Кәсіпорынның айналым капиталын қаржылық басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:24, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі кезде ғылыми қызметкерлер айналым қаражаттарына, оларды жоспарлау және қолдану тиімділігі мәселелеріне жеткіліксіз көңіл бөледі. Айналым қаражаттарының теориясы бойынша батыс экономистері еңбектерінің аудармалары санының өсуіне байланысты белгілі терминалогиялық айырмашылықтар туандады. Бұрын жасалған зерттеулерді жарыққа шығарылған монографияларды және оқулықтарды талдай келе, көпшілік кездерде авторлардың айналым капиталы, айналым қаражаттары және айналым активтері тусініктерінің бір мағынада көрсететінін байқауға болады. Айналым қаражаттарын бақылау мәселелері ашылғанда, оларды ұйымдастырудың принциптері көрсетілмейді. Нормалауды жетілдіру сұрақтары терең түрде қарастырылмайды. Бұның бәрі тәжірибелік қызметте кері әсерлерге әкеліп соқтырады.

Содержание

Кіріспе
1 Кәсіпорынның айналым капиталын қаржылық басқарудың теориялық негіздері
1.1 Кәсіпорынның айналым капиталының мазмұны мен мағынасы
1.2 Айналым капиталынының құрамы мен құрылымы
1.3 Айналым капиталын қаржылық басқару саясаты
2 КӘСІПОРЫННЫҢ ТАЗА АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ҚАРЖЫЛЫҚ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ЖШС «ҰЛАННЫҢ » АЙНАЛЫМ АКТИВТЕРІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорын айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау
2.2 ЖШС «ҰЛАН» кәсіпорнының құрылуы, қызметі және экономикалық көрсеткіштерін талдау
2.3 “Ұлан” ЖШС-нің қаржылық-экономикалық қызметін талдау және кәсіпорынның дебиторлық қызметін басқару
3. КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН ҚАРЖЫЛЫҚ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Айналым активтерінің көлемін басқаруды жетілдіру
3.2 Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

курсовой.docx

— 96.72 Кб (Скачать)

Ұ – жұмыс кезеңінің ұзақтығы, күндер.

 

Тауарлы- материалдық қорларды бағалау үшін мына  көрсеткіштері анықталады.

1. Есеп беру кезеңінде нақты-  шығындалған материалдар құны: (Р)

Р = Б+А+С

Мұнда:Б – есеп беру кезеңінің басындағы материал қалдығының құны;

А – есеп беру кезеңі ішінде алынған материалдар құны

С – есеп беру кезеңінің соңындағы материал қалдығының құны.

2.ФИФО әдісімен анықталатын есеп беру кезеңінің соңындағы материалдар қалдығының құны (СФИФО).

СФИФО –  КЗТ

Мұнда:КЗ – кезең соңындағы заттай көрінетін материал көлемі.

БТ – соңғы сатып алынған топтаманың материал бірлігінің бағасы.

3. ЛИФО  әдісі бойынша анықталатын есеп  беру кезеңінің соңындағы материал  қалдығының құны.

Слифоз * Б1

Мұндағы:Б1 – бірінші сатып алынған топтаманың материал бірлігінің бағасы.

1.2  Айналым капиталынының құрамы  мен құрылымы

 

Айналым қаражаты табиғи нысанын сақтайды және  аяқталғаннан кейін ақшалай  нысанды  қайтарылады:

Айналым қорлары 2 бөлімнен тұады:

- өндірістік айналым қорлары;

- айналыс қорлары.

Өндірістік  айналым қорлар:

- өндіріс  қалдықтары;

- аяқталмаған  өндіріс

- болашақ  кезең шығындары.

Айналыс қорларының құрамына:

- Дайын өнім – техникалық бақылаудан өткізілген шығындалған дайын өнмі. Олар өндіріс процесі сақталған соң, әрі қарай орап, қораптап сатуға дайындауға дейін қоймаларда сақталады. Дайындау жұмыстары жүргізіліп бітіп, қажетті құжаттар толтырылған соң, дайын өнім тұтынушыларға жөнелтіледі.

- Ақша құралдары – кәсіпорындардың материалдық ресурстарды сатып алуға, еңбек ақы төлеуге, мекемелерге атқарған қызметтері үшін төлемдер төленуіне жұмсалатын қаржысы.

