ҚР салықтық жүйе: қалыптасу кезендері бүгінгі жағдайына сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2012 в 10:16, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысының мақсаты – қазіргі бәсеклестік экономикада салықтан жалтарыдың себептерін анықтай отырып, салық санкцияларын салу механизмін жетілдіру жолдарын қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ

1 ТАРАУ САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.................................................4
Салықтар ұғымы және олардың әлеуметтік-экономикалық мәні…………………………………………………………………….…......4
ҚР-ғы салық жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері мен салық санкциялары……...........................................................................................11



2 ТАРАУ САЛЫҚТАН ЖАЛТАРУ ЖӘНЕ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕРДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САЛЫҚ САНКЦИЯЛАРЫН САЛУ ҚЫЗМЕТІ …………....................……...................15

2.1. Салықтан жалтару себептері және әсері…………………………...............15

2.2. ҚР бюджетіне төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдерді алуды ұйымдастыру және салықтан, жалтару тәжірибелерін талдау……………............................................................................…………..........20

2.3. Қазақстандағы салықтар, алымдар мен төлемдердің,

алыну ерекшеліктері және салық ауыртпалығын аудару…..................23

3. ТАРАУ САЛЫҚТАН ЖАЛТАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ САЛЫҚ САНКЦИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...........................................................................................……………51

3.1. Салық санкцияларын пайдалану проблемалары мен шешу жолдары……………………………………..............................................................51

3.2. Салық саясатындағы салық санкцияларының рөлін арттыру.....................55

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………........…....59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................62

Работа содержит 1 файл

ҚР салық жүйесі және салық санкциясы. 62.doc

— 436.00 Кб (Скачать)

    “Көлеңкелі” экономиканың ірі масштабтары, басқа  елдердің банктеріндегі шоттарына  ақша аударымдары, кәсіпкерлік қызметтің нақты масштабын тиімді азайту, мүліктің құнының көлемі – мемлекеттік бақылаудан (шығуы) ірі салықтың түсімдерді шығарады.

    Кейбір  деректерде Қазақстанда “көлеңкелі”  экономика 1/3 ден 40%-ін құрайды жалпы  ішкі өнімнің. Дұрыс экономика кезіндегі қиын жағдай оның салықтық базасын мемлекеттік қаржы ресурстарын толықтыруға толықтыруға толық мүмкіндік бермейді.

    “Екілік”  есептің практикасы қалыптасты: кәсіпкерлердің өзіндік қолдануы үшін және кейбір ресми орындар үшін. Мұнда 2 –сінде қызметтің  минимальды жіберілетін көрсеткіштер көрінсе, 1 – сінде шын көрсеткіштер, бизнестің дамуы мен басқарылуы үшін, көрінеді.

    Салықтар  бойынша әкімшілік жағдайларға  салықтық орындардың әртүрлі бекітілген тәртіптен ауытқулар немесе салықты  есептеу және төлеу кезіндегі стандартты емес жағдайларға байланысты әртүрлі белгіленген әрекет варианттар белгіленген. Мысалы: бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін бұзылғанда, есептік құжаттарды жоғалтқанда немесе жойғанда, өз тұтынуы шығындарына декларациядағы кірістерге сәйкес келмеуі, және басқа да жағдайларды салым объектісінің тәсілін анықтау.

    Салықты күштеп салу шаралары бекітілген; салық  төлеушінің мүлкіне тиым салу мүлікті (мүмкін болатын) игеру мүмкіндігімен  бірге және салыққа, штраф, шаруашылық операцияларын тоқтату төлемдеріне тиісті шотқа сомасын аудару. Салықтық заңдылықтың әртүріне жауапкершілік анықталған: мысалы, салық орындарына салық төлемдерін төлемеу немесе белгіленген мезгілін бұзып төлеу заң бұзушыларға салық сомасының 5% өлшемінде салықтық санкция төлеуді жүктейді, салық есептемесін мезгілінен 6 айға дейін асыру бұл соманың 10% өлшемінде төледі.

    Салық және басқа да міндетті төлемдерді бюджетке жартылай сомасымен немесе мүлде төлемеу төленбеген салық  және басқа да міндетті төлемдердің  сомаларынан 50% мөлшерде санкция төлеуді жүктейді. Бұл жерде төлемеу жолдарына салым объектісін көрсетпей не төмендету, салықты қате алу, өтірік немесе әдейі банкроттылық жариялау, мүлікті жасыру, дұрыс емес шот-фактураларды пайдалану жатады. Осы әрекеттерді 1 жыл ішінде кері қайталаса оларға төленбеген салықтар сомасының 100% өлшемінде                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   санкция салынады.

