Валюталық операциялардың түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 16:38, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Еліміз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 Валюта қатынастары және валюталық операциялар: ұғымы, түрлері және құқықтық реттелуі
1.1 Валюта қатынастарының ұғымы..........................................................................5
1.2 Валюта операцияларының мәні мен олардың түрлері.......................................7
1.3 Валюта қатынастарын реттеу және валюталық операцияларды құқықтық қамтамасыз ету...........................................................................................................11

2 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ-ның валюталық операциялар қызметін ұйымдастыру жолдары
2.1 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ филиалының жалпы сипаттамасы ..........14
2.2 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ валюталық қатынастарды ұйымдастыру және оларды құқықтық қамтамасыз ету.................................................................19
2.3 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ филиалының валюталық операцияларының құрылымы мен динамикасын талдау.......................................21

3 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялардың дамуының проблемалары мен болашағы
3.1 Валюталық тәуекелдерді басқару жғне оларды сақтандыру әдістемесі........24
3.2 Коммерциялық банктердің валюта нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.......................................................................................................................27

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................31
Қосымша...........................................................................

Работа содержит 1 файл

Валюталық операциялардың түрлері.doc

— 513.50 Кб (Скачать)

Аймақтық валюталық жүйе аймақтық жұйелердің кіші жүйелері ретінде көрінетін ұлттық жүйелер қатарының тұтас бірлігінің жиынтығын білдіреді. Аймақтық валюталық жүйенің қалыптасып келе жатқан айқын үлгісі ретінде Европалық валюта жүйесін айтуға болады. Ұлттық және аймақтық валюталық жүйелердің байланысы мен айырмашылықтары олардың элементтерінде көрінеді.

Аймақтық валюталық жүйе ұлттық валюталық жүйеге қарағанда анағұрлым тұрақты болып келеді. Валюта қатынастарын зерттеу белгілі бір тұжырымға келуге мүмкіндік береді:

Валюта қатынастары – бұл экономикалық қатынастардың құрамдық элементі.

Валюта қатынастарының ерекшелігі - олар халықаралық айналымда валюталардың жұмыс істеуі кезінде туындайды.

Ұзақ мерзімді макроэканомикалық бағдарламаға сәйкес валюта қатынастарының даму стратегиясы мынадай мақсаттардың арасындағы дұрыс теңгермесін табу болуға тиіс: алдын ала болжанатындығын қамтамасыз етеін инфляцияның тұрақты төмендету, экономикалық белсенділікті арттыру, өсудің алғышарттарын жасау; айырбас бағамының қалқымалы және алдын ала болжанатын үдемелілігімен қамтамасыз ету, төмен айырбас бағамының есебінен тауарлардың бағалық бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалу, сыртқы теріс шоктарға қарсы әрекет ету үшін валюталық резервтерді жинау; шынайы проценттік ставкаларды төмендету, ол қаражаттардың жиналуы мен инветициялау үшін қолайлы жағдайлар жасауға себеп болады.

 

1.2 Валюта операцияларының мәні мен олардың түрлері

 

Валюталық реттеу саласындағы заңнамалық және нормативтік құжаттар қазақстандық заңды тұлғалар (резиденттер) мен шетел фирмаларының (резидент еместердің), сол сияқты Қазақстан Республикасы аумағындағы қазақстандық кәсіпорындардың арасында шетел валютасында операциялардың жасалу ережелерін белгілейді, сыртқы экономикалық қызметті бақылау нысандары мен әдістерін, сондай-ақ валюта заңнамаларын бұзғаны үшін жауаптылық шараларын айқындайды.

“Валюталық реттеу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кез келген валюталық құндылықтармен жасалған операциялар валюталық болып табылатындығын ескеру керек, атап айтқанда:

-меншік құқықтарының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға көшуіне байланысты операциялар, оның ішінде төлем қаражаты ретінде шетел валютасы және шетел валютасындағы төлем құжаттары пайдаланылған операциялар;

-кез келген тәсілмен валюталық құндылықтарды Қазақстан Республи-касына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту;

- халықаралық ақша аударуларды жүзеге асыру.

“Валюталық операциялар” ұғымының мәні мен мазмұнын ашу үшін осы тақырыптың негігі дәйекті терминдеріне анықтама беру қажет. Ең алдымен, бұл - шетел валютасы .

