баға дәрежесінің ауысуы бойынша ұлттық бағамның белгіленуі [13,109б].

 

,                                                                                    (4)

Er – нақты валюталық бағам;

En – номиналдық валюталық бағам;

Pf - шетел мемлекеттерінің индексінің бағасы;

Pd - өз мемлекетінің индекс бағасы;

 

Жалпы хеджирлеу кемшіліктерінің бірі  (яғни, барлық тәуекелдерді азайту) комиссиялық және опцион сыйақыларына деген айтарлықтай мөлшерлі шығындар болып табылады. Іріктеп хеджирлеуді жалпы шығындарды азайту тәсілдерінің бірі ретінде қарауға болады. Басқа тәсіл – тәуекелдерді тек бағамдар немесе ставкалардың белгіленген деңгейге дейін өзгеруінен кейін сақтандыру. Компанияны белгілі бір дәрежедегі қолайлы өзгерістерге шыдай алады деп санауға болады, бірақ олар жол берiлетiн шекке жеткенде, ұстанымды одан арғы залалдарды болдырмау үшін толық хеджирлеу қажет. Мұндай тәсіл айырбас бағамдары немесе пайыздық ставкалар тұрақты болып қалғанда немесе қолайлы бағытқа өзгерген жағдайларда тәуекелдерді сақтандыру шығындарын болдырмауға мүмкіндік береді.

Мәмілелермен байланысқан, валюта айырбастауды көздейтін тәуекелдер баға көрсетілетін белгіленген баға, сондай-ақ валюта деңгейінің анықтамасынан тұратын баға саясаты арқылы басқарыла алады. Сондай-ақ тәуекелге ақшаны алу және төлеу мерзімдері айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Жоғарыда баяндалған фирманың операциялық валюта тәуекелдерін азайту әрекеттерінен басқа  мынадай тәсілдер белсенді пайдаланылады: тауарды сатып алушыға шот-фактура импорттаған кезде төлем жүргізілген валютада жазылады.

Бірақ, бұл нұсқалар сатып алушылар үшін әр уақытта ыңғайлы емес және нақты орындалмайды. Жедел операцияларды жасау әдістері:

1) форвардтық валюталық операциялар;

2) валюталық фьючерстер;

3) валюталық опциондар;

4) СВОП операциялары [14, 210б].

Валюталық хеджирлеудің тәжірибеде қолданылатын егжей-тегжейлі тәсілдерін қараймыз. Валюталық операцияларды хеджирлеудің дәстүрлі және біршама таратылған түрлері жедел (форвардтық) мәмілелер болып табылады. Форвардтық валюталық мәміле – мәміле жасалған күнгі бағам бойынша мәмілені жасау және орындау арасындағы уақыт бойынша аралықпен валютаның белгіленген сомасын сату немесе сатып алу. Бұл ретте, форвард бағамы спот бағамы қосу таза кірістер немесе пайыздар бойынша таза шығыстар негізінде есептеледі:

-      спот бойынша сатып алынған және төлем мерзіміне дейін депозитке салынған валюталар;

-      спот бойынша сатылған және төлем мерзіміне дейін мәміле бойынша контрагенттің депозитке салған валюталары.

Таза кірістер немесе таза шығыстар «пипсалар» арқылы көрінеді және тиісінше спот бағамына қосылады немесе шегеріледі. 

Форвардтық операцияларды пайдаланған жағдайда экспорттаушы келісім-шартқа қол қойған кезде төлемдердің түсу кестесін шамамен біле отырып, алдын-ала белгіленген бағам бойынша шетел валютасында алдағы төлемдердің сомасын бере отырып, өз банкімен мәміле жасасады. Экспорттаушының артықшылығы ол төлемді алғанға дейін ұлттық валютадағы түсімді айқындау және осыны негізге ала отырып, келісім-шарттың бағасын белгілеу болып табылады. Форвардтық мәміле жасасқан банк айтылған келісім-шартта сол күнге ұлттық валютаға валюта бағамының нақты нарықтық өзгеруінен тәуелсіз, алдын-ала белгіленген бағам бойынша ұлттық валютанының эквивалентін беруді қоюға міндеттеледі. Кәсіпорын банкке валютаның түсуін қамтамасыз етуге немесе валютаны шетелге аударуға тапсырма ұсынуға (экспорттаушы немесе импорттаушы тарапқа тиесілілікке байланысты) міндеттеледі.

Импорттаушы керісінше егер келісім-шартта тіркелген төлем валютасы бағамының артуы күтілетін болса, банктен форвардтық мәміле арқылы шетел валютасын еретерек сатып алады [15,125б].

Информация о работе Валюталық операциялардың түрлері