Лизингтік қаржыландыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 12:03, курсовая работа

Описание работы

Бағалы қағаздар нарығының дамуы мен оның проблемалары қазіргі нарықтық экономика жағдайында өзекті тақырып болып табылады. Бағалы қағаздар нарығындағы басты қиындық нарықтың ұзақ мерзім бойы қызмет атқармауында. «Бағалы қағаздар нарығы» атты курстық жұмыста бағалы қағаздар нарығына, бағалы қағаздардың түрлеріне кең тоқталынып өтіледі.

Содержание

Кіріспе
I -Тарау. Бағалы қағаздардың теориялық негіздері.
1.1 Бағалы қағаздар түсінігі және түрлері
1.2 Бағалы қағаздардың функциялары
II. Бөлім. Бағалы қағаздар нарығына сипаттама
2.1 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы
2.2 Бағалы қағаздар нарығының реттелуі
III-Тарау. ҚР-ның Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

багалы кагаздар нарыгы новая.doc

— 268.00 Кб (Скачать)

      Кіріспе 

      Бағалы  қағаздар нарығының дамуы мен  оның проблемалары қазіргі нарықтық экономика жағдайында өзекті тақырып болып табылады. Бағалы қағаздар нарығындағы басты қиындық нарықтың ұзақ мерзім бойы қызмет  атқармауында. «Бағалы қағаздар нарығы» атты курстық жұмыста бағалы қағаздар нарығына, бағалы қағаздардың түрлеріне кең тоқталынып өтіледі.

     Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және одан әрі  өрістеу мақсатында қажетті шаралар  жасауда. Қазақстан Республикасындағы  меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизімдерінің бірі-акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизімі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алу мүмкіндігі туды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімдік жағдайда алуға мүмкіндік берді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмисияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шүғылданады.

     Дүние жүзіндегі барлық банктер бағалы қағаздар нарығында инвесторлар мен эмитенттер болып қана емес, сонымен қатар делдал ретінде де белсенді роль атқарады. Бірақ әр мемлекетте олардың қор нарығының ролі бірдей емес.

     Бағалы  қағаздар бизнесінде андерайтинг эмитентке  мұндай ақша сомасын бағалы қағаздарды сатудан түсетін жайлы кепілдік түрінде көрінеді.

     Қазақстандық  банктердің бағалы қағаздар портфелі негізінен акционерлік қоғамдардың  акциясынан құралады. Олар жақында  пайда болған және олардың болашағы белгісіз. Мұндай бағалы қағаздарға инвестиция салу несиелік салымдардың тэуекелділігі жақын болып келеді. Мұндай жағдайды мемлекеттік бағалы қағаздарды дамыту арқылы жеңуге болады.

     Қазақстанда экономиканың бюракратиялық капитализм және жеке кәсіпкерлік капитализм деген 2 түрлі даму жолын ұстанып банктер  бэсекелеседі. Экономиканы басқару тек қана меңщігі бар адамның қолынан келеді.

     Банктік бағалы қағаздар инвесторлар үшін де, салымшылар үшін де тиімді объект, ұзақ мерзімді жоспарласаңыз, ең тиімді ірі  және орта коммерциялық банктердің акцияларына  инвестициялау өте тиімді.

     Төлеушілік  экономикалық ресурстардың қалыпты  айналымын ақша құралдарын тоқтатып, көптеген әлеуметтік қарама-қайшылықтар  тудырады. Олардың ең қауіпті әсері, олар бір мекемеден екінші мекемеге тез ауысады. Нәтижесінде ортак  карыздың күрделі өрімі пайда болады.

      Бірінші тарауда бағалы қағаздардың түрлеріне  мемлекеттік  бағалы қағаздардың  ерекшеліктері, айналу шарттары мен  айналу мерзімдері баяндалады. Сонымен  қатар бағалы қағаздар нарығына сипаттама  беріледі. Нарықтың басқа нарықтардан  айырмашылығы мен ұқсастығы сараланады. Бірінші бөлімді жазуда Б. А.Көшеновтың  «Бағалы қағаздар нарығы» атты еңбегі мен Е.Ф. Жуковтың «Рынок ценных бумаг» атты еңбегі баса назарға алынды. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде Ресейлік экономистердің     Қазақстандық бағалы қағаздар жайлы айтқан мақалалары да негізге алынады.

      Бағалы  қағаздар дамуының ең басты кезеңіне  бағалы  қағаздардың  жаңа түрлері  еурооблигация  және еуроакция  нарығы.

