Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 23:29, курсовая работа
Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен дамыту экономикалық реформалардың негізі болуы тиіс.
Инвестициялық саясат ең біріншіден экономиканың тиімділігін өсіру және жоғарлату темпін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы мәселелерді шешуде республика экономикасына шетел капиталын тарту маңызды орын алады. Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту обьективті қажетті процес болып табылады.
Кіріспе......................................................................................................................3
I Күрделі жұмсалымдар түсінігі және бюджетін қалыптастыру
1.1 Күрделі жұмсалымдар түсінігі және оның түрлері........................................4
1.2 Күрделі жұмсалымдар бюджетінің мәні және маңызы.................................9
II Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар портфелін талдау
2.1 Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар қызметін бағалау.............................17
2.2 Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар тартымдылығына сипаттама..........21
III ҚР күрделі жұмсалымдар қызметтін жетілдіру бағыттары
3.1 Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар қызметінің даму жолдары..............26
3.2 Күрделі жұмсалымдар қызметті мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру.................................................................................................................27
Қорытынды .........................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................30
Қосымшалар ..................................................................................................
1998 жылы Қазақстанда инвестициялық ахуалды түбегейлі жақсартуға бағытталған тағы бір шара қабылданды. Яғни, осы жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылып, жұмыс істей бастады. Биыл құрылғанына сегіз жыл болатын оның қызметінің тиімділігін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Бұл Кеңес инвесторлар мүддесін қорғауда, қажет болған жағдайда республика басшылығына тікелей шығу арқылы күрделі мәселелерді шешуде көп іс атқарды.
Шетелдік инвесторлар кеңесінің сол мәжілісінде айтылғандай, 1995 жылдан бастап қазіргі күнге дейін елімізге келген тікелей инвестициялар көлемі шамамен 4,7 есе өскен екен. Сондай-ақ Елбасының өміршең инвестициялық саясатының арқасында 2002 жылы “Муудис” және 2004 жылы “Фитч” халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстанға ТМД елдері арасында бірінші болып инвестициялық сынып рейтингін берді. Қазіргі кезде жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көш бастап келеді. Егер бұл көрсеткіш Қазақстанда 1037,4 доллар болса, бізге ең жақын тұрған Әзірбайжандағы көрсеткіш 661 доллар екен.
Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші біз шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болғанын айта келіп, Елбасы бір кездері қаражаттың жетімсіздігі, негізгі қорлардың тозуы жағдайында Қазақстанның өзі орасан кен орындарын толық мәнінде игере алмағанын атап көрсеткен болатын.
Бұдан үш жыл бұрын Бүкіләлемдік банк Қазақстанды инвестиция салуға неғұрлым қолайлы жиырма мемлекеттің қатарына қосты. Әрі республика кірісі ортадан жоғары деңгейдегі елдер қатарында тұрғанын мәлімдеді. Жоғарыда айтылған агенттік сарапшыларының пікірінше, Қазақстан экономикасы және оның мемлекеттік қаржылары мұнай секторының қысымына тәуелді бола алмайды. Ол мұнай бағасының өзгеруіне төтеп бере алатындай неғұрлым қолайлы жағдайда тұр.
Иә, тұтастай алғанда инвесторлардың мұнай-газ саласына қосып отырған үлесі қомақты екені рас. Оған Қазақстанда әлемнің “Эксон Мобил”, “Шелл”, “Эни”, “ШевронТексако”, “Тоталь”, “Бритиш Петролеум”, “Лукойл” және Қытай ұлттық мұнай корпорациялары бар екені де дәлел. Осы мұнайдың арқасында еліміз экономикалық жүйені өзгерту кезеңін жеделдете алғаны анық.
Осылайша елдің экономикалық дамуындағы мұнай мен оған тартылған инвестиция факторының рөлін орынды бағалай отырып, өнеркәсіптің басқа салаларына да инвестициялық қаржылар құйылып жатқанын айта кеткен жөн. Тікелей инвестициялар қара және түсті металлургияның да тиімділігін көтергені анық.
