Күрделі жұмсалымдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 23:29, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен дамыту экономикалық реформалардың негізі болуы тиіс.
Инвестициялық саясат ең біріншіден экономиканың тиімділігін өсіру және жоғарлату темпін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы мәселелерді шешуде республика экономикасына шетел капиталын тарту маңызды орын алады. Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту обьективті қажетті процес болып табылады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3

I Күрделі жұмсалымдар түсінігі және бюджетін қалыптастыру
1.1 Күрделі жұмсалымдар түсінігі және оның түрлері........................................4
1.2 Күрделі жұмсалымдар бюджетінің мәні және маңызы.................................9

II Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар портфелін талдау
2.1 Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар қызметін бағалау.............................17
2.2 Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар тартымдылығына сипаттама..........21

III ҚР күрделі жұмсалымдар қызметтін жетілдіру бағыттары
3.1 Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар қызметінің даму жолдары..............26
3.2 Күрделі жұмсалымдар қызметті мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру.................................................................................................................27

Қорытынды .........................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................30
Қосымшалар ..................................................................................................

Работа содержит 1 файл

курдели жумасалымдар.doc

— 1.47 Мб (Скачать)

        

Нақыт инвестициялар

 

Материалдық активтерге инвестициялар

 

Жалпы инвестициялар

 

Мемлекеттік инвестициялар

        

Жеке инвестициялар

1-сурет Негiзгi белгiлерi бойынша инвестициялардың сыныптамасы

 

Мультипликативтi эффектiнiң мәні өндіріс инвестициялық шығындар әсерінің  күшеюiнде. Қосымша инвестициялаудың мультипликатор конценциясы жәй ғaнa инвестиция мен өндiрiс өндiрiс көлемiнiң өcyi арасындағы тәуелдiлiгiнiң бар eкeнiн ғaнa айтып қоймай сонымен қaтap оны жеткiлiктi түрде қaтaң пайымдайды да экономикалық активтiлiгiн оның iшiнде ЖІӨ деңгейін анықтайтын факторда болып келедi.  Инвестиция теориясында мулипликатордың әcepi  акцелерация қағидасының толықтырылады. Ол өз кезiнде өндiрiс көлемiнiң өсiп содан кейiн инвестицияның да өcyiнe алып келедi. Бұл жерде бiз экономикалық өcyiнiң төмендеуiмен бәсеңдеуi инвестиция қарқынның төмендеуiне тiптi дезинвестициялауға алып келеді.

 

 

II Кәсіпорынның инвестициялық портфелін талдау

2.1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін бағалау

 

“ТЕҢІЗШЕВРОЙЛ” ЖШС (ТШО) 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Шеврон Оверсиз компаниясының арасындағы келісімге қол қою нәтижесінде алғашында біріккен кәсіпорын болып құрылды. Келіссөздер нәтижесінде пайда болған бұл кәсіпорынға сол кезде тең еш кәсіпорын болған емес. Ал орталық Азияның болашақ инвесторлары ТШО-ның “Теңіз” кен орны мен оған тиесілі территорияны игеру мен пайдалану бағытындағы жұмыстарын бақылап отырды. Сол кезден-ақ Қазақстан территориясының Үкіметі ме халқы кәсіпорынның маңыздылығын сезінді.

ТШО – ның стратегиялық мақсаты – тиімділігі мен табыстылығы жағынан  әлемдегі ең алдыңғы қатарлы мұнай-газ кәсіпорны дәрежесіне жету.ТШО қызметінің негізгі бағыттарын осы айқындайды.

Қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау бойынша жетекші орынға шығу. Өндірістегі қауіпсіздік техникасын сақтау, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау істеріне ең жоғарғы талаптар қойылды[7;10].

Қазақстан жұртшылығының қадір - құрметіне бөлену – ТШО үшін айрықша маңызды мәселе, бұл орайда өндірістік мақсаттар айқын белгіленген.  Қазақстандық тауарлар мен қызметтерді пайдалануға қатысты қазір  қолға алынып түбірінен жаңа тәсілдеме, ТШО жоспарлары мен қызметі жөнінде жұртшылықты егжей-тегжейлі хабардар етіп отыру – кәсіпорын стратегиясының маңызды құрамдастары болып табылады.

