Валюталық операциялардың түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 16:38, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Еліміз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 Валюта қатынастары және валюталық операциялар: ұғымы, түрлері және құқықтық реттелуі
1.1 Валюта қатынастарының ұғымы..........................................................................5
1.2 Валюта операцияларының мәні мен олардың түрлері.......................................7
1.3 Валюта қатынастарын реттеу және валюталық операцияларды құқықтық қамтамасыз ету...........................................................................................................11

2 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ-ның валюталық операциялар қызметін ұйымдастыру жолдары
2.1 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ филиалының жалпы сипаттамасы ..........14
2.2 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ валюталық қатынастарды ұйымдастыру және оларды құқықтық қамтамасыз ету.................................................................19
2.3 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ филиалының валюталық операцияларының құрылымы мен динамикасын талдау.......................................21

3 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялардың дамуының проблемалары мен болашағы
3.1 Валюталық тәуекелдерді басқару жғне оларды сақтандыру әдістемесі........24
3.2 Коммерциялық банктердің валюта нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.......................................................................................................................27

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................31
Қосымша...........................................................................

Работа содержит 1 файл

Валюталық операциялардың түрлері.doc

— 513.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасында валюталық қатынастарды реттейтін негізгі нормотивтік құжат валюталық реттеудің негізгі ұғымын, Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операцияларды жүзеге асыру принциптері мен тәртіптерін, валюталық бақылау органдары мен агенттерінің лауазымды тұлғаларының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершіліктерін айқындайтын «Валюталық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы № 54-I Заңы (11.07.97 ж. № 154-1; 09.07.98 ж. № 277-1; 16.07.99 ж. № 431-1; 30.01.01 ж. № 154-II; 08.05.03 ж. № 411-II; 16.05.03 ж. № 416-II; 10.07.03 ж. № 483-II Заңдарымен енгізілген өзгерістерімен) болып табылады [6,102б].

Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға кіруі қазақстандық валюта рыногының қалыптасуына ықпал еткен «валюта қатынастары» кешенінің дамуына себеп болды. Бұл саладағы мемлекеттік реттеу еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сыртқы экономикалық байланыстарды кеңейту есебінен оның экономикасын анағұрлым жылдам көтеруге көмектеседі, әлемдік қауымдастықта Қазақстанның сыртқы сауда интеграциясы үшін жағдай жасайды. Қазақстан Республикасында мемлекеттік валюталық реттеу экономикалық, солнымен қатар әкімшілік те әдістерімен жүзеге асырылады.

Валюта құндылықтарына мемлекеттік монополиядан реттелетін валюталық рынок құруға өтпелі кезең Қазақстанда кереғар процестермен жалғасты. Кәсіпорындар айқындайтын негізсіз жеңілдіктер берумен сыртқы сауданы ырықтандыру, әсіресе роформалаудың бастапқы кезеңінде сыртқы сауда операцияларына қатысушылар санының ұлғаюына әкеп соқты, соның салдарынан экспорт-импорт операциялары бойынша ережелер мен нормалар сақталмады.

Нәтижесінде – капиталдың шетелге бір қалыпты «кету» тенденциясы, экспорттық пайданың жабылуы және кейіннен тауарды жеткізусіз немесе бұрын аударылған қайтарылмай импорттық келісм-шарттар шотына аванстық төлемдердің аударылуы. Осындай жағдайларда мемлекет аталған жеңілдіктерді толық жойып, валюталық реттеуге белсенді түрде араласа бастады. Валюталық бақылауды енгізу көкейкесті мәселесеге айналды. Валюталық бақылау капиталдың «сыртқа кетуінің» алдын алуға бағытталды, бірақ сонымен бірге ол республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дамуына кедергі болды. Сондықтан оны экономикалық дамудың қандай кезеңдеріне қолдану керек деген көкейтесті сұрақ туындайды. Бұл сұраққа валюталық рыноктарды реттеудің әкімшілік және экономикалық әдістерін пайдаланудың әлемдік тәжірибесі жауап береді.

