ҚР салықтық жүйе: қалыптасу кезендері бүгінгі жағдайына сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2012 в 10:16, дипломная работа

Описание работы

Диплом жұмысының мақсаты – қазіргі бәсеклестік экономикада салықтан жалтарыдың себептерін анықтай отырып, салық санкцияларын салу механизмін жетілдіру жолдарын қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ

1 ТАРАУ САЛЫҚТАР ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.................................................4
Салықтар ұғымы және олардың әлеуметтік-экономикалық мәні…………………………………………………………………….…......4
ҚР-ғы салық жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері мен салық санкциялары……...........................................................................................11



2 ТАРАУ САЛЫҚТАН ЖАЛТАРУ ЖӘНЕ САЛЫҚ ОРГАНДАРЫНЫҢ САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕРДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САЛЫҚ САНКЦИЯЛАРЫН САЛУ ҚЫЗМЕТІ …………....................……...................15

2.1. Салықтан жалтару себептері және әсері…………………………...............15

2.2. ҚР бюджетіне төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдерді алуды ұйымдастыру және салықтан, жалтару тәжірибелерін талдау……………............................................................................…………..........20

2.3. Қазақстандағы салықтар, алымдар мен төлемдердің,

алыну ерекшеліктері және салық ауыртпалығын аудару…..................23

3. ТАРАУ САЛЫҚТАН ЖАЛТАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ САЛЫҚ САНКЦИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...........................................................................................……………51

3.1. Салық санкцияларын пайдалану проблемалары мен шешу жолдары……………………………………..............................................................51

3.2. Салық саясатындағы салық санкцияларының рөлін арттыру.....................55

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………........…....59

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................62

Работа содержит 1 файл

ҚР салық жүйесі және салық санкциясы. 62.doc

— 436.00 Кб (Скачать)

   МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ 

1 ТАРАУ САЛЫҚТАР  ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН  ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗІ.................................................4 

    1. Салықтар  ұғымы және олардың әлеуметтік-экономикалық мәні…………………………………………………………………….…......4
    2. ҚР-ғы салық жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері мен салық санкциялары……...........................................................................................11
 
 

2 ТАРАУ САЛЫҚТАН  ЖАЛТАРУ ЖӘНЕ САЛЫҚ  ОРГАНДАРЫНЫҢ САЛЫҚТЫҚ  ТҮСІМДЕРДІ БАҚЫЛАУ  ЖӘНЕ САЛЫҚ САНКЦИЯЛАРЫН  САЛУ ҚЫЗМЕТІ …………....................……...................15 

2.1.  Салықтан жалтару себептері және әсері…………………………...............15

2.2.  ҚР бюджетіне төленетін салықтар және басқа да       міндетті төлемдерді алуды ұйымдастыру және салықтан, жалтару тәжірибелерін талдау……………............................................................................…………..........20

2.3.  Қазақстандағы салықтар, алымдар мен төлемдердің,

            алыну ерекшеліктері және салық  ауыртпалығын аудару…..................23 

3. ТАРАУ САЛЫҚТАН  ЖАЛТАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ САЛЫҚ САНКЦИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ...........................................................................................……………51 

3.1. Салық санкцияларын пайдалану проблемалары мен шешу жолдары……………………………………..............................................................51

3.2.  Салық саясатындағы салық санкцияларының рөлін арттыру.....................55 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………........…....59 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................62 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   КІРІСПЕ 

    Тақырыптың  өзектілігі. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық құрылысы мен салал іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі - ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

    Салықтар  мемлекетпен бірге пайда болды  және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының  өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық  жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қаббаттаса жүреді.

    Салықтардың экономикалық мәні мемлекеттің заңды  және жеке тұлғалармен қалыптасатын ақша қарым-қатынастарымен сипатталады, сондықтан салықтар экономикалық категория  ретінде қаралуы мүмкін. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.

    Бірақ, нарық экономикасының кейбір объективті және субъективті жағдайларына байланысты салықтан жалтару және салық салық санкциялары мәселелері туындалады. Кәзіргі уақытта салықтан жалтару – еліміздің негативті факторы болып саналады. Осы мәселенің маңызы зор болғандықтан және зерттеуге тұратындығынан, таңдаған тақырыптың өзектілігі белгіленеді..

    Диплом  жұмысының мақсаты – қазіргі бәсеклестік экономикада салықтан жалтарыдың себептерін анықтай отырып, салық санкцияларын салу механизмін жетілдіру жолдарын қарастыру.

    Диплом  жұмысының міндеттеріне мыналар жатады:

    • салықтың әлеуметтік-экономикалық мәнін ашу және қызметтерін көрсету;
    • салық салуды ұйымдастыру прициптерін қарастыру;
    • салық жүйесінің құрылмын қарастыру;
    • салық салуды ұйымдастыру ерекшеліктерін көрсеті;
    • ҚР-ға салық ұйымдарының салық салықтан жалтаруды анықтау және салық салу сакцияларын қолдану механизміне баға беру;
    • Салық сакцияларын жетілдіру жолдарын қарастыру.

