Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 16:38, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Еліміз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 Валюта қатынастары және валюталық операциялар: ұғымы, түрлері және құқықтық реттелуі
1.1 Валюта қатынастарының ұғымы..........................................................................5
1.2 Валюта операцияларының мәні мен олардың түрлері.......................................7
1.3 Валюта қатынастарын реттеу және валюталық операцияларды құқықтық қамтамасыз ету...........................................................................................................11
2 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ-ның валюталық операциялар қызметін ұйымдастыру жолдары
2.1 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ филиалының жалпы сипаттамасы ..........14
2.2 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ валюталық қатынастарды ұйымдастыру және оларды құқықтық қамтамасыз ету.................................................................19
2.3 «Альфа-банк» Еншілес Банк» АҚ филиалының валюталық операцияларының құрылымы мен динамикасын талдау.......................................21
3 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялардың дамуының проблемалары мен болашағы
3.1 Валюталық тәуекелдерді басқару жғне оларды сақтандыру әдістемесі........24
3.2 Коммерциялық банктердің валюта нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру.......................................................................................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................31
Қосымша...........................................................................
Ескертпе – 2008-2010 жж аралығында «Альфа-банк» ЕБ ААҚ қаржылық есептемесінен алынды.
Заңды және жеке тұлғаларға берілген зайымдардың ара қатынасы 2008 жылдың басымен салыстырғанда өзгермеді. Алайда қысқа мерзімді зайымдар мен ұзақ мерзімді зайымдардың ара қатынасы 2009 жылда активтерді сату мен Банктің міндеттемелерін мерзімдерімен сәйкес келтіру үшін қысқа мерзімділерді көбейту тарабына қарай өзгерді.
Экономиканың өсуі жағдайларында оның нақты секторды несиелеуі Банк қызметінің негізгі бағытына айналды. Банк сауда, жобалық қаржыландыруды, орта және шағын бизнесті несиелеуді жүзеге асыра отырып, кәсіпорындарға қызмет көрсетеді, сондай-ақ жеке тұлғаларға тұтынушылық және ипотекалық несие береді.
Банк, бір тараптан, кредиттік портфельдерді тұрақты жақсартып отырады, екінші тараптан, Халықаралық стандарттарға қарай отырып, берілген қарыздардың сапасына қалыптасқан резервтердің баламалығын қадағалайды.
Банктің кірістерін құрылымдық талдау мақсаты оларды болашақта бағалаудың негізгі әдістерін анықтау болып табылады. Талдау жылдардағы нақты деректердің негізінде жүргізіледі. Шетелдік тәжірибеде кемі үш жылға созылатын кезең алынады.
Кесте 2. “Альфа-банк” ЕБ ААҚ кірістері мен шығыстарының динамикасы мың теңге
Кірістер | 2009ж . | 2010ж . | өсу 2010ж . | |
| Сома | Сома | +,- | % |
Проценттік кірістер | 895730 | 856491 | -39239 | 95,6 |
Проценттік шығыстар | 173386 | 103467 | -69919 | 59,7 |
Қалыптасқанға дейінгі таза проценттік кіріс | 722344 | 753024 | 30680 | 104,2 |
Ықтимал шығындарға резервтерді қалыптастыру | 531674 | 80803 | -450871 | 15,2 |
Таза проценттік кіріс | 190670 | 672221 | 481551 | 3,5 р . |
Қызмет көрсетулер мен комиссиялар бойынша кірістер | 301674 | 389637 | 87963 | 129.2 |
Қызмет көрсетулер мен комиссиялар бойынша шығыстар | 33343 | 41244 | 7901 | 123,7 |
Құнды қағаздарды сатып алудан/сатудан түскен кірістер (зияндар) | 411 | -234 | - | - |
Құнды қағаздарды қайта бағалаудан түскен кірістер (зияндар) | 50687 | -18421 | - | - |
Валютаны жғне алтынды қайта бағалаудан түскен кірістер (зияндар) | -18985 | -15744 | - | - |
Өзге де табыстар | 79692 | 155478 | 75786 | 195.1 |
Таза проценттік емес табыстар | 380136 | 469472 | 89336 | 123,5 |
Жалпы әкімшілік шығындар | 381699 | 463461 | 81762 | 121,4 |
Өзге де шығындар | 28332 | 63227 | 34895 | 223,2 |
Өзге резервтерді, залалдарды, пайдаға салықты қалыптасқанға дейінгі пайда | 160775 | 615005 | 454230 | 4 р . |
Өзге операциялар бойынша ықтимал шығындарға резервтерді қалыптастыру | 21 | 67 | 46 | 3 р . |
Ойда болмаған кірістер (зияндар) | 407017 | 62 | -406955 | - |
Салық салуға дейінгі пайда | 567813 | 615134 | 47321 | 108,3 |
Пайдаға салынатын салық бойынша шығыстар | 106286 | 209570 | 103284 | 197,2 |
Таза кіріс | 461527 | 405564 | -55963 | 87,9 |
Ескертпе – 2008-2010 жж аралығында «Альфа банк» ЕБ ААҚ қаржылық есептемесінен алынды.