   ҚҚС бойынша бюджетке ағымдағы төлемдердің  сомасын азайтқаны үшін салықтың сомасының 50% өлшемінде санкция салынады;

   салық төлеушілердің жасанды шот-фактуралары үшін 100% өлшемде санкция салынады;

   ҚҚС бойынша сынаққа кіретін расталмаған  деректер туралы арыз үшін расталмаған  соманың 50% өлшемін де, осы әрекет 1 жыл ішінде қайталанса соманың 100% өлшемінде санкция салынады.

   Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын салық төлеушілердің азайтуы салық кезеңінде алынған салықтың 10 нан 25%- ін құраса, салық салынатын кірістің 2% өлшемінде салықтық санкция, ал 25% дан көп болса аталған соманың 5% өлшемінде салықтық санкция салады.

   Салық төлеушіде салық есебінің болмауы немесе салық есебін белгіленген тәртіпке сай жүргізбей төленбеген салықтардың 50% өлшемінде санкция төлеуге әкеліп соғады, егер осы әрекеттердің барлығы 1 салықтық кезеңде жасалса ғана, ал егер олар салық төлеу кезеңін 1 ден көп кезеңіндерінде жасалып және салық салым объектісінің азаюына желіп соқса, онда төленбеген салықтар сомасының 100% өлшемінде салықтық санкция төленеді.

   Банктердің  банк операцияларын салық төлеушілердің  банк құжаттарына тіркеу номерінсіз жүргізуі үшін жауапкершілігі анықталған; салық орындарына бюджет алдындағы берешектерін күштеп өтету жағдайындағы жұмыс жасаушы субъекттердің банктік шоттарында қалған ақшаларын туралы деректер бермеуі; салық органдарының құжатынсыз банктік шоттарды ашу, бұл органдарды салық төлеушілердің тіркеу есебіне тұрғандығын дәлелдейтін бұл – салық орындарының құжаты. Осындай жағдайларда банктерге салық төлеушілердің банктік шоттары бойынша жұмсаған шығындарының сомасының 5% өлшемінде санкциялар қойылады.

   Мемлекетке  елеулі зиян келтіріп салық заңдылықтарын қатал бұзу қылмыстық тәртіптің жауапкершілігіне тартылады: шаруашылық субъектілерінің жауапты тұлғалары Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі бойынша жазаланады, белгіленген мерзімде белгілі қызмет орнын иелену құқығынан айырады немесе белгілі-бір қызметпен айналысуға шек қояды, қоғамдық не түзету жұмыстарына тартылады, сол сияқты 3 жылға дейін бас бостандығынан айырады.

   Алайда  бұл жазалардың барлығы салықтан ауытқу проблемасын жоймай отыр. Тек (тексеру) салық орындарының тексеру нәтижелерінде шығатын сомалар бюджет табысының үштен бірін құрайды. Салық төлеушілердің салықтық салым объектісін және табыстарды жасырудың жетілдірілген түрлерін, тәсілдерін қолдануда, салық орындарына қате деректер беру де жиілеуде.

   Салық салудан ауытқудың әртүрлі әдістері бар. Ең кең таралғаны тікелей салықтарды төлеуден жалтару. Жанама салықтарда ол олардың алыну ерекшелігіне  байланысты қиындау. Бірақ банктерсіз ақша-тауар операцияларын жүргізу, яғни сату-сатып алу операцияларын есептен жасыру акциздерді төлемеу, қосылған салық төлемеуге жағдай туғызады.

   Жұмыс жасаушы субъектке “әрекетсіз”  статусын беру оған салықтан кетуге жағдай туғызады. Бухгалтерияға әрекеті  шаруа субъектілерінің әрекетсіз  заңды тұлға болып табылатын  жеткізіп берушілерден салықтық шот-фактуралар түседі. Өтірік шот-фактуралардың арқасында кәсіпорындар ҚҚС-нан жалтарады себебі заңдылық бойынша оның ақиқаттылығына жауапкершілік жеткізіп берушіге жүктелген; егер кәсіпорын – сатып алушы осы схеманы пайдаланушы салық орындарының әрекетіне сотқа шағым түсірсе, бұл жағдайда шешім кәсіпорынның пайдасына шешіледі (“бағасыз” жеткізіп ештеңе алынбайды).

