Нарық қатынастары жағдайында жеке басты сақтандыру Жүйесінің дамуы

Автор: n*********@yandex.ru, 28 Ноября 2011 в 19:39, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңына сәйкес Республикамызда қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру міндетті сақтандыру түрі болып қабылданды. Аталған заң осы саладағы туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

Содержание

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------------3
1. САҚТАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ-----5

1.1 Сақтандырудың экономикалық мәні мен мазмұны--------------------------5
1.2 Сақтандырудың сыныпталуы-----------------------------------------------------8
2. НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕКЕ БАСТЫ
САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ-----------------------------------------13
2.1 Сақтандыру нарығының қатысушылары мен қызметін талдау----------13
2.2 Жеке басты сақтандыру жүйесінің дамуын талдау-------------------------16
3. ҚР САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ------------------------------------25
3.1 Жеке басты сақтандырудың шетелдік тәжірибесі---------------------------25
3.2 Жеке басты сақтандырудың ҚР-да даму перспективалары---------------29
ҚОРЫТЫНДЫ--------------------------------------------------------------------------32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------

Работа содержит 1 файл

фин 08-3 Алимкулова Назым.doc

— 370.50 Кб (Скачать)

    Сақтық  әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады.

    Сақтық  қорлар — қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.

    Мүліктік  мүдделерді қорғауды, материалдық зияннан  сақтандыруды және оның орнын толтыруды  сақтандыруды жүзеге асыратын сақтық қор материалдық немесе ақша қорлары нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады, олардың тіршілік әрекетінің сан қырлы экономикалық және әлеуметтік аспектілері көрінеді.

    Сақтық  қорлардың басқа қорлардан ерекшелігі: олар алдын ала тұтыну қорларына  да, жинақтау қорларына да жатпайды. Ол — табыс ретінде тұтынылмайтын және қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстың бірден-бір бөлігі.

      Сақтандырылушылардың жарналары  есебінен жасалынатын сақтық  қорлар белгілі бір уақытта  тікелей арналымында — сақтық  төлемдерді төлеу үшін (сақтық  жағдайдың болу немесе ықтималдық сипатына қарай оның пайда болмау мезетіне дейін) пайдаланылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сақтық корлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін коммерциялық айналымға жіберілуі мүмкін. Өз кезегінде, бұл табыстардың бір бөлігін тапсырыскерлерді тарту үшін сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге бағыттаған орынды. Сақтық ұйымдардың осыған ұқсас операциясы сақтық рыногінде пайдалырақ шарттарда қолайсыз түрлі жағдайлардың салдарлары кезіндегі ысыраптар мен залалдардан қашқысы келетін тапсырыскерлерді тарту жөніндегі бәсекенің пайда болуына жәрдемдеседі.

    Сақтық  жүйе республика экономикасының сенімді  әрі орнықты дамуына, халықты  әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша  негіз жасауға, азаматтар мен  шаруашылық субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.

    Сақтандырудың жалпы жүйесі үш бөліктен тұрады:

  • қоғамдық қорғаудың жүйесі;
  • әлеуметтік сақтандыру (қорғау) және әлеуметтік қамсыздандыру;
  • жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру.

       Сақтандырудың жалпы жүйесінің  салыстырмалы дербес бөлігі медициналық  сақтандыру болып табылады.

    Сақтандыру  — сақтық ұйым өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлем арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды, ол өтемдік және жиналымдық функция атқарады.

    Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға  ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мудделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта біліктік қатынастардың айрықша сферасы. 
 

1.2   Сақтандырудың сыныпталуы 
 

     Сақтандыру  көпқырлы болып келеді: ол әр түрлі сақтандырушылар мен сақтандыру объектілерін қамтып, сақтандыру шарттарына қарай, сақтандыру жауапкершілігінің көлемі бойынша, ажыратылады. Ол ерікті түрде немесе заң күші арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Сақтандыру қатынастарының алуан түрлілігінде дұрыс бағыт алып, біртұтас өзара байланысты жүйе құру үшін сақтандыру сыныптамасы қажет.

     Сақтандырудың сыныпталуы кез-келген басқа да сыныпталу  секілді сақтандыру жүйесін бір-бірімен  өзара тығыз байланысты буындардан құрайды.

     Отандық сақтандыру нарығында сақтандырудың сыныпталуы негізі екі критерийден құралған: сақтандыру объектілерін ажырату және қауіптілік деңгейі. Сақтандыру объектілері бойынша сыныпталуында жоғарғы буын – сала, ортаңғы буын- кіші сала немесе сынып, төменгі буыны – сақтандыру түрі болып отыр.

     Салаларға бөлудің негізінде сақтандыру объектілері  бойынша бөлу жатыр. Осы уақытқа  дейін сақтандру қатынастарының барлық жиынтығы үш салаға бөлініп  келді, олар: мүліктік сақтандыру, жеке сақтандыру, жауапкершілікті және кәсіпкерлік  тәуекелдерді сақтандыру. Алайда, жауапкершілікті сақтандыру және кәсіпкерлік жауапкершілікті сақтандыру ең алдымен сақтаушылардың мүліктік мүдделерін қорғайды, яғни, сақтандыру арқылы материалды шығындар атап айтқанда – мүліктің немесе табыстың жоғалуынан болған зардаптың орны толтырылады.  Жауаптылықты сақтандыру кезіндегі үшінші бір тұлғаның денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру да сайып келгенде, материалдық шығынның орнын толтыруға келіп тіреледі (емдеуге қажетті шығындар, жерлеу рәсіміне кететін шығындар немесе жалақыны жоғалтқан жағдайдағы орнын толтыруға кететін шығындарды айтуға болады).

