Тұтыну несиесі және оның дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2011 в 14:41, дипломная работа

Описание работы

Нарықтық экономика дамыған сайын несие түрлері де көбеюде. Соның ішінде тұтыну несиесіне келетін болсақ,оның негізгі мақсаты-халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген сұраныс несиеге деген сұранысты тудырады. Екіншіден, төлем қабілеттілігі бар халықтың сұранысын тудырады. Бұл байланыс әсіресе қазір, нарық тұтыну тауарлармен қанаққан сайын нығая түспек.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................6


I-бөлім. Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы

1.1. Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның мәні.......................................9

1.2. Тұтыну несиесінің түрлері және қажеттілігі ..........................................13

1.3. Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну несиесін беру мәселелері...........................................................................................................22


II-бөлім. Тұтыну несиесін «Казкоммерцбанк» АҚ тәжірибесінде

талдау

2.1. Казкоммерцбанктің тарихы және құрылымы..........................................31

2.2. Тұтыну несиесін АҚ Казкоммерцбанктің тәжірибесінде талдау..................................................................................................................39

2.3. Тұтыну несиесін уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формалары...49


III-бөдім. Жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары

3.1. Қазақстанда жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары..............53


Қорытынды......................................................................................................69


Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 700.00 Кб (Скачать)

          1998 жылдың мамыр айында Банк үшін жылдық еурооблигациялар шығару арқылы 100 млн. АҚШ долларын тартты. Бұл шығарылым қазақстандық корпоративті эмитент еурооблигацияның бірінші шығарылымы  болды. Кейінгі жылдары Банк барлығы 1,5 млрд. АҚШ долларына артық сомағ ішкі және халықаралық  еурооблигациялар шығарды.

          1997-2004 жылдар аралығында Казкоммерцбанкте  қатарынан                    «Euromoney», «Global Finance» және «The Banker» сияқты әлемнің жетекшілік қаржылық басылымдары «Қазақстандағы үздік банк» атағын берді.

          2001 жылы Банк елімізде бірінші болып тікелей DEG халықаралық қаржы институтынан жеті жылға ұзақ мерзімді (үкімет кепілдігінсіз) несие алды.

          2002 жылы Казкоммерцбанк Кыргызавтобанкінің 74% акциясын алды, мұнан кейін  ол Казкаммерцбанк  Қырғызстан деп атауын өзгертті. Сондай-ақ Казкоммерцбанк Мәскеудегі Аймақ аралық кәсіпкерлікті дамыту банкімен, оны одан әрі иелену мақсатымен, стратегиялық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.

          2003 жылы ЕБРР Банкпен акционерлік  капиталға қатысу жөнінде Келісімге қол қойды және одан әрі Банк шығарған 15% жай акцияны сатып алады.

          1990 жылы құрылған Казкоммерцбанк  қазіргі уақытта активі, несие  қоржыны және пайда мөлшері бойынша ірі жекеменшік қаржы институты болып табылады.

       Банктің негізгі қызметі дәстүрлі депозиттер қабылдау, теңге мен шетел валютасында қарыз бен несие болып табылады. Банк сонымен қатар клиенттердің дебеттік және кредиттік карточка, инкассация сияқты төлемдерін,сондай-ақ бөлшек сауда банкингі сияқты ағымдағы шотарына қызмет көрсету бойынша, Банк бас офистен басқа,Қазақстандағы 22 әмбебап филиалға және  69 операциялық бөлімшеге иелік етеді.

          Сондай-ақ, Банктің Қырғызстанда («Казкоммерцбанк Қырғызстан») және Ресейде («Москоммерцбанк») еншілес банктері бар.

          Банктік депозиттер қаражат тартудың елеулі көзі болып қала береді. Олар жалпы қорландыру көлемінің шамамен үштен бір бөлігін құрайды. 2007 жылдың қорытындысы бойынша клиенттер шотындағы қалдықтар көлемі  бір жарым есеге өсіп, 303,4 млрд теңгеге жетті. Тұрғындардың шұғыл депозиттерінің көлемі 652 млн доллардан асып түсті. Депозиттік шоттар саны 2007 жылдың өзінде ғана 65,6 мыңнан 73мыңға дейін артты.

          2007 жылы банкте ипотеканы қосқанда 67 мың тұтынушылық несиесіне қызмет көрсетті. Тұтынушылық несиенің жалпы көлемі 641 млн. долларды құрады.(2004 жылы 395,6 млн $)

          Сонымен қатар, Банктің тармақталған  банкоматтар торабы бар. 2007 жылдың 1 наурызында банкоматтар саны -496, сауда \ қызмет көрсету кәсіпорындарында орнатылған POS-терминалдар саны 2364-ті құрады, ал қолма-қол ақша беруге арналған POS- терминалдар саны-162. Банк сондай ақ Қазақстанда өз клиенттеріне қаржылық порталдар арқылы оқшауланған банктік қызметтер көрсету бойынша жетекші банк болып табылады: Hombank.kz- жеке тұлғалар үшін, Onlinbank.kz- заңды тұлғалар үшін.

