Нарық қатынастары жағдайында жеке басты сақтандыру Жүйесінің дамуы

Автор: n*********@yandex.ru, 28 Ноября 2011 в 19:39, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңына сәйкес Республикамызда қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру міндетті сақтандыру түрі болып қабылданды. Аталған заң осы саладағы туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

Содержание

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------------3
1. САҚТАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ-----5

1.1 Сақтандырудың экономикалық мәні мен мазмұны--------------------------5
1.2 Сақтандырудың сыныпталуы-----------------------------------------------------8
2. НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕКЕ БАСТЫ
САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ-----------------------------------------13
2.1 Сақтандыру нарығының қатысушылары мен қызметін талдау----------13
2.2 Жеке басты сақтандыру жүйесінің дамуын талдау-------------------------16
3. ҚР САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ------------------------------------25
3.1 Жеке басты сақтандырудың шетелдік тәжірибесі---------------------------25
3.2 Жеке басты сақтандырудың ҚР-да даму перспективалары---------------29
ҚОРЫТЫНДЫ--------------------------------------------------------------------------32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------

Работа содержит 1 файл

фин 08-3 Алимкулова Назым.doc

— 370.50 Кб (Скачать)
 

    Сонымен бірге сақтандырудың мынадай  міндеттері мен қызметтерін атап өтуге болады:

    Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.

    Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

       Сақтандыру  нарығының  мынадай  қызметтері белгілі:

Реттеушілік- нарық  басқа  нарық  сияқты  мемлекеттік  реттеуге  бағынады.

Коммерциялық- сақтандыру операцияларын жүзеге  асыруынан пайда табуды  қамтамасыз  етеді.

Бағалық- сақтандыру  қызметтерімен компаниялары  деген бағаны  қалыптастырады.

Сенімділік- сақтандыру  операциялары  жағымсыз  жағдай  орын  алған кезде сенімді қамтамасыз  етеді. 
 

2.2   Жеке басты сақтандыру  жүйесінің дамуын  талдау 
 

        Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңына сәйкес Республикамызда        қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру міндетті сақтандыру түрі болып қабылданды. Аталған заң осы  саладағы  туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

        Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнен, жоғарыда аталған Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 
     Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда аталған Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      Сақтандыру ұйымдарының қызметiн мемлекеттiк қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 
     Сақтанушының  Заңның талаптарын орындауын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың (бұдан әрi - жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың) объектiсi жұмыс берушiнiң қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi болып табылады. 
       Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың субъектiлерi: сақтанушы, сақтандырушы және пайда алушы болып табылады.      

  Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлген қызметкерлердiң мүліктік мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету болып табылады. 
      Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi: 
      - жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша тараптардың өз мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету; 
     - жұмыс берушiлердiң еңбек қауiпсiздiгiн арттыруға экономикалық мүдделiлiгi болып табылады.

     Қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң  жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексiнде көзделген көлемде мiндеттi сақтандырумен қамтылады.

