Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Октября 2011 в 14:41, дипломная работа
Нарықтық экономика дамыған сайын несие түрлері де көбеюде. Соның ішінде тұтыну несиесіне келетін болсақ,оның негізгі мақсаты-халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген сұраныс несиеге деген сұранысты тудырады. Екіншіден, төлем қабілеттілігі бар халықтың сұранысын тудырады. Бұл байланыс әсіресе қазір, нарық тұтыну тауарлармен қанаққан сайын нығая түспек.
Кіріспе...................................................................................................................6
I-бөлім. Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы
1.1. Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның мәні.......................................9
1.2. Тұтыну несиесінің түрлері және қажеттілігі ..........................................13
1.3. Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну несиесін беру мәселелері...........................................................................................................22
II-бөлім. Тұтыну несиесін «Казкоммерцбанк» АҚ тәжірибесінде
талдау
2.1. Казкоммерцбанктің тарихы және құрылымы..........................................31
2.2. Тұтыну несиесін АҚ Казкоммерцбанктің тәжірибесінде талдау..................................................................................................................39
2.3. Тұтыну несиесін уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формалары...49
III-бөдім. Жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары
3.1. Қазақстанда жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары..............53
Қорытынды......................................................................................................69
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Сонымен қатар, несиелік
Тағы айта кететін жағдай бұл несиелік мониторинг. Яғни несиелік мониторинг дегеніміз несиені берген күннен бастап, оны толық қайтарғанға дейін қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін үнемі талдап отыруды, несие сапасының төмендеуі немесе несиелік келісім шарттың бұзылуы анықталған жағдайларда тиісті шаралар қолданылуды қамтитын банктің күнделікті жұмысы.
Несиелік мониторингті
Ақпараттың толығына қарай несиелік мониторинг ағымдық және тереңдетілген болып бөлінеді.
Ағымдық мониторинг – ай сайын
ағымдық мониторинг есебі
Ағымдық несиелік мониторинг әр сайын несие толық қайтарылғанға дейін жасалады. Ағымдық несиелік мониторингтің мақсаты – банктің барлық берген несиелер бойынша төлемсіздіктің алдын алу. Мониторинг жүргізуде несиені қайтару кестесі пайдаланылады және оның көшірмесі шот менеджеріне беріледі./26,31-33 бб/
Ағымдағы мониторингтің
Қарызды қайтару күнінде несиені қайтару кестесі бойынша қарыз алушының негізгі қарыздың және пайыздың төленгендігі тексеріледі.
Егер қарыздың қайтаруын
Егер қарыз алушының тексеріп бару барысында несиені қайтармауымен байланысты мүмкін болар мәселелердің барлығын куәләндыратын қауіпті белгілер анықталса, онда тереңдетілген мониторинг жүргізіліп, оның нәтижесінде мынадай сұрақтарға жауап ізделінеді:
Тереңдетілген мониторинг–ай сайын тереңдетілген мониторинг есебі түрінде рәсімделетін, несиені қайтару кестесінің орындалысының бұзылуына қарай, жоспардан тыс немесе (кенеттен) немесе қандай да бір алаңдатарлық белгілердіңтуындауына байланысты қарыз алушының шаруашылық және қаржылық жағдайы туралы барынша толық ақпаратарды алу мақсатында жүргізілетін тексеру.
Тереңдетілген мониторгтің ұзақтылығы мыналарға тәуелді:
Несиелік рейтинг – несиені
қайтару ықтималдығы,
Несиелік мониторинг келесі
Егер жоба бойынша несиелік
ресурсты игеру кезең –
Қарыз алушының несиелік
Тұтынушылық несиелендіру үй шаруашылығы борышының елеулі бір бөлігін білдіреді, бірақ әрине түрлі елдерде бұл борыш құбылып тұрады. Жапония сияқты елдерді,үй шаруашылығының борышы жалпы борыштың құрылымында өте жоғары және 50%-дан астамын құрайды, бірақ көрсеткіші өте төмен, Қазақстан сияқты елдерде орташа алғанда үй шаруашылығының жалпы борышының шамамен 15% құрайды. Мұндай үй шаруашылықтарының негізгі берешегі ипотекалық келісімдермен берілген, бірақ тұтынушылық несиелендіру дің әлеуеті әлі күнге дейін өте жоғары болып қалып отыр.
Екінші деңгейлі Қазақстан
II. Тұтыну несиесін «Казкоммерцбанк» АҚ тәжірибесінде
талдау
2.1.
Казкомерцбанктің
тарихы және құрылымы
1990
жылы құрылған «Қазкоммерцбанк»
2007 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық есеп-қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 2,997 триллион теңгені (24,9 млрд. $) құрады. Ал осы көлемнің 79%-ы, яғни 2,366 трлн. теңге (19,7 млрд.$) клиенттердің қарызына тиесілі.
2007 жылы банк басты компаниялардың акционерлеріне тиесілі 55,963 млрд. теңге мөлшерінде таза кіріс алды. 2007 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында банктің жеке капиталы 415,3 млрд. теңгені құрады, ал оның рентабельді коэффициенті 19,5% құрады.
Қаражатты
тартудың негізгі көзі – банк депозиттері
болып табылады, олар қордың жалпы
көлемінің үштен бір бөлігін
құрайды. 2007 жылдың ішінде клиент депозиттері
30,1% өсіп, 895,1 млрд. теңгені құрады. Осылай
Қазкоммерцбанк тартылған депозиттердің
көлемі бойынша Қазақстандағы №1 банк,
оған нарықтың 20% астамы тиесілі.