          Банк орташа және ірі қазақстандық  және Қазақстанда өз қызметін  жүзеге асыратын халықаралық  бірлестіктерге түрлі өнім мен  қызметтер ұсынады;сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, қысқа мерзімді несиелеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейінгі орташа мерзімге несие, сондай ақ қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клинттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады.

         Банктік қызметтен басқа, Банк өзге де қаржылық қызметтер көрсетеді. Қазақстанның құнды қағаздар мен валюта нарығының негізгі қатысушысы бола отырып, ол компонияларға валюталық конверсиялау операцияларын, ақша нарығындағы операцияларды, құнды қағаздар операцияларын қосқанда,  компонияларға ақша ресурстарын басқару жөніндегі қызметін ұсынады. Банктің бас лицензиясына сәйкес, Банктің бағалы металдармен, алтын және күмісті қосқанда, мәміле (сату, сатып алу және сақтау) жасауға құқы бар. 2001 жылдан Банк өзінің корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне ақша қаоажаты мен активтерді басқаратын сенімгерлік қызметін ұсынды.

          Банк стратегиясы өсу және ұлғайтылған операциялық тиімділік арқылы табыстылықты арттыра отырып, көсбасшы банк және қаржылық қызметтер жеткізушісі позициясын ұстап тұру болып табылады.

          Банк стратегиясы өзіне көшбасшы  банк позициясын және қаржылық  қызметтер провайдері( жеткізушісі)  позициясын ұстауды кіргізеді.  Осы стратегияны жүзеге асыру  үшін банк мыналарға жұмылдырылмақ:

          «Казкоммерцбанк стратегиясы»

  • Банк қызметтерді кеңейту. Сондай ақ, банк өз қызметтерінің ауқымын кеңейтуге көңіл бөледі. Банк өзінің корпоративтік клиенттік базасын кеңейтуге және ссуда) қожынының сапасын жақсарта бермек. Өз қожынын әртараптандыру мақсатында Банк шағын және орта бизнес кәсіпорындарына несие беруді ұлғайтуға тырысады.
  • Ақпараттық басқару жүйесі мен операциялық тиімділікті жақсарту. Банк операциялық тиімділікті адамзат ресурстары мен ақпараттық технологияларға ұйымдық қайта құрылымдау және инвестициялар жолымен жақсартуға жұмыс істеді. Банк жетекші ақпараттық жүйелерді енгізуді жалғастыра бермек.
  • Қор жасау базасын жақсарту. Банк бағынышты және негізгі борыш қаржылық ұйымдар мен және шетелдік кредиттік сараптау агенттіктерімен ынтымақтастықты кіргізе отырып және компания, мысалы бөлшек сауда клиенттері депозиттерінің көлемі бойынша өзінің нарықтық үлесін ұлғайту жолымен капитал нарығынан қор жасау базасын ұлғайтпақ.
  • Басқа қаржылық қызметтер нарығына шығу. Қазақстандық құнды қағаздар нарығының инфроқұрылымы, заңнамалық базаны қосқанда, әлі даму үстінде. Банк осы нарықта күтілетін мүмкіндіктерді пайдалану үшін, одан әрі тәжірибе жинау үшін қадам басты және сақтандыру қызметін көрсететін «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ «Казкоммерц Полис» АҚ еншілес кәсіпорындардың қызметі арқылы басқа заттар арсында өз орнын алып отыр./32/

    Банк лицензиясы

          Банкте келесі лицензиялар бар.

  • Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі Агенттігінің банктік заңнамалармен қарастырылған ұлттық және шетел валютасында операция жүргізуге 20.02.04 жылғы № 48 лицензиясы ( қолданыс мерзімі шектелмеген);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі Агенттігінің бағалы қағаздар нарығында делдалдық (брокерлік-дилерлік) қызметпен айналысуға 29.01.04 жылғы № 0401100672 лицензиясы ( қолданыс мерзімі шектелмеген);
  • Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау жөніндегі Агенттігінің бағалы қағаздар нарығында кастодиалдық қызметпен айналысуға 29.01.04 жылғы № 0407100205 лицензиясы ( қолданыс мерзімі шектелмеген );
  • өз жұмыскерлерінің денсаулығы өмірін қорғауға, жеке мүлігін, оның ішінде тасып көшірген кезде сақталуына 21.06.2004 жылғы № 000982 күзет қызметімен айналысуға берілген МКЖ мемлекеттік лицензиясы               (қолданыс мерзімі шектелмеген).     

