Нарық қатынастары жағдайында жеке басты сақтандыру Жүйесінің дамуы

Автор: n*********@yandex.ru, 28 Ноября 2011 в 19:39, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы N 30 Заңына сәйкес Республикамызда қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру міндетті сақтандыру түрі болып қабылданды. Аталған заң осы саладағы туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны өткiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

Содержание

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------------3
1. САҚТАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ-----5

1.1 Сақтандырудың экономикалық мәні мен мазмұны--------------------------5
1.2 Сақтандырудың сыныпталуы-----------------------------------------------------8
2. НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕКЕ БАСТЫ
САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ-----------------------------------------13
2.1 Сақтандыру нарығының қатысушылары мен қызметін талдау----------13
2.2 Жеке басты сақтандыру жүйесінің дамуын талдау-------------------------16
3. ҚР САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ------------------------------------25
3.1 Жеке басты сақтандырудың шетелдік тәжірибесі---------------------------25
3.2 Жеке басты сақтандырудың ҚР-да даму перспективалары---------------29
ҚОРЫТЫНДЫ--------------------------------------------------------------------------32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР--------------------

Работа содержит 1 файл

фин 08-3 Алимкулова Назым.doc

— 370.50 Кб (Скачать)

        Жауапкершілікті сақтандыру - жауапкершілікті сақтандыруда сақтанушының (сақтандырылушы тұлғаның) үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлігіне келтірген зиянды өтеуімен байланысты мүліктік мүддесі сақтандыру нысаны болып табылады.

         Үшінші тұлғалардың алдындағы жалпы азаматтық жауапкершілікті сақтандыру сақтанушының сақтандырылушының үшінші тұлғалардың мүлігіне, өмірі мен денсаулығына келтірген зияны үшін тартатын жауапкершілігі үшінші тұлғалардың алдындағы жалпы азаматтық жауапкершілікті сақтандыру нысаны болып табылады.

          Тауар өндірушінің, қызмет ұсынушының жауапкершілігін сақтандыру - тауар өндірушінің қызмет ұсынушының өзінің өндірген тауарын ұсынған қызметін пайдалану нәтижесінде жеке тұлғаға немесе мүлікке келтіруі мүмкін зиян үшін көтеретін жауапкершілігі оның азаматтық жауапкершілігін сақтандыру нысаны болып табылады.

         Директорлар мен кеңсе қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру - өз әрекеттері нәтижесінде компания акционерлеріне келтірілуі мүмкін залал үшін компания басшыларының көтеретін жауапкершілігі директорлар мен кеңсе қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру нысаны болып табылады.

         Кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру - кәсіби мамандардың нәтижесі залалға әкеп соқтыруы мүмкін қате әрекеттері кәсіптік жауапкершілікті сақтандыру нысаны болып табылады.

         Жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру - өз қызметкерлерінің мүлігіне, өмірі мен денсаулығына келтірілуі мүмкін зиян үшін көтеретін жауапкершілігі жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру нысаны болып табылады.

         Экологияға зиян келтіру жауапкершілігін сақтандыру  - сақтанушы сақтандырылушы әрекетінің салдарынан болжамаған түрде, аяқ асты айнала қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін тартылатын жауапкершілік экологияға зиян келтіру жауапкершілігін сақтандыру нысаны болып табылады.

         Шартты жауапкершілік – сақтанушы сақтандырылушы мен оның шарт контрагентімен арадағы жасалған шарттан туындайтын жауапкершілік шарты жауапкершілікті сақтандыру нысаны болып табылады.

         Жеке сақтандыру - жеке адамның өмірінде болуы мүмкін оқиғаларға байланысты сақтандырудың барлық түрі жеке сақтандыруға жатады. Жеке сақтандыру саласына сақтанушының немесе сақтандырылушының өміріне, денсаулығына, еңбек қабілеттілігіне және зейнетақы қамтамасыздығына байланысты мүліктік мүддесі сақтандыру нысаны болып табылатын сақтандырудың түрлері жатады.

         Өмірді жинақтық сақтандыру, зейнеткерлікті сақтандыру - өмірді сақтандыруға сақтандыру нысаны ретінде адамның өмірі алынатын сақтандырудың барлық түрі жатады. Бірақ адам өмірінің қаншалықты бағаланатынын анықтау мүмкін болмағандықтан, сақтандыру ұйымдары тұтынушының табысына қарай болжам жасайды. Қорғаныс нысаны ретінде адам өмірінен гөрі оның табыс мөлшері алынады. Орта есеппен сақтандыру қорғанысының сомасы тұтынушы табысының 3-тен 10-ға дейінгі жылдық табысының арасында ауытқып тұрады.

