Несиелік ақшалар. негізгі түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 18:12, курсовая работа

Описание работы

Ақшаның өмір сүруіндегі объективтік қажеттілік ол тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделеді.Кез – келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады.Тауар және ақша бір – бірінен бөлінбейді.ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын еді.Ақша түрінде көрінетін тауарлардың құны, оның бағасы болып табылады.

Содержание

ЖОСПАР


КІРІСПЕ ...................................................................................................................3


I-Тарау: НЕСИЕЛІК АҚШАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...............................................................................................................5

1.1 Несие ақшалардың пайда болуы және олардың мәні ..................................5

1.2 Несиелік ақшалардың негізгі түрлері..............................................................7


II-Тарау: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК АҚШАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ...............14

2.1 Қазақстан Республикасында несиелік ақшаның түрі ретінде вексельмен жүргізілетін операцияларды талдау.....................................................................14
2.2.Электронды ақшамен есеп айырысудың ерекшеліктері..............................20

III-Тарау: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕЛІК АҚШАЛАРДЫҢ ДАМУ БАРЫСЫ.....................................................................24
3.1 Қазақстан Республикасы ақша айналысындағы несиелік ақшалар және оларды жетілдіру шаралары ................................................................................24

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......................................................................34

Работа содержит 1 файл

айка НЕСИЕЛІК АҚШАЛАР . курсовая 27-11-07.docx

— 84.80 Кб (Скачать)

     Вексель нарығының қызметі – қысқа  мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын  бөлу. Вексель айалымының негізі серіктестердің бірін-бірі еркін таңдауымен және бірін-бірі бақылауы мен жасалатын несиелік келісім. Вексельді шығару мен оны  айналымға түсіруге келісімнің мәні және оның маңызы зор.

     Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель берушіге шамалы болса да сенім болғасын төлем  құралы ретінде қабылданады. Егер вексель  беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында  жіберілуін және басқа да жағдайларын  бақыласа, ол вексель иемденуші серіктестің  тек вексель алған уақытындағы  төлем қабілетін ғана емес, сонымен  қатар ол өте маңызды, оның төлем  уақыты жеткенге дейінгі болашақтағы  қаржы мүмкіншілігінде бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және сонымен бірге  біріне-бірі сенуі, олардың қабылданған  міндеттемені нақты орындауға ұмтылуы  нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.

     Басқа қарыз міндеттемелерінен вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:

  • Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай жағдайға, не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді;
  • Екіншіден, оның даусыздығы, яғни қарызды қандай жағдайға алғандығына қарамастан міндетті түрде өтеу керек;
  • Үшіншіден, вексельді айналмалылығы,  яғни вексель иемденуші оны басқа адамдарға беруіне болады. Бұл ерекшелігі вексельді айналыс қаржысы ретінде қолма-қол ақшаның орнына пайдалануға мүмкіндік береді. Сол себепті вексельді сауда ақшасы деп те атайды. 2

     Вексель – белгiлi бiр соманы алдын ала келiсiлген мерзiмде және белгiленген жерде төлейтiндiгi туралы борышқордың қарыздық мiндеттемесi.

Вексельдiң  екi түрi бар: жай және аудармалы. Елiмiздiң  “ҚР-дағы вексель айналысы туралы” (28.04.97) ҚР заңында мынадай түсiнiктемелер берiлген:

     Жай вексель  (соло) – вексельдi ұстаушыға вексельде көрсетiлген соманы белгiлi бiр уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушiнiң еш нәрсемен негiзделмеген мiндеттемесiн сипаттайтын вексель.

     Аудармалы вексель  (тратта) – вексельде көрсетiлген соманы белгiлi бiр уақытта алғашқы вексельдi ұстауыға (ремитентке) төлеу туралы үшiншi бiр тұлғаға (трассатқа) вексель берушiнiң (трассанттың) еш нәрсемен негiзделмеген ұсынысын сипаттайтын вексель.

     Ендi несиелiк ақшалардың келесi түрi бұл  банкнота. Банкнота ( ағыл. сөзiнде “Bank-note” аударғанда “банк билетi”) – орталық банктiң айналысқа шығарған әр түрлi номиналдағы ақша бiрлiктерi. 

     1-кесте:  Вексельдің жіктелуі:3

Белгілеріне байланысты жіктеу Вексельдің  атауы Сипаттамалар
Алынған табысына байланысты Дисконттық  

Пайыздық

Номиналдық  құнынан төмен сатып алынатын вексель.

Номиналы  бойынша сатып алынатын вексель  табыс алу үшін ұсынады.

Мерзіміне қарай 
 
 

Қатысушылардың  санына байланысты

Қысқа мерзімді Орта мерзімді ¥зақ мерзімді 

Жай  
 
 
 
 

Аудармалы

3 айға дейін 

3 айдан  1 жылға дейін 

1 жылдан  жоғары 

Вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген  соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу  қүралы, вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесі;

Вексель берушінің (трассанттың) қарызды алушыға (трассатқа) белгілі соманы белгіленген  мерзімде үшінші бір тұлғаға (ремитентке) төлеу туралы бұйрығын білдіреді.