Кадрлар әлеуетін жоғарылату үшін ТШО әрбір маман мен тұтас ұжым біздің алға қойған мақсаттарымызға жетудің барынша пәрменді әдістерін іздестіруге  ат салысатындай жағдай қалыптастыруға тырысады.

Көптеген  шетелдік  фирмалар  Қазақстан  Республикасының  шеңберінде  өз   қызметтерін  жүргізе отырып,   ел  ішінде  инвестициялық  қызметін  атқарады.  Яғни үлкен  қаржы салымдары  бойынша  операциялар  жүргізеді.  Мысалы,  Қазақстанда өз  қызметін жүргізіп жатқан  бірлескен  компаниялар.  Солардың  бірі – Теңізшевройл   ЖШС.

  Теңізшевройл  ЖШС-  теңіз  мұнай кен  орны  әлемдегі  ең ірі  кен  орындарының  бірі.  Ол  ұлттық  экономика  үшін  өте  маңызды. 

ШГА/  ЕБЖ  (шикі газ  айдау  және  Екінші буын  Жобасы )  құрылысы  қазақстандықтар үшін мыңдаған  жұмыс  орнын  құруға  мүмкіндік  береді-  жобалаушылар,  инженерлер,  менеджерлер  және  құрылыс жұмысшыларына- жаңа болашаққа  жол  салады.

Жобаның  негізгі басымдықтарының  бірі-  жергілікті   және жалпы  қазақстандықтарды  жұмыспен  қамтуды  ұлғайту.   

ШГА/ЕБЖ  жобаларында  жаңа машықтар  мен  технологиялар енгізіледі,  жаңа  мүмкіндіктер- жаңа   инфрақұрылымға  жол  ашылады-  жергілікті және  ұлттық  экономиканың  ұзақ  мерзімді дамуына  қолдау  береді.

ЕБЖ-ның  тағы да көптеген  жетістіктері  бар.  Олар:

- жоба ауқымында  қазақстандық   тауарлар  мен  қызметтерге    550  миллионннан  астам  АҚШ  доллары  жұмсалады.

-Біріккен  Құрылыс  Корпорациясы, Интергазстрой  және  Мұнайгазқұрылыс  компанияларына  тағайындалған   құны  100 миллион  АҚШ  долларын  құрайтын  Шаңырақ  құрылысшылар  ауылының  нысандарын  салу  келісім  шарты  -  Қазақстан  компаниялары  консорциумына  тағайындалған  келісім  шарттардың  ең  ішіндегі ірі  инженерлік  және  құрылыстық  келісім  шарт. 

Жергілікті әкімшіліктің  еңбекпен  қамту  бөлімімен  тығыз  байланыста  жұмыс  жасау  барысында  Жобаның  қаржыландыру  шаралары  шеңберінде  Атырау  қаласындағы  тұрмысы нашар   адамдарға  материалдық,  дәрігерлік   қызмет  көрсету  және  жетім  балалар  үшін   көмек  көрсету  секілді  шаралар  жүргізіледі.  Жоба  Құлсары  қаласындағы  Қосшағыл  жетім  балалар  үйін  өз  аясына  қамқорлыққа  алды. 

Тағы  бір  қайырымдылық  істерінің  бірі  - Құлсары  қаласындағы  Жылыой  Аудандық   Орталық  Ауруханасына  рентген    аппараты  мен  екі  дәрігерлік   автокөлікті сыйға  тарту.

Жергілікті жұртшылықпен  жұмыс  жасау  -  қазақстандық  компанияларға  шетелдік  компаниялармен   келісім  шарт  бәсекесіне  түсу  жағдайларын  жасау  ғана  емес,  бұл  Жоба  жұмыстарын  орындау  мақсатында   оқыту  бағдарламаларын  енгізу  және  жергілікті  тұрғындарды  еңбекпен  қамтамасыз  ету мүмкіндігін  жасау.

Жыл  сайынғы  шаралар  кезінде  бірінші  қажеттілктегі  ұн,  күріш  және  макарон  тағамдарын  Атырау  аймағында   тұратын  жұмыссыздар,  жұмысқа  жарамсыздар   мен  тұрмысы  нашар  жанұяларына  таратылады. 