Дебиторлық берешек – заңды ұйыммен немесе жеке адммен шаруашылық өзара арақатынастық қорытындысында, кәсіпорынға, ұйымға, мекемеге есептелген борыштың сомасы. Кәсіпорынның дебиторлық берешегі болуы кәсіпорын қаражатының тікелей көзделген мақсаттан басқа мұқтаждыққа жұмсалғандығы, демек кәсіпорын жұмысындағы елеулі кемшілік ретінде қаралады.

Айналым қаражатының нормативі – қаржы  жоспарында белгіленетін ақшалай қаражаттың ең аз мөлшері. Ол кәсіпорынға, бірлестікке, үйымға өзерінің қалыпты, толасыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тауар- материалдық құндылықтардың ауыспалы қосалқы қорларын құрау үшін қажет.

Айналым қаражаттары 2 түрге бөлінеді: меншікті айналым қаражаты және қарызға берілген айналым қаражаты.

    • меншікті айналым қаражаты – кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың  ресурстар жөніндегі тұрақты ең аз қажеттерді қамтамасыз ету үшін бекітілген нормативтерге сәйкес өздерінің тиесілі айналым қаражатының бір бөлігі.
    • қарызға берілген айналым қаражаты- кәсіпорындардың, бірлестіктердің және ұйымдардың айналым қаражатының қысқа мерзімді банк кредиті және айналымға тартынған қаржы есебінен құралған бөлігі.

Айналым қорлары мен айналыс  қаражаттары салынған ақшалар айналым  қаржыларын құрайды. Ұдайы өндірістің  қызмет көрсету процесі. Кезінде  айналым құралдарының кейбір бөліктері  бір уақытта әр түрлі кезеңдер мен әр түрлі айналым формаларында болады.

        Айналым қаражаттарын материалдық және ақша ресурстары құрағанымен оларды ұйымдастыру мен тиімді, пайдалану тек қана материалдық өнідіріс, процесінде ғана емес, сонымен бірге кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына да тәуелді.

Айналым құралдарын ұйымдастыру мыналарды  қамтиды:

- айналым  құралдарының құралы мен құрылымын  анықтау;

- кәсіпорынның  айналым қаражаттарына қажеттілігін  белгілеу;

- айналым  құралдарының қалыптасу көздерін  анықтау;

-айналым құралдарының сақталуы мен тиімді пайдалануға жауапкершілік;

- айналым  құралдарын мөлшерлеу және қайта  бөлу;

Айналым қаражаттарының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек  элементтерінің  арақатынасын айтады. Кәсіпорындағы айналым қаражаттарының құрылымын талдау жасау және оны  жетік білу маңызды мәселелерінің  бірі болып саналады. Себебі, белгілі  бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын  қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді.

Дебиторлық  берешек осы кәсіпорындағы айналымынан  оқшауландырылған қаражатты және оларды дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымдағы  борышкерлерді сипаттайды.

Аяқталмаған өндіріс үлесінің артқы, қоймадағы  дайын өінмдер айналымындағы  айналым қаражатының оқшауланғанын, сату  мөлшерінің, сонымен бірге  пайданың да азаюын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорындарда айналым қаражатының  құрылымын оңтайландыру және олардың  айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.

Кәсіпорында айналым қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты ме күрелілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.

Кәсіпорынның  мүмкін болып, сондай-ақ құндық  формадағы  айналыс қорлары мен айналым  қорларының жиынтығын көрсететін айналым  қаражаттары, активтері саналады. Бұл  кәсіпорынға қоймалар мен өндірісте  өндірістік қорларды құру, жабдықтаушылармен, бюджетпен есеп айырсу үшін, еңбек  ақыны төлеу үшін қажет ақша қаражаттары.

Айналым қаражаттарының құрамы ретінде айналым  қаражаттарын құрайтын элементтер жиынтығы түсіндіріледі. Айналым қаражаттарының өндірістік айналым қорларымен айналыс  қорларына бөлінуі олардың пайдалану  ерекшеліктері мен өнім өндірісі және оны сату салаларында бөлінуімен анықталады.