Банктің кірістер құрылымында проценттік кірістердің бірте-бірте төмендеуін байқаймыз, 2009 жылы 895730 мың теңге болса, 2010 жылы 856491 мың теңгеге түскен, соның салдарынан кіріс әкелмейтін активтер үлесі көбейді. Проценттік кірістердің абсолюттік сомасы төмендеген кезде 2010 жылдағы жағдай бойынша есепті жылға құнды қағаздар және банктердегі салымдар сияқты қаржы инструменттері бойынша олардың проценттік кірістерге үлес салмағы 20%-тен 13%-ке дейін төмендеді.
Есепті жылға проценттік шығыстар 2008 жылмен салыстырғанда ресурстық базаның төмендеуі есебінен 69919,0 мың теңгеге төмендеді немесе 41,3%, оның ішінде реттелген облигациялар бойынша сыйлықақы төлеуге байланысты шығыстар 2 есеге өсті.
Проценттер алуға байланысты кірістердің негізгі үлесін есепті жылда 38968 мың теңге мөлшерінде түскен қызмет көрсетулер мен комиссиялар бойынша кірістер құрады, ол 2009 жылдың қорытындысынан 29,2%-ке жоғары болды. Бұл көрсеткіштің өсуі негізінен, көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту және олардың тұтынушылар рыногіндегі өтімділігі, сондай-ақ қосымша клиенттер тарту есебінен болды.
Сонымен, қарастырылып отырған кезењнің кірістері мен шығыстарының динамикасы 2010 жылға резервтерге аударылғанға дейін таза операциялық кіріс 615005 мың теңге, сонымен қатар 2009 жылғы көрсеткішті 4 есеге немесе 454230 мың теңгеге көтергенін көрсетіп отыр. Банктің 2009 жылы алған таза табысы 405564 мың теңгені құрады, яғни 2009 жылдан 55963 мың теңгеге төмен.
2.2 «Альфа-банк» ЕБ ААҚ валюталық қатынастарды ұйымдастыру және оларды құқықтық қамтамасыз ету
«Альфа-банк» ЕБ ААҚ валюталық бақылау бөлімінің негізгі міндеті банк клиенттерінің валюталық операцияларды жүзеге асыруы кезінде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
Валюталық бақылау мынадай операцияларға жүргізіледі:
- заңды жғне жеке тұлғалардың шетел валютасын сатуы, сатып алуы, конверсиялауы;
- заңды және жеке тұлғалардың шотына қолма-қол және қолма-қол емес шетел валюталарын есептеу;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шетел валютасын аудару;
- заңды тұлғалардың экспорттық-импорттық операциялары.
Шетел валютасын сатып алу үшін клиент Банкке 3 нұсқада шетел валютасын сатып алуға өтінім (қосымша №) береді.
Заңды тұлғалар шетел валютасын сатып алуға өтінімде міндетті түрде сатып алу мақсатын көрсетеді, сондай-ақ резидент еместермен есеп айырысу қажеттігін растайтын құжаттарды қоса береді.