Шетел валютасына:

-айналыстағы және заңды төлем құралы болып табылатын, сондай-ақ айналыстан алып қойылған немесе алынатын, бірақ ақша белгілеріне айырбасталуы тиіс банкнот түріндегі ақша белгілері, қазынашылық билеттері, монеталар;

-ақша немесе есеп айырысу бірліктердегі шоттардағы қаражаттар жатады.

Қазіргі уақытта ағымдағы валюталық операциялар кең мағынаға ие болған. Бұл ретте төлем мерзімін кейінге қалдыру ең аз мерзімге беріледі. Капитал қозғалысымен байланысты валюталық операциялардың шектеулі ортасы олардың жүзеге асырылуы кезінде үлкен тәуекелмен, сондай-ақ анағұрлым күрделі ресімделуімен негізделеді. Барлық валюталық операциялар өзара тығыз байланысты екенін анықтап алу қажет, сондықтан барлық шетел валютасымен операцияларды нақты сыныптау өте қиын. Әсіресе, операциялар валюталық операциялардың бірнеше негізгі түрлеріне жатқызылуы мүмкін.

1. Клиентуралардың валюталық шоттарын ашу және жүргізу. Бұл операция мынадай түрлерді қамтиды:

-заңды және жеке тұлғаларға валюталық шоттар ашу;

-шоттардағы қалдықтар бойынша проценттер есептеу;

-овердрафттарды беру (банк басшылығының шешімі бойынша айырықша клиенттерге);

-операцияларды жүзеге асыру шарасы бойынша көшірме жазба беру;

-кез келген уақыт аралығы үшін шот мұрағатын ресімдеу;

-клиенттердің валюталық шоттарындағы қаражаттарға қатысты өкімі бойынша операциялардың орындалуы;

-экспорттық-импорттық операцияларды бақылау.

2. Коммерциялық банктің саудалық емес операциялары.

Саудасыз операцияларға тауарлар экспорты мен импорты бойынша есеп айырысу мен капитал қозғалысымен банк клиенттеріне қызмет көрсетулер жүргізумен байланысты емес клиенттерге қызмет көрсету бойынша операциялар жатады.

Банкке уәкілетттендірілгендер саудасыз сипаттағы мынадай операция-ларды жүзеге асыруы мүмкін:

-қолма-қол шетел валютасы мен шетел валютасындағы құжаттарды сатып алу және сату;

-шетел валютасы мен валютадағы құжаттардың инкассасы;

-банк клиенттерінің пластикалық карттарын шығару және оларға қызмет көрсету;

-шетел банктерінің жол чектерін сатып алу (төлеу);

-ақшалы аккредитивтерді төлеу және ұқсас аккредитивтерді ұсыну [2,123б].

3. Шетел банктерімен хат-хабарлық қатынастарын анықтау. Бұл операция банктің халықаралық есеп-қисаптарды жүргізуге қажетті шарты болып табылады. Белгілі бір шетел банкімен хат-хабарлық қатынастарды белгілеу туралы шешім қабылдау клиентураның экспорттық-импорттық операция-ларының үнемі сұранысына негізделуі тиіс. Халықаралық есептерді жүзеге асыру үшін банк шетел банктерінде және өзінде “Ностро” және “Лоро” хат-хабарлық шоттарын ашады. “Ностро” шоты – ол хат-хабаршы банкте коммерциялық банктің атына ашылған хат-хабарлық шот. “Лоро” шоты - ол коммерциялық банкте хат-хабаршы банктің атына ашылған хат-хабарлық шот

4. Конверсиондық операциялар.Конверсиондық операциялар қолма-қол және қолма-қол ақшасыз шетел валютасын (оның ішінде шектеулі конверсиялармен) қолма-қол және қолма-қол ақшасыз Қазақстан Республикасының теңгесіне қарсы сатып алу және сату мәмілелерін білдіреді. Оларға: [3,120б].

-«спот» мәмілесі – бұл мәміле жасасқан күнді есепке алмай, екінші жұмыс күніне соңғы есеп мерзімімен бір валютаны екінші валютаны сатып алуға пайдаланған кезде келісілген бүгінгі бағам бойынша жүзеге асырылатын операция.

«форвард» операциясы (шұғыл мәмілелер) – бұл болашақта белгілі бір күні мәміле жасаумен негізделген бағам бойынша бір валютаны басқа валютаға айырбас ретінде сатып алу жөнінде осы сәтте жасалатын келісім-шарт. Өз кезегінде “форворд” операциясы былайша бөлінеді:

«аутрайдермен» мәміле – белгілі күнге валютаны жеткізу шартымен;

«опционмен» мәміле – валютаны жеткізу күні тіркелмеген шартымен.

