Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 16:38, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Еліміз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 Валюта қатынастары және валюталық операциялар: ұғымы, түрлері және құқықтық реттелуі
1.1 Валюта қатынастарының ұғымы..........................................................................5
1.2 Валюта операцияларының мәні мен олардың түрлері.......................................7
1.3 Валюта қатынастарын реттеу және валюталық операцияларды құқықтық қамтамасыз ету...........................................................................................................11
2 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ-ның валюталық операциялар қызметін ұйымдастыру жолдары
2.1 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ филиалының жалпы сипаттамасы ..........14
2.2 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ валюталық қатынастарды ұйымдастыру және оларды құқықтық қамтамасыз ету.................................................................19
2.3 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ филиалының валюталық операцияларының құрылымы мен динамикасын талдау.......................................21
3 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялардың дамуының проблемалары мен болашағы
3.1 Валюталық тәуекелдерді басқару жғне оларды сақтандыру әдістемесі........24
3.2 Коммерциялық банктердің валюта нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.......................................................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................31
Қосымша...........................................................................
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 Валюта қатынастары және валюталық операциялар: ұғымы, түрлері және құқықтық реттелуі
1.1 Валюта қатынастарының ұғымы.........................
1.2 Валюта операцияларының мәні мен олардың түрлері.......................
1.3 Валюта қатынастарын реттеу және валюталық операцияларды құқықтық қамтамасыз ету...........................
2 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ-ның валюталық операциялар қызметін ұйымдастыру жолдары
2.1 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ филиалының жалпы сипаттамасы ..........14
2.2 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ валюталық қатынастарды ұйымдастыру және оларды құқықтық қамтамасыз ету...........................
2.3 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ филиалының валюталық операцияларының құрылымы мен динамикасын талдау........................
3 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялардың дамуының проблемалары мен болашағы
3.1 Валюталық тәуекелдерді басқару жғне оларды сақтандыру әдістемесі........24
3.2 Коммерциялық банктердің валюта нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.......................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
Қосымша.......................
Тақырыптың өзектілігі: Еліміз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саясаи және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық",- деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді. /1/
2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясы – қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекеттің мақсат-мұраты баян етілді.
Бүгін толық жауапкершілікпен былай деп мәлімдеуімізге болады: "Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты!"
Өткен жылы біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл – біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту.
Валюта операциялары мерзімдеріне байланысты шетел валютасымен қолма-қол және шұғыл операциялар болып бөлінеді, шұғыл операцияларды конверсиялық, сақтандыру және алып-сатарлық деп бөлу де қабылданған, дегенмен мұндай бөлу шартты түрде ғана. Қолма-қол операцияларының ішінде «спот» (spot) операциясын, сондай-ақ банктер ағымдағы валюталық ұстанымдарды басқару үшін қолданатын «овернайт» (overnight), «туморроу | нексті» ( tomorrow | next ) және «дэй – то - дэй своп» ( day - to - day swap ) сияқты операциялары ерекшеленеді. Шұғыл операцияларға «форвард» (forward), «опцион» ( option ), «своп» (swap) жатады.
Халықаралық сауда коммерциялық операция жасаған кезде валюталық тәуекелден (валюта курсының өзгеру тәуекелінен) сақтандыру қажеттілігі туындайтындықтан шетел валютасымен шұғыл мәмілелердің пайда болуын және дамуын қажет етеді. Сондықтан «форвард», «опцион», «своп» сияқты валюта операциялары хеджирлеу (валюталық тәуекелден сақтандыру) мақсатында кеңінен пайдаланылады. Пайдаланылатын валюталық операция-лардың түрлеріне байланысты шұғыл валюта мәмілесін жүргізу нәтижесінде валюталық тәуекелден сақтандыру құны мен оны жабу толықтығы ерекшеленеді. Тиесінше, сақтандыру құны мен тиімділігін есептеу, сондай-ақ валюталық тәуекелді жабуын бағалау қажеттілігі туындайды. Шұғыл мәмілелер алып-сатарлық операцияларды жүргізу үшін ыңғайлы құрал болып табылады, мұндай операциялар қандай да бір өтімді құралдардың болуын қажет етпейді, және шебер қолданылған жағдайда олар банкке елеулі пайда әкелуі мүмкін.
Алайда валюта рыногы капиталдарының рыногы, бағалы қағаздар рыногы мен тауарлар мен қызметтердің әлемдік рыноктары сияқты басқа да рыноктармен тығыз байланыста өмір сүреді және дамиды. Осылайша, валюта рыногының қатысушылары валюталық тәуекелге ғана емес, ішінде несиелік тәуекел және проценттік ставкасының өзгеруі тәуекелі немесе проценттік тәуекел сияқты басқа да тәуекел түрлеріне ұшырайды.