Валюталық Бақылау Бөлімі шетел валютасын сатып алуға өтінімді 3 нұсқада шот менеджерінің қолы мен штампысы бар күйінде қабылдайды. Сонан соң сатып алу үшін өтінімде көрсетілгендей сатып алынатын валютаны пайдалану мақсатына сәйкес заңды тұлғалар берген резидент еместермен есеп айырысу қажеттігін растайтын құжаттарды қарастырады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы зањнамасының талаптары сақталған жағдайда, ВББ өтінімнің бір нұсқасына қол қойып, “Валюталық бақылау” штампысын басады және оны орындауға жібереді.
Экспорттаушы/импорттаушы келісім-шарт жасасқаннан кейін мәміле паспортын кеден органы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес банкте ресімдейді.
Клиент мәміле паспортының нұсқасын кеден органынан алғаннан кейін келісім-шартты, мәміле паспортын және оның электрондық көшірмесін банкке тапсырады.
ВББ кеден органынан мәміле паспортын алып, валюталық бақылаудың кіріс және шығыс құжаттарын есепке алу журналына тіркейді және есеп-шот менеджеріне береді. Есеп-шот менеджері клиенттің шотын тексереді, мәміле паспортындағы қойылған қол мен мөрдің клиент шоты бойынша бірінші қол қою құқығы тұлғалардың қолы мен мөрінің үлгілері бар құжаттарға сәйкестігін тексереді. Шарттар орындалған кезде, есеп-шот менеджері мәміле паспортын штамппен растайды жғне кеден органдарына хабарландыру дайындайды. Хабарландырудың екі нұсқасын ВББ-не береді. Егер қойылған қол мен мөр үлгілерге сәйкес келмесе, есеп-шот менеджері ВББ-нің маманына анықталған факті жайлы хабарлайды.
ВББ есеп-шот менеджерінен хабарландыруды және экспорттаушыдан тиісті құжаттарды алғаннан кейін, клиенттің құжаттарды берген күнді есептемегенде, екі жұмыс күні ішінде кеден органынан келіп түскен жғне клиент ұсынған мәміле паспортындағы деректердің сәйкестігіне және олардың келісім-шарт ережелеріне сәйкестігіне тексеру жүргізеді.
Алшақтық болмаған жағдайда және мәміле паспортын ресімдеуден бас тартуға өзге негіздер болмаған жағдайда Бас валюталық бақылаушы клиент берген мәміле паспортының нұсқасына қол қойып, мөр басады және мәміле паспортын клиентке береді. Клиент валюталық бақылаудың кіріс және шығыс құжаттарын есепке алу журналына қолын қойып ресімделген мәміле паспортты алғанын растайды [9,124б].
ВББ мәміле паспортын ресімдеген күні кеден органына мәміле паспортын валюталық бақылауға қабылдағаны туралы банктің растауы болып табылатын хабарландыруды жібереді.
Келісім-шартпен және басқа да қажетті құжаттармен бірге кеден органынан алынған экспорт бойынша мәміле паспортының ресімделген нұсқасы ВББ-нің экспорт/импорт бойынша істі ашуға негіз болып табылады.
Есеп-шот болмаған кезде немесе клиенттің қолымен сәйкеспеген жағдайда, сондай-ақ алшақтық және мәміле паспортын ресімдеуден бас тартуға өзге де негіздер болған кезде ВББ осы факті туралы кеден органын хабарландырады және мәміле паспорты ресімдеуге қабылданбайды. ВББ банк клиентіне мәміле паспортын ресімдеу мен келісім-шарт ережелеріне тиісті өзгерістер енгізу жөнінде кеңес береді.
Заңды тұлғалар резидент еместің пайдасына төлем жүргізген кезде уәкілетті банктерге тиісті түрде ресімделген құжаттарды (шарттар, келісім-шарттар, келісімдер, инвойстар, коносаменттер жғне басқалар) тапсыруға міндетті.Заңды тұлға төлем жүргізген кезде есеп-шот менеджеріне үш нұсқада белгіленген тәртіпте ресімделген валюта аударуға өтінішті, немесе аккредетивке өтініш, не төлем тапсырмасын тапсырады.
Есеп-шот менеджері шот сальдосын, өтініштегі қолдың, мөрдің қол мен мөр үлгілеріне сәйкестігіне, басқа да қажетті деректемелерге тексеру жүргізеді.
Ақша аударуға өтінішті алған кезде ВББ оны арнайы журналға тіркейді.