       Лауазымды сақтандыру -үшінші тұлғалардың талаптары бойынша соттың бірінші сатыдағы заңды күшіне енген шешімі негізінде меншік құқығын жоғалту салдарынан мүлікті жоғалту. 
 
 

           
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 2. НАРЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖЕКЕ БАСТЫ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ 

2.1   Сақтандыру нарығының  қатысушылары мен  қызметін талдау 
 

Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығының қатысушылары  мыналар болып табылады:

          1) Сақтандыру, қайта сақтандыру  ұйымы

         2) Сақтандыру  брокері

          3) Сақтадыру  агенті

          4) Сақтаушы, сақтандырушы,  пайда   алушы

          5) Актуарий

          6) Уәкілетті  аудиторлық  ұйым (уәкілетті аудитор)

          7) Өзара  сақтандыру  қоғамы

          8) Сақтандыруға  байланысты кәсіпкерлік   қызметті  жүзеге  асыратын   өзге де заңды, жеке  тұлғалар.

    Сақтандыру  брокері - өзінің қызметін  сақтаушылар және  сақтандырушылармен  келісім негізінде жүзеге  асыратын  тәуелсіз  делдал.

     Актуарий сақтандыру  ұйымының  қажетті  төлем  қабілетілігін   қаржылық  тұрақтылық  деңгейін  қамтамасыз  ету мақсатында  сақтандыру  және  қайта сақтандыру  шарттары  бойынша міндеттемелер мөлшерінің  экономика-математикалық есептеулерінің  жүзеге  асыруға байланысты  қызметті  атқаратын жеке  адам.

     Уәкілетті  аудиторлық  ұйым (аудитор)- уәкілетті  меншікті  органның  тиісті  лицензиясының  негізінде  сақтандыру  ұйымының  аудиті  жөніндегі  қызметті  жүзеге  асыратын  аудиторлық  ұйым.

     Сақтандыру  агентіберілген  өкілеттілігіне  сәйкес  сақтандыру  ұйымының  атынан  және  тапсыруымен  сақтандыру  шарттарын  жасасу  жөніндегі  делдалдық  қызметті  жүзеге  асыратын  жеке,  заңды  тұлға.

      ҚР резидент еместерінің қатысуымен сақтандыру компанияларының 2008 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жинаған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 21,3% (1664,4 млн. тенге) болып отыр.

       Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2 895,4 млн. теңге немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтықты көлемінің 37,0%-і болып отыр. Мұндайда резидент еместерге қайта сақтандыруға сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 30,1%-і беріліп отыр.

1 кесте  - Қайта сақтандыру бойынша берілген сыйлықақылар 

                                                                                                                   млн. теңге

    Қайта сақтандыруға

    берілген  сақтандыру

       сыйлықақылары

        1.02.08 ж.             1.02.09 ж.
Сомасы Жиынтық

Сыйлыақы

үлесі, % - пен

Сомасы        Жиынтық 

Сыйлықақы үлесі,

        % -пен

  Қайта  сақтандыруға берілген барлығы,  оның ішінде 1 133,1      27,6  2 895,4            37,0
      Резидент еместерге    937,7       22,8  2 352,9            30,1
         Резиденттерге    195,4         4,8   542,5             6,9
 

        Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасында негізгі үлесті ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сыйлықақылар  – 99,6%. Ерікті жеке сақтандыру бойынша - 0,4%.

       2008 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығында 36 cақтандыру ұйымы (оның ішінде: 2- өмірді сақтандыру бойынша, 6 - Қазақстан Республикасының резидент еместерінің қатысуымен), 8 сақтандыру брокері, 26 актуарии және сақтандыру ұйымдарының аудитін жүргізуге лицензиялары бар 34 аудиторлық ұйым лицензиялық қызметті жүзеге асырды. 

2 кесте  – Сақтандыру секторының институционалды  құрылымы

     

Сақтандыру  секторының институционалды  құрылымы  
01.02.08ж.
 
