Несиелік ақшалар. негізгі түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 18:12, курсовая работа

Описание работы

Ақшаның өмір сүруіндегі объективтік қажеттілік ол тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделеді.Кез – келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады.Тауар және ақша бір – бірінен бөлінбейді.ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын еді.Ақша түрінде көрінетін тауарлардың құны, оның бағасы болып табылады.

Содержание

ЖОСПАР


КІРІСПЕ ...................................................................................................................3


I-Тарау: НЕСИЕЛІК АҚШАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................5

1.1 Несие ақшалардың пайда болуы және олардың мәні ..................................5

1.2 Несиелік ақшалардың негізгі түрлері..............................................................7


II-Тарау: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК АҚШАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ...............14

2.1 Қазақстан Республикасында несиелік ақшаның түрі ретінде вексельмен жүргізілетін операцияларды талдау.....................................................................14
2.2.Электронды ақшамен есеп айырысудың ерекшеліктері..............................20

III-Тарау: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК АҚШАЛАРДЫҢ ДАМУ БАРЫСЫ.....................................................................24
3.1 Қазақстан Республикасы ақша айналысындағы несиелік ақшалар және оларды жетілдіру шаралары ................................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......................................................................34

Работа содержит 1 файл

айка НЕСИЕЛІК АҚШАЛАР . курсовая 27-11-07.docx

— 84.80 Кб (Скачать)

      Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант  ретiнде “Қазақстан темiр жолы”  ҰК-ның 200,0 млн теңгеге бағалаған  вексельдерiн өтедi.

      Мұндағы, “домицилиант” – вексельде көрсетiлген төлемдi төлемдi жүзеге асыратын, вексельде  делдал ретiнде қатынасатын банк.

     Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін  бергеннен бастап борышқор болып  табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индосамент (басқа біреуге  аударып жазу) көмегімен айналыста  жүре береді. Аудару туралы қолдардың  көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индосамент вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.

     Жай және аудармалы вексель – коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырылады. Вексельдің мынадай реквезиттері болуы  керек: Вексельдің түрі; Вексель берушінің  аты-жөні, вексель ұстаушының аты-жөні; вексель төлеушінің аты-жөні; вексельді  толтырған күн; Вексельді өтеу күні мен жері; вексель бойынша төлем  сомасы; Вексель бойынша төлеуге  келісім берушінің қолы мен мөрі; Вексельді беруші тұлғаның қолы мен  мөрі (3-ші тұлға ретінде); Екінші бетінде. Аударып жазу белгісі; Төлем бұйрығының  номері мен күні және айы; Вексельді  аударып жазушының аты-жөні және басқа да мәліметтер; Вексельді ұстаушының аты-жөні және тағы басқа мәліметтер болуы мүмкін.

     90 жылдың басында және ортасында  банктер вексель операциясымен  жұмыс жасамағаннан кейін, бірақ  осы жылдың аяғы мен 2000 жылдың  басында бұл операцияның жанданғанын  байқаймыз. Сондықтан вексель  операциясы қалыптасу кезіңінде  тұр. Бүгінгі күнде кең тараған  вексель операцияларына: вексельді  есепке алу, қайта есепке алу  және авальдау жатады. Елімізде  вексель нарығының жандануына  әсер ететін негізгі фактор  қабылдаған Заң актілері.

     Вексельмен  жасалатын коммерциялық банктердің операциясы мындай түрге болуға болады: Активтік операциялар: вексельді есепке алу; Пассивтік операциялар:  вексельді  қайта есепке алу (орталық банктің  жүзеге асыруы);  Кепілдік  операциялары: аваль, вексельді кепілге ала  отырып ссуда беру; Коммиссиондық  операциялар: вексельді инкассалау және домициляция; Активтік-кепілдік операция: вексельді акцептеу.

     Коммерциялық  банктердің кеңінен тараған вексель  операциясына - вексельді есепке алу  операциясы жатады. Вексельді есепке алу операциясы басқа операцияға қарағанда дамыған. Банктер есепке алу үшін коммерциялық вексельдерді ғана қабылдайды. Банк есепке алу үшін вексельді қабылдау барысында клиенттен  тиісті құжаттарды талап  етеді  және вексельді  мәтіні мен тұлғаның төлемқаблеттілігін тексереді. Есепке алу үшін қабылдаған  әрбір вексельге  «вексельдік құжаттаманы» жүргізеді. Есепке алу үшін қабылдаған вексель  қатаң түрдегі есеп беру құжаты ретінде  сақталады.

