Несиелік ақшалар. негізгі түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 18:12, курсовая работа

Описание работы

Ақшаның өмір сүруіндегі объективтік қажеттілік ол тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделеді.Кез – келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады.Тауар және ақша бір – бірінен бөлінбейді.ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын еді.Ақша түрінде көрінетін тауарлардың құны, оның бағасы болып табылады.

Содержание

ЖОСПАР


КІРІСПЕ ...................................................................................................................3


I-Тарау: НЕСИЕЛІК АҚШАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................5

1.1 Несие ақшалардың пайда болуы және олардың мәні ..................................5

1.2 Несиелік ақшалардың негізгі түрлері..............................................................7


II-Тарау: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК АҚШАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ...............14

2.1 Қазақстан Республикасында несиелік ақшаның түрі ретінде вексельмен жүргізілетін операцияларды талдау.....................................................................14
2.2.Электронды ақшамен есеп айырысудың ерекшеліктері..............................20

III-Тарау: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК АҚШАЛАРДЫҢ ДАМУ БАРЫСЫ.....................................................................24
3.1 Қазақстан Республикасы ақша айналысындағы несиелік ақшалар және оларды жетілдіру шаралары ................................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......................................................................34

Работа содержит 1 файл

айка НЕСИЕЛІК АҚШАЛАР . курсовая 27-11-07.docx

— 84.80 Кб (Скачать)
 
 
 

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  НЕСИЕЛІК АҚШАЛАРМЕН  ЖҮРГІЗІЛЕТІН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ  ТАЛДАУ

     2.1 Қазақстан Республикасында  несиелік ақшаның  түрі ретінде вексельмен  жүргізілетін операцияларды  талдау 
 

     Қазақстан Республикасындағы қазіргі нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде, төлем құралдарының жетіспеушілігі, өндірістің өңдеу салаларының құлдырауы, шаруашылық байланыстарының нашар  дамуы және үлкен мөлшерде өтелмеген  төлемдер жиналуы жағдайында қолма-қол  ақшасыз есеп ретінде вексельге деген сұраныс арта түсуде.  Сондықтан вексель шаруашылық өмірге кең көлемде енуде. Қазірдің өзінде вексель айналымын реттейтін көптеген ереже құжатар пайда болды.

     «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» (28,04,97 ж.) ҚР-ның  Заңына сәйкес елімізде вексель бағалы қағаз болып табылмайды. «Тауарды жеткізу туралы мәміле бойынша төлемнің мерзімін ұзарту үшін вексель беріледі деп» осы заңның 80 бабында көрсетілген.

     Бұл Заң 1930 жылғы 7 маусымдағы Аударым және жай вексельдер туралы бiрыңғай заңды  белгiлейтiн конвенцияға, Аударым  және жай вексельдер туралы заңдардың  кейбiр үйлеспеушiлiктерiн шешу мақсатын көздейтiн конвенция мен Аударым  және жай вексельдерге қатысты елтаңба  алымы жөнiндегi конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасындағы вексель  айналысын реттейдi және төлем құралы мен несие қаражаты ретiнде вексельдiң  қызметiн белгiлейдi. 5

     Аударым векселi вексель  берушiнiң бұйрығымен ақы төленуге тиiс деп берiлуi мүмкiн.

  • Ол вексель берушiнiң өзiне берiлуi мүмкiн.
  • Ол үшiншi тұлғаның есебiнен берiлуi мүмкiн.

     Аударым векселi үшiншi тұлғаның тұрғылықты жерiнде немесе төлеушiнiң тұрғылықты жерiнде немесе басқа бiр жерде төленуге тиiс  болуы мүмкiн. Ұсынылған мерзiмде немесе ұсынылғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта төленуге тиiстi аударым векселiнде вексель берушi вексель сомасына процент есептеуге шарт қоя алады. Мұнан басқа аударым вексельдерiнде мұндай шарт жазылмаған деп есептеледi.

     Вексельде проценттiк ставка көрсетiлуге тиiс; мұндай нұсқау болмаған жағдайда, шарт жазылмаған деп есептеледi. Егер де басқа күн көрсетiлмесе, проценттер аударым векселi жасалған күннен бастап есептеледi және векселiндегi сома жазбаша  да, цифрмен де жазылса, бұл жазбалардың  арасында қайшылықтар болған жағдайда вексель жазбаша көрсетiлген сомада күшiнде болады. Егер аударым векселiнде  сома жазбаша түрде не цифрмен  бiрнеше рет көрсетiлсе, бұл жазбалардың  арасында қайшылықтар болған жағдайда вексель тек аз сомаға ғана күшiнде  болады.

