Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 23:29, курсовая работа
Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен дамыту экономикалық реформалардың негізі болуы тиіс.
Инвестициялық саясат ең біріншіден экономиканың тиімділігін өсіру және жоғарлату темпін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы мәселелерді шешуде республика экономикасына шетел капиталын тарту маңызды орын алады. Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту обьективті қажетті процес болып табылады.
Кіріспе......................................................................................................................3
I Күрделі жұмсалымдар түсінігі және бюджетін қалыптастыру
1.1 Күрделі жұмсалымдар түсінігі және оның түрлері........................................4
1.2 Күрделі жұмсалымдар бюджетінің мәні және маңызы.................................9
II Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар портфелін талдау
2.1 Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар қызметін бағалау.............................17
2.2 Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар тартымдылығына сипаттама..........21
III ҚР күрделі жұмсалымдар қызметтін жетілдіру бағыттары
3.1 Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар қызметінің даму жолдары..............26
3.2 Күрделі жұмсалымдар қызметті мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру.................................................................................................................27
Қорытынды .........................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................30
Қосымшалар ..................................................................................................
Егер тапсырыс беруші инвестор болмаса инвестиция мен мүліктерді иемдену, пайдалану, басқару үлесі құқығын шартты көрсетілген кезең күші бар заң көлемінде бөлісіп қолданады.
Инвестициялық процеске үшінші қатысушылар - бұлар инвестициялық қызметтің обьектілерін пайдаланушылар. Олар инвестиция қызмет обьектерін пайдаланушы инвестролармен қатар басқа жеке заңды тұлғалар, мемлекеттік және жергілікті мекемелер, шетелдік мемлекет, халықаралық ұйымлар болады.
Инвестициялық қызметтің субьектілері (адамдар және әлеуметтік топ) инвестициялық қызметке қатысушылардың екі немесе одан да көп қызметтерін үйлестіріп атқаруға құқы бар.
Инвестициялық қызметтің обьектілері: барлық салалар мен халық шаруашылығы көлеміндегі жаңадан және жетілдірілген негізгі қорлар мен айналмалы қаржылар, бағалы қағаздар, мақсатты ақша салымдары, ғылыми-техникалық өнімдер, меншікті басқа обьектілері, сонымен қатар мүліктің құқық пен интеллектуалды меншік құқығы, яғни заңмен тиым салынбаған қызметтің барлық түрі есептеледі.
Нақтылап қарағанды экологиялық санитарлы және де басқа заңмен бекітілген талаптарға сәйкес келмейтін обьектілерді инвестициялауға тиым салынады. Басқаша айтқанда азаматтар мен заңды тұлғаларға мемлекетке зиян келтіруге тиым салынады.
Біздің ойымызша инвестициялық қызмет мынадай негізгі принциптерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
өмірде қолданылып жатқан заңға қайша келмейтін инвестициялық қызметке заңды тұлғалар мен азаматтар, қоғамдық ұйымдардың басқармалары мен мемлекеттік билік мекемелері кедергі жасап араласпауы керек;
инвестициялаудың өз еркімен болуы;
меншік және қызмет түрлеріне қарамастан;
инвестициялық қызметке қатысушылардың тең құқығы;
инвестициялық қорғалуы;
инвестициялық қызметті жүзеге асыру жолдарын еркін заңдауға;
инвестициялық қызметті жүзеге асырудағы азаматтар мүддесі мен құқығын бұзбай сақтау.
Инвестициялық қызмет оның бағытты қаржылық сипат алуы мүмкін. Бұндай жағдайды қаржылық инвестиция алушыға облигацияға және басқа құнды қағаздармен қатар банктік дипозиттерге (сақтауға салынған ақша қоры) салынған түрінде жүзеге асырылады.
Инвестициялық қызмет инвестор арқылы жүзеге асырылады. Инвестор обьектерін, бағыттарын, инвестициялық көлемі мен тиімділігін өз еркімен алынады. Сонымен қатар инвестицияны жүзеге асыруда өзіне қажетті, қабілетті, заңды тұлғаларды шартты немесе көбіне конкурсты әдіспен қызметке алуға құқығы бар. Инвестордың инвестицияға өкілдігі мен тың нәтижесін шарт арқылы жеке заңды тұлғаға және де мемлекеттік және жергілікті мекемелерге заңды белгіленген тәртіп бойынша бере алады.
Инвестор инвестиция обьектерін және нәтижесін иемденуге, пайдалануға және басқаруға құқығы бар. Сонымен қатар сауда қызметтерін жүргізуге әртүрлі кәсіпорындарға қайта және қосымша капитал салуға, бағалы қағаздар және капитал қосудың басқа түрлеріне яғни Қазақстан Республикасы территориясында алынған табысқа құқығы бар.