Сонау 1997 жылы-ақ инвестициялар тартатын басым секторлар тізімі бекітілген болатын. Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, олар: өңдеу өнеркәсібі, жаңа елорданың нысандары, әлеуметтік сала мен туризм және ауыл шаруашылығы екенін атап көрсетті. Бұл салаларда әжептәуір ілгерілеушілік бар екені, өзгесін айтпағанда елордамыз Астананың жыл сайын емес, ай, апта санап көркейіп бара жатқаны да осы инвестициялық тартымдылықтың арқасы деп білеміз. Елбасы іске асырып отырған бүгінгі инвестициялық саясаттың мәні мен мағынасы терең әрі жан-жақты. Әрі оны елге тек шетелдік инвестициялар тарту ісімен ғана шектей салуға болмайды.
2008 жылмен салыстырғанда ТШО өнімнің өндірісі 60,1 теңгеге өсті және 245,3 млрд теңгені құрады. Өнеркәсіп көлемінің өсуі инвестицияның жоғарғы үлесінің бағытталуынан болып отыр. Өткен жылы өнеркәсіпке 150 млрд теңгедей инвестиция тартылды, бұл 2007 жылғы деңгейден 1,2 есеге, ал 2007 жылғыдан 1,8 есеге артық (4-сурет).
4 сурет. Өнеркәсіпке салынған инвестиция, млрд теңге.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты түрде дамуы шетелдік инвестицияларға тәуелді болмауға тиіс. Мұның сыртында қоғамдық өмірімізде орын алуы мүмкін қолайсыз факторларды да жоққа шығара алмаймыз. Елбасының тікелей ықпалымен Ұлттық қор құрылуының арғы астарында осындай стратегиялық мән бар деп білеміз.
Сондай-ақ осыдан үш жыл бұрын экономикамызды одан әрі дамыту үшін индустриялық-инновациялық даму жүйесі қабылданды. Даму банкі, Инвестициялық және Инновациялық қорлар, жаңа даму институттары құрылды. Бұған дейін баспасөзде хабарланғанындай, үш жарым жылда бұл институттар 1 миллиард 700 миллион долларға арналған жобаларды мақұлдады. Ол экономикалық үрдістерді басқарудың қағидатты түрдегі жаңа жүйесі екені белгілі. Соған сәйкес өткен жылы инновациялық инфрақұрылым негіздерін қалау жөнінде бірқатар шаралар қабылданды. Соның аясында, Қарағанды, Орал және Алматы қалаларында үш өңірлік технопарк ашылып, іске кірісті.
2008 жылдың 1-жартыжылдығында негізгі капиталға салынған инвестициялар 1052,4 млрд теңге болды, бұл 2007 жылдың 1-жартыжылдығындағыдан 25,2% көп. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың өсуі республикадағы 15 облыста байқалды (4-кесте). Көлемнің едәуір өсуі Шығыс Қазақстанда(1,9 есе), Ақмола(1,7 есе), Павлодарда(1,6 есе), Қостанайда (1,5 есе), Оңтүстік Қазақстан(1,4 есе), Маңғыстау, Алматы облыстарында(1,3 есе), алматы қаласында(1,5 есе), Астана қаласында ( 1,4 есе)байқалды. 2007 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі 2008 жылдың қаңтар-шілдесінде Қызылорда облысында байқалды(8,2%).
Кесте-2
Негізгі капиталға салынған инвестицияларды игеру
| Қаңтар, 2008 | 2007 жылдың қаңтарындағы көлеммен салыстырғанда, % | |
Млн. тг | Республикалық көлемдегі үлес салмағы, % | ||
Қазақстан Республикасы | 135689 | 100 | 120,1 |
Ақмола | 707 | 0,5 | 124,4 |
Ақтөбе | 4136 | 3,1 | 62,6 |
Алматы | 2672 | 2,0 | 126,1 |
Атырау | 68419 | 50,4 | 143,3 |
Шығыс Қазақстан | 2331 | 1,7 | 124,5 |
Жамбыл | 230 | 0,2 | 126,5 |
Кесте-4 жалғасы | |||
Батыс Қазақстан | 1284 | 0,9 | 95,9 |
Қарағанды | 3752 | 2,8 | 34,5 |
Қостанай | 1332 | 1,0 | 100,1 |
Қызылорда | 1669 | 1,2 | 33,9 |
Маңғыстау | 6556 | 4,8 | 99,2 |
Павлодар | 1813 | 1,3 | 114,6 |
Солтүстік Қазақстан | 673 | 0,5 | 212,6 |
Оңтүстік Қазақстан | 1459 | 1,1 | 103,9 |
Астана қ. | 19251 | 14,2 | 170,3 |
Теңізшевройлдың ішкі және сыртқы клиенттері қаржылық басқарма қызметтерін пайдаланушылар болып есептелінеді. Ішкі клиентер қатарына: кәсіпорын қызметіндегі және басқа да бөлімдердегі қызметкерлер мен басшылық (мысалы: өндіріс бөлімі, маркетинг, геологиялық барлау жұмысы, жоспарлау, заңдылық, үкімет және қоғамдық ұйымдармен байланысты мамандар) жатады. Сыртқы қолданушыларға бәрінен бұрын «серіктестіктер» жатады- «Теңізмұнайгаз» акционерлік қоғамы, «Мобиль», «Шеврон» және «Лукарко», олардың сәйкесінше Теңізшевройлда келесідей үлестері бар: 25% , 45% және 5%, басқа да сыртқы қолданушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, жабдықтаушылар және Теңізшевройл мұнай және өнімдерін тұтынушылар жатады.