Негізгі өндірістік қорлар мен бірге үздіксіз өндіріс процесін қамтамасыз ету  үшін еңбек заттары, материалдық  ресурстар қасиеті.  еңбек құралдарымен бірге еңбек заттары, еңбек өнімін, оның тұтынушылық құнын құруға және  құнын қалыптастыруға қатысады.  Өндірістік айналым қорларының заттық элементтерінің айналымы органикалық  түрде еңбек процесі және негізгі  өндірістік қорлармен байланысты.

Кәсіпорынның  өндірістік айналым қорлары үш бөлімнен тұрады.

- өндірістік  қорлар;

-аяқталмаған өндірістік және жеке дайындалған жартылай фабрикаттар;

- болашақ  кезң шығындары. 

Өндірістік қорлар – бұл өндіріс процесінде  шығару үшін дайындалған еңбек заттары; олар шикізаттан, негізгі және көмекші материалдардан, отыннан, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен құрастырушылық бұйымдардан, ыдыс және ыдыстық материалдардан, негізгі қорлардың ағымдағы жөндеуге арналған бөлшектерден тұрады.

Аяқталмаған өндіріс пен жеке дайындалған  жартылай фабрикаттар – бұл өндіріс процесіне түскен еңбек заттары: материалдар, деталдар, өңдеуге немесе жинау процесіндегі бұйымдар, сондай-ақ кәсіпорынның бір цехтарында өндіріспен толық аяқталмаған және кәсіпорынның басқа цехтарында өндіріспен толық аяқталмаған және кәсіпорынның басқа цехтарында одан әрі өңделуге тиісті жеке дайындалған жартылай фабрикаттар.

Болашақ кезең шығындары – бұл берілген кезеңде өндірілетін жаңа өнімді дайындауға және иегруге кететін шығындарды  қамтитын, бірақ болашақ кезеңінің өнімін(мысалы, құрал-жыбдықты орналастыру, бұйымның жаңа түрлерінің технологиясын өңдеу мен құрастыруға кететін шығындар) қатысты шығындарды қамтитын айналым қорларының заттық элементтері.

Өндірістік  айналым қорлары өз қозғалысында сондай-ақ айналыс сферасына қызмет ететін айналыс қорларымен байланысты. Олар қоймалардағы дайын өнімді,  жолдағы тауарларды, ақша қаражаттарын және тұтынушылардың  өніммен есеп айырысу бойынша қара заттарды көбінесе дебиторлық қарыздарды қамтиды. Айналым  қорлары мен айналыс қорларын құруға бағытталған кәсіпорынның ақша қаражаттарының жиынтығын кәсіпорынның айналым қаражаттарын құрайды.

Кәсіпорынның айналым қаражаттарының құрамын келесідей сипаттауға болады.

Өндірістік  айналым қорына (100% 17 %)

- өндірістік  қорларда (70%)

- өндіріс  процесінде (25 %)

- болашақ  кезең шығындары (5 %)

- айналыс  қорлары (100% / 70 %)

- қоймадағы  дайын өнім (31%)

- тиелген  және жолдағы тауарлар 

- ақша  қаражаттары (25%)

- дебиторлық  қарыз ( 14%), есеп айырысудағы қаражаттар, банктердегі ағымдағы есеп айырысу  шоттары. 

- қалыпқа  келетін айналым қаражаты (30%)

Айналым қорларының жекелеген элементтері  немесе олардың құрмалас бөліктері  арасындағы арақатынас айналым қорларының құрылысы деп қарастыралады.

Нарықтық  экономикадағы өту жағдайындағы негізгі міндеттерідің бірі- бұл  ресурстарды үнемдеу принципін  бұлжытпай сақтаудағы өндірісті  қамтамасыз ету бойынша шаралардың жалпы  жүйесінде еңбек заттарын үнемдеу негізгі орынды алады, ал бұл дегеніміз – бұйымның сапасының  сенімділігі мен ұзақтылығына ешқандай  нұқсан келтірмей, өнім бірлігіне кететін  шикізат,  материал,  отын шығындарын азайту.

Қазіргі жағдайда айналым қорларын үнемдеудің экономикалық мағынасы келесілерден көрінеді.

- шикізат,  материал, отынның үлестік шығындарын  төмендету өндіріске үлкен экономикалық  мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.  Бұл ең алдымен осы берілген  материалдық ресурс көлемінен  көбірек дайын нім жасауға  мүмкіндік береді және сондықтан  да өндіріс ауқымын ұлғайтудың  маңызды алғышарттарының бірі  болып табылады.