     Қазақстанда банктердің акцептік  операциялары дамымаған. Ұлыбритания, Германия және Францияның коммерциялық банктері осы  операцияны жүзеге асырады. Бұл операцияның  дамымай отырған себебі біріншіден осы операцияға қатысты заңның болмауы, екіншіден банк үшін тәуекелдің жоғары деңгейде болмауы, үшіншіден коммиссиондық  мөлшердің жоғары болуы.

     Акцептік  операцияға қарағанда авальдеу банк үшін қолайлы келеді. Аваль қамтамасыз ету формасы болып табылады. Аудармалы  вексель бойынша төлем болып  немесе аваль арқылы вексельдегі  соманың қандай да бір бөлігін  қамтамасыз етілуі мүмкін. Авальде  кімнің шотынан берілгендігі көрсетілуі керек.  Ал көрсетілмеген жағдайда вексель берушінің есебімен берілді  деп есептілінеді.

     Шетел тәжірибесінде вексельді кепілге  ала отырып ссуда беру, белсенді банктік операциялар қатарына жатады. Ал Қазақстанның тәжірибесінде бұл  операция кездеспейді.

     Вексель бойынша жасалатын операция қатарына Ұлттық банктің вексельді қайта  есепке алуы жатады. Қайта қаржыландыру мүшелері бойынша Ұлттық банк вексельді  есепке алады.

     Ұлттық  банктің қайта есепке алу саясатын белсенді жүргізуі болашақта вексель  нарығын жетілдіруге, есеп айырысу  және несиелік құрал ретінде жабдықтаушылар мен эмитенттердің вексельге  деген қызығушылығының артуына  және екінші деңгейлі банктердің вексельді  есепке алу көлемін ұлғайтуға  есептігін тигізеді. Ұлттық банк  үшін банк жүйесінде өтімділігін  реттейтін тиімді құралдың пайда  болуымен ерекшеленеді.

2.2.Электронды  ақшамен есеп айырысудың  ерекшеліктері. 

     Электрондық ақшалар – бұл алтыннан, металлдық  ақшадан және қағазды банкноттан өтіп, пластикалық картаға жеткен, төлем жүйесінің даму кезінің  келесі деңгейі.

     Пластикалық карточкалар – бұл қолма-қол  ақшасыз бір нәрсе сатып алуға  немесе қызметке төлеуге мүмкіндік  беретін құрал. Немесе онымен банкоматта қолма-қол ақшаға айырбастауға болады. 

     Пластикалық карточкалардың тарихын  айта кетсек: 

     1914 жыл – несиелік қағаз карточкалары американдық банктармен тұрақты клиенттерге беріле бастады;

     1928 жыл - Farrington Manufacturing Бостондық компаниясы бірінші металлдық пластинкаларды шығарды;

     1946 жыл - Джон С.Биггинс, Ұлттық банк Флэшбуштың тұтынушыны несиелеу мамандығы, “Chargeit” атты несиелік схема бойнша жұмыс құрады; 1950 жыл - Diners Clab мейрамханалық карточка пайда болды;

     1951 жыл - Franklin National Bank бірінші банктік несиелік карточка шығарды;

     1967 жыл – АҚШ-та бірнеше аймақтық ассоциациядан Interbank Card Association компаниясы құрылды, кейін Master Card International атағын алды. Бүгін – бұл жулдегерлердің бірі;

     1970 жыл - Bank of America несиелік карталармен операцияларды National Bank Americard, Inc. (NBI) компаниясына береді;

     1977 жыл - NBI - VISA USA Inc. атын алды, ал сосын - VISA International. Бүгін ол 25000 банктерді қосады. Оның карточкалары әлемде ең көп тараған;

     1992 жыл – үш европалық “карточкалық” компаниялар Europay International компаниясын құрады. Бұл жаңа еуропалық карточкалық төлем жүйесі EuroCard, Eurocheck Master Card Int. маркаларымен жұмыс істеуге құқық алған компания. 

     Жаңа  нарықтағы пластикалық карточкалардың таратылу ролі мынадай: 

         VISA      50%
         EuropayCard/MasterCard      18%
         American Express      10%
         Diner Club      1,5%
         JSB Card      0,5%
 

     Карточка  қызметін атқаратын жерден басқа  төлем жүйесінің құрамына банк-эмитенттер, банк-эквайер, процессинговый орта, расчетный  банктер кіреді.