   Әрекетсіз субъектілер басқа заңды тұлғалардың  бөлушілері болуы мүмкін, оларға жарғылық капитал ретінде активтер енгізеді; осыдан кейін қожайындар банкроттық жариялайды, бюджет алдындағы берешегін өтемей тұрын жариялайды (жалған банкроттылық).

   Жасырыну  салық орындары мен әділет орындарында  тіркеу мерзімдерінің сәйкессіздігін тудырады.

   Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктер барлық құқықтарды иеленеді, бірақ қаржылық міндеттемелерге жарғылық қордың өлшемдері арқылы жауап береді; жарғылық капиталдың минимальды өлшеміне нақты ие бола отырып олар бюджет алдағы несиелік берешектерін тәуекел мен зардаптарға қарамастан елеулі өлшемдерге апара алады.

   Табыстарға  салық салу бойынша жалтарудың кең  таралғанына өндіріс шығындары  мен айналысты өсіру арқылы табыс  өлшемін азайту жатады; өнімнің өзіндік  құнына жоғары баға арқылы материалдық  шығындар енеді, мысалы, оларды иеленуді бос арзан баға арқылы жүргізу, немесе есеп айырысу құжаттарын тікелей қолдан жасау. Сәйкесінше, амортизациялық шығындар сомасын арттыру мақсатында құрылғылардың және басқа да негізгі құралдардың құнын өсіру мүмкін.

   Салық салынатын табыстың азайтылуы да шығындарды шегеру қатынастарымен жүргізіледі. Олар кәсіпкерлік байланыссыз шығындар мен төлеушінің меншігінде қалған табыстар есебінен жабылады. Оларға жататындар белгіленген мөлшерден тыс жолақылық шығындар, негізгі құралдарды алу; өкілдік шығындарды мөлшерден артық төлеу, мәдени-ағарту мерекелеріне қатысқаны үшін шығындар; өнімді жеткізуге келісім жасау, жұмыс, қызмет көрсетуді жеткізуге салыққа жеңілдіктері (жеткізілмеуге және келісімді орындамау үшін штраф салуды қосқанда) бар мекемелермен келісім шарт жасасу; өндіріске берілетін материалды құндылықтардың барлық құнын шығынға шығару; ереже бойынша жеке тұлғалардан алынатын тауар-ақша құндылықтары мен қызметтерді қолма-қол ақшамен төлеулерді қиын тексерілетін алғашқы құжаттар бойынша шығынға жалған шығындарға шығару, салықтық заңдылықты бұзғаны үшін салық орындарының салған штрафтарын өшіру.

   Өзіндік құн ҚҚС салынған әртүрлі қызмет көрсетулерді, тауар-ақша құндылықтарының  құнының бөлшектерінің шығындарына  ҚҚС өшіру есебінде көтеріледі.

   Табыстың  салық салудан жалтаруының кең  таралған тәсіліне кәсіпкерлік қызметтен түскен түсімді жасыру және кеміту жатады. Бұл заң бұзушылық қиын ашылады, себебі нақты түсімді анықтау үшін тауардың қозғалысымен жүруі мүмкін шаруашылық-қаржылық және бартерлік операциялардың фактілерінің талдауы қажет; барлық төлеушілер мен олардың операцияландыру компьютерлеусіз заң бұзушылықты ашу көп уақытты алады.

   Салық салудан жалтару бухгалтерлік есептің  қанағаттандырылмайтын түрде қойылуы  немесе оның мүлде болмауымен байланысты болуы мүмкін. Мысалы: шаруашылық және фермерлі қожалықтарда. Мұндай жағдайларда шаруашылық қызметтің нәтижелерін орнына келтіру үшін жанама немесе сәйкес тәсілді қолданады: жұмсалған электр энергиясы, өлшеу құралдарының көрсеткені басқа да ресурстар, нақты шығындар, айналыс, активтердің құны, қызметтің сәйкес түрлерінің нақты шығындары.

   Жеке  табыс салығын толық төлемеу  немесе мүлде төлемеу еңбекке  ақы төлеудің есеп айырысу практикасымен  байланысты, яғни кәсіпорын өнімі  мен бартерден алған өнім бойынша  есеп айырысу. Мұндай жағдайларда қиындықтар салық салу мақсатында азайтылған нақты төлемнің бағасынан туындайды.

   Еңбекке ақы төлеудің шығындарын көбейту  тәжірибесі тұлғаларға наряд жазу, келісім-шарт бойынша жұмыс “атқаруға” жұмысшыларды тарту, басқа жақтан құжатталатын қызмет көрсету жолдары арқылы жүргізу кең таралған.