ВББ қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құжаттарды тексереді және егер жүргізілетін операция тауарларды импорттауды көздесе банктік төлем құжатына енгізілген деректерді келісім-шарт және импорт бойынша мәміле паспортының деректерімен салыстырады. ВББ келісім-шарт бойынша есеп карточкасына төлем күнін, сомасын жазады және жүргізілген төлемнің қорытынды сомасының келісім-шарт сомасына сәйкестігін тексереді.
Жүргізілген операция Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келген жағдайда ВББ «Валюталық бақылау» штампын қояды, ақша аударуға өтінішке қол қояды. Одан әрі өтініш орындау үшін есеп айырысу бөлімінің менеджеріне беріледі. Өтініштің үшінші нұсқасы импорт бойынша іске тігіледі. Егер заңды тұлға берген құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес келмеген жағдайда ВББ клиентке құжаттарын қайтып береді және оларды тиісті ресімдеу бойынша кеңес береді.
Заңды тұлғалардың қолма-қол шетел валютасымен операциялары.
Клиент есеп-шот менеджеріне ағымдағы валюта шотынан қолма-қол шетел валютасын алуға (жарна) осы операцияларды растайтын құжаттармен бірге (қажет болған жағдайларда) өтініш береді.
Есеп-шот менеджері шоттың сальдосын тексереді, валюталық кассалық ордердегі қойылған қолдың қолдардың үлгісі бар құжаттармен сәйкестігіне тексереді.
Операцияның Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сай болған жағдайда ВББ клиенттің өтінішіне қол қояды, «Валюталық бақылау» штампын басып өтінішті менеджерге қайтарады.
2.3 «Альфа-банк» ЕБ ААҚ филиалының валюталық операция-ларының құрылымы мен динамикасын талдау
«Альфа-банк» ЕБ ААҚ еркін конверттелетін валюталар рыногында, сондай-ақ шектеулі конверттелетін валюталар рыногында да белсенді операцияларды жүргізеді. Қолма-қол валютамен жұмыс Банкке елеулі проценттік емес кіріс әкеледі. Банктің валюталық операциялар рыногындағы үлесі 4%-ті құрайды.
Банктің жаңа клиентуралары олар: ірі кәсіпорындар, жаңа астананың құрылыс объектілерімен айналысып жатқан отандық және шетелдік компаниялар, атақты тауар өндірушілердің дилерлері мен дистрибьютерлері, сауда компанияларының өкілдері, тасымалдау саласында мамандандырылған ірі фирмалар, өнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық, сауда жғне басқа салалардағы кәсіпорындар.
Кесте 3 «Альфа-банк» ЕБ ААҚ валюталық операциялары мен қолма-қол ақшалары (мың теңге)
Операция түрлері | 2008ж. | 2009ж. | 2010ж. | 2010 ж. %-ке ауытқу | |
2008ж. | 2009ж. | ||||
Қолма-қол ақша түсімі | 201 | 466 | 671 | 226 | 143 |
Клиенттердің шотына, экспортқа, СКВ | 1300 | 2008 | 2700 | 153 | 135 |
Конверсиялық операциялар |
|
|
|
|
|
-СКВ | 100 | 669 | 939 | 669 140 •- | :
|
-ОКВ | 100 | 200 | 320 | 200 | 160 ;_-
|
Жеке тұлғалардың валюталық шоттары бойынша операциялар: |
|
|
|
|
|
жедел депозиттер | 100 | 103 | 150 | 103 | 145 |
Талап етілгенге дейін депозиттері до востребования | 100 | 332 | 410 | 332 | 123 |
- ақша аударулар | 100 | 426 | 590 | 332 | 123 |
Қолма-қол ақшасыз, шетел валютасында клиенттердің тапсырмалары бойынша сату |
|
|
|
|
|
-СКВ | 1020 | 1102 | 1312 | 108 | 119 |
-ОКВ | 4240 | 5873 | 6929 | 138 | 117 |
6.Айырбас орындары арқылы шетел валютасын сатып алу, сату |
|
|
|
|
|
-СКВ | 250 | 473 | 640 | 189 | 135 |
-ОКВ | 340 | 544 | 738 | 160 | 135 |