    Жұмыстың  құрылымы – кіріспе, қорытынды және 3 тараудан тұрады:

    І тарау – Салықтар және салық жүйесін ұйымдастырудың теориялық негізі.

    ІІ  тарау – Салықтан жалтару және салық органдарының салықтық түсімдерді бақылауы. ІІІ тарау – Салықтан жалтаруға байланысты салық сакцияларын  салу механизмін механизмін жетілдіру. 

1 ТАРАУ. САЛЫҚТАР  ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІН  ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 

   1.1. Салықтар ұғымы  және олардың әлеуметтік-экономикалық  мәні 

   Салық және салық салу түсініктерін айыра  білген жөн. Салық бұл – экономикалық және қаржылық категория, ал салық салу бұл – экономикалық - хұқықтық механизмді пайдалана отырып жүзеге асырылатын алым алу үрдісі.

   Салықтар  – бұл мемлекеттің белгілі  бір мөлшерде және белгілі бір  уақытта салатын міндетті төлемдері.

   Салықтардың экономикалық мәні мемлекеттің өз функциялары  мен мақсаттарын жүзеге асыру  үшін жарамды ұлттық табысының бір бөлігін құрайтындығында.

   Салықтар  қаржының бастапқы категориясы болып  табылады.

   Салықтар  мемлекеттің қалыптасу кезінде  пайда болып, оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Адамзат дамуының тарихында салықтардың формалары (нысандары) мен тәсілдері өзгеріп, өңделіп, мемлекеттің талаптарына бейімделіп отырған. Салықтардың ең дамыған кезі ақша-тауар қатынастарының дамыған жүйесінде болған.

    Салық ауыртпалығын бөлудің тарихи қалыптасқан 2 қағидаты бар:

  1. Түсірілген пайда қағидаты (алынған, игіліктердің).
  2. Қайырымдылық қағидаты (төлем төлеу қабілетіне).

   Алғашқы қағидат бойынша әр субъектіге салық  оның мемлекет қызметінен күтетін пайдасына  пропорционал көлемде салынуға тиіс: үкіметтің ұсынатын тауарларынан игіліктер  мен қызметтерді ең көп алатындар  сол тауарлар мен қызметтерді қаржыландыру үшін қажетті салықтарды төлеуге міндетті. Мысалы, жолды жөндеу қорын қалыптастыратын көлік жолдарын пайдаланушылардың төлемдері және басқа да төлемдер.

   Бұл қағидаттың қолданылуы қорғаныс, қоғамдық қауіпсіздік, білім жүйесі сияқты және тағы басқа игіліктерге қатысты тиімсіз болып табылады. Тұрмыстық жағдайы нашарлар мен жұмыссыздарға төленетін қайырымдылық жәрдемақыларын қаржыландыру кезінде бұл қағидатты қолдану мүмкін емес.

   Екінші  қағидатқа сәйкес субъектілерге  салық салу оларға “қайырымдылық” тиімді болатындай етіп салынуы керек, яғни салық ауыртпалығы таза табыс пен жетілген жағдай деңгейіне тәуелділікте болуы керек. Бұл қағидат бойынша жоғары табыс табатын жеке тұлғалар, кәсіпкерлер мен кәсіпорындар табысты аз мөлшерде табатындарға қарағанда салықтарды жоғары көлемде төлеуге міндетті.

   Бұл қағидаттың мәні – табыстың әрбір  қосымша бөлігі қанағаттандырылудың  өсімінің азаюына әкеледі, өйткені  шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарын бірдей көлемде жұмсамайды. Түскен табыстың бір бөлігі кез-келген уақытта күнделікті қажеттіліктегі тауарлар мен қызметтерге, яғни неғұрлым пайдалы тауарлар мен қызметтерге жұмсалады. Қалған бөлігі басқа да тауарлар мен қызметтерге жұмсалады. Демек, жағдайы нашар адамнан алынатын ақша ауқатты адамнан алынатын ақшаға қарағанда үлкен қиындықпен (құрбандықпен) беріледі. Сондықтан да түскен табыстан салыққа кететін шығындарды баланстау үшін салықты түсетін табыс мөлшеріне сәйкес салу керек.

   Төлем төлеу мүмкіншілігі мен алынған  игіліктерге салық салу қағидаттары салық мөлшерін белгілеу мен оның табыс мөлшеріне байланысты өзгерісіне алып келеді.

   Салықтарды  рационалды түрде (дұрыс) ұйымдастырудың классикалық қағидатын А.Смитт  ұсынған еді. Бұл қағидат бойынша:

   а) Салық әрбір салық төлеушінің табысына сәйкес мөлшерде салынуы керек (әділеттік қағидаты).

   б) Салық мөлшері мен төлем мерзімі  алдын-ала анықталуы керек (анықталу қағидаты).

   в) Салық салық төлеушіге ыңғайлы  уақытта және ыңғайлы тәсілмен алыну  керек (ыңғайлылық қағидаты).

   г) Салық алу шығындары минималды мөлшерде болуы керек (үнемдеу қағидаты).

