Автор: n*********@yandex.ru, 28 Ноября 2011 в 19:39, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңына сәйкес Республикамызда қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру міндетті сақтандыру түрі болып қабылданды. Аталған заң осы саладағы туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------------3
1. САҚТАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ-----5
1.1 Сақтандырудың экономикалық мәні мен мазмұны--------------------------5
1.2 Сақтандырудың сыныпталуы-----------------------------------------------------8
2. НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕКЕ БАСТЫ
САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ-----------------------------------------13
2.1 Сақтандыру нарығының қатысушылары мен қызметін талдау----------13
2.2 Жеке басты сақтандыру жүйесінің дамуын талдау-------------------------16
3. ҚР САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ------------------------------------25
3.1 Жеке басты сақтандырудың шетелдік тәжірибесі---------------------------25
3.2 Жеке басты сақтандырудың ҚР-да даму перспективалары---------------29
ҚОРЫТЫНДЫ--------------------------------------------------------------------------32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ
ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: Нарық қатынастары жағдайында жеке басты сақтандыру
Жүйесінің дамуы
ОРЫНДАҒАН: Алимкулова Назым
ҚАБЫЛДАҒАН: Жрауова Құралай
ТОБЫ: Фин 08-3
ҚЫЗЫЛОРДА 2010 ж.
КІРІСПЕ-----------------------
1. САҚТАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ-----5
1.1 Сақтандырудың экономикалық
мәні мен мазмұны-----------------------
1.2 Сақтандырудың сыныпталуы------
2. НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕКЕ БАСТЫ
САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ
ДАМУЫ-------------------------
2.1 Сақтандыру нарығының
2.2 Жеке басты сақтандыру
жүйесінің дамуын талдау-------
3.
ҚР САҚТАНДЫРУ
НАРЫҒЫН ДАМЫТУ------------------------
3.1 Жеке басты сақтандырудың
шетелдік тәжірибесі-----------
3.2 Жеке басты сақтандырудың
ҚР-да даму перспективалары----
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңына сәйкес Республикамызда қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру міндетті сақтандыру түрі болып қабылданды. Аталған заң осы саладағы туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Нарықтық қатынастар дамуы кезеңіндегі мемлекет дамуының негізгі шарттарының бірі қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Нарықтық қатынастар дамыған сайын мемлекет шаруашылық субъектілер мен азаматтардың жағымсыз жағдайлар орын алған кездегі шығындарын жабу жауапкершілігін өз мойнына алуды азайта бастайды. Осы нарықтық қатынастар процесінде пайда болатын шығындардың орнын толтырудың негізгі құралы – сақтандыру болып табылады. Нарықтық қатынастарға көшу барысында сақтандыру экономиканың стратегиялық секторларының бірі болып табылады.
Егер бастапқы кезеңдерде сақтандыру біздің елімізде үлкен сұранысқа ие болмай тұрған болса, бүгінгі күні сақтандырудың Қазақстан экономикасының ажырағысыз бөлігі екендігін сеніммен айтуға болады.
Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру түрткі болатын басты себеп - өндіріс пен адам өмірінің қауіп – қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалѓастыру азаматтардың жеке санатының өмір тіршілігі мен жақсы тұрмыс халін қолдап отыру мақсатында қоѓамның , жеке өндірушілердің, олардың топтарының натуралдық заттай қорларын да немесе резервтерін де, сондай- ақ ақша ресурстарын қамтитын қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв жғне сақтық түрінде қалыптасады. Сақтандыру дегеніміз – сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандырудың төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру сферасы адам өмірінің өндірістік жғне әлеуметтік – экономикалық қызметінің барлық жағын қамтиды. Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ белгісі бар:
Зерттеу жұмысының мақсаты: Нарық қатынастары жағдайындағы жеке басты сақтандыру жүйесінің дамын талдау.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Оған байланысты келесі міндеттерді қарастырдық:
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады:
- III. Бөлім. ҚР сақтандыру нарығын дамыту.
1.
САҚТАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1
Сақтандырудың экономикалық
мәні мен мазмұны
Сақтандыру ежелгі заманнан бері жүзеге асырылып келе жатқан, өзінше бағдар — бағыты бар, айырықша мүддесі — тұлғалардың мүліктеріне, жеке бастарына байланысты жайлар көзделетін қорғау, шығынды жабу, зардап-зиянды қалпына келтіру сипатындағы іс-қимыл болып табылады. Мемлекет тұрғысынан алғанда сақтандыру мемлекеттің қаржы жүйесінің элементі болып есептелінеді. Сақтандыру мемлекеттің, заңды тұлғалардың, азаматтардың мүліктік мүдделерін қорғау жүйесін құрады. Сонымен қатар, ол күтпеген табиғи, техногендік және өзге де құбылыстарға байланысты мүліктік, материалдық нұқсандарды қалпына келтіруге кепілдік бере отырып қаржы жүйесін нығайтуға оң әсерін тигізеді.