Жобада  8000  астам  адам  жұмыс  істейді. 2000  астам  қызметке  дайын   жергілікті жұмысшылар  туралы  дерек  қоры   жоба  жұмысының   нағыз  қызған  шыңында  құрылысқа  қажетті  2350  орынды  толтыруға  көмектесті.

Жоғары   стандартқа  сай  оқытылған  жергілікті   жұмысшылар  ТШО  ШГА /ЕБЖ жобаларының ең маңызды құрамы  болып табылады. 

2002жылдың  басында   Қазақстан бойынша  ұйымдастырылған  кәсіптік-  техникалық  оқыту  орталығының  Ашық  Есік  Күндері  осы  Жобада  жұмыс  жасауға  үміттенген  мыңдаған  адамдардың  көңілін  аударды.  Ашық  есік  күндері  осы  аймақтың  жұмыс   жағдайын  білуге   мүмкіндік  берді, сонымен  қатар  кәсіби  оқыту  бағдарламасын  енгізу  туралы  дұрыс  шешімдер  қабылдауға  ықпалын  тигізді.

Қазақстанда  осы  типтегі  ең бірінші  және  ең  үлкен  орталық  ТШО-ны  халықаралық  кәсіптік-  техникалық  стандартпен,  сонымен  қатар  қауіпсіз,  тиімді  және  сапалы  жұмыс  жасай  алатын  жергілікті  жұмысшылармен  қамтамасыз  етеді.  

Жыл  сайын  өтетін  ТШО  Чили-  Кук  ОФФ  қайырымдылық  шарасына  Теңіздегі  1000  астам  жұмысшылар    мен  қосымша  мердігерлер  қосылып,  нәтижесінде   одан  түскен  қаржы   қайырымдылық  қорына  аударылды. Нәтижесінде  өткізілген  шаралар  қорға  165000  астам  АҚШ  долларын  түсіруге  мүмкіндік    берді.      

Яғни,  компания  өз  қызметі  барысында   жергілікті  халыққа    әлеуметтік  және  материалдық  көмек  көрсетіп  отырады. 

   Өнеркәсібі  дамыған  елдер   ұлттық  және   ұлтаралық   деңгейде  капиталдың  экспорты мен  импортын    ынталандыру  арқылы  оның  жедел  ауысуына  әсер  етеді.

Қарыз,  портфельдік  инвестиция т.б. нысандағы   капиталдар  қозғалысына   кедергілердің  барлығы  жойылуы  керек.

Экономикадағы  ұлтық  мүддені  қорғау  үшін  өнеркәсібі  дамыған  мемлекеттер,  керек болғанда,  тікелей  шетел  инвестицияларына  тосқауылдар  да  қоя  біледі. Айта кететін нәрсе,  капиталды  шетке  шығару  процесі  капталды тарту  процесімен  салыстырғанда  кемдеу  реттеледі. 

Шетелдік  инвестицияларды   Қазақстанға   тарту   мынадай   мәселелерді  шешуге  көмектеседі:

-экономикалық  және  техникалық  прогресті  жеделдету;

өндірістік  аппаратты  жаңарту  мен  қайта  жарақтандыру;

- өндірісті  ұйымдастырудың  үздік  әдістерін  үйрену;

-  нарықтық экономиканың  талптарына  сай  кадрларды  дайындау;

Жалпы,  инвестициялармен  үйлестірілген  және  оралымды  жұмыс  жүргізу  бір  кезеңнің  ғана  міндеті  болып  қалмай,  үнемі  тұрақты  түрде  атқарылатын  іс- қимылдар  кешеніне айналуы  тиіс.

Теңіз мұнай қоры 1979 жылы ашылған және соңғы 25 жылда ашылған ең ірі мұнай өндірісі болып есептелінеді. Қазіргі таңда мұнай қорының бағалануы бойынша теңіз өз қойнауында 3 миллиард тоннадан астам мұнай, 1800 миллиард текше метр жолшыбай газдың қорын иеленуде.

        2 Сурет. ТШО кәсіпорындарының қызметкерлернің орташа еңбекақысы

 

 

2009 жылғы 4 тоқсанда ТШО кәсіпорының қызметкерінің орташа айлық еңбек ақысы 55085 теңге болды, алдыңғы жылдың 4 тоқсанының көсеткішінен- 30 % жоғары.

