Кәсіпорынның айналым капиталын қаржылық басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:24, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде ғылыми қызметкерлер айналым қаражаттарына, оларды жоспарлау және қолдану тиімділігі мәселелеріне жеткіліксіз көңіл бөледі. Айналым қаражаттарының теориясы бойынша батыс экономистері еңбектерінің аудармалары санының өсуіне байланысты белгілі терминалогиялық айырмашылықтар туандады. Бұрын жасалған зерттеулерді жарыққа шығарылған монографияларды және оқулықтарды талдай келе, көпшілік кездерде авторлардың айналым капиталы, айналым қаражаттары және айналым активтері тусініктерінің бір мағынада көрсететінін байқауға болады. Айналым қаражаттарын бақылау мәселелері ашылғанда, оларды ұйымдастырудың принциптері көрсетілмейді. Нормалауды жетілдіру сұрақтары терең түрде қарастырылмайды. Бұның бәрі тәжірибелік қызметте кері әсерлерге әкеліп соқтырады.

Содержание

Кіріспе
1 Кәсіпорынның айналым капиталын қаржылық басқарудың теориялық негіздері
1.1 Кәсіпорынның айналым капиталының мазмұны мен мағынасы
1.2 Айналым капиталынының құрамы мен құрылымы
1.3 Айналым капиталын қаржылық басқару саясаты
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ТАЗА АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ҚАРЖЫЛЫҚ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ЖШС «ҰЛАННЫҢ » АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорын айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау
2.2 ЖШС «ҰЛАН» кәсіпорнының құрылуы, қызметі және экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.3 “Ұлан” ЖШС-нің қаржылық-экономикалық қызметін талдау және кәсіпорынның дебиторлық қызметін басқару
3. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ҚАРЖЫЛЫҚ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Айналым активтерінің көлемін басқаруды жетілдіру
3.2 Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курсовой.docx

— 96.72 Кб (Скачать)

 

Өндірістік  мақсаттағы мүлік коэффициенті келесідей  шекті мәнге ие болады:

Кө ≥ 0.5. Егер ол 0,5-тен төмен түсіп кетсе  және кәсіпорынның өз қаржы жағдайы  жеткіліксіз болса, онда өндірістік мақсаттағы мүлікті ұлғайту үшін ұзақ мерзімдік займдық қаражаттарды тарту жөн болады.

Өндірістік  мақсаттағы мүлік коэффициенті 2012 жылы 0,29-ға тең болды, ол ұсынылған мәннен әлдеқайда төмен.

 

Кесте 2.5 - «Ұлан» ЖШС техникалық жағдайының 2012 жылдың көрсеткіштері.

 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі (мың тг)

Жыл басына

Жыл соңына

 

1

 Алғашқы құн бойынша есептелген  негізгі құралдар

мың тг

15 901

15 607

2

 Негізгі құралдардың тозуы

мың тг

599

1 133

3

 Қалдық құн бойынша есептелген  негізгі құралдар

мың тг

15 302

14 474

4

 Негізгі құралдардың тозу коэффициенті 

мың тг

3,77%

7,26%

 

5

 Негізгі құралдардың жарамдылық  коэффициенті

мың тг

96,23%

92,74%


 

 

 

 

 

 

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын сипаттайтын келесі бір көрсеткіш – қаржыландыру коэффициенті.Бұл коэффициент өзіндік капиталдың тартылған капиталға қатынасымен есептеледі:

Кқ = Өк / Тк   (2.2)             

Мұндағы, Өк - өзіндік капитал;

Кқ – қаржыландыру коэффициенті;

Тк - тартылған капитал.

 

Бұл коэффициент  кәсіпорын қызметінің қай бөлігі өз қаржысына, қай бөлігі жұмылдырылған  құралдармен қаржыландырылатынын  көрсетеді.

Қаржыландыру  коэффициентінің көлемі < 1 болған жағдай төлем қабілеттілігіне қауіп  төндіреді және несие алуға да өз кедергісін тигізуі мүмкін. «Ұлан» ЖШС-де бұл коэффициент 2012 жылдың соңында 1,65 тең болды.

Қазіргі әдебиеттерде кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық деңгейі бойынша  келесі төрт түрге бөліп жүр:

  1. қаржылық жағдайының абсолютті тұрақтылығы;
  2. қаржылық жағдайының кәдуілгі тұрақтылығы;

     3) тұрақсыз қаржылық  жағдай;

     4) дағдарыстық қаржылық  жағдай.

 

Еңбек ресурстарын талдаудың негізгі  мақсатына келесілер жатады:

    • кәсіпорынның, оның құрылымдық бөлімшелерінің еңбек ресурстарымен қамтылу деңгейі, олардың жіктелуі және біліктілік сипаттары;
    • кадрлар ағымдылығының жағдайын анықтау және зерттеу;
    • еңбек ресурстарын тиімді пайдалану резервтерін анықтау, соның нәтижесінде маңызды ұсыныстар жасау.

 

Кесте 2.6 - Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының  жағдайын жалпы бағалау

 

№ р/р

Көрсеткіштер

2011 ж.

