Лизингтік қаржыландыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 12:03, курсовая работа

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығының дамуы мен оның проблемалары қазіргі нарықтық экономика жағдайында өзекті тақырып болып табылады. Бағалы қағаздар нарығындағы басты қиындық нарықтың ұзақ мерзім бойы қызмет атқармауында. «Бағалы қағаздар нарығы» атты курстық жұмыста бағалы қағаздар нарығына, бағалы қағаздардың түрлеріне кең тоқталынып өтіледі.

Содержание

Кіріспе
I -Тарау. Бағалы қағаздардың теориялық негіздері.
1.1 Бағалы қағаздар түсінігі және түрлері
1.2 Бағалы қағаздардың функциялары
II. Бөлім. Бағалы қағаздар нарығына сипаттама
2.1 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы
2.2 Бағалы қағаздар нарығының реттелуі
III-Тарау. ҚР-ның Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

багалы кагаздар нарыгы новая.doc

— 268.00 Кб (Скачать)
  • Мемлекеттік бағалы қағаздар;
  • Акциялар;
  • Облигациялар;
  • Коносаменттер;
  • Ипотекалық куәлік;
  • Туынды бағалы қағаз;
  • Жай қоймалық куәлік (Қоймалық + кепілдік куәлік);
  • ҚР-да айналымға түсуге болатын шетелдік бағалы қағаз;
  • Заң актілері бойынша бағалы қағаз болып табылатын өзгеде құжаттар.

      Қазақстандағы қаржылық құралдарды негізге ала  отырып бағалы қағаздар нарығының құрлымын былайша көрсетуге болады.

        

                  

        
 
 

        
 
 

      Сурет 1 Бағалы қағаздар нарығының құрлымы

      Акция акционердің акционерлік қоғамның табысының бір бөлігін дивиденд күйінде алуға, акционерлік қоғамның ісін басқаруға және оның жабылған кезде мүлкінің бір бөлігін алуға құқық беретін бағалы қағаз.

      Акция – акционерлік қоғамның капиталының  қатысушылығын куәландыратын  бағалы қағаз. Акцияларды мемлекеттік органдардан  басқа барлық акционерлік қоғамдар шығара алады. Корпарациялармен құрылған капитал өзіндік капиталдың бір бөлігі болып табылады және корпарация жабылған кезде бұл капитал қарыздық капиталдар (оның ішінде облигациялар бойынша) бойынша қарыз жабылғаннан кейін төленеді. Акционерлер салған акцияларының мөлшеріне сәйкес жауап береді. Сондықтан эмитенттің банкротқа ұшырауы кезінде инвестицияланған ақшалардың қайту кепілдігі жоқ.

      Акцияларды  былайша сыныптауға болады:

      1. Бір акционерден екінші акционерге  беру тәсілі бойынша:

  • Атаулы
  • Ұсынушылық.

      Атаулы  акциялар – бұл акциялардың иесі міндетті түрде акционерлер реестрінде тіркелуі тиіс.

      Ұсынушылық  акциялар акционерлер реестрінде тіркелмейді. Мұнда акционерлік қоғамдар акциялар иелерін білмейді.

      2. Табыс алуы бойынша:

  • Жай;
  • Айрықша.

        Айрықша акциялар бойынша табыстың  көлеміне қатыссыз табыс алады.  Акционерлік қоғамдардың жабылған  кезінде айрықша акция иелері  қарызы бірінші болып жабылады.

      Айрықша акцияларды өз кезегінде былайша  сыныптауға болады:

  • аккумулятивті – егер дивидендтер уақытылы төленбеген жағдайда олар барлығы жинақталып төленеді.

      - қайтарымды – басқа акциялардан  қарағанда мезгілсіз болуына  қарамастан эмитентпен жабылуы  мүмкін;

      - конверттелетін – шығарушы эмитенттің  жай акцияларына айырбастала  алады.

      - дауыс беру құқығы бар минималды дивиденд көлемі берілетін акциялар;

      - дауыс беру құқығы жоқ минималды  дивидендтер көлемі. Мұнда акционерлік  қоғам жабылған кезде мүлік  бірінші ретті төленді. Егер  акциялар бойынша дивидендтер  3 ай мерзімінде төленбесе акция  ұстаушылар акционерлік қоғам жарлығына сәйкес акционерлік қоғам жабылуы не қайта құрылуы мүмкін.