- материалдық  ресурстарды үнемдеу, өндіріске  жаңа, неғұрлым тиімді экономикалық  материалды енгізу қайта  өндіру  процесінде  жекелеген салалар  арасында  неғұрлым прогрессивтік  операцияларды бекітуге, өнеркәсіптік  өндірістің неғұрлым жетілген  салалық құрылымына жетуге септігін  тигізеді.

- материалдық  ресурстарды тұтынуды үнемдеу  өндірістік қуаттарды қолдануды  жақсартуға және  еңбектің қоғамдық  тиімділігін арттыруға себептігін  тигізеді. Өткен, заттанған еңбектің  үлестік шығындарын азайтудың өзі қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуін көрсетеді. Бірақ мәселе тек мұнда ғана емес – материалдық ресурстарды үнемдеу сондай-ақ тірі еңбек шығындарын азайтуды білдіреді; материалды жеткізуге, тиеуге, сақтауға кететін жұмысшы күшінің салыстырмалы шығыны азаяды.

- материалдық  ресурстарды көп мөлшерде үнемдеу  өнеркәсіптік өнімнің өзіндік  құнын төмендеуіне әсерін тигізеді. Бүгінгі күннің өзінде материалдық  шығындардың  үлесіне өндірістің, барлық шығындардың ¾-і келеді, одан әрі өндірістің техникалық  деңгейінің өсуіне байланысты  өнімді өндірудегі жалпы шығындары  заттанған еңбек үлесі жоғарылайды  және сәйкесінше еңбек заттарын  және еңбек құралдарын қолдануды  жақсарту өндірістің қоғамдық  шығындарын үнемдеудегі негізгі  бағыт болып табылады.

- өнімнің  өзіндік құнын төмендетуге елеулі  әсер ете отырып, материалдық  ресурстарды үнемдеу кәсіпорынның  қаржылық жағдайына да оң әсер  етеді. Осыған байланысты экономикалық  тиімділік, айналым қорларын үнемдеу  мен пайдалануды жақсартудың  мәні өте үлкен, өйткені олар  кәсіпорынның өндірістік және  шаруашылық қызметінің барлық  жағына оң әсер етеді. 

Айналым қорлары мен айналым қаражаттарына  салынған ақшалар айналым қаржыларын құрайды.

 

1.3  Айналым капиталын қаржылық басқару  саясаты

 

Кәсіпорын қызметін басқару маңызды болып  табылады.  Оның ішінде ақша қаражаттарын басқару өте тиімді. Соған байланысты басқару саясаты қалыптасады. Оның өзі белгілі бір сатыда қалыптасады. Оларға: өзіндік құн, баға, капитал, табыс, дебиторлық қарыз, инвестиция, т.б. жатқызуға болады.

Өзіндік құн матераилдық - өндірістік қорларды бағалаудың негізі болып табылады. Алайда бұл қордың нарықтық бағасы өзіндік құннан төмен болғанда, есеп берушілікте нарықтық баға қолданылады. Материалдық өндірістік қорлардың  нарықтық бағасы – бұл кәсіпорынға  материалдық- өндірістік қорлардың  қандай да бір элементін  ауыстыру үшін қажет шығындар. Осыған байланысты нарықтық баға бұл жерде рынок  қорлар сатылатын емес, сатып алынатын рынокты білдіреді. Төмен баға ережесін қолдану,тексеру принципімен көзделген, өйткені қайта құрушы құнның төмендуі көп жағдайды сату бағасының төмендеуі  немесе осы бағаның нақты төмендеуін білдіреді. Көрсетілген мысалдар бойынша, айналым қаражаттарын басқару процесі  кәсіпорынның қызметінің  қаржылық  нәтижелеріне қалай әсер ететінін көрсетеді.

Кәсіпорынның  активтерін басқаруда негізгі  мақсат болып жалпы жағдайда кәсіпорынның тұрақты және жеткілікті төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін салынған капиталға  пайданы максималды ету болып  табылады. Экономикалық кризис жағдайында тұрақты төлем қабылеттілігі  табыстылықтан да маңызды.

Информация о работе Кәсіпорынның айналым капиталын қаржылық басқару