Өнеркәсіптік дамыған елдер Халықаралық валюта қорының принциптеріне қайшы келетіндіктен әкімшілік әдістерді қолданбайды, дегенмен бұл әдістердің енгізілгеннен бастап күшін жойғанға дейін әр экономикалық даму кезеңдерінде пайдалану тәжірибелері Қазақстан үшін көрнекі үлгі бола алады. Валюталық бақылау экономикалық дағдарыстан шығу кезеңдерінде, соғыстан кейінгі жылдары шаруашылықты қалпына келтіру үшін немесе ырықтандыру кезеңінде экономикалық қатынастарда, қаржылық дербестікті, ақша жүйесінің тұрақтылығын қорғау, ұлттық валюта бағамын нығайту, валюталық ресурстарды жұмылдыру мақсатында кеңінен пайдаланылды. Валюталық бақылау түрлері мен әдістерін айқындауда әр елдің экономикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес айтарлықтай айырмашылықтар болды. Бақылау жүйелерінің мерзімдерінде, валюталық шектеулерден бас тарту тактикасында анағұрлым айырмашылықтар байқалды. Бұл елдердің барлығын біріктірген валюталық бақылауды орынды пайдаланған кезде нарықтық реформалардың тұрақтылығы мен бірізділігін, өтпелі кезең стадиясында мемлекеттің валюталық ресурстарын сақтауды қамтамасыз ететін мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды элементтерінің бірі ретінде қызмет ете алады деген түсінік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 «Альфа-банк» Еншілес Банкі» АҚ-ның ВАЛЮТАЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ

 

2.1 «Альфа-банк» Еншілес Банкі» ААҚ Филиалының жалпы  сипаттамасы

 

«Альфа-Банк» Еншілес Банкі Ашық Акционерлік Қоғамы 1994 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан банк рыногінде табысты жұмыс істеп келеді. Банк «Альфа-Банк» ААҚ (Ресей) еншілес банкі болып табылады. Оның бас офисі Алматы қ. орналасқан, Астана, Қарағанды, өскемен қалаларында оның филиалдары жұмыс істейді, Екібастұз қ. өкілдігі ашылған.

Бүгінгі таңда банк жеке меншік түрі нысаны бар Ашық Акционерлік Қоғам түрінде әрекет етеді және өз қызметінде Қазақстан Республикасының заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, халықаралық шарттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық Банкінің нормативтік актілерін, Құрылтай шарттарын және Банк Жарлығын басшылыққа алады.

«Альфа-банкі» ЕБ ААҚ шетелдік қатысушылары бар екінші деңгейдегі депозиттік банк болып табылады және өз қызметін мынадай лицензиялардың негізінде жүзеге асырады: [7].

-      Қазақстан Республикасының ұлттық Банкінің ұлттық және шетел валютасымен операциялар жүргізуге 2005ж. 04 маусымдағы № 236;

-      Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша ұлттық комиссиясының 2000 ж. 17 тамыздағы № 0401100292;

«Альфа-банк» ЕБ ААҚ VISA International халықаралық төлем жүйелерінің, Қазақстан Қор Биржасының Қазақстандық жеке тұлғалар салымына кепілдік беру (сақтандыру) қорының қатысушысы (куәлігі 2000 ж. 21 желтоқсандағы № 0019) болып табылады. «Альфа-банк» ЕБ ААҚ қызметінің басты бағыты Ресей мен Қазақстан арасындағы қаржы ағымына жедел және сапалы қызмет көрсету болып табылады. Бұл жағдайда маңызды фактор «Альфа-Банктің» Мәскеуде және Ресей федерациясының басқа да өңірлерінде филиалдық желілерінің болуы. Отандық банкі 1990 жылы құрылды және қазіргі уақытта активтері мен өз капиталының көлемі бойынша Ресей ірі қаржы құрылымының үштігіне кіретін жоғары техникалы әмбебап болып табылады. Осыған байланысты оның басты бағыттарының бірі ресей рубльдерімен операциялар жасау, сондай-ақ тиісті салада сапалы қызмет көрсету болып табылады. Бүгінде «Альфа-банк» ЕБ ААҚ клиенттерге қазақстан-ресей бизнесін ынталандыруға арналған банктік қызмет көрсетудің арнайы пакетін беруге дайын. Олар:

-      Кез келген валютада «Альфа-банк» ЕБ ААҚ филиал желілері бойынша Ресейдің 50-ден аса қалараына жеделдетілген банк аударымдарын жүзеге асыру;

-      Ең төмен комиссияда ресей рублімен ақша аударымдары – сомасына қарамастан 15 АҚШ долларында;

-      Ресей рубльдерін ең тиімді бағамда сатып алу және сату бойынша экспорттық-импорттық келісім-шартта теңге/рубль және рубль/теңге шұғыл конвертациясы;