Мақсатына, мәміленің сипатына және қамтамасыз етілуіне қарай Коммерциялық  

Банктік 
 

Қаржылық  Қазынашылық 
 
 

Кезікпе

Фиктивті  Бронзалық

 Достық

Сатып алу - сату мәмілесі негізінде туындайтын вексель.

 Банктердің  түрлі банктік операцияларды  жүзеге асырғандағы дэлелдейтін  вексельді айтамыз. 

Мәні  банктердің қаражатты тартуы. Өзінің шығынын өтеу үшін мемлекеттің айналымға  шығарған вексельі. Қамтамасыз етілмеген  вексель.

 Қамтамасыз  етілмеген вексель. Кейіннен банкте  оларды есепке алу мақсатында  бір-біріне беріледі.

Төлем мерзіміне байланысты ¥сынуы бойынша 
 
 

Нақты күні көрсетілген Ұсынылғаннан кейін  нақты бір күнде

Ұсынған кезде  төленеді, бір жыл ішінде төлеуге  үсынылуы керек, вексель беруші бүл  мерзімді қысқартуы мүмкін.

Вексельді нақты төлеу күні көрсетіледі.

Акцепт  күні немесе наразылық білдірген  күн бойынша анықталады.

Рәсімдеудің дұрыстығына қарай Жарамды Жарамсыз Вексельдің  реквизиттері көрсетіледі. Вексель  ережесінің орындалмауы.

       

    Банкнота  вексельден және қағаз ақшалардан өзара  ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылықтары бар:

  • мерзiмдiлiгiне қарай, егер де вексель мерзiмдiк қарздық мiндеттеме болса, ал банкнота – мерзiмсiз қарыздық мiндеттеме;
  • кепiлдiгiне қарай, вексельдi айналысқа жеке кәсiпкерлер шығарады және оның жеке кепiлдiгi болады, ол банкнотаны қазiргi кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепiлдiк бередi.

    Экономикада банкнотаның екi түрi бар. Ол: классикалық  және жай банкноталар.

    Классикалық банкнота – бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретiнде алтынға еркiн алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етiлген Орталық банктiң билетi.

    Жай банкнота – бұл қазiргi кездегi айналысқа шығарылған Орталық банк билетi. Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктiң барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi. Ендеше қазiр айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етiлмейдi, бiрақ олардың белгiлi бiр дәрежеде тауарлық немесе несиелiк негiзi сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.

     Чек – ағымдағы шот иесiнiң чектi ұстаушыға белгiлi бiр ақшалай соманы төлеу туралы немесе басқа ағымдық шотқа аудару туралы өзiнiң банкiсiне берген жазбаша бұйрығы. Алғашқы чектер тарихта 1683 жылы англияда пайда болды. Чектiң келесiдей түрлерiн көрсетуге болады:

  • Ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;
  • Атаулы чек – аударуға құқысыз белгiлi бiр тұлғаның атына жазылады;
  • Ордерлi чек – бiр тұлғаның атына толтырылған, бiрақ индосамент бойынша басқа бiр тұлғаға беруге құқық бередi;
  • Есеп айырысу чегi – заңды тұлғалар арасында қолма-қолсыз есеп айырысуда қолданылады;
  • Жол чегi – туристiк сапарларға арналған төлем құралы;
  • Кепiлдендiрiлген чек – банктiң чекте көрсетiлген соманы төлеуге кепiлдендiруiн сипаттайтын төлем құралы.
  • Жирочек – қолма-қолсыз есеп айырысу үшін қолданылады.

     Чекпен  есеп айырысу.  Чек – бұл шот иесінің, яғни чек жазып берушінің чекте көрсетілген соманы чек ұстаушыға төлеуге өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығын білдіреді.

     Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы  мынада:

  • Егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағадайда;
  • Сатушы белгісіз болған жағдайда.

Чек берілген күннен бастап он күн ішінде банкке төлеуге табыс етілуі тиіс. Чек  бойынша есеп айырысу сызбасы 5-ші суретте көрсетілген. 
 
 
 
 
 
 

       4

     

       3

       2 

                       

           5

       
 
 

     1-сурет–  Чекпен есеп айырысу сызбасы

     Мұндағы: 1 – сатып алушы банкке чектік кітапша беру туралы өтінішін жасап, оған қосымша төлем тапсырмасын береді; 2 – банк оған чектік кітапша береді және төлем тапсырмасындағы соманы жеке бір шотқа аударады; 3 – жабдықтаушы тауарын жөңелтеді; 4 – тауарлар мен қызметтер үшін чекпен есеп айырысады; 5 – жабдықтаушы чекті банкке көрсетеді, ал банк сатыпалушының шотынан чектегі соманы шегеріп, оны жабдықтаушының шотына түсіреді.