   Бұл қағидаттың қолданылуы салық салу үрдісіне белгілі бір тәртіп енгізіп, А.Смитт  бұдан мынадай қорытындыға келді: “салық салық төлеушілер үшін құлдықтың  белгісі емес, керісінше еркіндік белгісі болып табылады”. Салықтық одан әрі дамуында салық салу қағидаттары өзгеріп, толықтырылып, айқындалып отырған:

  1. Салық салудың әділеттілік қағидаты 2 аспектте қарастырылады:

а) “көлденең  теңдікке” қол жеткізу “көлденең  теңдік” салық төлеушінің табысы қандай мөлшерде табылып, қандай мөлшерде жұмсалатындығына қарамастан салық салу барлығына бірдей мөлшерде болуын талап етеді.

б) Қоғамдық жағдай мен табыс деңгейі әртүрлі  салық төлеушілер міндеттері бойынша  заң алдында төлеушілер міндеттері бойынша заң алдында “вертикалды  теңдікті” сақтау керек.

   Демек, ауқатты адамдардың табыстарының бір  бөлігінің салықты аз мөлшерде немесе мүлдем төлемеуге тиіс тұрмыс жағдайы  нашарларға қайта бөлу үшін жеке тұлғаларға салық прогрессивтік шкала бойынша  дифференциалданған мөлшерлемені қолдана  отырып салынуы керек.

   2. Қарапайымдылық  қағидаты.

   Бұл қағидат бойынша салықтың мәні мен  қызметі, қолдану сферасы мен  жүзеге асу механизмі, салық туралы заң салық төлеушіге түсінікті  әрі қарапайым болуы керек. Салық  салу нысанын анықтаған кезде  техникалық жағынан қарапайым нысандарына көңіл бөлу керек, өйткені салық төлеушілердің көп бөлігі салық төлеуден бас тарту үшін өз табыстарын төмендетеді. Сызықтық пропорционалды салықтарды қолданудың прогрессивті салықтарға қарағанда артықшылығы  бар. Тұтынуға салынатын сызықтық салықты қосылған құнға салынатын салық, қызметкерлер мен жұмысшылардың табысымен біртұтас сызықтық салық, пайдаға салынатын біртұтас сызықтық салық түрінде салған жөн. Мұндай салықтың мөлшерлемесі салық төлеуші кәсіпорынның нысанына қарамастан бәріне бірдей болуы керек.

   3. Салықтардың анықтылығы - алдын ала  белгіленген шарттар мен талаптардың  теңдігі, мемлекеттің бүкіл территориясында  және барлық шаруашылық субъектілері  үшін талқылау мен қолданудың  бірегейлігі. 

   4. Кейбір ерекше жағдайлардан басқа кезде мемлекет салық төлеушілерді салық жүйесі арқылы жазалауға немесе көтермелеуге тиісті емес. Бұл мақсат үшін бюджеттің кіріс бөлігінде салықтарды қысқартудың орнына шығыстар бөлігінде арнайы баптар болуы шарт. Бұл ашық түрде жүзеге асуы қажет. Сондай-ақ белгілі бір өнімдер мен қызметтер, әлеуметтік топтарды салықтан кез-келген босатуды қолданбаған жөн.

   Әлеуметтік  саясат, денсаулық сақтау, мәдениеттің  дамуы үшін мемлекеттік қаржыландыру қажет, бірақ бұған қажетті қаржыны  салықтық мөлшерлемені өзгерту, манипуляциялау арқылы алуға болмайды. Саяси билік жеке топтардан қысым көрмеуге тиіс.

   Бұл қағидат нарықтық экономика көзқарасымен де маңызды болып табылады. Нақты  бағаларсыз нарықтың болуы да мүмкін емес. Кез-келген салықтық жеңілдіктер  баға жүйесіне әсер етіп, әрбір өнімнің нақты құнын көрсете алмайды.

   Қазақстанның  салықтар мен басқа да бюджетке төленетін  міндетті төлемдер туралы заңында салық  салудың міндетті болуы, салық жүйесінің  біртұтастығы, салық заңының күші сияқты қағидаттары  да атап көрсетілген.

   Мемлекетке  түсетін салықтық түсімдердің өзіне  тән ерекшелігі бұл – олардың  әртүрлі қоғам қажеттіліктеріне ырықсыз жұмсалуы болып табылады. Салықтар осы ерекшелігімен мемлекет және басқа да билік органдары  белгілейтін міндетті мақсатты салымдардан, әртүрлі төлем түрлерінен ерекшеленеді. Бұл төлемдерге әлеуметтік сақтандырудың мақсатты төлемдері, салымдар, арнайы қорларға қаржы-қаражат аудару, сондай-ақ, өнімнің өзіндік құнынан, қызметтерден, табыстардан, еңбекке ақы төлеу фонды, амортизациядан белгілі бір ұзақ мерзімде аударылатын бюджеттен тыс төлемдер жатады.

Информация о работе ҚР салықтық жүйе: қалыптасу кезендері бүгінгі жағдайына сипаттама