Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2012 в 23:29, курсовая работа
Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен дамыту экономикалық реформалардың негізі болуы тиіс.
Инвестициялық саясат ең біріншіден экономиканың тиімділігін өсіру және жоғарлату темпін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы мәселелерді шешуде республика экономикасына шетел капиталын тарту маңызды орын алады. Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту обьективті қажетті процес болып табылады.
Кіріспе......................................................................................................................3
I Күрделі жұмсалымдар түсінігі және бюджетін қалыптастыру
1.1 Күрделі жұмсалымдар түсінігі және оның түрлері........................................4
1.2 Күрделі жұмсалымдар бюджетінің мәні және маңызы.................................9
II Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар портфелін талдау
2.1 Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар қызметін бағалау.............................17
2.2 Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар тартымдылығына сипаттама..........21
III ҚР күрделі жұмсалымдар қызметтін жетілдіру бағыттары
3.1 Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар қызметінің даму жолдары..............26
3.2 Күрделі жұмсалымдар қызметті мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру.................................................................................................................27
Қорытынды .........................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................30
Қосымшалар ..................................................................................................
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
I Күрделі жұмсалымдар түсінігі және бюджетін қалыптастыру
1.1 Күрделі жұмсалымдар түсінігі және оның түрлері.......................
1.2 Күрделі жұмсалымдар бюджетінің мәні және маңызы........................
II Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар портфелін талдау
2.1 Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар қызметін бағалау.......................
2.2 Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар тартымдылығына сипаттама..........21
III ҚР күрделі жұмсалымдар қызметтін жетілдіру бағыттары
3.1 Кәсіпорынның күрделі жұмсалымдар қызметінің даму жолдары..............26
3.2 Күрделі жұмсалымдар қызметті мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру.....................
Қорытынды ..............................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Қосымшалар ..............................
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы үшін мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру мен дамыту экономикалық реформалардың негізі болуы тиіс.
Инвестициялық саясат ең біріншіден экономиканың тиімділігін өсіру және жоғарлату темпін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы мәселелерді шешуде республика экономикасына шетел капиталын тарту маңызды орын алады. Қазақстан экономикасына шетел инвестициясын тарту обьективті қажетті процес болып табылады.
Шетел инвестициясының Қазақстан экономикасына тигізетін әсерін зерттеу, дипломдық жұмысымның өзегі. Осыған байланысты экономикаға шетел инвестициялары пайда әкелуде ме, қандай қиындықтар мен келіспеушіліктер туындауда, әлде зияны тиюде ме, тиімсіз жақтарын қалай пайдалы етуге болады деген сұрақтарды қарастырдым.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстанның шетел инвестициясын тартудағы мақсатын, міндетін, қызметі мен экономикаға пайдасын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың мақсатын ескере отырып келесі міндеттер беріліп, оларды шешу жолдары қарастырылды:
- Қазақстан экономикасындағы шетел инвестициясының мәнін анықтау;
- Шетел капиталының ел экономикасында қызмет ету механизмін ашып көрсету;
- Қазақстанда шетел инвестициясын тартуда кездесетін мәселелер мен оларды жетілдіру жолдарын айқындау.
Курстық жұмыс негізгі үш тараудан тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде тақырыпқа сәйкес инвестицияға экономикалық тұрғыдан анықтама беріліп, Қазақстандағы инвестициялық құрылым, Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тенденцияларына түсінік берілді.
Екінші бөлімде, сонымен қатар ТШО БК-ның инвестиция құрылымын талдау, ҚР ұлттық капиталының шетел капиталдарымен байланысы және оның бәсекеге қабілеті себептері мен салдары қаралды.
Жұмыстың үшінші бөлімі Қазақстан Республикасындағы қызмет ету механизмін басқару мен бақылауды жетілдіру, инвестициялардың әлеуметтік тиімділігі: мәні әрі бағалау концепциясы, инвестициялық саясат және шетел инвестицияларын құқықтық қорғау.
Шетел инвестициясын мемлекеттік реттеу әр түрлі мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
Курстық жұмысты жазу барысында отандық және шет елдік экономист - ғалымдардың инвестицияға байланысты жазған еңбектері пайдаланылды. Сандық берілгендер ҚР заңды және нормативтік актілері, ҚР статистика Агенттігінің статистикалық материалдарынан алынды. Сонымен қатар, «Егеменді Қазақстан», «Ақиқат», «Аль-Пари» атты мерзімді басылымдар дипломдық жұмысымның негізгі көздері болып табылады.