     Несие карточкалары (электронды ақшалар). Чектердің жаппай таралуы банктердің оларды өңдеу қиыншылықтарын тудырады. Сондықтан чектермен қатар пластикалық карточкалар пайда болады. Бұл банк немесе сауда фирмасы шығарған, банктегі шот иесінің жеке басын құжаттандыратын және оған тауарлар мен қызметтерді бөлшек сауда да қолма-қол төлемсіз алуға құқық беретін атаулы ақшалай құжат.

     Әлемде  пластикалық карточкалардың оннан  аса дебеттік және кредиттік түрлері  бар: саяхат, халықаралық есеп айырысулар, банкоматтан қолма-қол ақша алу, бөлшек сауда есептеу үшін және т.б.

     Дебеттік (төлем) карточка – банкте арнайы карточкалық  қаражаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа  сәйкес шоттағы қаражатты пайдалануға, банкомат арқылы қолма-қола ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер  үшін төлеуге арналған төлем құралы.

     Кредиттік карточка – оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен  қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

     Қолма-қол  қағаз ақшалар орнына несие карточкаларын  және электронды ақшаларды қолдану - бұл өркениетті әлемге ену үшін жасалған маңызды қадам. Оларды пайдалану  банк операцияларының ЭЕМ-ның көмегімен  компьютерлендіру, автоматтандыруды қолдайды.

     Қазақстан Республикасында несие карточкаларын  енгізудің алғашқы кадамдары  жасалған, Осылайша, кезінде Әлембанк (казіргі Тұран Әлем Банк) өзінің "Виза" несиелік карточкасын енгізген. Павлодар, Өскемен, Ақсудың халықтары  несие карточкаларын пайдалануда. Сонымен қоса Тұран Банк қызметкерлерінің несие карточкалары бар.

     Қазақстан Ұлттық банкінің бұл жердегі ролі карточкалардың ұлттық масштабта біртұтас болу стандартын белгілеумен шектелетіндігі, өз кезегінде тұтынушыларға қолайлы  жағдай туғызады. Ұлттық банкпен бірлескен  IBM Корпорациясының пластикалық карточкаларды пайдалана отырып есеп айырысу жүйесін жасау жұмысы аяқталды. Қазакстанда жұмыс жасап жатқан пластикалық карточкаларды айырбастау жұмыстары жүргізілуде, ол да өз кезегінде бұл жүйенің жүмысының тиімділігін арттырып, содай-ақ халықаралық төлем жүйелерімен байланысуға мүмкіндік жасайды.

     Несиелік  карточкаларды пайдалану ақша айналысы шығындарын үнемдей отырып, ақша айналамының  жылдамдығын ұлғайтады. Бірақ бұл "ақшасыз шаруашылықты" жүргізудін мүмкіндігін білдірмейді.

     Электрондық ақшалар – компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу  құралдарын қолданатын  байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен  сатып алушылар  арасындағы төлемдер жиынтығы.

     Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік  карточкалардың отандық және халықаралық  түрлерін кеңінен қолдануда. Оларға “Euro card”, “Master Card”, “Visa”, ”ALTYN”, “Maestro” және т.б. жатады.

     Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен қолдануда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады 

2- кесте:Пластикалық  карточкалардың жіктелуі:4 
 

Жіктелуі  бойынша: Пластикалық карта:
1.Шикізаттар  бойынша: А)қағаздық

Ә)пластикалық

Б)металдық

2.Жұмсалуы  бойынша: А) кредитті

Ә) дебетті

Б) дисконттық

3.Қолдану  аясы: А) индивидуалды(жеке)

Ә) отбасылық

Б) корпоративтік

В) чектік

Г) туризмдік  карточкалар

4.Есеп  айырысу механизмі: А)екі жақты  жүйе

Ә) көп  жақты жүйе

5.Ақпарат  жазу әдісі: А) графикалық жазудағы карта

Ә)штрих  коды бар карта

Б) магнитті

В) чиптік( микропроцессорды)

Г) оптикалық ( лазерлік)

6.Пайдалану  уақыты бойынша: А) шектеулі

Ә) шектеусіз

7.Эмитент  ұйымға жатуы: А) банктік

Ә) коммерциялық

Б) халықаралық  төлем карточкалары

8.Қолдану  аясы: А) универсальды

( кез-келген  тауар үшін)

Ә) жеке коммерциялық

( супермаркет,  жеке фирмалар)

9.Территориялық  ауқымы: А) халықаралық

Ә) ұлттық

Б)локальды

В) клубтық

10.Категория: А) GOLD

Ә)BUSINESS

Б)CLASSIC

B) STANDART

Информация о работе Несиелік ақшалар. негізгі түрлері