   Өзіндік құнды көбейту арқылы табысты  жасыру оған меншік иелерінің, басқарушылардың  және жұмысшылардың тұтыну шығындарын енгізу арқылы жүргізіледі. Бір уақытта  бұл тәсіл әлеуметтік және табыс  салығын төлеуде ысырапсыз пайдалануға  мүмкіндік туғызады, себебі натуральды төлем орнын алады. Фирма есебін басқарушылардың пәтерлері жабдықталады, жиһаздар сатылып  алынады, газеттер мен журналдарға жазылу жүргізіледі. “Фирмалық киім” атауының астында қымбат жеке киім мен аяқ киімдерді жасыруға болады.

   Жалтаруға тән басқа жағдайлар:

   1. Салықтық заңдылықтарды қате  түсінуге апаратын заңдар мен  құқықтық акттердің анық болмауы,  түсініксіздігі, заңдардың болмауы,  олардың қабылдануы экономикалық  және салықтық қарым-қатынастардың  тәжірибесімен сипатталады, салық төлеушілер салық декларацияларын уақытымен көрсетеді, бірақ құқықтық нормативтік актегі пробелдерге байланысты табысты жасыруды жіберіп алады.

   2. Актілік бухгалтерия жүргізу  жағдайында салық төлеушілер  салық орындарының талабын орындайды,  салықтық декларацияларды, есеп айырысуларды, анықтамаларды береді. Алайда салық органдарының қарсы тексеріс жүргізбеуіне байланысты салық төлеушілер ресми құжаттарда алынған табыс пен пайдалану көлемінің төмендетілген мөлшерін көрсету мүмкіндігін алады.

   3. Салық орындарында тіркелмеген кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайында кәсіпкерлер келісім-шарттарда, шот-фактураларда, келісімдерде, банктік құжаттарда және т.б. құжаттарда ойдан шығарылмаған РНН қояды. Салық орындары алдында есеп бермейді және сәйкесінше көп өмір сүрмейді.

   4. Бюджетке төлемдік берешектерінің  көбеюіне байланысты “салық органдарымен  байланысын жоғалтқан” категориясына  өту. Салық төлеуші жұмыс жасайды.  Салықтық есеп, береді, бірақ бюджетке  төлемдерді және олардың жинақталуына  қарай бар активтерін іске  асырады және салық орындарымен байланысын үзеді. Тәуекелділіктің азаюы үшін ереже бойынша жалған мекен жайлар мен жалған тұлғалар қолданылады.

   5. Жалған банкроттылық: бір жұмыс  берушілер бірнеше фирма ашады,  бірнеше уақыттан кейін біріншісінің  активін екіншісіне аударады, сосын біріншісін банкрот деп жариялайды.

   6. Жасалмаған операциялар мен жоғары  бағаларға наклоднойлар бөлу. Бұл  форма экономиканың кез-келген  секторына тән және табыстардың  азаюына жалған баға қолдану  арқылы жетед. Оның үстіне олардың  қаржылық-шаруашылық қызметтен табысты елеулі азайту мүмкіндігін беретін бухгалтерлік кітаптарда көрініс алуы үшін оларға наклоднойлар жазылады. Жалтарудың бұл түрі аса қауіпті және оны анықтау, егер қызмет көрсету шетелде, кейбір елдерде (офшорлы), шекара сыртын да жасалған болса, қиынға соғады.

   7. Жалған тұлғаларды пайдалану.  Бұл жағдайда экономикалық әрекет  ресми 1 тұлғаға бекітілсе, іс  жүзінде оны басқа адам жүзеге  асырады.

   8. Жеке тұлғаларға қызмет көрсету  және тауарларды беру. Салықтан  жалтарудың бұл формасы жеткілікті таралған және оны тоқтату қиын. Ол кіші коммерциялық мекемелер арасында жүреді. Жеке тұлғалармен тікелей контакт мекемелерге жасалған мәмілеге накладной жазбай-ақ қызмет көрсетіп, тауар беру мүмкіндігін туғызады, егер жеке тұлғалар сәйкес накладнойлар алуға жұмыстанбаса. Бұл форма халықаралық сипат алады, себебі көп тауарлар шетелден алынады. Бұл жағдайда салықтан жалтарудың екі түрі көрінеді: біріншісі – импорт кезеңінде, екіншісі – сату кезеңінде. Кедендік декларацияда көрсетілген фактілік құн олардың нақты құнынан көбіне өзгеше болады.

Информация о работе ҚР салықтық жүйе: қалыптасу кезендері бүгінгі жағдайына сипаттама