     Сондықтан да еліміздің сақтандыру нарығы қазіргі  кезде  екі салаға бөлінеді: мүліктік сақтандыру және жеке сақтандыру. Мүліктік сақтандыру өз кезегінде 4 кіші салаға бөлінеді: жауапкершілікті сақтандыру, кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру, кәсіпорындар мен ұйымдардың мүліктерін сақтандыру және жеке азаматтардың мүліктерін сақтандыру.

     Жеке  сақтандыру екі кіші сала бөлінеді: өмірді сақтандыру және аннуитеттік  сақтандыру.

     Сақтық  қызмет - сақтандыру  ұйымының  сақтандыру  шарттарының  жасау  мен  орындауға  байланысты  ҚР-ның  заңнамаларының  талаптарына  сәйкес  уәкілетті  мемлекеттік  органның  лицензиясы  негізінде  жүзеге  асырылатын  қызмет.  Сақтандыру  ұйымының  сақтандыру қызметі  өмірді  сақтандыру  саласы  және  жалпы  сақтандыру  саласы  бойынша  жүзеге  асырылады.  Өмірді  сақтандыру саласы  ерікті  сақтандыру  нысанында  мынадый  сыныптарды  қамтиды:  өмірді  сақтандыру,  аннуитеттік  сақтандыру.  Ал  жалпы  сақтандыру  саласы  ерікті сақтандыру  нысанында  мынадай  сыныптарды  қамтиды:

  1. жазатайым  жағдайлардан және  аурудан  сақтандыру
  2. медициналық  сақтандыру
  3. теміржол  көлігін сақтандыру
  4. автомобиль  көлігін  сақтандыру
  5. әуе  көлігін  сақтандыру
  6. су  көлігін  сақтандыру
  7. жүктерді  сақтандыру
  8. 3-ші және 7-ші тармақшаларда аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
  9. кәсіпкерлік  тәуекелді  сақтандыру
  10. автомобиль  көлігі  иелерінің  азаматтық-құқықтық  жауапкешілігін  сақтандыру 

    11) теміржол  көлігі  иелерінің  азаматтық-құқықтық  жауапкершілігін    сақтандыру

       12)  әуе  көлігі  иелерінің   жауапкершілігін  сақтандыру

       13)  су  көлігі  иелерінің   жауапкершілігін  сақтандыру

       14)  тасмалдаушының  жауапкершілігін сақтандыру

       15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық  жауапкершілікті сақтандыру;

       16) 10-шы, 14-ші тармақшаларда аталған сыныптарды қоспағанда, зиян келтірген үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру.

          Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленеді.

     Сақтандыру  түрі  сақтандыру  ұйымы  сақтандыру  шарттарын  жасау  арқылы  сақтандырудың  бір  немесе  бірнеше  сыныбы  шегінде  әзірлейтін  және  беретін  сақтандыру  өнімі  болып  табылады.

      Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру - сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

      Медициналық сақтандыру - сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

      Көлік құралдарын сақтандыру - көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

      Автокөлік құралы иесінің жауапкершілігін сақтандыру - азаматтық жауапкершілікті сақтандыру сақтанушы сақтандырылушы кінәсынан болған автокөлік оқиғасынан зардап шеккен тараптың пайдасына зиян өтемақысын көздейді. Сақтандырушы сақтандыру шартымен көзделген сақтандыру сомасынан аспайтын мөлшерде сақтандыру жағдайымен туындаған нақты шығынды төлейді.

        Жүктерді сақтандыру - жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

      Мүліктік сақтандыру - мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

         Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру - кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандырады.

    Зиян  келтіргендігі үшін азаматтық-кұқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.

    Шартты  бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру - шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық-құқықтық жағынан жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.

        Тәуекелді сақтандыру – бұл  тәуекелді шектеу немесе оны  азайту жолында жасалатын мақсатты түрдегі әрекет, тәуекелді тапсыру кезінде жасалатын тәуекелді қаржыландыру тәсілі, осындай жолмен жетістік шегінде және сақтандыру шартына сәйкес кері салдар жүгін субъектің өзі емес, сақтандыру ұйымы көтереді.

        Құрылыс-монтаждық тәуекелдерді  сақтандыру  - қолданыстағы барлық материалдарды, құрылыс алаңының жабдығы мен құрылысқа қажетті құрал-саймандарды, құрылыс машиналарын, аймақты тазалау, қоқысты шығару шығыстарын, қосымша құрал-жабдықтарды (мысалы, уақытша бөгеттерді) қоса алғандағы құрылыс және монтаждық жұмыстарды сақтандыру.

        Бизнестегі үзілісті сақтандыру - мүлікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып есептелетін оқиғаның орын алу салдарынан өндірістің тоқтауынан туындаған залалдан сақтандыру. Сақтанушының өнімді өндіру, жұмыс, қызмет және сақтандырылған шаруашылық қызметін жалғастыру шығысының айналымын қысқарту нәтижесінде толық алынбаған табыстан жиналған қызметтегі үзіліс шығыны өтеледі.

        КАСКО сақтандыру - көлік құралын және оған орнатылған қосымша құралдарды иелену, пайдалану және меңгеруге қатысты тұтынушының мүліктік мүддесін сақтандыру. Заң бойынша, сақтандыру тәуекелдеріне ЖКО, айдап әкету, ұрлау, үшінші тұлғалардың бүлдіруі, өрт, көлік құралының жарылуы, табиғи апаттар (найзағайдың соғуы, жарылыс, су тасқыны, жер сілкінісі, топырақтың шөгуі, боран, дауыл, сел, бұршақ, көшкін), жануарлардың шабуылы, КҚ-ның үстіне заттардың құлауы енеді.

Информация о работе Нарық қатынастары жағдайында жеке басты сақтандыру Жүйесінің дамуы