        Екінші бөлімінде толығымен айтылған  және де осы екінші бөлімде   халықаралық айналымда  бұрыннан жүрген опциондар, пайызды фьючерстер және тағы басқа қаржылық құралдар сияқты қағаздардың  Лондон, Франкфурт-на-Майне, Чикаго, Конзас-Сити тағы басқа әлемдік биржаларда кеңінен тарағандығы туралы айтылған. Сонымен қатар бұл бөлімде халыаралық нарық қорының бағалы қағазы  және әлемдік бағалы қағаздар нарығының реттеу жолдары туралы мәліметтер берілген. Осы аталған  мәселелер курстық жұмыстың негізгі бөлім тақырыбының өте маңыздылығын көрсетеді.

      Үшінші  бөлімде Қазақстанның бағалы қағаз  нарығының құрылу тарихы, қазіргі ахуалы, проблемалары мен оларды шешу жолдары қарастырылады.  Бағалы қағаздар нарығының құрылуына түрткі болған жекешелендіру мәселесі, жекешелендіру нәтижесінде кеткен қателіктердің бағалы қағаздар нарығына әсері сипатталады. Бұл бөлімді жазуда ТМД елдерінің тәжрибесі, оның ішінде Ресейдің бағалы қағаздар нарығы негізге алынады.  Ресейлік экономист Е.Ф.Жуковтың пайымдауынша Қазақстан нарығына барлық постсоциалистік елдерге тән проблемалар бар. Олар шешудің жалғыз бір жолы елдегі реформаларды қайта қарастыру қажет деп пайымдалады. Курстық жұмыстағы кестелер статистикалық мәліметтер негізінде құрылды. 

                                                                                                                                      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    I -Тарау.  Бағалы қағаздардың теориялық негіздері.

               1.1    Бағалы қағаздар түсінігі және  түрлері

 

      Бағалы  қағаз - бағалы қағаз нарығының құралы болып табылады. ҚР Азаматтық кодексіне  сәйкес бағалы қағаз белгілі формасы  мен реквизиті бар, меншікті құқықты көрсететін, берілуі тек алушыға көрсетілген кезде ғана іске асырылатын құжат. Бұл – заңды анықтамасы. Тауар әлемінің 2 топқа бөлінуі бағалы қағаздардың экономикалық мағынасын ашады; тауарлар (материалды активтер, өндіріс құралдары және қызметтер) және ақша. Ақша жай ақша не қосымша ақша әкелетін капитал болуы мүмкін. Әрқашан заңды тұлғадан немесе жеке тұлғадан ақшаны басқа біреуге беру қажеттілігі болады. Әлемдік тәжрибеде ақша берудің 2 тәсілі бар – несиелендіру мен бағалы қағаздарды шығарып, айналымға енгізу. Тауар нарығында тауардың жолда не әлі шығарылмаған кездің өзінде тауарды біреуге беру қажеттілігі сияқты жағдайлар болады. Бағалы қағаз – ақша да, материалды тауар да емес.

      Бағалы  қағаздардың иесіне беретін құқығы бағалы қағаз құндылығын анықтайды. Сатып алушы өз капиталын бағалы қағазға айырбастай отырып меншік құқығын сақтайды және капиталдан түскен пайыз не дивидендті қолдану құқығын сақтайды.

      Тауар мен ақша қазіргі уақыттағы капиталдың бір түрі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша бағалы қағаз – нарықта тауар сияқты айналатын және пайда әкелетін капитал.

      Бағалы  қағаз – ерекше нарықта айналатын  ерекше тауар, бірақ нақты тауар, қызмет және ақша болып табылмайды. Бағалы қағаздардың ақшаға айырбасталуы негізгі қасиеті болып табылады (сату-сатып алу, эмитенттік қайтару т.б.). Оны есепке айырысуға, мұраға бірнеше жыл бойы беруге кепілдікке берілуі мүмкін.

      Осылайша, бағалы қағаз қатаң тәртіпке салынған өз иесіне табыс, құқық және міндетті үшінші бір тұлғаға келісім шарт жасаспай берілетін құқық.                                                                                                                            Бағалы қағаздарды бергенде ұсыну міндетті емес, яғни трансакциялық                                                                                                                                               шығындарды азайтады.                                                                                         4

      Бағалы  қағаздар қоғамдық маңызы бар қызметтерді  де атқарады.