-      Қазақстандық және ресейлік кәсіпорындардың экспорттық-импорттық келісім-шарттары бойынша құжаттық төлемдерді (аккредетивтер, инкассо) жүзеге асыру;

- тауарлар импорты кезінде 18/0 күнге дейінгі мерзімге саудалық қаржыландыру;

-      Қазақстандық және ресейлік эмитенттердің вексельдерімен операциялар;

-      Қазақстанда бизнес жасайтын ресейлік ірі компаниялардың еншілес кәсіпорындарын қаржыландыру;

-      Бакнтік кепілдіктер беру;

-      Мыналар бойынша:

-      Қазақстандық кәсіпорындар үшін Ресейден контрагенттер (ресейлік жеткізушілер мен өнім сатып алушылар) іздеу;

Ресейдің валюталық заңнамасы бойынша ақпараттар беру;

Ресей Федерациясының Орталық Банкінің және ММВБ валюта бағамдары туралы ақпараттар беру бойынша кеңес беру.

«Аьфа-Банк» ЕБ ААҚ және оның барлық аймақтық филиалдарында Клиенттерге (заңды және жеке тұлғаларға) банк қызметінің толық пакетін ұсынады:

-      ұлттық және шетел валютасында заңды (резидент және резидент емес) және жеке тұлғалардың есеп-шоттарын ашу және қызмет көрсету;

-      несиелер және несиелік желілер, банкілік кепілдіктер;

-      ұлттық және шетел валютасында есеп айырысу жүргізу, валюталардың конвертациясы мен конверсиясы;

-      әрбір клиентке арнайы менеджер ;

-      шетел валютасында жғне теңгеде қолма-қол ақша қабылдау және беру;

-      Инкассоға басқа банктердің банкілік чектерін қабылдау;

-      Депозиттер: - талап етілгенге дейін және жедел;

-      Visa және Master - Card халықаралық төлеу карталарын шығару;

-      сыйлық сертификаттарын шығару;

-      сейфтік операциялар;

-      American Express жол чектерін сату;

- коммерциялық чектерді сату.             

-      жол чектерімен операциялар жүргізу ;

-      Western Union . халықаралық жүйесімен ақша аударымдарын жүзеге асыру.

Акционерлердің шешімі бойынша және Қазақстан Республикасы ұлттық Банкінің келісім бойынша Банк Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында өзінің филиалдары мен өкілдіктерін аша алады.

«Альфа-Банк» ЕБ ААҚ филиалы «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы Заңдық күші бар Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының талабына сәйкес Банк акционерлерінің жалпы отырысында 1997 ж. 01 тамыздағы № 04/97 шешімі бойынша құрылды.

Жарғылық қорының көбеюі негізінен I-V «толқындағы» акционерлерінің  акция пакеттерінің нығайуы есебінен жүзеге асты. Акционерлер саны 1,44 есеге ұлғайды, соның ішінде: заңды тұлғалар 1,7 есеге.

Банктің қаржы құрылымында көрініс табатын құжаты банк балансы, банктерлегі бухгалтерлік есептің негізгі құжаты болып саналады. Банктің баланста көрсетілген қаржы құрылымы екі бөліктен тұрады: актив (барлық мүлкінің құнын көрсетеді) және пассив (банктің міндеттемелері және оның капиталы).

Баланстың активі банк иелігіндегі мүліктердің жалпы бағасын беруге мүмкіндік береді. Неғұрлым толық талдау үшін банк активтерінің құрылымын білу қажет.

Есепті жылда Банк активтері 26%-ке немесе 2,5 млрд. теңгеден аса ұлғайды. 2008 жылдың аяғында активтер сомасы 12222,3 млн. теңгені құрады. Оның өсуі негізінен, ұлттық Банктегі депозиттерінің өсуі есебінен 5 есеге (2008 ж. салыстырғанда 2,123,4 млн. теңгеге) 2009 соңына активтердегі үлесі 21,5% құрады, және өтелмеген активтер бойынша клиенттердің міндеттемелерінің 43,9%-ке өсуі есебінен, 2010 соңына активтердегі үлесі 02% құрады. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Банктің құнды қағаздардағы салымдары 858069 мың теңгені құрады, ал активтегі үлес салмағы 2010 жылдың соңына 7,0% құрады [8].