2012 ж.

2012 ж. %-бен 2011 ж.

адам

%

адам

%

1.

Барлық қызметкерлер саны

92

100,0

97

100,0

105,4

1.1

Соның ішінде: - жұмысшылар

65

70,6

68

70,1

104,6

1.2

- басшылар

12

13,0

12

12,4

100,0

1.3

- мамандар

7

7,6

9

9,3

128,6

1.4

- қызметшілер

5

5,4

5

5,1

100,0

1.5

- басқалары

3

3,3

3

3,1

100,0

2.

Жас мөлшерлері

2.1

16-дан 24 жасқа дейін

6

6,5

8

8,2

133,3

2.2

25-тен 29 жасқа дейін

17

18,5

18

18,6

105,9

2.3

30-дан 49 жасқа дейін

57

62,0

60

61,9

105,3

2.4

50-ден жоғарылары

12

13,0

11

11,3

91,7


 

 

 

 

 




 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2.1 - Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар

 

 

Кәсіпорынның дамуының негізгі  көрсеткіштерінің серпінін төменде  келтірілген кесте бойынша талдаудан өткізуге болады:

 

Кесте 2.7 - «Ұлан» ЖШС-ң 2010-2012 ж.ж. дамуының негізгі  көрсеткіштері

 

Негізгі көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2010ж.

2011ж.

2012ж

%

1

Активтердің құны

мың тг

43100

75355

112020

259,9

2

Негізгі өндірістік қорлардың құны

мың тг

4900

6237

6948

141

3

Пайда

мың тг

82434

84791

92505

112,2

4

Жалпы шаруашылық шығындар

мың тг

73100

80701

89504

122,4

5

Қызметкерлердің орташа жылдық саны

адам

60

63

76

126

6

Қызметкерлердің орташа айлық еңбекақысы

мың тг

9200

11500

13000

141,3


 

 

 

Бір мерзімдік  келісім-шарттар бойынша шошқа  етін шошқа санының артықшылығына  ие болып отырған Павлодар облысынан (Алтын-Дән ЖШС; Прилинг ЖШС; Ертіс  АҚ ) сатып алынды.

Ет комбинаты  сатып алуға дайындалып жүрген құрылғылар жоғары сапалы өнім өндіруге және өндіріс  көлемін ұлғайтуға мүмкіндік  береді. Қазіргі уақытта кәсіпорын  келесі түрдегі өнімдерді шығарады:

    • Бұқтырылған сиыр еті;
    • Бұқтырылған қой еті;
    • Бұқтырылған қоспалар;
    • Бұқтырылған сүрленген;

 

"Ұлан" ЖШС-нің 2006 жылға дейінгі стратегиясын  құру кезіндегі маркетингтік  зерттеулердің негізгі тапсырмалары  болып мыналар саналады:

    • Тұтынушылар сұранысының ішінде аса ұнайтын өнім түрін анықтау;
    • Ұлғайған көлемді нарықтың игере алу мүмкіндіктері;
    • Бәсекелестердің, әсіресе шетелдік бәсекелестер өнімінің әлсіз жақтарын анықтау, және нарықтан ығыстыру мүмкіндігі;
    • Шикізат пен материалдардың шеткіліктілігі.

 

"Ұлан" ЖШС құрастырған даму бағдарламасы  мен 2006 жылға дейінгі өндірістік  бағдарламасы енгізуге жоспарланып  жүрген және бұрыннан енгізілген  өндіріс қуаттарының мүмкіндіктеріне  сүйеніп құрылды. Погрессивтік  құрал-жабдықтарды, технологияларды,  ораманың жаңа түрлерін енгізу  тек өндіру көлемін өсіріп  қана қоймай, сондай-ақ өнімнің  сапасын, тауарлық түрін, сыртқы  бейнесін, оның сақталу уақытын  біршама жақсартады.

Жоспарға  негізделген экономика тұсында  барлық өндірілген өнім мемлекеттік  тапсырысқа сәйкес ұқсату мекемелері – ет, сүт зауаттарына, астық қабылдау пункттері  мен іріленген қоймаларға тікелей жөнетілетін. Ал, ауыл шаруашылығы  кәсіпорындарында өнімді ұқсату, сауда  жұмыстарымен айналысу, өзіндік сауда  тораптарын құру т.б. үшін қолайлы ұйымдастыру-экономикалық шаралар көзделмейтін.

 

 

 

 

Кесте 2.8 - "Ұлан" ЖШС  бойынша 2011-2012ж.ж. негізгі экономикалық көрсеткіштері.