      Акционерлік қоғамдар тек атаулы акциялар шығара алады. Айрықша акциялар болса  2 түрге бөлінеді:

      1. дауыс беру құқығы бар минималды дивиденд көлемі берілетін   акциялар

       2. - дауыс беру құқығы жоқ минималды дивидендтер көлемі.

      Облигациялар  – ұстаушыға шығарушы жағынан  бағалы қағаздың номиналды құнын  не кей жағдайларда өзгеде мүліктік эквиваленттін алуға  құқық беретін  бағалы қағаз. Облигация ұстаушы  бағалы қағаздың номиналды құнының анықталған пайызын алуға немесе басқа да мүліктерді алуға құқық береді.

      Қосымша ақша қаражатын тарту мақсатында эмитент төлем уақыты 3 жылдан ерте емес және жарғылық капитал көлемінен  аспайтын облгациялар шығаруға құқылы

      Облигациялар  – эмитенттің  қарыздық міндеттерін бектетін құжат, ол активтерге қарсы қойылады. Облигациялар есебінде жинақталған капитал акционерлік капитал болып табылмайды. Облигация шығару – капиталды қарызға алудың бір түрі. Облигациялар бойынша жедел қарыздық міндеттемелердің төлеу кепілі болып эмитент табылады. Эмитенттің банкротқа ұшыраған кезінде оның мүлкінің бір бөлігін иеленуге облигация құқық береді.

      Корпорациялар үшін облигациялар акциялар сияқты инвестиция тарту көзі болып табылады. Алайда бұл бағалы қағаздардың айырмашылығы бар:

      1. Облигация иесі кредитор болса,  ал акция иесі корпарацияның  меншік иегері болып табылады.

      2. Облигация иегері  эмитент табысына  байланыссыз пайыз алады. Акционердің  акциялары жай акция болған  жағдайда акционерлік қоғамның  табысы болмаған кезде дивиденд алмайды.

      3. Облигация иегерінің дауыс беру  құқығы жоқ, акционерлер жиынына  қатыспайды, корпорацияның басқару  ісіне араласпайды Акционердің  мүліктік мүддесіне қатысты жайттарда  акционердің дауыс беру құқығы  болады.

      4. Облигация бойынша төлемдер корпорация шығындарына жатады           және салық төлеуге тиісті табысты азайтады. Салық салғаннан кейін қалатын таза табыс негізінде дивиденд төленді.

      5. Облигациялар белгілі бір мерзімге  шығарылса, акциялар мерзімсіз  бағалы қағаз болып табылады.

      Облигациялардың сыныпталуын былай көрсетуге болады:

      1. Эмитентке байланысты

  • мемлекеттік
  • жергілікті
  • корпаративті
  • шетелдік.                                                                                 10 

      2. Облигациялық қарыз мерзіміне  орай:

  • қысқа мерзімді 1жылға дейін
  • орта 1 жылдан 3жылға дейін
  • ұзақ 3 жылдан 25 жылға дейін

      3. Шығару түріне байланысты:

  • шоттағы жазба күйіндегі қолма қол емес облигация;
  • қолма-қол облигация.

      4. Иелік етуі бойынша:

  • ұсынушылық;
  • атаулы.

      5. Табыс алу тәсіліне байланысты:

  • табысты, компанияның жеткілікті пайдасы болған жағдайда ғана төленетін;
  • пайызсыз номиналды құнынан төмен, яғни дисконтпен сату;
  • қалқымалы пайздық, облигация бойынша пайыз банктік пайызбен теңгеріледі, бірақ белгілі бір деңгейден не жоғары, не төмен болмайды.

      6. Жабу тәсілі бойынша:

  • сериялық;
  • бір ретті.

      7. Айналу тәсіліне орай:

  • конверттелетін;
  • конверттелмейтін.

      8. Қамтылуына байланысты:

  • кепілдемемен қамтылған;
  • үшінші тұлғамен кепілдендірілген;
  • кепілдемесіз (қамтылмаған).

      9. Айналымына орай:

  • еркін айналымдағы;
  • айналымы шектелген.