Депозит тартумен қатар банк теңге және
шетел валютасында қарыз және несие беру,
клиенттердің төлем қабылдау, дебетті
және несиелік карталары, инкассация,
сондай-ақ жеке банкингі сияқты ағымдағы
шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең
спектрін ұсынады.
2008 ж. 1
қаңтардағы жағдай бойынша,
Сондай-ақ, Банктің Қырғызстанда («Қазкоммерцбанк Қырғызстан» ЖАҚ), Ресейде ( «Москоммерцбанк» КБ) және Тәжікстанда («Қазкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ) еншілес банктері бар.
Қазкоммерцбанк ең ірі үш халықаралық төлем жүйесінің - VISA және MasterCard (Cirrus/Maestro) және American Express - дебеттік және несиелік карталарын шығаратын Қазақстандағы жалғыз банк. 2008 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша банктің айналыста 966 мың картасы бар. Сондай-ақ Банк American Express карталарын тарату жөніндегі уәкілетті агент болып табылады. 2001 жылы қазақстандық банктердің ішінде Қазкоммерцбанк бірінші болып магниттік лента мен чип құрамдастырылған смарт-карталар, ал 2005 жылы тағы да бірініші болып GoCard несиелік бонус картасын шығарды.
Сонымен
қатар банктің банкоматтар
Қазкоммерцбанк қашықтықтан қызмет көрсету бойынша Қазақстандағы жетекші банк. 2008 ж. шілденің басында жеке тұлғаларға арналған Homebank.kz қаржы порталында тіркелген клиенттер саны 150 000-нан асты, олардың ішінде Қазкоммерцбанк клиенттері, сондай-ақ «Қазинвестбанк» АҚ, «Ситибанк Қазақстан» АҚ және «Ресейдің Жинақ банкі» АҚ төлем карта иелері бар. Ал заңды тұлғаларға арналған Onlinebank.kz порталдың және «Банк-Клиент» жүйесінің тұтынушылары 11 000 астам компанияны құрайды.
Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнім мен қызметтер ұсынады; сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, сондай-ақ қысқа мерзімді несиелеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейін орташа мерзімге несие, сондай-ақ, қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады.
Банктік
қызметтен басқа Банк өзге де қаржылық
қызметтер ұсынады. Қазақстанның құнды
қағаздар мен валюта нарығының негізгі
ойыншысы бола отырып, ол компанияларға
валюталық-конверсиялау операцияларын,
ақша нарығындағы операцияларды (құнды
қағаздар операцияларын қосқанда), компанияларға
ақша ресурстарын басқару жөніндегі қызметін
ұсынады. Банктің бас лицензиясына сәйкес,
Банктің бағалы металдармен (алтын және
күмісті қосқанда) мәміле жасауға (сату,
сатып алу және сақтау) құқы бар. 2001 жылдан
Банк өзінің корпоративтік және бөлшек
сауда клиенттеріне ақша қаражаты мен
активтерді басқаратын сенімгерлік қызметтерін
ұсынады.
Банк стратегиясы - көшбасындағы банк
пен қаржы қызметтерінің провайдері позициясын
сақтап қалу, өсім мен операциялық тиімділік
арқылы пайданы ұлғайту.
1994 жылдан бері Банк ҚРҰБ мен ҚР Қаржы Министрлігімен, сонымен қатар ЕБРР, Халықаралық жаңғыру және даму банкі, Ислам Даму Банкі, Kreditanstalt Wiederaufbau және Азия Даму Банкі сияқты халықаралқ қаржы институттары дайындаған және демеушілік ететін бірқатар арнайы бағдарламаларға қатысты.
1996 жылы Банк өзінің негізгі мақсатына – банктік қызметтің халықаралық стандарттарға сай болуына қол жеткізуде үлкен қадам жасады. Казкоммерцбанк «Deloitte & Touche» фирмасынан толық халықаралық аудиторлық тұжырымдама алған бірінші Қазақсандық банк болды. Тағыбір маңызды оқиға – «Thomson BankWatch – BREE» рейтинг агенттігінен халықаралық рейтингінің берілуі. Казкоммерцбанк халықаралық кредиттік рейтинг алған Орта Азия республикаларындағы бірінші банк және аз ғана ТМД банктерінің біреуі болып табылады.
1997 сәуірде Казкоммерцбанк ЕБРР қаржыландыратын және сол кезеңде ССҒ Франция банктерінің ең динамикалық банктерінің бірінің қолдауымен жеделдетілген институтционалдық дамуды көздеген «твининг» бағдарламасын жүзеге асыра бастаған бірінші банк болды. Банк үшін және бүкіл қазақстандық банк секторы үшін маңызды жетістік - 1997 ж. Осы сәтке дейін қарызгер ретінде тек ҚР Үкіметін ғана мойындаған, Неміс мемлекеттік « Hermes» Экспорттық Сақтандыру компониясының қарызгер ретінде бекітуі болды. Банк 1997 жылы өзінің бірінші синдикатталған несиесін тартты, содан бері Банк тұтастай 14 халықаралық синдикатталған несие ала және төлей отырып, Синдикатталған несиелер нарығында белсенді болып келеді.