«своп» мәмілесі “форворд” бағамы бойынша мерзімге сол валютаны сату және сатып алумен бірдей уақытта “спот” қолма-қол мәмілесі шартытарында валютаны сатып алу мен сатуды есепке алатын валюталық операцияларды білдіреді. “Своп” мәмілесі бінеше түрлерді қамтиды:

«репорт» мәмілесі – “форворд” шарттарында шетел валютасын сатып алумен бірдей уақытта “спот” шарттарында оны сату;

«дерепорт» мәмілесі - “форворд” шарттарында шетел валютасын сатумен бірдей уақытта “спот” шарттарында оны сатып алу. Қазіргі уақытта “форворд” шарттарында сатып алу-сату, сондай-ақ фьючерстік келісім-шарттарда сатып алу-сату жүзеге асырылуда [4,124б].

5. Тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортымен байланысты халықаралық есеп айырысу бойынша операциялар.

Сыртқы саудада құжаттық аккредетив, құжаттық инкассо, банктік аударымдары сияқты есеп айырысулардыњ түрлері қолданылады.

Құжаттық аккредитив – бұйрық беруші клиентінің (имтортердің) өтініші бойынша аккредетив ашқан банктің (эмитент банктің) аккредетивте көрсетілген құжаттарға қарсы экспортердің (бенефициардың) пайдасына төлем жүргізу міндеттемесі. Құжаттаық аккредетив түрінде экспорт бойынша есеп айырысулар кезінде шеледік банк экспортер фирмалардың тапсырмасы бойынша оны өзінде ашады және ол туралы банкке аккредетив түрі мен ол бойынша төлем тәртібі көрсетілетін аккредетивтік хат жолдайды. Әрбір аккредетивке іс қағаздар папкасы ашылады.

6. Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру бойынша операциялар.Бұл операциялар мынадай түрлерді қамтиды:

1) депозиттерді тарту:

жеке тұлғалардың;

заңды тұлғалардың, оның ішінде банк аралық депозиттер;

2)несиелерді беру:

жеке тұлғаларға;

заңды тұлғаларға;

Банкаралық рынокқа несиелерді орналастыру.

Осы операциялар ҚР коммерциялық банктері үшін табыстылығы бойынша және банктің өз клиенттерін қызмет көрсетуде мәнділігі бойынша да негізгі болып табылады.

Өз кезегінде, кейде тәуекелдерімен қолайсыз жағдай тудыратын валюталық операциялардың негізгі ұғымдары осындай. Банктер валюталық тәуекелді жоюға тырысады. Оның екі тәсілі бар – техникалық және әкімшілік. Банк алғашқы әдіспен валюталық тәуекелден сақтандыру үшін қолма-қол мәміле шарттарында валюта алады және сонымен қатар оны мерзімінде сатады. Екінші, әкімшілік тәсілінде ашық валюталық ұстанымына лимиттер енгізіледі. Ашық валюталық ұстанымына бір кұн ішінде лимиттерді белгілеген кезде соңғы бірнеше айда валюталар бағамының орташа күндік ауытқуы ескеріледі. Осыған сүйене отырып, ашық лимиттің, мүмкін болатын залалдар мен пайданы шектеудің  бір күндік сомасы айқындалады. Валюталық ұстанымның жағдайы мен өзгеруін бақылау барлық жүзеге асырылуы мүмкін операцияларды әр валютада ұзын және қысқа валюта операциялары бойынша үнемі ақпарат беріп тұратын компьютерге ақырын енгізу арқылы жүзеге асырылады. Егер елеулі ұзын позиция туындаса, банк осы валютаның кодталатын бағамын төмендете алады және қысқа позицияда көтере алады. Позицияны жабылу нәтижесіне олар бойынша шұғыл операциялар бойынша валюталарды жеткізу мерзімдерін ескере отырып, мәмілелердің жабу мүмкін болатын ағымдағы рыноктік бағам бойынша ұлттық валютада барлық ұзын және қысқа позициялардың сомаларын қайта есептеумен қол жеткізіледі. Кейде барлық позициялар бір валютада қайта есептеледі (АҚШ доллар), сонан соң нәтижелері – ұлттық валютада есептеледі.

Осылайша, валюталық операциялар қазіргі коммерциялық банктің негізгі табыс көздерінің бірі болып табылады, валюталық операциялардың жаңа түрлерін дамыту, оларды құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру проблемалары бүгінгі таңда валюта қатынастары саласындағы аса маңызды бағыттарының бірі болып табылады. 

