Лизингтік қаржыландыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 12:03, курсовая работа

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығының дамуы мен оның проблемалары қазіргі нарықтық экономика жағдайында өзекті тақырып болып табылады. Бағалы қағаздар нарығындағы басты қиындық нарықтың ұзақ мерзім бойы қызмет атқармауында. «Бағалы қағаздар нарығы» атты курстық жұмыста бағалы қағаздар нарығына, бағалы қағаздардың түрлеріне кең тоқталынып өтіледі.

Содержание

Кіріспе
I -Тарау. Бағалы қағаздардың теориялық негіздері.
1.1 Бағалы қағаздар түсінігі және түрлері
1.2 Бағалы қағаздардың функциялары
II. Бөлім. Бағалы қағаздар нарығына сипаттама
2.1 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы
2.2 Бағалы қағаздар нарығының реттелуі
III-Тарау. ҚР-ның Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

багалы кагаздар нарыгы новая.doc

— 268.00 Кб (Скачать)

      Осы бағдарламаға сәйкес ауылшаруашылық өнімдерін  өңдейтін және агросервистік мемлекеттік  мекемелердің акциялары еңбек ұжымдарына, жекелеген қызметкерлерге және ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге берілді. Сонымен қоса баға инфляцияға түзетумен тиімді деңгейде қалыптасты. Бірнеше ірі қайта өңдеу кәсіпорындары жекелеген жобалармен жекешелендіру бағдарламасы  бойынша жекешелендірілді.

      Орта  және кіші кәсіпорындар мен ауылшаруашылық комплексін, жылжымайтын мүлікті жекешелендіру үдерісін соңына дейін жеткізу «Қазақстан – 2030» даму Стратегиясының бірден-бір алға қойған міндеттерінің  бірі. 1999-2000 ж.ж. аралығында жекешелендіру және мемлекеттік меншікті басқару бағдарламасына сәйкес мемлекет экономикада стратегиялық маңызы бар салаларды өз қарамағында қалдырды, олар: мұнай өндіру, өңдеу және тасымалдау, теміржол және әуе жолдары, энергетика және уран өндірісі. Үкімет экономикадағы мемлекетсіздендірілетін  нақты салаларды анықтап заңдық және әкімшілік негізде реттеу үшін стратегиясын жасап шығарды.     

                  

      4- Кесте.   Жекешелендірілген нысандар саны 

Жылдар  Кіші жекешелен-діру Жалпы жекешелен-діру Ауылшаруашы-лығындағы  жекешелендіру Жекелеген жобамен  жекешелендіру Барлығы
1994 2748 - 918 - 4147
1995 2477 147 513 5 3142
1996 3393 497 138 28 4056
1997 5590 1122 18 47 6777
1998 2539 514 9 11 3073
1999 2153 161 4 0 2318
2000 1581 129 11 3 1724

        ҚР Статистика Агенттігінің деректері бойынша 

      Кәсіпорындарды  жекешелендіру олардаң қызметіне қң әсер етті. Жұмыс жасау әдісі мен жағдайы, материалдық өтемдер деңгейі, салық салу ережелері, мемлекеттік органдардың араласуын зерттеп, жекешелендірілген нысандардың 15%-ына жүргізілген сұрау (Deloitte & Touche) нәтижесі мынаны көрсетті:

  • Компаниядағы орташа жұмысбастылық көрсеткіші 20%-ға өскен;
  • Жаңа иелердің қаржылық инвестицияларының елеулілігі;
  • Жекешелендірілген кәсіпорындардың пайдасының өсуі;
  • Жеке сектор қызметкерлерінің мемлекеттік қызметкерлермен салыстырғандағы жоғары деңгейдегі жалақылары;                                                                                                       Жекешелендірілген кәсіпорындар ұсынатын тауарлардың ассортиментінің көптігі;                                                                                                         
  • Баға деңгейінің төмендеуі.

                                                                                                                                                                                                                                                                              

      Сонымен қатар жекешелендірудің маңызды  нәтижелеріне клиенттердің жоғары деңгейде қанағаттандырылуы, қызмет көрсету  саласының дамуы, оның ішінде бухгалтерлік есеп, маркетинг және жарнама ісі сияқты салаларды жатқызуға болады.

      Шетелдік  инвесторлардың Қазақстандық жекешелендірудегі  маңызды мәселелердің бірі - олардың  құқықтары. ҚР заңнамаларына сәйкес шетелдік инвесторлар отандықтар сияқты құқықтарға, оның ішінде сот және басқа  да құқықтық  құралдар арқылы өз мүдделерін қорғауға құқылы.1995 жылы 30 желтоқсанда қабылданған Шетелдік инвесторлар туралы заң шетелдік инвесторларды ұлтшылдықтандырудан сонымен қатар құқықтық және саяси ахуалдың өзгеруінен қорғай отырып, олардың шығындарын жабуға кепілдік береді. Келтірілген заңға сәйкес шетелдік инвесторлар өз мүдделерін халықаралық сарапшылар көмегімен қорғауға құқылы.