     Егер аударым векселiнде  аударым векселi бойынша мiндеттi бола алмайтын тұлғаның қолы, жалған қолдар немесе ойдан шығарылған адамдардың қолдары болса, немесе оған қол қойғандарды  барлық басқа негiзде мiндеттей  алмайтын, немесе бiреудiң атынан қол  қойылса, басқалардың қойған қолдары  дегенмен де күшiн жоймайды. Вексельге  қойылмаған қолдың орыны аударым  векселiне өз қолын қойып куәландырушы адамның еркiн бiлдiретiн ресми  түрде куәландырып жазған өтiнiшi арқылы ғана толтырылуы мүмкiн.

     Егер вексель берушi аударым векселiнде "бұйрыққа емес" деген сөздi немесе қандай да бiр  соған тең мағынадағы сөздi жазатын  болса, құжатты нысаны ғана сақталып және жай цессия нәтижелерiмен берiлуi мүмкiн. Төлемшi вексельдi акцептегенiне немесе акцептемегенiне де қарамастан, тiптi соның пайдасына немесе вексель  берушiнiң пайдасына не вексель  бойынша мiндеттi қандай да бiр басқа  тұлғаның пайдасына индоссамент  жасалуы мүмкiн. Бұл тұлғалар өз кезегiнде  вексельдi индоссация жасай алады.

     Индоссамент жай  және ешқандай шарт қойылмаған болуға тиiс. Оны шектейтiн шарттың кез-келгенi жазылмаған деп есептеледi. Iшiнара индоссамент  жарамсыз болады. Индоссамент көрсетушiге бланктiк индоссамент күшiнде  болады. Индоссамент аударым векселiне немесе соған қосымша параққа (аллонжға) жазылуға тиiс. Индоссамент өз пайдасына индоссамент жазылған тұлғаның нұсқауы көрсетiлмеуi мүмкiн немесе онда бiр индоссанттың ғана қойған қолы болуы тиiс (бланктiк индоссамент). Бұл соңғы жағдайда индоссамент өз күшiнде болуы үшiн ол аударым векселiнiң сырт жағына немесе аллонжға жазылуға тиiс. Индоссаментке аударым векселiнен туындайтын барлық құқық берiледi. Егер индоссамент бланктiк индоссамент болса, вексель ұстаушы:

    1. бланктi не өзiнiң атынан немесе басқа бiр тұлғаның атынан толтыра алады;
    2. өз кезегiнде вексельдi бланк арқылы немесе қандай да басқа бiр тұлғаның атына индоссациялай алады;
    3. вексельдi бланк толтырмастан және индоссамент жасамастан үшiншi тұлғаға бере алады.

     Аударым векселi кiмнiң  қолында болса, тiптi соңғы индоссамент  бланктi индоссамент болғанның өзiнде, егер ол өз құқығын индоссаменттердiң  үздiксiз қатарына негiздей алса, сол  тұлға заңды вексель ұстаушы  деп қарастырылады. Бұл орайда сызылып  тасталған индоссаменттер жазылмаған болып есептеледi. Бланктiк индоссаменттен кейiн басқа индоссамент болған кезде, соңғысына қол қойған тұлға  бланктiк индоссамент бойынша  вексельдi сатып алған деп есептеледi.

     Егер  индоссаменттiң "валюта алуға", "инкассаға", "сенiм бiлдiрiлген ретiнде" деген  ескертпесi немесе жай тапсырманы бiлдiретiн  қандай да бiр өзге ескертпесi болса, вексель ұстаушы аударым векселiнен  туындайтын барлық құқықтарды жүзеге асыра алады, бiрақ оны ол қайта  тапсыру тәртiбiмен ғана индоссациялай  алады. Мұндай жағдайда мiндеттi тұлғалар вексель ұстаушыға қарсы тек  индоссантқа ғана қарсы қоятындай  наразылық мәлiмдей алады. Индоссаментке  берiлген тапсырма қайта кепiлдiк  берушiнiң қайтыс болуы немесе оның iс-әрекетке қабiлетсiздiгiне ұшырауы  салдарынан тоқтатылмайды.