2009 жылы Банктің банктік мекемелердегі қаражаты 261296 мың теңгеге немесе 2007 жылмен салыстырғанда 10,9%-ке айтарлықтай өсті, және 2010 жылдың басына 198795 мың теңгеге төмендеді. 2010 жылы негізгі қаражаттары мен материалдық емес активтері 2009 жылмен салыстырғанда 10,8%, және тиісінше 8,4%-ке төмендеді. Амортизацияны есептеу кезінде құнның тең өлшемдік сипаты әдісі қолданылады. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша материалдық емес активтердің қалдық құнының 90% жуығы лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету құрады.

2010 жылдың ішінде Банктің жиынтық активтеріндегі негізгі құралдар мен материалдық активтердің үлесі 2009 жылдың басында 5,7% бастап есепті кезеңнің соңына 2,9%-ке дейін төмендеді.

1-суретте көрсетілгендей банк есепті жылда кассадағы және Қазақстан Республикасы Ұттық Банкіндегі корреспонденттік есеп-шотындағы ақша көлемін тиісті деңгейде ұстап тұрған. Осы топ бойынша активтердің таза көрсеткіштері өзгерген жоқ – ақша қаражаттарының көлемі 2010 жылдың басында 215359 мың теңгені құрады. Актив құрылымындағы ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ депозиттердің үлесі 2008 жылдың басында 21,5% құрады, яғни 2010 жылдағы көрсеткіштерден 5 есеге көп.

Ресурстық базаларды кеңейту және өз капиталын ұлғайту көздерінің бірі ол реттелген облигацияларды шығару арқылы қаражаттарды тарту болып табылады. Бұл бағыттағы банктің тәжірибесі табысты болды.

2010 жылы банк 5 жыл айналым мерзіміне 1,5 млрд. теңге сомасында алғашқы атаулы купонды, реттелген (субординированных) облигацияларын эмиссияларын тіркеді. Есепті жылдың қазанында облигацияларды орналастыру аяқталды, ол есепті жылға ұзақ мерзімді ресурстарын 674 млн. теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік берді. Негізгі инвесторлары жинақтаушы зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін басқаратын компаниялар болды.

2010 жылы Банктің ресурстық базасының көбеюі жалғаса берді, бұл клиенттердің ағымдағы және жедел салымдарын млн. теңгеге негіздеді немесе есепті жылдың басымен салыстырғанда 41,1%. Клиенттердің салымдарының көлемі жылдың соңына 8515,9 теңгені құрады. Бұл ретте жалпы, 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша міндеттемелер 28,6% немесе 2009 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 2122,3 миллионға өсті және 9546,8 млн. теңгені құрады.

Банктің өз капиталы есепті жылда 22,2 % және 2009 жылдың басында пруденциялық нормативтер есебінен 2865,4 млн. теңгені құрады.

2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша пассивтердің жалпы көлемі 12222,3 млн. теңгені құрады.

 

Кесте 1. “Альфа-банк” ЕБ ААҚ пассивтерінің құрылымы

                        мың теңге

Пассивтер

2008 ж .

2009 ж .

2010 ж .

Өсу 2010 ж .

Сома%

%

Сома

%

Сома

%

2007ж.

2008ж.

 

 

 

 

Депозиттер

5122030

59,0

6033568

62,2

8515907

69,7

166,3

141,1

Басқа банктер мен ұйымдардан қарыз

91000

1,0

492187

5,1

261909

2,1

28,8

53,2

Банктің құнды қағаздары

858200

9,9

-

-

-

-

-

-

Акцептілер бойынша Банктің өтелмеген міндеттемелері

75101

0,9

96294

0,1

145612

1,2

193,9

151,2

Басқа қарыздар

529890

6,1

590348

6,1

442000

3,6

83,4

74,9

Өзге де міндеттемелері

176629

2,0

212083

2,2

181399

1,5

102,7

85,5

Міндеттемелердің барлығы

6852850

78,9

7424480

76,5

9546827

78,1

139,3

128,6

Банктің жарғылық капиталы

1000000

11,5

1000000

10,3

1000000

8,2

-

-

Қосымша капитал

22185

0,3

22185

2,3

22185

0,2

-

-

Ағымдағы жылдың таза табысы

370850

4,3

461527

4,7

405564

3,3

109,4

87,9

Қайта бағалау резервтері

16726

0,2

10752

0,1

240

0,0

1,4

2,2

Таза іске асырылмаған табыс

2735

0,0

-

-

-

-

-

-

Капиталдың барлығы

1827658

21,1

2280476

23,5

2675528

21,9

146,4

117,3

Пассивтер барлығы

86805

100

97049

100

12222

100

140,8

126,0

Информация о работе Валюталық операциялардың түрлері