      Қазақстандағы жекешелендіру үдерісі кезінде USAID жобасы мен шетелдік сарапшылар мен  кеңесшілер көмегі арқылы бұл процесті шетелдік инвесторлар үшін ашық және алдын ала болжанғандай өтуіне ықпал етті.

      Жекешелендіру бағалы қағаздар нарығының құрылуына  негіз болды. Акционерлік қоғамдардың  құрылуы акциялардың шығуына  түрткі болды, акциялар аукционда сатылды, бірақ олар тек алғашқы нарықта сатылды, яғни тек алғашқы ретті орналасуы болды. Алайда акционерлік қоғамдардың пайда болуы, акциялардың шығарылуы және ИЖҚ-лардың құрылуы қазіргі Қазақстандық бағалы қағаздар нарығының құрылуының негізі болды.

      Бүгінгі таңда Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы құрылу кезеңімен салыстырғанда дамығанын байқауға болады. Алайда, қазіргі бағалы қағаздар нарығының ахуалы әлемдік стандарттардан әлдеқайда төмен, дамыған елдерде бағалы қағаздар нарығы бірнеше ғасырлық даму тарихы мен дәстүрі бар және барша экономикаға әсері орасан екенін көруге болады. Отандық қор нарығы жедел түрде дамытуды талап етуде, оның дамуы нақты секторға инвестиция салуды қажет етеді. Бағалы қағаздар нарығы жалпы қаржылық нарықтың бөлінбес бөлігі бола тұра экономиканың дамуының басты  себепкері деп  қарастыруға болады.                                                                                                                                      

      Бағалы  қағаздар нарығының дамымауының  бірден-бір себепкері болып мемлекеттік  кәсіпорындарды жекешелендіруге бергендегі қателіктер:

  • Жекешелендіру мен қор нарығының құрылуы үдерісінің интеграцияланбай түрде жүргізілуі;
  • Жалпы корпоративті саланың тартымсыз болуы;
  • Инвестициялық институттардың болмауы мен тиімсіз іс-әрекет жасауы.

      Бірінші бөлім бойынша жекешелендіру үрдісі жеке меншік институтын құруға негізделеді және жеке кәсіпкерлікті дамытуға бағдарланған, ал қор нарығына баса назар аударылмады, жаппай жекешелендіру кезеңінде

      акционерлік қоғамдар құрумен қор нарығының  құрылуы қатар жүруі қажет еді. Бірақ, жекешелендірудің чехиялық моделі бұл мақсатты іске асыра алмады. Жекешелендіру үдерісі ойластырылған экономикалық саясаттан қарағанда жаппай мемлекеттік меншіктен құтылуға ұқсайды.

      Ірі кәсіпорындарды жекешелендіру «көгілдір  фишкалар» үдерісі дұрыс өткізлмеді, себебі олар бағалы қағаздар нарығы мен қор нарығының дамуының басты қозғаушы күші болып табылады. Қазақстандағы ірі кәсіпорындарды жекешелендіру шетелдік инвесторларға сенімді басқаруға берілгені анық, олар болса өз кезегінде акцияларын нарықтық саудаға шығармады. Басқа постсоциалистік елдерде мысалы, Ресейде «көгілдір фишкалар» акцияларын нарықтық саудаға шығаруы ресейлік нарықта бағалы қағаздармен операциялар жасауға түрткі болды. Көптеген өндірістік кәсіпорындар өнімдері бәсеке қабілетсіз сондықтан инвесторлар инвестиция салмайды. «Көгілдір фишкалар» акциялары болса әлдеқайда тұрақты және табыс алып келеді.

      Бағалы  қағаздар нарығындағы ақпаратты  алу қиындығы да бағалы қағаздар нарығының  дамуын тежеуші факторлар санатында. Жекешелендіру дұрыс үрдісі де жабық түрде өткендіктен ақпараттар шындыққасай келмейді.

      Нақты сектордағы бағалы қағаздардың инвесторларды  қызықтырмауы. Мемлекеттік бағалы қағаздар басты инвесторы болып мемлекеттік  емес  
 

      зейнетақы қорларының болуы, бұл жағдайда мемлекеттік емес зейнетақы активінің бір бөлігін салымшыларға зиян келтірмей нақты секторға тарту қажет.

      Тағы  бір мәселе елдегі корпоративті саладағы кәсіпорындардың төмендегідей проблемаларының  болуы:

  • Негізгі құралдардың ескіруі мен ұзақ уақыт бойы жаңартылмауы;
  • Инфляция нәтижесінде айналым қорларының құнсыздануы;
  • Төменгі дәрежелі менеджмент (нарықтық жағдайға бейімделмеген).