     Пастикалық  картаны шығаратын және клиенттерге  қолдануға беретін Банк-эмитент. Соның өзінде карточкалар банктің  өзінде қалады, бірақ клиенттер онымен қолдана алады. Клиент карточканы алар кезде банкте өзінің шотын ашады. Карточканы бере отыра банк ақшамен  қамтамасыз етуді өзіне жүктейді. Карточканы беру кезінде оған карточка иесі туралы ақпарат енгізіледі.

     Авторизация карточканы қабылдау кезінде жүргізіледі. Бұл үшін қызмет ету орны төлем  жүйесіне карточка иесінің мүмкіндігі туралы сұраныс істейді. Егер де бәрі дұрыс болса система төлеуге  құқық береді де, авторизация кодын  береді.

     Сонымен, пластикалық карточка стандартты размердегі (85,6 мм. 53,9 мм. 0,76 мм) пластинадан тұрады. Бұл пластина механикалық және термикалық әсерден сақтайтын арнайы пластмассадан  жасалған. Олар сондай-ақ қағазды (картоннан) және металлдық болады.

     Кәзіргі уақытта көбінесе пластикалық түрлері  қолданылады. Бірақ карточканы қолданушыны  идентификациялау үшін ламинирленген  қағаз карточкалары көп қолданылады. Ламинацияны кез келген жерде  істеп алуға болады, сондықтан  бұндай карточкалар қауіпсіз емес. Пластикалық карточкадан металлдыққа  қарағанда иесі туралы ақпаратты  тез арада алуға болады. Қазіргі  кездегі жүлделі орындағы жаңа нарықтағы  пластикалық карточкалардың төлем  жүйелері: VISA INTERNATIONAL, EUROCARD/MASTERCARD, AMERICAN EXPRESS, DINERS CLUB INTERNATIONAL, JCB INTERNATIONAL.

  1. VISA INTERNATIONAL – ең үлкен халықаралық төлем жүйесі. әлем нарығындағы үлесі 50%-дан астам. 1972 жылы Bank of America базасында, әр елдің қаржылық организациялар ассоциациясының принципі бойынша құрастырылды. 19 мыңнан астам әлемнің ірі қаржылық организацияларының мүшелері қатысты. Директорлар советінің қалауы бойынша қазір оның президенті Эдмонд Дженсен болып келеді.

Карточкалар әлемнің 190 елдерінде, 12 млн. Астам кәсіпорындарда және 180 мың банкоматтарда қолданылады.

  1. EUROCARD/MASTERCARD – екі компаниядан тұратын консорциум – американдақ MasterCard және европалық Europay. әлем нарығында екінші орында – 30 % шамасында. Ішкі құрылымы алдыңғыға ұқсайды. Мүшелерінің саны 15 мыңдай.
  2. AMERICAN EXPRESS – пластика нарығында көлемі бойынша үшінші орын алатын компания. Шамамен 18%. Компания 100 жылдан астам бұрын құрылған.  Бүкіл әлемде 3,5 млн. кәсіпорында қолданатын 33 млн. карточкалар шығарды. Бұл компания көбінесе туристерге қызмет етеді.
  3. DINERS CLUB INTERNATIONAL – 1949 жылы Нью-Йоркте мейрамханаларға арналып шығарылған ең алғашқы американдық компания. Кейіннен Diners Club карточкасы бүкіл әлемге тарады. Қазіргі уақытта 100% Citicorp-қа жатады.

Diners Club әлем нарығында кішкене ғана  орын алады – 1,5%. 3 млн. Кәсіпорында  қолданылатын 7 млн. Карточкалар  шығарылды.

  1. JCB INTERNATIONAL – 1961 жылы негізделген. Карточкаларды бірнеше ірі жапондық банктер шығарады. Бұл карточкаларды барлық елде қабылдайды, әсіресе агенттік келісімдер базасында. Жапониядан тыс карточкалар АҚШ пен Ұлыбританияда шығарылады, негізінде сол жақта тұратын жапондықтарға арналып. 6
 

     Электронды  ақшамен біздің болашағымыз. 