Бұл салада банк қызметі барлық әлемдік қаржы орталықтарында валюта бәсекелестігіне біркелкі диапазонда баға белгілеу үрдісінен құтыла алмайды. Егер қандай да сәтте бір қаржы орталығында нарықтық ставка орташадан тым қатты ауытқитын болса, тепе-теңдік әр жердегі баға айырмашылықтарынан пайда түсіру процесін білдіретін төрелік арқылы қалпына келтіріледі. Осылайша валюталық бизнес ақша жүйесінде аса маңызды реттеуші ретінде әрекет етеді.
Біздің елімізде валюта операцияларын және оның жүргізілу техникаларын үйренуге байланысты мәселелердің теориялық және практикалық маңызы зор. Бұл еліміздің сыртқы экономикалық қызметін одан әрі дамыту қажеттілігіне, теңгенің конверттелуіне, еліміздегі банктік жүйелердің күрт дамуына және валюталық операцияларды жүзеге асыруға лицензия алған және еліміздің ішінде құрылып жатқан валюта рыногын және халықаралық валюта рыногын игеруге алғаш қадам жасаған жаңа банктердің пайда болуына байланысты, сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың барлық бағамдарына байланысты. Рынокта валюта операцияларын жүргізу техникасын білу банктерге және сыртқы сауда мәмілелеріне қатысушыларға валюталық тәуекелдерден сақтануға, шетел валютасының негізсіз шығынын болдырмауға, алып-сатарлық ойын мен бағамдар айырмашылықтарында қосымша пайда табуға мүмкіндік береді. Бұл барлығы Қазақстан Республикасының банктеріне халықаралық валюта рыногын игеруге көмек ретінде алынды.
Осы курстық жұмысының мақсаты валюта операцияларын талдау және олардың дамуы. Алға қойылған мақсатқа байланысты мынадай міндеттерді атап өту қажет:
- валюта қатынастары және валюталық операциялар: ұғымы, түрлері және құқықтық реттелуі
- «Альфа-банк» ЕБ ААҚ валюталық операцияларын талдау 2008-2010 жж. үшін банктің қаржы крсеткіштерін талдау;
- Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялардың дамуының проблемалары мен болашағы
Осы курстық жұмысының зерттеу объектісі “Альфа-банк” ДБ ААҚ, оның валюталық операцияларды қаржылық-экономикалық талдауға құрылған қаржылық есептілігінің негізінде болатын.
1 ВАЛЮТА ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР: ҰҒЫМЫ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
1.1 Валюта қатынастарының ұғымы
Валюта қатынастары – бұл экономикалық қатынастардың құрамдық элементі, демек, олардың дамуы соңғысының ерекшелігін ескеруі тиіс. Бұл дегеніміз, валюта қатынастарына қолданылатын экономикалық құбылыстар арасындағы елеулі себеп-салдарлық байланыстарды көрсететін экономикалық заңдардың қолданысы туралы айтуымыз қажет. Кез келген экономиканы, оның ішінде Қазақстан экономикасын қарастырған кезде валюта қатынастарын ақша айналымына, тауарлардың сұранысы мен ұсынысына байланыстыру қажет. Валюта қатынастарын дамыту үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау орынды. Мемлекет ол үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етуі тиіс. Экономикалық, оның ішінде валюта қатынастары неғұрлым сәтті, тимді дамитын болса, соғұрлым экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатының деңгейі жоғары болады.
Валюта қатынастары – бұл валютаның халықаралық айналымда жұмыс істеуі кезінде туындайтын қатынастар.
Валюта қатынастарының қажеттілігі еңбектің халықаралық бөлінуімен, оның әлемдік сауда арқылы мамандандырылуымен және одан кейінгі кооперациясымен негізделген.
Мемлекеттің ішіндегі валюта қатынастарының субъектілеріне мыналарды жатқызу қабылданған:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі.
2. Қазақстан Республикасының үкіметі.
3. Уәкілетті банктер – банктер мен валюталық операцияларды жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алған өзге де кредиттік ұйымдар.
4.Экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар.
5. Валюта биржалары.
6. Инвестициялық және зейнетақы қорлары.
7. Валюталық және брокерлік фирмалар.
8. Жеке тұлғалар.
Валюта қатынастарының объектісіне валютамен жасалған операциялар жатады.
Валюта қатынастары субъектілерінің санының көптігі олардың экономикалық мүдделерін есепке алу қажеттілігін негіздейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Қазақстан Республи-касының өкіметінің экономикалық мүдделері мемлекет мүддесіне бағынысты болуы тиіс, атап айтқанда экономикалық өсім мен жоғары өмірлік станддарттарға жету.
Алайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі валюта қатынас-тарының негізгі реттеуші рөлін атқарып келеді. Бұл Қазақстан Республика-сының Ұлттық банкі тұрақты сыртқы тепе-теңдікті қолдау, еліміздің алтын-валюта резервтерін және шетел валютасында номиналданған мемлекеттік борышты реттеу қажеттілігін негіздейді. Уәкілетті коммерциялық банктердің экономикалық мүдделері валюталық операцияларын жүргізуден түскен түсімді арттырумен байланысты. Уәкілетті коммерциялық банктер өздері қызмет көрсететін экспорттық-импорттық операциялардан, айырбас орындарынан және әр түрлі басқа валюта операцияларынан түскен кірісті алады. Сайып келгенде, коммерциялық банктер сыртқы сауда операциялары көлемінің ұлғаюына мүдделі болады.
Ұлттық валюта бағамының тұрақсыздығы коммерциялық банктің валюта бөлімінің пайдасын арттырады, алайда банктің қалған бөлімдерінің жұмыстарына жағымсыз ықпал етеді. Коммерциялық банктер тұрақты үдемелі дамып келе жатқан экономикаға ынталы.
Валюта қатынастары халықаралық тауарлармен сауда жасаумен және капитал қозғалыстарымен байланысты. Валюта рыноктарында бір жағынан ішкі субъектілердің мүдделері, екінші жағынан олардың сыртқы әріптестерінің мүдделерімен қақтығысады. Валюта қатынастарының сыртқы субъектілеріне:
Шетел мемлекеттерінің үкіметтері ;
Халықаралық валюталық-қаржы ұйымдары (ХВҚ, Әлемдік банк);
Шетелдік зады және жеке тұлғалар жатады.
Валюта қатынастарының сыртқы субъектілерінің өздерінің жеке мүдделері бар: экономикалық, саяси және т.б. Валюта қатынастарының арқылы субъектілерінің экономикалық күресі туындайды. Мемлекет экономикалық өсуге жеткізуге бағытталған әрекетті қолдай отырып, елдің көпшілік тұрғындарының мүддесін қорғауы тиіс. Қазақстан Республикасының өкіметі мен Ұлттық банкі валюта қатынастарын дамытуға көмектесетін осындай валюталық жүйенің қалыптасуын қамтамасыз етуі тиіс.
Валюталық жүйе – валюта қатынастары ұйымдасқан нысан.
Валюталық жүйе экономика жүйесінің түрімен тікелей байланысты. Валюталық жүйе валюта қатынастарының дамуына көмектесуі тиіс. Осы оның негізгі мақсаты болып табылады.
Валюталық жүйе өндіріске қатысты екінші болып табылады, бірақ ол сонымен қатар салыстырмалы дербестікке ие және оған кері ықпал көрсетеді.
Ұлттық, аймақтық және әлемдік валюталық жүйелері ерекшеленеді. Ұлттық валюталық жүйе бір жағынан, ұлттық ақша жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады, басқа жағынан, ол басқа ұлттық валюталық жүйелермен өзара әрекетте болады.
Ұлттық валюталық жүйеге мыналарды жатқызады:
Валюта қатынастарының субъектілері – валюта қатынастарының қатысушылары;
Валюта қатынастарының объектісі – валюта және валюталық операциялар;
Валюта қатынастары – халықаралық айналымда валюталардың жұмыс істеуі кезінде туындайтын қатынастар;
Валютамен операциялар жүргізілуін талқылайтын институттар - валюталық рыноктар мен алтын рыноктары;
Ұлттық реттеуші органдар – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, Қазақстан Республикасының өкіметі;
Ұлттық валюта бағамының режимі: тіркелген валюта бағамының режимі, шектеулі-солқылдақ валюта бағамының режимі, қалқымалы валюта бағамының режимі.
Валюталық шектеулер мен бақылаудың болуы немесе жоқтығы – ұлттық валютаның конверттелуінің шарттары.
Елдің халықаралық есеп-қисаптарының регламентациясы – сол немесе басқа халықаралық есептерді заңнамалық бекіту.
Елдің халықаралық өтімділігін, яғни жеке бір елдің өз міндеттемелерін уақтылы өтеу қабілеттілігін реттеу; елдің ресми алтын-валюталық резервтері, ҰВҚ-да елдің резервтік ұстанымы (мүше елдің оның квотасынан 25% шегінде шетел валютасында автоматты түрде несие алуға құқығы) және елдің халықаралық валютадағы шоты халықаралық валютаның өтімділік компоненттері болып табылады.