Сақтандыру сақтандыру жағдайлары туындаған кезде зиянның орнын толтыруға кеткен шығындарды қаржыландыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ ұзақ мерзімге инвестициялаудың бір көзі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан аумағында өте қарқынды түрде жүзеге асырылып жатқан процестердің бірегейі сақтандыру рыногын түпкілікті қалыптастыру және оның тиісті инфрақұрылымдарын құру болып отыр. Қазақстандағы сақтандыру рыногының даму жағдайының көрсеткіштері еліміздің ұлттық сақтандыруының негізі құрылғанын мәлімдеп, дәлелдеуде, сондай-ақ Қазақстандағы сақтандыру құқықтық қатынастарының бастамасы болып табылатын сақтандыру, сақтандыру қызметі, әлі де зерделеу — зерттеуін асыға күтіп жатқан аяға, оның ішінде экономикалық және құқықтық тұрғыдан қарастыруды әбден қажет ететін өзекті бағытқа айналып отыр.
Сондықтан, бірінші кезектегі мақсат белгілі бір мөлшерде сақтандырудың экономикалық табиғаты мен мән-маңызын, сақтандыру экономикалық тұйықталған қатынастарының ерекшеліктерін қарастыру және жете танысып — білу болып табылады. Осыған орай, сақтандыруға айырықша назар аударып отырмыз. Біздің ойымызша қазіргі кезеңдегі басымды бағыт сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық капиталдарының ең аз мөлшерін жоғарылату және оны тек ақша қаражаттары есебінен ғана қалыптастыру. Сонымен бірге, сақтандыру ісін дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттарына жету үшін мына келесідей іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажет:
Осы сақтандыру рыногындағы құрылымдық саясаттың басты көрінісі сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерінің арақатынастарын ұғымдыландыру. Сақтандыру аясындағы ақпараттық-талдау жұмыстарының да жеткілікті деңгейде жүргізілмей отырғанын байқауға болады. Сақтандыру ұйымдарының өздеріне қабылдаған міндеттерін бұлжытпай орындауларын бақылау жөніндегі тиімді мемлекеттік бақылау механизмін құру проблемасы да күн тәртібіндегі өткір мәселе болып табылады. Сондықтан, біздің ойымызша сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу саласында сақтандыру рыногының қызмет атқаруының нормативтік - құқықтық және әдістемелік базасын жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажет.
Сонымен бірге, осы сақтандыру ісінің қалыптасып, дамуын негіздейтін, тұйықталған бөлу, қайта бөлу қатынастары ретінде көрініс табатын айырықша сақтандыру қатынастарын реттейтін құқықтық реттеу механизмдерін құру да көзделген еді.
Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы сақтандыру заңдарын, заңға сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді, сақтандыру шарттарын зерделеу, білу, игеру және меңгеру тек осы сала мамандарының үлесіндегі іс болып қана қоймай, сонымен бірге барлық шаруашылық субъектілерінің, азаматтардың әсіресе заңгерлердің де міндетті түрдегі қажеттілігіне айналып отыр.
Сақтандырудың экономикалық маңызы оның функциялары арқылы да көрініс табады. Олар сақтандырудың қаржы жүйесінің буыны ретіндегі ерекшеліктерінің қаржылардың функцияларына сәйкес келетінін көрсетеді. Сонымен, біздің ойымызша сақтандыруға мынадай функциялар тән болады: жұмылдыру функциясы; бөлу, қайта бөлу функциясы (тәуекелдік функция; алдын алу функциясы; жинақтау функциясы); бақылау функциясы. Жұмылдыру функциясының көмегімен мақсатты сақтандыру қорының қаражаттарын сақтандыру жарналары есебінен қалыптастыру қызметі жүзеге асырылады.
Сонымен, сақтандыруды жүргізуге байланысты өте күрделі, сақтандыруға қатысушылардың әр түрлі сақгандыру мүдделерін көрсететін, әралуан сақтандыруға жататын объектілер мен өте кең шеңбердегі сақтандыру оқиғаларын қамтитын арнайы қатынастар туындайды.
Осы сақтандыру қызметі біртектес тәуекелдер қағидаттарына негізделетін әртүрлі салаларға бөлінеді. Осы сақтандыру салалары өздеріне орай былайынша топтастырылады: сақтандыру объектілері бойынша; сақтандыру өтемдерінің түрлеріне байланысты; баланстың құрылымына байланысты болады.
Сақтандыру объектісіне жеке басты сақтандыру, мүлікті сақтандыру және жауапкершілікті сақтандыру жатады. Ал сақгандыру өтемдерінің түрлеріне байланысты мынадай құрылымды көрсетуге болады: зиян-залалды сақтандыру немесе зиянды қалпына келтіру (өтеу) өзінше үшке бөлінеді: жеке басқа байланысты залалдарды сақтандыру; келісім бойынша төленетін соманы сақтандыру; өмірді сақтандыру; қатерлі жағдайлардан сақтандыру; медициналық сақтандыру. Міне, осындай негіздерге орай залалды және соманы сақтандыру ісі орындалады.
Сақтандыру кезіндегі сақтық резервтер мен қорларды қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдіс.
Қаржыларды
қалыптастырудың бюджеттік
Информация о работе Нарық қатынастары жағдайында жеке басты сақтандыру Жүйесінің дамуы