     Электрондық ақшалар – бұл банктердің компьютерлеріндегі шоттарда сан түрінде жазылған ақшалар. Бұлар ешқандай қағазсыз, тек электрондық  сетьпен жылжиды. Яғни бұлар көрінбейді, оны ұстай да алмайсың. Ал бұған  немқұрайлы қарауға болмайды, өйткені  бұл көп нәрсені өзгертіп тұр. Жаңа цивилизация құрылып жатыр  – ХХ ғасырдың (қағаз ақша ғасырының) цивилизациясынан өте айрықша электондық ақшалар цивилизациясы құрылуда. Бірақ бұл цивилизацияның қандай болатынын әлі де адамдарға шешуге тура келеді. Компьютердегі ақшалар  – олар тек универсалды сандардың  логикасы. Олар теңге де емес, рубль  де емес, доллар да емес – олар тек  сандар, оны компьютер есептейді, түзейді, іздейді, біржерге жібереді, салыстырады. Мұндай бәріне ортақ ақшалар дүниежүзілік қаржылық рыноктың жұмысын әлдеқайда  жеңілдетер еді. Сондықтан, ортақ валюта тек компьютерлік учеттың талабы ғана емес, сондай-ақ әлемдік экономиканың талабы, халықаралық еңбек бөлісуі  глобальді болып келе жатқан жаңа заман экономикасының талабы.

     Бұл көпжақты жүйе бізге ақшаны оңай басқа  жерге, басқа мемлекетке, тіпті жер  шарының басқа бетіне жіберуге мүмкіндік  береді. Адам жер айналым  саяхатына  тек бір ғана карточкамен шыға алады.

     Әлемге  ашық ақша адамдарға, тауарға, идеяларға  да ашық болады. Электрондық ақшалар  ғана адамзаттың ғасырлақ арманын орындай  алады.

     Онда  ХХІ жағыр құқықтық емес қаржылық қоғам болады. жеке адамның іс қимылын  оқитын, еске сақтайтын заң бақыламайды. Электрондық ақша кезеңінде көптеген заң бұзушылық мүмкін емес болады, өйткені оны компьютер жібермейді. Мысалы наркотикті сатып ала алмаймыз, өйткені компьютер оған төлемді  қабылдамай қояды.

     Сонымен, электрондық ақшалар – бұл  бостандық қоғамы. Бұл бір-біріне тең адамдардың қоғамы, өйтені олармен  компьютер басқарады. Компьютерді  адам сияқты ойландыра алмайсың, алдай  алмайсың, жұмсарта алмайсың немесе ақша бере алмайсың. Ол адамдар арасында ешқандай айырмашылық көрмейді –  мейлі ол сатушы болсын, президент  болсын аула сыпырушы болсын. Адам тіпті  оған ренжи де алмайды. Заңдылық және қаржылық әлеуметтік құрылымдар арасындағы айырмашылық міне осындай. 
 

     Электрондық ақшалар – банктік  құрылым 

     Банктер ең басты, орталық мекеме болады, олар қоғамдық, экономикалық және саясаттық  өмірмен басқарушылар болады. Сонда  банктер осы әлемде бірінші басшылар болады, ал банкирлер – ең сыйлы, құрметті және ықпалды адамдар болады.

     Бір банк мектептке немесе брокерлік  компанияаға бір мезгілде қызмет ете алмайды. Сондықтан банктер  клиенттер құрамы бойынша бөлінуі  тиіс. Банктік жүйелердің діңгегін қоғамдық банктер құру керек. Бұл  банктер бюджеттік сфераға қызмет жасауы керек. Яғни бұл банктер мақсатына  табыст алуды қоя алмайды, олар қоғамның пайдасын ойлау керек болады.

     Азаматтық банк болуы керек. Ондай банк халыққа  жақын және өте көп болуы керек. Шамамен500-1000 халыққа 1 азаматтық банк.

     Азаматтық банктегі әр салымшы өзінің банк иеленушіснің бірі болады, ол табысының тарату проблемаларын  өзі шеше алады.

     Егер  де қағаз ақша жүйесінде ақшаларды  мемлекет шығарып, сосын кәсіпорындарға берілсе, онда мемлекет басты болатын, ал электрондық ақша жүйесінде адам, барлық қоғамның ортағы болады. Сол  адамның ақшасы барлық халық шаруашылығында жұмыс істейді. Сонда мемлекет тек  ақша жүйесін қолданатындардың біреуі болады.

Информация о работе Несиелік ақшалар. негізгі түрлері