     Вексель берушi қандай да болсын аударым векселiнде мерзiмi белгiленген немесе белгiленбеген вексельдiң  акцептке табыс етiлуге тиiстiлiгiн  шарт етiп қоя алады. Егер үшiншi бiреуде  төленуге тиiс болатын аударым  векселi туралы, немесе төлем төлеушiнiң  тұратын жерiнен басқа жерде  төленуге тиiс вексель туралы, немесе ұсыну бойынша белгiлi бiр уақыттан кейiн төленетiн вексель туралы сөз болып отырмаса, ол вексельде  оны акцептке ұсынуға тыйым сала алады.  Ол акцептке белгiленген мерзiмнен бұрын орын алуға болмайтынын  да шарт етiп қоя алады. Егер вексель  берушi вексельдi ғана акцептеуге болмайды деп жарияламаған болса, әрбiр индоссат вексель мерзiмiн белгiлеп немесе оны белгiлемей вексельдi акцептке ұсынуға тиiс екенiн шарт етiп  қоя алады. Ұсынудан кейiнгi белгiлi бiр уақытта төленуге тиiстi аударым вексельдерi берiлген күнiнен бастап бiр жыл iшiнде акцептке табыс етiлуге тиiс.

     Вексель берушi бұл соңғы мерзiмдi қысқартуы  немесе неғұрлым ұзағырақ мерзiмдi белгiлеуi мүмкiн. Индоссанттардың бұл мерзiмдi қысқартуы мүмкiн.

     Төлем төлеушi бiрiншi ұсынудан кейiн вексельдi келесi күнi өзiне қайталап ұсынуды талап ете  алады. Мүдделi адамдар, наразылықта  айтылған талап орындалмаған жағдайда ғана ол талаптың орындалмағанына сiлтеме  жасай алады. Вексель ұстаушы  акцептке ұсынылған вексельдi төлем  төлеушiге беруге мiндеттi емес. Аударым  векселiнде акцепт белгiленедi. Ол "акцептелген" деген сөзбен немесе басқа бiр  сондай мағынадағы сөзбен бiлдiрiледi; оған төлем төлеушi қол қояды. Вексельдiң  бет жағына төлем төлеушiнiң қойған жай қолы акцепт күшiн алады.

     Егер  вексель ұсынудан кейiн белгiлi бiр  уақытта төленуге тиiс болса немесе ерекше жағдайға байланысты белгiлi бiр  мерзiмде акцептке ұсынылуға тиiс  болса, акцептке оның берiлген күнi қойылуға тиiс, бұл орайда вексель ұстаушы  оның ұсынылатын күнмен көрсетiлуiн  талап етпеуi керек. Күнi көрсетiлмеген жағдайда вексель ұстаушы индоссанттарға қарсы және вексель берушiге қарсы  өзiнiң регресс құқығын сақтап қалу үшiн бұл олқылықты мезгiлiнде  наразылық жасаумен куәландыруға тиiс. Акцепт жай және ешқандай шарт қойылмаған болуға тиiс, алайда төлем төлеушi оны соманың бiр бөлiгiмен шектей алады.

     Акцептпен аударым векселiнiң мазмұнына  жасалған қандай да болмасын өзге өзгерiс  акцепт жасамаудан бас тартумен бара-бар  болады. Алайда акцептант өз акцептiнiң  мазмұнына сәйкес жауап бередi. Егер вексель берушi аударым векселiнде төлем төлеушiнiң тұрғылықты жерiнен өзге төлем жасайтын жердi көрсетсе, бұл орайда төлем жасалуға тиiс үшiншi тұлғаны көрсетпеген болса, төлем төлеушi мұндай тұлғаны акцепт жасалған кезде көрсете алады. Мұндай нұсқау болмаған жағдайда, акцептант төлемдi төлем төленетiн жерде өзi жасауға мiндеттендi деп ұйғарылады.  Егер вексель төлем төлеушiнiң тұрғылықты жерiнде төленуге жататын болса, соңғысы акцепте сол жердегi төлем жасалуы тиiс болатын қандай да бiр мекен-жайды көрсете алады.

     Жай вексель мыналардан тұрады:

   1) мәтiннiң өзiне енгiзiлген және  осы құжат жасалған тiлдегi "вексель"  атауы; 

   2) белгiлi бiр ақша сомасын төлеуге  ештеңемен шарттастырылмаған уәде;

   3) төлем мерзiмiнiң көрсетiлуi;

   4) төлем жасалуы тиiс орынның  көрсетiлуi;

   5) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен  төлем жасалуы тиiс тұлғаның  атауы; 

6) вексельдiң  жасалған күнi мен орнының көрсетiлуi;

7) құжатты  берушiнiң (вексель берушiнiң) қойған  қолы.