 

Негізгі көрсеткіштер

өлшем бірлігі

2011ж

2012ж

Ауытқу

%

1

Өнімді өткізуден түскен табыс

мың, тг

35640

47240

11600

133

2

Өнімнің өзіндік құны

мың, тг

23405

28300

4895

121

3

Жалпы табыс

мың, тг

12235

18940

6705

155

4

Кезең шығындары

мың, тг

7560

8323

763

110

5

Негізгі қызметтен түскен табыс

мың, тг

4675

10617

5942

227

6

Негізгі емес қызметтен түскен табыс

мың, тг

11590

12448

858

107

7

Салық төлегенге дейінгі табыс

мың, тг

16265

23065

6800

142

Таза табыс

мың, тг

11385

16145

4760

142

Өткізілген өнімнің 1тг кеткен шығын

Тг

0,87

0,78

-0,9

90

10

Өнім рентабельдігі

%

       

11

Сату рентабельдігі

%

0,32

0,34

0,02

106

12

Өндіріс рентабельдігі

%

13

19

6

146

13

Жұмысшылардың еңбек өнімділігі

Адам

584

705

121

121

14

Жұмысшылар саны

мың, тг

61

67

6

110

15

Еңбек ақы қоры

мың, тг

14640

16080

1440

110

16

Өндірістік негізгі құралдардың  орташа жылдық құны

мың, тг

 

33340

 

28506

 

-4834

 

86

17

Айналым құралдарының орташа жылдық құны

Тг

51842

41126

-10719

79

18

Амортизация

Тг

       

19

Қор сиымдылығы

 

0,9

0,6

-0,3

67

20

Қор қайтарымдылығы

 

1,06

1,6

0,54

151

21

Қормен қарулану

 

546,5

425,5

-121

78


 

Кестеде берілген көрсеткіштерді факторлық  талдау барысында төмендегідей қорытынды  жасауға болады.

Өнімді өткізуден түскен табыс. Әрине, өнімді өткізу ол кәсіпорынның шығарылған өнімнің ең соңғы кезеңі деп айтсақ болады және ол кәсіпорын үшін өте маңызды. Бұл өнімді өткізу жұмысының эффектісі оның цехтерінен, түскен табыстарының талдауында және тағы басқа қаржы көрсеткіштерінде байқалады, яғни өнімді өткізуден түскен табыс 2011 жылы 35640 мың тг құраса, 2012 жылы 47240 мың тг болып, 11600 мың тг-ге артты немесе 133%-ға өсті.

Өнімнің өзіндік құны. Бұл кәсіпорын жұмысшының қалай жүріп жатқанын сипаттайтын көрсеткіш. Жалпы алғанда, өнімнің өзіндік құны 2011 жылы 23405 мың тг құраса, 2012 жылы 28300 мың тг болып, 4895 мың тг-ге немесе 121% өсті.

Жалпы табыс. Жалпы табыстың соммасы 2011 жылы 12235 мың тг құраса, 2012 жылы 18940 мың тг болып, 6705 мың тг немесе 155% өсті.

Кезең шығындары. Бұл көрсеткіш жалпы шығындар, өнімді өткізуге кеткен шығындар, пайыз шығындары, курстық ерекшелік шығындары. Осылардың қосындысы кезең шығындарын береді және мұны 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 763 мың тг-ге өсті, яғни 110% өсті.

Негізгі қызметтен түскен табыс. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 4675 мың тг құраса, 2012 жылы 10617 мың тг болып, 5942 немесе 227% өсті.

Негізгі емес қызметтен түскен табыс. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 11590 мың тг құраса, 2012 жылы 12448 мың тг болып, 858 мың тг-ге артты.

Салық салғанға дейінгі табыс. 2011 жылы 16265 мың тг болса, 2012 жылы 23065 мың тг-ге өсіп 6800 мың тг құрады. Бұл көрсеткіштің осылайша өсуі әртүрлі факторларға байланысты.

Таза табыс. Бұл көрсеткішті есептеу үшін таза табыс соммасына, жиынтық табыс, салық, табыс салығы кіреді. Осы 2012 жылды 2011 жылмен салыстырғанда 4760 мың тг, яғни 142% өскен.

Өткізілген өнімнің 1 тг шаққандағы өнімі. Бұл көрсеткішті есептеу үшін өзіндік құн, кезең шығындары және түскен табыс кіреді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 0,87 болса, 2012 жылы 0,78 мың тг құрап, -0,9 мың тг көрсетіп отыр.

Өнім рентабельдігі 2011 жылы бұл көрсеткіш 0,52% болса, 2012 жылы 0,72% көтерілді.

Сату рентабельдігі 2012 жылы 0,2 теңгеге дейін кеміген, себебі өнімнің өзіндік құны 1,5 есе өскен.

Өндіріс рентабельдігі. Осы көрсеткіш кәсіпорын өндірісінің эффектілігін есептеуде қолданылатын ең негізгі көрсеткіш болып табылады. Ол өндірістегі 1 теңгеден алынған пайданы көрсетеді. Өндіріс рентабельдігі 146% өскен.

 Жұмысшылардың еңбек өнімділігі  өндіріс қызметінің нәтижелігін  көрсететін маңызды көрсеткіш. Бұл көрсеткіш бір адамның орташа жылдық өндіру көлемін сипаттайды. Ол 2012 жылы 168% өскен. Бұл жақсы нәтиже.

Информация о работе Кәсіпорынның айналым капиталын қаржылық басқару