      Мұндай  жағдайда қандай инвестор өз ақша қаражаттарын кәсіпорынға инвестициялайды. Бұл  проблемалар терең түрде зерттелуді талап етеді және бұл бағыттағы мемлекеттің саясатынсыз нақты секторды аяқтан тік тұрғызу мүмкін емес.                                                                                                           Мемлекеттік бағалы қағаздардың арасында көбісі қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар, бұл дегеніміз жаңадан эмиссиялық шығындарды жоғарлатады, сәйкесінше мемлекеттік шығындар жоғарлайды.

      Ресейлік  экономист Е.Ф. Жуковтың пайымдауынша Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының басты проблемасы болып жеке сектордың инвесторлар алдында ешқандай міндетті өз мойындарына алмауында, сол себепті мемлекеттік емес бағалы қағаздардың дамуы тежелуде. Сонымен қатар төмендегі факторлар да Қазақстанның бағалы қағаз нарығының дамуын тежеуде:

      - Қор нарығындағы капиталдың аздығы;

       -Ұлттық инвесторлардың корпоративті  бағалы қағаздар нарығында белсенді  қызмет атқаруға қаражаттың қол  байлау болуы мен жоғары тәуекелділік;

       -Қаржы нарығының қатысушыларының  мамандану деңгейінің төменділігі.

        Жоғарыда көрсетілген проблемаларды  шешу үшін шетелдік капитал   тарту қажет және ең бастысы Қазақстан Республикасындағы барлық салаларда қайта реформалар жүргізу арқылы ғана бағалы қағаз нарығынының дамуын жолға қоюға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                         Қорытынды 

      Жоғарыда  жүргізілген зерттеулер төмендегідей қорытанды жасап шығаруға мүмкіндік  береді.

      Біріншіден, бағалы қағаздар нарығының мәні мен  қызметтеріне кеңірек тоқталып өттім. Бағалы қағаздар нарығына былайша анықтама беруге болады. Бағалы қағаздар айналымы мен шаруалар арасында  жалпы экономикалық қатынас.  Бұл мағынада бағалы қағаздар нарығының номеклатурасы жеке тауарлар нарығына жатпайды, ол кез келген елдің қаржылық нарығының құрамдас бөлігі бағалы қағаздар нарығының  негізі тауарлық нарық, ақша және ақшалық капилал. Бағалы қағаздар нарығының  туындауы саудалық және жабдықтаушы операциялармен байланысты. Олар вексель мен коносаменттер сияқты бағалы қағаздардың туындауына түрткі болыпады.

      Екіншіден, бағалы қағаздар нарығының тікелей  ұлттық нарықта тұратын халықаратық ерікті капитал нарығымен байланысты. Бағалы қағаздар міндетінің  бірі ол бағалы қаржылық сатушылар мен сатып алушылардың көңілінен шығатын баға инвестицияларға толық қаражат жұмсауға қамтамасыз ету болып табылады.

      Үшіншіден, қазіргі кезде Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының құрылу кезеңімен салыстырғанда, едәуір дамығанын байқауға болады. Алайда, қазіргі бағалы қағаздар нарығының жағдайы әлемдік стандарттарда әлдеқайда төмен, дамыған елдерде бағалы қағаздар нарығы бірнеше ғасырлық даму тарихы мен  дәстүрі бар және барша экономикаға әсері орасан зор екенін көруге болады. Отандық қорларға жедел түрде дамуды талап етуде,  оның дамуы нақты секторға инвестиция салуды қажет етеді. Бағалы қағаздар нарығы ақпаратты алу қиындығы да бағалы қағаздар нарығының дамуын тежеуші факторлар болып саналады. Жекешелендіру үрдісі де жабық түрде өткендіктен ақпараттар шындыққа сай келмейді. Нақты сектордағы

      бағалы  қағаздар инвесторларды қызықтырмауы. Мемлекеттік бағалы қағаздардың  басты инвесторы болып мемлекеттік емес зейнетақы активтерінің бір бөліген салымшыларға зиян келтірмей нақты секторға тарату қажет.  Ресей экономисттерінің пайымдауынша ҚР бағалы қағаздар нарағының басты проблемасы болып, жеке сектордың инвесторлар алдында ешқандай міндетті өз мойындарына алмалды, сол себепті мемлекеттік емес бағалы қағаздардың тежеуде. Сонымен бірге, қор нарығы капиталының аздығы, ұлттық инвесторлардың копаративті бағалы қағаздыр нағығында белсенді қызмет атқаруға қаражаттың қол болмауы мен жоғары тәукелділік және тағы басқа осындай факторлар Қазақстанның  бағалы қағаздар нарығын дамуын тежеу.

Информация о работе Лизингтік қаржыландыру