  • мемлекет арасында, экономикалық салалар арасында, елдер арасында, топтар арасында ақша қаражаттарын бөледі.
  • капиталдан табыс алуға және капиталдың қайтуын қамтамасыз ету;

        Қазақстандағы бағалы қағаздардың  сыныпталуы. 

Сипаттама Бағалы қағаз  түрлері
Эмитент бойынша мемлекеттік

корпаративтік

жеке

шетелдік

Эмитенттердің міндеттері бойынша үлестік

қарыздық

тауарлы-бөлуші құжат

Аймақтық  айналымы бойынша аймақтық

ұлттық

халықаралық

Қолдану құқығы бойынша атаулы

ұсынушылық

ордерлік

Шығару  формасы бойынша құжаттық

құжаттық  емес

Айналу  уақыты бойынша мезгілсіз

мезгілді

  • қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
  • орта мерзімді (1 ж-дан 10 ж-ға дейін)
  • ұзақ мерзімді (10 жылдан артық)
Базистік  актив бойынша негізгі, туынды
Табыс төлеу тәсілі бойынша тұрақты төлеу

бірінші ретті төлеу

пайыз мөлшерінен тіркелген қалқымалы  пайыздық мөлшер

Табыс алу тәсілі бойынша инвестициялық

нарықтық

Эмиссия бойынша эмиссиялық

эмиссиялық  емес

Валюта  номиналы бойынша ұлттық валютадағы номинал

шетелдік  валютадағы номинал

екі жақты  белгіленген номинал

номиналсыз

Айналу  шарты бойынша қайтарымды

қайтарымсыз

 

      Барлық  бағалы қағаздар келесідей категорияларға бөлінеді:

      Негізгі бағалы қағаздар Бұлардың негізіне тауарлар, ақша, капитал, мүлік пен түрлі ресурстарға мүліктік құқық жатады.

      Туынды бағалы қағаздар. Базистік активке негізделген бағалы қағаздар (базистік активтерге баға, индекстер, пайыздық мөлшерлену). Туынды бағалы қағаздарға мыналар жатады: фьючерлік келісімдер (тауарлы, валюталы, пайыздық, индекстік және т.б.), варанттар, опцион еркін айналымы мен құқығы.

      Үлестік бағалы қағаздар кәсіпорын мүлкінің өтімді кезінде ие болуға құқық береді, жарғылық қордың құрылуына, табыстың бір  бөлігін алуға және кәсіпорынды  басқару ісіне араласуға құқық  береді. Акциялардың барлық түрі мен  инвестициялық пай үлестік бағалы қағаз болып табылады.

      Қарыздық  бағалы қағаздар эмитент пен қарыз  алушы арасында болатын қатнас, мұнда  клиент ақшаны белгіленген күні қосымша  пайызбен қайтарып беруді өз мойнына  алады.

      Бағалы  қағаздар меншік құқығы бойынша мынадай түрлері болады: Атаулы бағалы қағаздарда барлық иегерлер идентификацияланады.

      Ұстаушылар  туралы ақпарат реестрде болады, меншік құқығы біреуге өткенде олар қайта  идентификациялануы қажет. Ордерлі  бағалы қағаздар –бұлар бойынша құқық  бағалы қағазда көрсетілген тұлғаға тиесілі, олар бойынша операциялар бағалы қағаздардағы жеткізу жазбалары – индоссамент арқылы іске асырылады. Мысалы: Вексель, ипотекалық куәлік.

      Ұсынушылық  бағалы қағаздар бойынша құқыққа  ұсынушы тұлға ие болады. Бұл бағалы қағаздарды көрсету ондағы құқықтарды іске асыруға жеткілікті

      Құжатты – қағаз күйінде;

      Құжатсыз – шоттарда жазылған.

      Нарықтық  бағалы қағаздар – бағамдық айырма бойынша табыс алынатын бағалы қағаз.

      Инвестициялық бағалы қағаздар – дивиденд, купон, пацыз түрінде ағымдық табыс  алуға негізделініп, ұзақ мерзімге алынатын бағалы қағаз.

      Қайтарымды  бағалы қағаз – мерзімінен бұрын  өтелуі мүмкін.

      Қайтарымсыз – айналу мерзімі біткенше дейін  айналымнан шықпайтын бағалы қағаз.

      Айналымға мынадай бағалы қағаздар түсе алады:

Информация о работе Лизингтік қаржыландыру