              Банк Қазақстандық өзге де банктер сияқты жергілікті әрі шетелдік банктер тарапынан бәсекелестікке ұшырайды. Банк активтердің ауқымды капиталдануы мен мөлшеріне қатысты, депозиттік база мен диверсификациялық клиенттіе база құнының төмендігіне қатысты Қазақстанның банктік секторында тиімді бәсекелестік үшін берік ұстанымда болғанымен, ол қазақстандық банк секторының бірқатар елеулі және әлеуетті қатысушылары тарапынан бәсекелестікті бастан кешіреді. Оның ішінде, Қазақстанның Даму Банкісі (ҚДБ) 2001 жылы құрылған және Қазақстанның барлық жергілікті банктері арсында мейлінше үлкен капиталды иеленеді. Банк ҚДБ корпорацияларға несие беру секторында күшті бәсекелес болу мүмкіндігін назарнда ұстайды.                    Елеулі бәсекелес ретінде ТұранӘлем, Халық банкі, БанкЦентрКредит, АТФ Банк пен Ситибанк тәрізді банктерді бөліп атауға болады. Казкоммерцбанк осы банктер мен бәсекелестікті ескере отырып, қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, жаңа банктік технологияларды дамытып, жүзеге асырады, бұл үшін қосымша инвестициялар талап етіледі, көрсетілетін қызметтерге тарифтерді төмендетуге мәжбүр болады.

              Қазақстан нарығына шетелдік  банктердің қызығушылығы артқанын  ескере отырып, шетелдік қатысуымен бәсекелес болатын ірі банктердің пайда болуын жоққа шығаруға болмайды. Отандық қаржы нарығының салыстырмалы түрде аясының шектеулі болуы жағдайында қазақстандық банктер арасында жаңа бәсекелестіктің пайда болуы мүмкін емес болып көрінеді./30/

       Кесте-1

       Казкоммерцбанктің негізгі экономикалық көрсеткіштері

       (млн тг.)                         

Көрсеткіштер  2007 2008 2009
Жалпы активтер 2997232 2614805 2587873
Жарғылық  капитал 389,588 313,862 319,219
Меншікті  капитал 6,998 6,990 9,032
Резервтік қорға аударғаннан кейінгі таза операциондық табыс 107,946 50,970 58,959
Қаржылық  нәтиже 11457 24553 4735
Займдар және лизинг 281251 876231 119520
Бағалы  қағаздар 210343 251128 40399
Халық салымдары  351703 520153 83572
Акция котировкасы (жылдың соңғы айына орта есеппен) 1316,16 1316,16 137,9
* Дерек көзі:Казкоммерцбанк Акционерлік қоғамының корсеткіштері*
 

     Казкоммерцбанк  берген несиелер көлемінің өсуі 2007 жылға дейін ең алдымен сату желісінің кеңеюімен бөлшек несиелеу белсенділігінің артуы және халық үшін тартымды несиелік бағдарламалардың көбеюі арқасында мүмкін болды. Ал 2008 жылдан бастап бұл үдеріс кері бағытта жүрді. Оған әсер еткен бірден бір фактор бәрімізге белгілі әлемдік қаржы дағдарысы екені белгілі. Нақтырақ айтатын болсақ 2007 жылы Казкоммерцбанк АҚ жалпы активтері 2 997 232 млн теңге болса, 2008 жылы 2 614 805 млн теңгеге дейін кеміген, ал 2009жылы ол тағы да азайып 2 587 873 млн теңгені құраған .

     Осы 1-кестедегі көрсетілген мәселелерді  нақтырақ төмендегі 1-суреттен көруге болады.

        

     Сурет 1. Казкоммерцбанктің активтерінің динамикасы

     Дерек көзі: Ұлттық банк мәліметтері бойынша автордың құрастыруымен 

     Мысалы, 2007 жылғы 31 желтоқсандағы қаржылық есеп-қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 2 997 232мың теңге, ал 2008 жылы 2 614 805мың теңге болып 2007 жылға қарағанда 382427 мың теңгеге кемісе,  2009 жылы 2 587 873 мың теңге болды яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда 26932 мың теңгеге кемігенін көреміз.

     Бұл айтылған жәйттер тек қана Казкоммерцбанкке ғана тән емес ол бүкілекінші деңгейлі банктердің де мәселесі екені белгілі. Мұны төмендегі кестеден көруге болады.

          5-кесте

      Аймақтар бойынша банктердің  халыққа берген ипотекалық несиелері 

Аймақтар 2007ж

Млн.тг

2008ж. млн. теңге 2009ж. млн. теңге өсуі (2009/2010)
Астана  қаласы 78351 64615 60953 0,97
Алматы  қаласы 361169 398092 306683 1,2
Акмола 23863 21027 17727 0,98
Ақтөбе 54529 46841 38099 0,98
Алматы  облысы 42982 36921 33512 1,01
Атырау 53916 44379 36702 1,02
Шығыс Қазақстан 82218 68272 55320 1,03
Жамбыл 41081 35273 31199 0,98
Батыс Қазақстан 29032 25110 19942 0,95
Қарағанды 83679 68150 57260 1,007
Қостанай 37963 28996 25829 0,94
Қызылорда 29570 25783 20882 1,03
Маңғыстау 58842 49038 41782 0,99
Павлодар 53095 40885 36048 1,01
Солтүстік Қазақстан 25946 19839 15843 0,97
Оңтүстік Қазақстан 97400 77039 69665 1,08
Барлығы 1 157 635 1 020261 867479 1,06
Дерек көзі:ҚР Ұлттық банкінің статистикалық бюллетенінің мәліметтері

Информация о работе Тұтыну несиесі және оның дамуы