I Инвестицияның түсінігі және инвестициялық портфель
1.1 Инвестиция түсінігі және оның түрлері
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап республика экономикасында күрделі бұрын соңғы болмаған өзгерістер болды. Реформа экономикада әлеуметтік жағдайларда да бағыт алуды өзінің мақсаты етіп қойды, оған жету, бұрын республикада қалыптаспаған экономикалық қатынастардың барлық жүйесін өзгертуді қажет етті, ал оны жүзеге асыру күрделі де ауыр процесс екені белгілі.
Қазіргі уақытта Қазақстанның әлемдік экономикалық жүйеден бөлектенген болашағы жоқ, сондықтан республиканың дүние жүзілік капитал қозғалысына енуі үлкен жетістіктерге жеткізіп отыр деуге болады.
Әлемдік тәжірибе дәлелденгендей, капиталдың халықаралық миграциясы, шаруашылық өмірі барлық ұлттардың қарым-қатынасының теңдігінің тереңдеуіне келтіреді. Бұл жағдай капиталдың өзара қозғалысының дамуы, әсіресе өндірісі дамыған елдер арасындағы қатынастарда жақсы білінеді.
Бір өнеркәсібі дамыған елдің, басқа елге капитал шығаруының өсуі, халықаралық еңбек бөлнісінің тереңдеу заңдылығына сәйкес жүргізіледі. Қазіргі заман өндірісіне ҒТП-ң әсер етуі одан әрі күрделілікті көбейте түсуде. Өнімнің соңғы нәтижесін беретін өндірістер, қазіргі кезде әртүрлі елдерде орналасқаны белгілі.Сондықтан өндірістің халықаралық мамандандырылуы мен кооперациясының дамуы одан әрі дами бермек.
Капитал табиғаты ол бір елде қозғалмай жата алмайды. өнеркәсібі дамыған елдердің ірі компаниялары ұлттық шеңберден өтіп, трансұлттық сипат алады. Әртүрлі елдердің кәсіпорындары бар, ірі трансұлттық компаниялардың қалыптасуы халықаралық мамандандыру мен кооперацияның қалыптасуының тездетілуіне жеделдеуіне әкеліп соғады. Сондықтан трансұлттық компания капитал қоғалысы негізінде елдің экономикалық өзара байланысын тереңдететін фактор.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей шаруашылық ісінде “шетелдік инвестиция” терминін пайдаланудың ұқсас еместігі әртүрлі айтыс-тартысты жағдайға соқтырады. Соның кесірінен оны реттеуге көп уақыт пен ақша жұмсауға тура келеді.
Бұл категорияны талдағанда бұған қаржы салудың мынадай түрлерін жатқызуға болады:
а) материалды заттай - яғни, түрліше өндіріс салаларында тауар өндіруге, қолданылатын құрал-саймандар, станоктар, механизмдер.
б) қаржылық-бұған, несие-қаржылық қызмет және бағалы қағаздармен жұмыс жасау.
в) ой еңбегінің өндірісті басқару тәжірибесін, мамандар дайындау, лицензиялау, біріккен ғылыми еңбектерді жасау “коу-хоу” және бұған букіл шетелден әкелінген капитал жасайды.
Шетелдердегі әртүрлі экономикалық мектептер шетел инвестицияларын түрліше анықтайды. Ғылыми деңгейде және күнделікті өмірде бұл жөніндегі түсініктер біркелкі емес. Мысалға, экономиктердің айтуынша “инвестиция сөзі барлық уақытта экономикадағы пікірдегідей мағына бере алмайды.” Біздің ойымызша, “таза инвестициялау” немесе капиталдың қалыптасуы, қоғамдағы нақты капиталдық ғимарат, құрал-сайман, материалдық өндірістік қор және т.б. таза өсуі есептеледі. Тұрғын адам пікірінше”инвестициялау” - ол жер сатып алса, айналыстағы бағалы қағаздар немесе меншіктің басқа түрлері. Ал экономистер үшін трансперттік (волютаны немесе алтынды 1 елден 2-ші елге аудару) іс-әрекеттер. Біреу инвестициялағанды басқа біреу рейнвестициялайды.
Дж. Кейнс өзінің “жұмыспен қамту, процент ақша туралы жалпы теория” еңбегінде инвестицияны “бағалы капиталды мүліктің негізгі, айналмалы, өтімді капиталдан құрылуына қарамастан оның өсуі” деп анықтама береді.
Э.Дж.Долан және Д.Е.Мендсей өздерінің “Рыноктан микроэкономикалық үлгі кітабында инвестицияны экономикалық жүйедегі қызмет атқарып жатқан капиталдық” яғни адамдардың жасаған өндіріс құрал-жабдықтарының ұсынылған санының көлемінің көбейіп өсуі- деп анықтала береді.