01.02.09ж.
Сақтандыру  ұйымдарының саны, оның ішінде 33 36
Резидент  еместердің қатысуымен 3 6
Өмірді  сақтандыру бойынша 1 2
Сақтандыру  брокерлерінің саны 5 8
Актуариилер саны 26 26
Сақтандыру  ұйымында аудит жүргізу құқығы бар  лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың саны 28 34
 

       Сақтандыру қызметін ұйымдастырудың мәселелерінің негіздері: - экономиканың қорғаушы саласы ретіндегі сақтандыру қызметінің экономикалық қатынастар жүйесіндегі орны, мәні зерттеліне отырып, оның қазіргі заманғы Қазақстан экономикасындағы рөлі мен артықшылықтары, белгілері, үрдісі зерделенді; экономиканың қорғаушы саласы ретіндегі сақтандыру қызметінің «жүйелік» ұғымдары мен өзара байланыстары, атқаратын қызметтері зерттелініп, жалпы құрылымдық негіздері жіктелінді; сақтандыру саласындағы әртүрлі ғалымдардың ойлары зерделенді. Рыноктық экономика жағдайында тәуекелдікті тиімді басқарудың негізгі әдісі сақтандыру қызметі болып табылады. Сақтандыруда өндіріс, айналым, материалдық игіліктерді айырбастау және тұтыну процестерде адамдар арасында қалыптасатын белгілі экономикалық қатынастар іске асады. Ол барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер мен қоғам мүшелеріне шығындарын өтеуде кепілдік береді, яғни көптеген тұлғалар арасында бөлу арқылы заңды немесе жеке тұлғаның мойнына алған шығындарын өтеу әдісі ретінде көрініс береді. Сақтандыру қызметі – бұл қаржылық тұрақтылықты және төлемқабілеттілікті қамтамасыз ету мақсатында қаржы рыногында пайда алу үшін қордың уақытша бос қаражаттарын пайдалану және дәстүрлі мәміле аясында сақтандыру оқиғаларының туындауы себебінен болған зияндарды қайтару жағдайында, заңды тұлға тарапынан кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың салымдарын (сақтандыру сыйлықақылары) мәміле есебінен төлеу бойынша сақтандыру қорын құруға негізделген кәсіпкерліктің ерекше түрін көрсететін сақтандыру қызметінің қатысушылары арасындағы ерекше тұйықталған қатынастар жиынтығы.

     Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметінің  талдау: - отандық сақтандыру компанияларының қалыптасу жағдайы және өсу динамикасы қарастырылды; сақтандыру сыныптары бойынша жасалған сақтандыру төлемдерінің құрылымы зерделенді; «AMANAT INSURANCE» СК» АҚ-ның қызметін талдау жүргізілді. Еліміздегі сақтандыру ісі әлі толықтай қалыптасып болған жоқ: сақтандыру рыногының даму болашағы сақтандыру секторының өсу динамикасы бойынша бағаланады. Қазақстанның сақтандыру рыногының негізгі көрсеткіштері.

3 кесте  – ҚР Сақтандыру нарығы

                                                                                                                              млн. теңге                                                                                                                          

 

  Көрсеткіштер Жылдар 
2005 ж.  2006 ж.  2007 ж.  01.01.2008ж. 01.01.2009 ж. 
Жиынтық активтер 44 095 73 346 135 490 223 556 268 823
Сақтандыру  қорлары 14 689 32 084 45 749 66 749 95 746
Жиынтық жеке капитал  24 053 35 898 80 201 126 277 165 929
Сақтандыру  сыйлықақылары, барлығы  39 978 67 123 120 266 147 343 133 488
Міндетті сақтандыру 4 446 12 951 17 885 19 668 29 989
Ерікті  жеке сақтандыру 4 546 7 831 12 888 16 193 18 884
Ерікті  мүліктік сақтандыру 30 986 46 341 89 493 111 482 84 615
Сақтандыру  төлемдері, барлығы 6 743 10 770 14 092 49 189 55 894
Міндетті  сақтандыру 2 839 3 328 4 974 5 484 9 053
Ерікті  жеке сақтандыру 1 266 1 678 2 013 4 159 8 152
Ерікті  мүліктік сақтандыру 2 638 5 764 7 105 39 536 38 689
Қайта сақтандыруға берілген сыйақылар  18 724 26 653 45 697 61 681 60 375
соның ішінде, резидент еместерге  17 119 23 630 38 950 49 355 51 876

Информация о работе Нарық қатынастары жағдайында жеке басты сақтандыру Жүйесінің дамуы