«Теңізшевройл» қазіргі таңда бұрынғы КСРО территориясындағы ең ірі кәсіпорын болып саналады.

2007-2008 жылдар аралығында «Теңізшевройл» елеулі жетістіктер қатарына қол жеткізді. Стратегия өзгерту және мүнай тасымалының әр түрлі жолдарын иегере отырып, бірінші уақыттарда өнім экспортына байланысты туындаған біршама қиындықтарды шешуге мүмкіндік пайда болды.Сәттілікке қол жеткізуде «Теңізшевройл» үкіметінің министрліктермен, ведомстволықтарымен және комитеттерімен тығыз қарым-қатынас және әр түрлі Ресейлік компаниялармен іскерлік байланыстар орнатылды. «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының басты стратегиясы әлемдегі ең тиімді мұнай компаниясына айналу болып отыр.

 

3 Сурет. 2008 жылы ТШО қызметінің көрсеткіштері

 

Тәжірибе көрсетіп отырғандай «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорыны экономикалық көрсеткіштері – 7,0 %, технологияларды игеру көрсеткіштерінен – 88.4% және әлеуметтік мәселелерді шешуден Батыс Қазақстан бойынша ең алдыңғы орындағы кәсіпорын.

Ең қымбатқа түскен «Шеврон» компаниясының экологиялық акциясы -мұнай тазарту құрылғысының құрылысы. Бұл ірі экологиялық жобаны американдық компания сырттан жасалған қысымның нәтижесінде жүзеге асырады.

«Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорында 1998 жылы 8,5 миллион тонна мұнай өндірілген, ал 2008 жылы 9,5 миллион тонна мұнай көлемі алынған.

Өндірістегі үздік көрсеткіштер – біздің табысқа жетуіміздің негізі. Компанияның барлық бөлімшелерінің қауіпсіз, сенімді әрі тиімді жұмысын қамтамассыз ету – біздің басты міндетіміз болып табылады.

 

 

 

 

 

2.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығына сипаттама

 

Бейнелеп айтсақ, “Шевронды” инвестициядағы ал­ғаш­қы қарлығаш десе де болады. Бұл 1993 жыл еді. Ал “Шетелдік инвестициялар тура­лы” тұңғыш Заң осыдан жыл жарым уақыт өткеннен кейін, дәлірек айтқанда, 1994 жылдың 27 желтоқсанында қабыл­данғанын ескерсек, Қазақстан мұнайын игеруге “Шевронды” қолдан жетектеп әкел­гендей болған Елбасын алғашқы инвестор­дың кепілдік ретінде танығанын көруге болады.

Әлемге әйгілі “Шеврон” корпорациясы егемендіктің елең-алаңында тұрған елге қаржы құюын тек осымен түсіндірген жөн. Бір сөзбен айтқанда, мұны сол кезде әлем саясаткерлері әлі де жете танып-біле қой­маған жас мемлекеттің Президенті Нұр­сұлтан Назарбаевтың сенімділік орнықтыра білуімен байланыстыра аламыз. Әрі ол елдің ертеңіне, оның баянды болашағына деген сенімділік екенін де айта кеткен жөн. Адамды сенім алдамайды, сезік алдайды дейді ғой. Рас сөз. Нұрсұлтан Әбішұлының осы сенімі және Мемлекет басшысына сенгендердің үміті ақталғаны бүгінде атар таңдай шындыққа айналып отыр.

Қазақстанның инвестициялық мүм­кіндіктері мен жаңа арналарының ашылуы халықаралық инвесторларды біздің елмен белсенді ынтымақтасуға ынталандырып отыр. Оның үстіне елдегі банк секторының дамуы да бұған жағдай туғызады. 2003 жылы “Ин­вестициялар туралы” Заңның қабыл­дануы және онда осы заң күшіне енгенге дейін жасалған келісім-шарттар негізінде берілген жеңілдіктердің сақталатындығының көр­сетілуі Қазақстанның инвесторлармен жұмысы жақсы негізге қойылғанын көрсетіп берді. Қазіргі кезде инвестицияларды бағыт­тау үшін мұнай және газ секторымен қатар өңдеу өнеркәсібі бірінші орынға шығып отыр.

Информация о работе Күрделі жұмсалымдар