Варсей И. және Цовентлу Д. “Инвестиция” термині өте кең тараған. тұрмыстың дәрежеде инвестицияны үй, көркемөнер еңбектерін, асыл-әсемдік бұйымдарды сатып алу ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар инвестиция деп акция, облигация салынған затқа берілетін қарыздарды айтады. Кәсіпорындарда машиналарға қаржы, құрал-жабдықтар инвестицияланады- дейді.
В. Фельзенбаумның айтуынша, “инвестиция” түсінігі нақты инвестиция аталатын мәні бойынша “күрделі қаржы салу”, “қаржылықты” портфельді инвестиция, яғни акцияға, облигацияға және басқа бағалы қағаздардың меншіктің тікелей табыс алуға байланысы бар бөлігіне қаржы болу деп түсіндіріледі.
В.В Бочаровтың пікіріне “Инвестицияға белгілі бір кезең ішінде инвестициялық қызметтің соңғы өнімінің және меншік түрінің өзгеру процесінің тек тіркеп есептеуі ғана емес оның өсіп дамуы ретінде түсінген дұрыс дейді. Демек пайдалануға болмайтын бөлігі”- дейді.
Экономикалық әдебиетте инвестиция түсінігіне анықтама беру жөнінде көп талас жоқ. Қалыптасқан пікір бойынша оның құрамына пайда, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі енеді.
Кейбір әдебиеттерде инвестицияны күрделі қаржы ретінде қарастырған. Бұлайша қарастырудың себебі, инвестициялық қорларды нақты пайдалану нысанының анықталмауында. Егер күрделі қаржы негізгі қорларды қарапайым және ұдайы өндіруге бағытталатын болса, онда инвестициялар құрылыс- монтаждау жұмыстарының, керекті қондырғылардың және басқа шығындардың құнын қамтиды. Яғни, инвестиция түсінігі күрделі қаржы түсінігінен әлдеқайда кең.
«Инвестиция» немістің ‘‘invesiton‘‘сөзі және бұл кәсіпорынға (фирма)
пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді.
Осы тұрғыда ‘‘инвестициялау‘‘ күрделі қаржыға қарағанда кең мағына білдіреді1.
Батыс елдері экономикалық теория мектептері инвестициалау процесін былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе пайдалық табу. Бұған акция, облигация, жинақ сертификаттары, сақтық және зейнеткерлік қорға және басқалаға жұмсалған шығындар да жатады. Инвестиция қайнар көзіне өрнектеп кәсіпорынның (фирма) көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры, яғни мемлекеттің табыстарынан (салық, кеден салығы және т.б.) оның барлық шығындарын алып тастау. Тұтынуға кетпеген барлық ресурстар - жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға және жұмыс атқарып тұрғындарын жабдықтауға сондай- ақ жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу- ағарту, мәдени объектілеріне бағытталған, яғни капиталдың қорлануына жұмсалады.
Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің «жалақы, пайыз және ақшаның жалпы теориясы » (1936ж) еңбегінде қарастырған, онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде қарастырады. Инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.
Инвестицияның күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материалдық пайдалану емес активтерді (жер бөліктерін пайдалану құқығы мен [i]табиғатты пайдалану нысандары, патенттер, авторлық, лицензиялар және т.б.) ұлғайту үшін де жұмсалынады. Материалдық емес активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру үшін қолданылатын негізгі көздерге амортизациялық
төлемдер, таза пайда, коммерциалық және басқа да банктердің саудалары, қор нарығынан түсімдер және т.б. жатады.
Инвестициалар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеументтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Қаржы инвестициялары – мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.
Нақты инвестициялар нысанында , инвестор өзінің өндірістік капиталының көлемін- өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Ал қаржы инвестицияларында, инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады. Сонымен қатар , инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау» Заңы бойынша тікелей инвестициялар – республиканың тәуекелсіздік кепілділігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері.
Жанама (портфельдік) инвестициялар- қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар.
Инвестицияның негізгі түрлері. Әрбір фирманың іс- әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициалық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асыраудағы жіберілген ақша қаражаттарына байланысты мұндай инвестициялардың түрлері мынадай:
- табиғи активтерге инвестициялар;
- ақша активтеріне инвестициялар;
- материалдық емес активтерге инвестициялар.
Табиғи активтерге- өндірістік ғимараттар мен құрылымдар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.