     Сақтанушының: 
    1) жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн сақтандырушыны таңдауға; 
     2) сақтандыру жағдайы басталған кезде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкердi куәландыруы кезiнде қатысуға; 
     3) өз құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сот арқылы қорғауға; 
     4) сақтандырушыдан мiндеттi сақтандыру талаптарын, жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiрудi талап етуге; 
     5) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға; 
     6) сақтандырушының сақтандыру төлемiн жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерiн азайту жөнiндегi шешiмiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дау айтуға құқығы бар. 
    Сақтанушы: 
    1)сақтандырушымен: 
      бұрын қабылданған қызметкерлерге қатысты - осы Заң қолданысқа енгiзiлген кезден бастап отыз жұмыс күнi iшiнде; 
      жаңадан қабылданатын қызметкерлерге қатысты - қызметкер iс жүзiнде жұмысқа жiберiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға; 
     2) сақтандыру сыйлықақысын жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген мөлшерде, тәртiппен мен мерзiмде төлеуге және өзiндегi сақтандыру жөнiндегi барлық құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақталуын қамтамасыз етуге; 
     3) сақтандыру жағдайларының алдын алуға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға; 
     4) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы өзiне белгiлi болғанда, бұл туралы дереу, бiрақ үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей сақтандырушыға хабарлауға; 
     5) уәкiлеттi орган мен сақтандырушы өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен сақтандыру жағдайларының басталу мән-жайларын тексерудi қамтамасыз етуге; 
     6) сақтандыру жағдайының басталуын, сондай-ақ оның келтiрген залалын дәлелдеуге; 
     7) сақтандыру төлемiн есептеу үшiн қажеттi құжаттарды шартта белгiленген мерзiмде сақтандырушыға ұсынуға; 
     8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексеруден уақтылы өткiзудi қамтамасыз етуге; 
     9) қызметкерлердiң сақтандыру жағдайы алдындағы еңбек жағдайлары туралы құжаттарды уәкiлеттi органға және денсаулық сақтау ұйымдарына ұсынуға; 
     10) қызметкерлердi еңбектiң қауiпсiз әдiстерi мен тәсiлдерiне өндiрiстен қол үздiрмей оқытуға;

     11) уәкiлеттi органның жазатайым оқиғалардың профилактикасы, олардың алдын алу мен тексеру мәселелерi жөнiндегi шешiмiн орындауға;

     12) өзiнiң қайта ұйымдастырылуы және таратылуы туралы сақтандырушыға уақтылы хабарлауға; 
     13) сақтандыру жағдайынан келетiн залалдарды азайтуға бағытталған шаралар қолдануға; 
     14) сақтандыру жағдайының басталуына жауапты тұлғаға талап қою құқығының сақтандырушығa ауысуын қамтамасыз eтугe; 
     15) қызметкердiң қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқық алған тұлғаның пайдасына аннуитет шартын жасасуға мiндеттi. 
      Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтанушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.

Сақтандырушының: 
     1) сақтандыру жағдайларын тексеруге қатысуға; 
     2) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң қызметкердi куәландыруы кезiнде қатысуға; 
     3) сақтандыру жағдайлары жөнiндегi ақпаратты тексеруге және қажет болған кезде тиiстi уәкiлеттi органдарға сұратулар жiберуге; 
     4) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн сақтанушының объектiлерiне тексеру жүргiзуге; 
     5) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларда сақтандыру төлемiн төлеуден бас тартуға; 
     6) сақтандыру жағдайларының алдын алу жөнiнде ұсынымдар беруге; 
     7) сақтандыру тәуекелiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы тартуға; 
     8) зиян келтiрген тұлғаға керi талап қоюға құқығы бар. 
    Сақтандырушының міндеттері: 
     1) сақтанушымен жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан кезде оған сақтандыру полисiн беруге; 
     2) сақтанушыны жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының талаптарымен таныстыруға және оның жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартынан туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiруге; 
     3) сақтандыру жағдайы басталған кезде жоғарыда аталған заңға және жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемдерiн жүргiзуге; 
     4) өз қызметiнiң нәтижесiнде сақтанушы және пайда алушы туралы алынған мәлiметтердiң құпиялылығын қамтамасыз етуге; 
     5) сақтандыру төлемiн төлеуден бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда пайда алушыға бас тартудың дәлелдi негiзделген себептерiн жазбаша нысанда жiберуге; 
     6) сақтанушының сақтандыру жағдайы кезiнде залалды азайту үшiн шығарған шығыстарын өтеуге; 
     7) жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңына  сәйкес аннуитеттiк сақтандыру ұйымына ақша аударуды жүзеге асыруға; 
     8) сақтанушы таратылған жағдайда капиталдандырылған төлемдердi шоғырландыруға мiндеттi. 
     Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында сақтандырушының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да құқықтары мен мiндеттерi көзделуi мүмкiн.