         Мемлекетік бағалы қағаздар жергілікті  және орталық билік органдарымен 

      шығарылатын қарыздық бағалы қағаздар. Олар мемлекеттің  ішкі және сыртқы қарыздарының бір  түрі. Сыртқы нарықта мемлекеттің  еурооблигациялары айналымға түседі. Барлық мемлекеттік бағалы қағаз құжатсыз күйде шығарылады.

      Мемлекеттік бағалы қағаз әр түрлі тәсілдермен  орналастырылуы мүмкін (аукциондар, сауда, ашық сату, жабық тарату және т.б.). Кез  келген заңды тұлға мен жеке тұлға  сатып алушы бола алады. Халық, екінші деңгнйлі банктер, зейнетақы және инвестициялық қорлар мен сақтандыру компаниялары негізгі инвестор болып табылады. 

      2 Кесте Мемлекттік бағалы қағаздардың сыныпталуы. 

Сипаты Түрі
Эмитент түрі бойынша үкіметтік

жергілікті

Айналу  мерзіміне орай Қысқа мерзімді (1жылға дейін)

Ұзақ  мерзімді

Айналу  тәсілі бойынша Нарықтық

Нарықтан  тыс

Табыс алу тәсілі бойынша Пайыздық

Дисконтты

Біріктірілген

Инфляция  бойынша индекстелген

Құнсыздану  бойынша индекстелген

Пайыз аудару тәсілі бойынша Бекітілген  пайыздық мөлшер

Қалқымалы пайыздық мөлшер

Шығару  валютасына қарай Ұлттық валютада

Шетелдік  валютада

 

      Нарықтық  мемлекеттік бағалы қағаздар алғаш  рет орналасқаннан кейін еркін  қайта бөлініске түседі.

      Нарықтық  емес – белгілі бір уақыттан кейін  эмитентке қайтарылатын

      қайта бөлуге түспейтін мемлекеттік бағалы қағаздар.

      Дисконтты мемлекеттік бағалы қағаздар номиналды  құнынан төмен шығарылып, номиналды  бағамен өтелетін мемлекеттік бағалы қағаздар.

      Купонды бағалы қағаздар номиналды бағамен  шығарылып, қосымша пайызбен өтелінеді.

      Біріктірілген  - номиналды бағасынан төмен шығарылып, қосымша пайызбен өтеледі. 

    1. 2 Бағалы қағаздардың  функциялары
 

      Бағалы  қағаздар нарығының мәні мен қызметіне  кеңірек тоқталып өтсек. Бағалы қағаздар нарығына былайша анықтама беруге болады: бағалы қағаздардың айналымы мен шығарушылар арасындағы жалпы экономикалық қатынас. Бұл мағынада бағалы қағаздар нарығы басқа да кез келген нарықтан айырмашылығы жоқ. Айырмашылық ретінде тек зерттеліп отырылған нарықтың объектісін айтуға болады. Бағалы қағаздар нарығының номенклатурасы жеке тауарлар нарығына жатпайды, ол кез-келген елдің қаржылық нарығының құрамдас бөлігі. Бағалы қағаздар нарығының негізі тауарлық нарық, ақша және ақшалық капитал.

      Бұл нарықтың сыныпталуы бағалы қағаздардың  түрлерімен ұқсастығы бар және олардың  айырмашылығы төмендегідей:

  • Халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
  • Ұлттық және аймақтық нарықтар;
  • Нақты бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және т.б.) нарығының түрлері;
  • Мемлекеттік және мемлекеттік емес (корпоративті) бағалы қағаздар нарығы;
  • Бірінші және туынды  бағалы қағаздар нарығы.

      Бағалы  қағаздар нарығын қызметіне орай шартты түрде 2 топқа бөлуге болады: жалпы нарықтық және ерекше. Бірінші  топтың қызметіне мыналар жатады:

  • Коммерциялық – нарықта жүргізілетін операциялардан пайда табу қызметі;                                                                                                    13
  • Бағалық – нарықтық бағаның қалыптасуын және олардың қозғалысын қамтамасыз етеді;
  • Ақпараттық – сату объектілері мен қатысушылар жайлы ақпаратты шығарады және қатысушыларға жеткізеді;
  • Реттеуші – нарықтың сату және  қатысу ережелерін жасап, келеңсіздіктерді шешу, басқару органдары мен басқаруды ұйымдастыру.

Информация о работе Лизингтік қаржыландыру