5 Сурет. ТШО –ның сыртқы қолданушылар деңгейі
Алдыңғы қатарлы экспортерлерге жататын тоғыз мемлекет дамыған мемлекеттер қатарына жатады және Қытай дамушы елдер қатарында. Бұл тізімде Германия бірінші орында, оның экспорт көлемі 2003 жылы $748,4 млрд.-ға келді, бұның өзі әлемдік экспорттың 10% қамтиды. Одан кейін АҚШ (9,7%), Жапония (6,3%), Қытай (5,9%), Франция (5,1%), Ұлыбритания (4,1%), Голландия (3,9%), Италия (3,9%), Канада (3,6%), Бельгия (3,4%).
Аталған мемлекеттер тауарлар мен қызметтердің әлемдегі негізгі импортерлеріне жатады. Бірақ мұндағы бірінші орын - АҚШ-та, 2003 жылы бүкіл дүниежүзілік көрсеткіш бойынша 16,8% немесе $1305,6млрд.долл. Қытай (5,3%), Франция (5%), Ұлыбритания (5%), Жапония (4,9%), Голландия (3,4%), Италия (3,7%), Канада (3,2%), Бельгия (3%).
Әлемдік өндіріс бойынша шикізатты өңдеу өнеркәсібі алдыңғы қатарда дамып келе жатыр. Мысалы, егер 1950 жылы шикізатты өңдеу саласында өндіріс көлемі 1995 жылмен салыстырғанда 12% ғана құраса, өндіру саласында - 27%, агросалада - 34% болса, 2003 жы-лы бұл көрсеткіштер сәйкесінше 126%, 113%, 120%-дық көлемде болды.
III ҚР инвестициялық қызметті жетілдіру бағыттары
3.1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің даму жолдары
Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетіміздің экономикалық мүмкіндіктеріне сенім білдіріп, елімізге жаңа идеялар мен технологиялар әкелген шетелік инвесторларға әркез қолдау көрсетіп жүр. Бұл елдің ертеңін ойлағаннан туған риясыз іс екені анық. Өйткені, Елбасының өзі атап көрсеткендей, бізге болдық-толдық деуге әлі ерте.
Елімізге қосымша инвестициялар тартуда, жаңа технологиялар мен сапаның жаңа стандарттарына жету жолында Қазақстанға әлі де көмек, қолдау қажет екені анық. Бізде экономикалық белсенді халық саны әлі де болса шектеулі екені белгілі. Екінші жағынан, бүгінде елде өндірістің өсу қарқыны жоғары. Мұның өзі мемлекетке оның әр түрлі салалары бойынша кәсіби шеберлігі жоғары кадрлар әзірлеуді күн тәртібінен түсірмеуді жүктейді. Бұл ретте шетелдің озық тәжірибелерінен үйренгеннің ешқандай жаттығы болмаса керек. Елбасы ойы бізге осы қағиданы меңзейді. Республикамызда қолға алынған индустриялық-инновациялық жүйе де бірінші кезекте білікті кадрларға деген сұранысты туғызары хақ. Аталған бағдарлама мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына өтуіне қолайлы алғышарттар қаламақ.