Инвестициялық қызметтер субьектілері арасындағы қатынас олардың өздері арасындағы жасалған шарт бойынша анықталады. Шарт инвестициялық қызметтегі субьектілер арасындағы өндірістік-шаруашылық және басқа қызметтерді реттейтін ең басты құжат болып саналады. Бұл жерде мемлекеттік мекемелердің араласуына жол бермейді. Шарт өз қызметін инвестициялық қызметтің бүкіл мерзімінде күшін жоймайды. Егер шартты жасасып болғаннан кейін серіктестер жағдайын нашарлататын заң тәртібінде өзгерістер пайда болған жағдайда шартты өзгертуге болады.
Жоғары да айтылғандай инвестицияны Қазақстан экономикасына пайдалану обьективті өте қажет процесс. Бұл процесті мемлекеттік реттеу - субьектілерді ынталандыруды көздейді.
Бiздiң пiкiрiмiзше инвестицияға ағымдағы шығындар жатпайды, сондай -ақ инвестиция түсінігі капитал салымы түсінігінен едәуiр кеңiрек өйткенi олар негiзгi капиталды қайта өндiруге кететін шығындар, ал инвестициялар - бұл материалдық активтерге тiкелей салым және портфельдiк инвестициялар жә не материалдық емес активтерге инвестициялар. Инвестициялау процесiн сызба түрiнде керсетуге болады (1 сурет).
Инвестицияның бірыңғай анықтамасының жоқтығынан бүгінгі күні көптеген инвесторлар қорлық көруде, мұның өзінде нақты қаржылық тұрғыда зардап шегүде. Әртүрлі ой-толғамдарға жол бермейтіндей «инвестицияның» базалық анықтамасы жасалынса, ода Қазақстандық заңнаманың барлық салаларында және инвестициялық барлық қызыметтің қатысушыларына бұл нормативтік актінің реттеуші болуына жағдай тур еді.
Белгілі болып отырғандай кәсіпкерлік инвестициялаудың екі негізгі формасы айқындалуда: тікелей инвестициялар және портфельді инвестициялар.
Тікелей инвестиция - тікелей өндірістік кәсіпорындарңа жасалынған инвестициялауды сипаттайды.
Портфельдік инвестиция - пайда табу үшін инвестордың кәсіпорындардан акция, облигация, басқадай құнды қағаздарын сатып алуларын білдіреді. Олар халық қаржысын қайта бөлуде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде капиталдың ішкі құйылысында тікелей секілді, портфельдік инвестициялар да белсенді түрде қатысады.
1-Кесте. Инвестициялау сызбасы.
Инвестиц иялау түрлері | Материалдық активтерге инвестициялар | Қаржылық активтерге инвестиция- лар | Материялдық емес активтерге инвестицилар | |||
Инвестициялау обьекті лері | Негізгі өндірістік және өндірісітік емес қорлар, материялдық запастар | Акция лар,мемлекеттік және корпоративтік облигаци лар, басқа құнды қағаздар | Патенттер, лицензиялар, сауда белгілері, ғылыми техникалық өнім және т.б. | Білім беру денсаулық сақтау және т.б. | ||
Инвести цияның айналу саласы | Экономиканың нақты секторы | Қаржы-банктік сала | Инновация лық сала | Әлеуметтік сала | ||
Инвести цияның айналу мақсаты | Жаңа материалдық актив терді құру | Шығу шы материа лдық актив терді толық тыру | Материал дық активтер дің тиімділі гін көтеру мен жаңарту | Бос қаржы құрал дары ның инвес тиция ға айнал уы | Матер иалдық актив тердің сапасы мен бәсеке лес тігін ғылыми техника лық деңгейін көтеру | Өмір сүру сапасын, білім беру деңгейін, квалифика циясын көтеру, ұлт денсаулығын жақсарту қоршаған орта сапасын және т.б. |
Инвести циялау дың соңғы мақсаты | Материалдық емес сипаттағы материал байлықтың және қоғамдық құндылықтардың өсуі |
Инвестициялаудың соңғы мақсаты болып материалдың байлықты құру және ұлғайту, сонымен қатap қоғамдық құндылықтарды максималдау, инвестициялау процесi қазiргi экономикалық әдбиеттердегi инвестициялау терминi сияқты классикалық анықтамасы әр турлi пайымдалады.
Тiкелей және портфельдiк инвестицияларды бөлiп қарастырудың тәжiрибелi бiр себебi, сәйкес салықтық тұжырымдаудың және инвестицияның нақты мүдделерiн анықтаудың тәжiрибелi мәнi болуда.
1. Кедей инвестициялардың экономикаға капитал салудың тiкелей және ұзақ мерзiмдi әсерін тигiзедi. Ол портфельдi инвестициялар уақытша және спекулятивтi сипатта болады.