     Пайда алушының құқықтары: 
     1) 2005 ж. 5 ақпандағы заңда және жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында белгiленген тәртiппен және талаптармен сақтандыру төлемдерiн алуға; 
      2) сақтанушы мен сақтандырушыдан жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру талаптары туралы ақпаратты тегiн алуға; 
      3) сақтандыру жағдайын тексеру мәселелерi жөнiндегi шешiмге уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға; 
      4) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне медициналық-әлеуметтiк сараптама мәселелерi бойынша жүгiнуге; 
      5) сақтандыру жағдайының басталғаны туралы сақтандырушыға хабарлауға; 
      6) сақтандыру жағдайын тексеруге қатысуға, оның iшiнде қызметкерлер өкiлдерiнiң не өзi сенiм бiлдiрген адамның қатысуымен қатысуға құқығы бар.

        Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беруi арқылы жазбаша нысанда жасалады. 
      Сақтанушының өтiнiшi жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн негiз болып табылады. 
        Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады. 
      Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартында көрсетiлуге тиiстi талаптардың толық еместiгi үшiн жауапкершiлiктi сақтандырушы өз мойнына алады. Жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша оның жекелеген талаптарының толық еместiгi салдарынан дау туындаған жағдайда, дау сақтанушының пайдасына шешiледi. 
      Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң телнұсқасын беруге мiндеттi.

           Қазақстан  Республикасының  сақтандыру  нарығы  оның  қатысушыларымен  сақтандыру  салалары  арқылы  өз  көрінісін  тудырады.  Аталған  нарықтардың  қызметі  Қазақстан  Республикасының  конституциясына  негізделген  нормативтік-құқықтық  актілері  арқылы  реттеліп  отырады.  Сонымен  қатар  республикада  жұмыс  жасайтын  ҚР  Қаржы  нарығын  реттеу  және  бақылау  агенттігі  құрылған.

       Қазақстанда  екі  негізгі   нарық  белгілі:

  1. Өмірді  сақтандыру
  2. Жалпы  сақтандыру

        Сақтандыру салалары бойынша (life, non-life) жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі былайша көрініс алады:

4 кесте – сақтандыру салалары бойынша сыйлыақылары

                                                                                                             млн. теңге 
 

Сақтандыру  салалары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының  түскен түсімдері       1.02.08 ж.      1.02.09 ж. 1.02.2008ж.  салыстырғандағы өзгеріс,  %-пен
Сомасы Үлесі, %/ Сомасы/ Үлесі, %
Сақтандыру  салалары бойынша барлығы 4 106,0 100 7 827,7 100 90,6
Өмірді  сақтандыру 30,6 0,7 59,5 0,8 94,4
Жалпы сақтандыру 4 075,4 99,3 7 768,2 99,2 90,6
 

        "Өмірді сақтандыру" саласы. 2008 жылғы1 ақпандағы жағдай бойынша «өмірді сақтандыру» класы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 59,5 млн. тенге болды, бұл өткен жылдың дәл осы күнімен салыстырғанда 94,4%-ке көп. «Өмірді сақтандыру» саласы бойынша есепті күнге жиналған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 2008 жылғы 1 ақпандағы  0,7%-ке  қарсы, 0,8% -ті құрап отыр.

         "Жалпы сақтандыру" саласы. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша 2008 жылдың бір айында  жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 7 768,2 млн. теңге болды, бұл 2007 жылдың осы кезеңінен 90,6%-ке артық. "Жалпы сақтандыру" саласында негізгі үлес алатын сақтандыру кластары арасында мыналарды айтуға болады:

      "зиян  келтіргені үшін азаматтық-құқықтық  жауапкершілікті сақтандыру" класы– 50,7% ( 3 935,9 млн. теңге);

      "мүлікті  сақтандыру" класы – 17,8% (1384,9 млн.  теңге);

      “көлік  құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру" класы– 11,2% (866,5 млн. теңге);

Информация о работе Нарық қатынастары жағдайында жеке басты сақтандыру Жүйесінің дамуы