Елбасы былтырғы жылғы мамыр айында Батыс Қазақстан облысына келген іссапары кезінде біздің Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде болып, мұндағы оқу-тәрбие ісінің сапасына, оның нақты өндіріспен байланысының оң жолға қойылғанына ризашылығын білдірді. Әлбетте, бұл сенім аймақтық ЖОО ұжымын қанаттандырады. Әрі жауапты міндеттер жүктейді. Ізденісті жалғастыра беруді ұқтырады.
Сонымен, Қазақстандағы инвестициялық тартымдылықтың сыры неде дегенге келетін болсақ, біріншіден, жоғарыда айтылғандай, Елбасының мұнай-газ саласындағы ресурстарды игеруге жол аша білуі деп айта аламыз. Бұл орайдағы Нұрсұлтан Әбішұлының жеке еңбегі мен оралымдылығы, шетелдік инвесторлармен ортақ тіл табыса алуы атап айтуға тұрарлық жәйт деп білеміз.
Тағы бір айтарымыз, елімізде жоспарланып отырған жеті кластердің де инвестициялар үшін атқарар рөлі зор. Сондықтан болса керек, Шетелдік инвесторлар кеңесінің соңғы отырысында Мемлекет басшысы осы аталған салаларға назар аударулары қажеттігін атап көрсетті. Әрі инвесторлар оған бет бұра қалған жағдайда белгілі бір ынталандыру шаралары да белгіленетінін ұқтырды.
Осы соңғы мәжілісте қозғалған мәселелер бір ғана Қазақстанның көлемімен шектеліп қалмай, тұтас Орталық Азия өңірін, ондағы инвестициялық ахуалды қоса қамтыды. Кеңестің қорытындысы туралы ой қозғаған Еуропа Қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер елдің бүгінгі даму қарқыны жаңа инвесторлар тартуға жол аша алады деп мәлімдеді. Бұл пікірге біз де ден қоямыз.
Осылайша өнеркəсiбi дамыған елдердiң кiрiсiнiң 1/5-ге жуығы мен дамушы елдердiң кiрiсiнiң 1/3-ге жуығы тiкелей экспортқа қатысты. Тəуелсiз эксперттердiң бағалауынша дүние жүзiнде өңдеу өнеркəсiптерiнiң 40-50% қолданыста жəне 10-12%-ға жуығы қызмет көрсету саласында əлемдiк кiрiстi қайта бөлудiң негiзгi құралы болып табылатын сыртқы саудамен тiкелей немесе жанама байланысты.
Ғаламданудың ұлттық экономикаға əсер етуiнiң кейбiр аспектiлерiне ерекше назар ау-дару керек. Ең алдымен, бұлар əлемдiк сауданың темпiнен асатын тiкелей шетел инвестицияларының өсуiнiң өте-мөте жоғарғы қарқыны болып табылады. Бұл капитал са-лымдары ұлттық экономикаға тiкелей əсер көрсететiн əлемдiк мекемелер құрылуында, өнеркəсiптiк қайта құрылымында, технологияны трансферттеуде, ұдайы өндiрiс процесiнде басты роль атқарады.
Сапалы серпім капиталдар нарығында да байқалуда. 2003 жылы Тікелей шетел инвестициялардың (ТШИ) жалпы көлемі 1982 жылы болған көрсеткішінен 10,4 есе үлкен, ал ТШИ шығарылуының жалпы көлемі - 14 есе ұлғайған болатын.
2012 жылы ғаламда тікелей шетел инвестициялардың кему тенденциясы әлі болуда (үш жыл қатарына), 67200 млрд.теңге. шамасында (7-кесте). Бұл жерде дамыған мемлекеттерге ТШИ көлемінің кемуі себепті, бұл көрсеткіш 2006 жылмен салыстырғанда 25% кеміп, 44040 млрд. теңгені құраған. ТШИ-ң өсу динамикасы 111 мемлекетте болып, кему динамикасы 82 мемлекетте болды. Негізінен ТШИ-ң өсу динамикасы дамушы елдерде болуда, бірақ бұл көрсеткіш тек Африка мен Тынық мұхит аймағында ғана өскендігін көрсетті, ал Латын Аме-рика мен Кариб бассейні аймағында кему тенденциясы байқалды. Осыған қарамастан, 2004-2005 жылдары трансшекаралық қосылу мен жұтылу көрсеткішіне қарасақ, өсу динамикасы-на ие болуда.