     Алдыңғы бапта көрсетiлгендердiң  қандай болса да бiрi жоқ құжат, төмендегi абзацтарда белгiленген жағдайларды  қоспағанда, жай вексельдiң күшiне ие бола алмайды.

     Төлем мерзiмi көрсетiлмеген жай вексель  ұсыну бойынша төленуге тиiстi вексель  ретiнде қарастырылады.

     Ерекше  нұсқау болмаған жағдайда, құжат жасалған жер төлем төленетiн жер және сонымен бiрге вексель берушiнiң  тұрғылықты жерi деп есептеледi. Жасалған жерi көрсетiлмеген жай вексель - вексель  берушiнiң атауымен қатар көрсетiлген жерде қол қойылған деп қарастырылады.

     Жай вексельге, бұл  құжаттың табиғатына қайшы келмейтiндiктен, аударым векселiне қатысты және:

   индоссаментке төлем мерзiмiне төлемге 

   акцептемеген  немесе төлем төлемеген жағдайда талап қоюға делдалдық тәртiбiмен  төлем төлеуге көшiрмелерге өзгерiстерге мерзiмi өтуге жұмыс iстелмейтiн күндерге, мерзiмдердi есептеуге және жеңiлдiк  берiлген күндерге тыйым салуға қатысты  қаулылар қолданылады.

     Жай вексельге сондай-ақ үшiншi тұлғада  немесе төлеушiнiң тұрғылықты жерiнен  өзге жерде төленуге жататын аударым  векселiне (проценттер туралы шартқа төленуге тиiстi соманы жазудағы келiспеушiлiктерге көзделген шарттармен қол қоюдың қандайын болса да орналастырудың салдарына, өкiлетсiз iс-қимыл жасайтын немесе өз өкiлеттiгiн асыра пайдаланатын тұлғаның қойған қолының салдарына қатысты  қаулылар қолданылады.

Дәл осылай жай вексельге авальға қатысты  қаулылар қолданылады соңғы абзацында  көзделген жағдайда, егер авальда  оның кiм үшiн қойылғаны көрсетiлмесе, онда ол жай вексель бойынша вексель  берушi үшiн қойылған деп есептеледi.

     Жай вексель бойынша вексель берушi де, аударым векселi бойынша акцептант  сияқты мiндеттi.

     Ұсынылғаннан  кейiн белгiлi бiр уақыт мерзiмiндегi жай вексельдер  көрсетiлген мерзiмде  белгi қоюы үшiн вексель берушiге ұсынылуға тиiс. Ұсынылғаннан бастап есептелетiн мерзiм вексель берушi вексельге белгi қойған күннен басталады. Вексель берушiнiң күнi көрсетiлген белгiнi қоюдан бас тартуы наразылық  бiлдiрумен куәландырылады, ол күн  ұсынылғаннан бастап есептелетiн мерзiмнiң  басталуы болады.

     Қазақстан Республикасындағы  вексель айналысы Қазақстан Республикасының  аумағында жай және аударым коммерциялық вексельдерiн шығаруды, вексельдер, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан  тыс жерлерде шығарылғандары бойынша  талап ету құқығын берудi, осындай  вексельдер жөнiндегi мiндеттемелер  мен оларға байланысты операцияларды  орындауды, оларды есеп кеңселерiнiң  есепке алуын және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта есепке алуын  қамтиды.

     Қазақстан Республикасындағы  вексель айналысы жөнiндегi қатынастар «Женева вексель конвенциясынан», осы Заңнан, Қазақстан Республикасының  өзге де заң актiлерiнен, сондай-ақ соларға  сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұратын вексель құқығымен  реттеледi. Қазақстан Ұлттық Банкi коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу тәртiбiн  және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуға  қабылдауы үшiн қойылатын талаптарды белгiлейдi.

     Қазақстанда вексель айналысын бiрiншi болып  қолданушылардың қатарында Казкоммерцбанк тәжiрибесiн атап өтуге болады. Бұл  банк 1996 жылы ҚР Үкiметiнiң астық жинау  бағдарламасына сәйкес өзiнiң 500, 1000 және 5000 АҚШ долларындағы “астық” вексельдерiн  айналымға шығарып, оларды несие  құралы ретiнде клиенттерiне бердi.

Информация о работе Несиелік ақшалар. негізгі түрлері