2. Тiкелей инвестициялар өзiнiң мақсаты ретiнде тек капиталға табыс қaнa емес, сонымен қaтap толық кәсiпкерлiк пайдаға немесе оның негiзгi бөлiгiне және де құрамына өндiрiстiк, сату-өткiзушi, инвестициялық, ғылыми техникалық және қаржылық саясатты кiргiзетiн фирманың тiкелей немесе жанама пайданың бақылауында жүреді.
3. Тiкелей инвестициялар портфельдiкке қарағанда едәуір жоғары рентабельдiктi ұсынaды, уақыт өткен соң «Аналық» компанияның табыстың бөлгiлi бөлiгiнiң шетке кeтyiнe әкеледi немесе табысты қайта инвестициялау есебiне жаңа капитал салымдарын туғызады.
4. Тiкелей инвестицилар портфельдiкке қарағанда жұмыс бастылыққа iшкi нарықтық жұмысшылық жағдайына көп әcep етедi.
5. Тiкелей инвестициялар портфельдiктен гөрi елдегi ұлттық меншiктiң қатынастардың өзгеруiне әcep етедi. Оның шетелдiктерге кeтyiн туғызады.
6. Тiкелей инвестициялар елдегi бәсекелестiк мүмкiндiгiнiң жағдайына сезiмдiрек әcep етедi, оны еселей түсiп немесе iшкi нарықта шетел фирмаларының орынын нақтылай түседi.
7. Инвестицияны мақсаттық бағытталуы мен айналыс ортасына байланысты 3 түрге бөлуге болады.
1 )Материалдық активтерге инвестициялар, яғни қызмет мезгiлi 1 жылдан көп ғимарат, құрылыс, машинаның кез келген түрлері және қондырғылар мен материалдық запастар.
2)Қаржылық активтерге инвестициялар, яғни құнды қағаздарды сатып алуға салымдар.
3 )Материалдық емес активтерде инвестициялар, олар патенттердi лицензияларды сатып алу, ғылыми техникалық жаңалықтарды ашу, квалификацияны көтеру, өмiрсапасын, қоршаған ортаны, ұлттың денсаулығын жақсарту және т.б.
Инвестицияның барлық типтерi өздерiнiң қызметтерiнiң әртүрлiгiне қарамай елдің шаруашылығының дамуына үлкен әcep етеді.
Негiзгi капиталды қайта өндiру жағдайына байланысты инвестициялар келесiдей болып бөлiнедi:
l)Жалпы және жиынтык, инвестициялар.
2)Таза инвестициялар, яғни негiзгi капиталды ұлғайтуға бағытталған. 3)шығуды толтыруға инвестициялар.
Жалпы инвестициялар - белгiленген кезеңдерде инвестициялардың инвестицияланған құралдардың жалпы көлемiн көрсетедi.
Таза инвестициялар - белгiленген кезеңдерде амортизациялық шегерiмдердi аударған жалпы инвестициялар болып келедi.
Таза инвестициялардың көрсеткiштерiнiң динамикасы елдiң әp кездегi экономикалык, дамуының сипаты. Егер таза инвестициялар соммасы тepic болса, бұл дегенiмiз өндiрiстiк патенцияалдың төмендеуi, яғни шығарылған өнім келемінің азаюы.
Егер таза инвестициялар нөлге тең болса, бұл дегенiмiз экономикалық өсудiң жоқ болуы, өйткенi өндiрiс патенциалы өзгермейдi. Егер таза инвестициялар оң көрсеткiштi көрсетсе, бұл экономика даму сатысында дегендi бiлдiредi. өйткенi өндiрiстiк патенциалын қайта өзгеруiн қамтамассыз етедi. Таза инвестициялардың өcyi талабының көбейуiне әкеледi. қарастырылған инвестициялардың барлық типтерiн топтауға болады және келесiдей сыныптамада көрсетуге болады.(2-сурет)
Жоғарыда көрсетiлген инвестицияның түciнiктepi мен сыныптамалары инвестицияның теориядағы едәуiр маңызды тәуелдiктердiң бiрiн қарастыруға негiз бермейдi: инвестициялар - жалпы iшкi өнiм - ұлттық табыс. Егер таза инвестициялар өндiрiстi кеңейтуге бағытталса, онда олар ойланбай-ақ Ж.I.Ө-ге әcep етедi десек болады, яғни оның мултипликативтi өcyiн генерациялайды. Экономикалык, теорияда мұндай құбылыс мультипликатор деген атаққа ие.
Инвестицилар типтері |
Инвестициялау обьектісіне әсер етудің тікелей деңгейі |
| Мақсатта бағытталуы және айналу ортасы |
| Негізгі капиталды қайта өндірудегі рөлі |
| Қалыптасу көздері |