 

1.3 Валюта қатынастарын реттеу және валюталық операциялардың құқықтық қамтамасыз ету

 

Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы дамыту және екі деңгейлі банктік жүйені белгілеу еліміздің валюта рыногы проблемаларының алғашқы міндеттерінің шешімін, жаңа валюталық саясаттың қалыптасуын талап етті. Осы қатынастарды реттеу нарықтық механизм арқылы, сондай-ақ мемлекеттің валюталық қатынастарға араласуы арқылы жүзеге асырылады. Валюта қатынастарын мемлекеттік реттеу валюта операциялары мен халықаралық есеп айырысуларды жүргізу тәртібін регламенттеу арқылы жүзеге асырылады Осы мақсатта мемлекет заң актілерін шығару сияқты реттеудің тікелей әдістерін, сондай-ақ жанама әдістерін пайдаланады, мысалы валюта рыногының субъектілеріне экономикалық ықпал ету.

Валюталық реттеу – валюталық құндылықтармен мәміле жасау тәртібі мен есеп айырысуды регламенттеуге бағытталған мемлекеттің қызметі. Елдер валюталық реттеудің көмегімен валюталық операцияларды, шетелдік заңды және жеке тұлғаларға несиелер мене заемдар беруді, валютаны шетелге әкетуді, одан әкелуді және аударуды мемлекет бақылауына алуға, және сонымен қатар төлем балансының тепе-теңдігі мен валютаның тұрақтылығын ұстап тұруға тырысады [5,10б].

Дағдарысты құбылыстардың тереңдеу деңгейі бойынша валюталық реттеу аясының кеңеюі байқалады. Көпшілік елдерде валютаны шетелге әкету лимиті бекітілген, шетелдік заңды тұлғаларға несие беруге рұқсаттың арнайы жүйелері енгізілген және т.б.

Валюталық реттеу айрықша нормативті болып табылады, яғни халықаралық валюталық келісімдер жасасу мен нормативтік актілер шығару арқылы жүзеге асырылады. Көпшілік елдер өздерінің экспортерларына оларға берілген сомаларды шетел валютасымен тапсыруды немесе белгілі бір банктерге депозитке салуға міндет қояды. Батыс европаның көптеген мемлекеттерінің валюталық заңнамасы ұлттық валюта рыноктарын регламенттеуді белгілейді. Бұл мемлекеттердің банктері шетелдік қарыз алушыларға ұлттық валютада ұзақ мерзімді және орташа мерзімді валюта қаражатын беруге арнайы рұқсат сұрауға міндетті. Көптеген елдерде валюталық заңнама кезең-кезеңмен валюта шоттарының режимін, валютаны сыртқа әкету лимитін белгілеуді қарастырып отырады. Валюталық реттеу қажеттігі елдер мен банктердің валюталық тәуекелді азайтуға тырысатынын білдіреді. Осылайша 1996 жылдың қаңтарында Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитеті әрбір валюта бойынша жеке валюта тәуекелінің және валюта мен алтын бойынша аралас портфельдегі валюта тәуекелінің есеп-қисап әдісін жасады.

Валюталықтар шектеулер - бұл резиденттер мен резидент еместердің валютамен және басқа да құндылықтармен операцияларына заң шығарушы және әкімшілік тыйым салу, лимиттеу және регламенттеу. Валюталықтар шектеулер – валюталық саясат түрлерінің бірі. Олар елдің валюталық заңнамасымен бекітіледі, мемлекетаралық реттеу, ең бастысы, ХВҚ объектісі болып табылады.

Валюталық шектеулердің мақсаттары әртүрлі болады: төлем баланстарын теңестіру, валюта бағамын ұстап тұру, мемлекеттік ағымдағы және стратегиялық міндеттерді шешу үшін валюталық құндылықтарды шоғырландыру.

Валюталық шектеулердің мазмұны олардың негізгі принциптерімен анықталады: орталық және уәкілетті банктерде валюталық операцияларды орталықтандыру; валюталық операцияларды лицензиялау, шетел валютасын сатып алуға валюталық бақылау органының алдын ала рұқсатын талап ету; әр түрлі санаттағы – оқшауланған, ішкі (ұллтық валютадағы), клирингтік, еркін конверттелетін және т.б. валюталық шоттарды оқшаулау және жүргізу; валютаның конверттелуін шектеу.

Информация о работе Валюталық операциялардың түрлері